Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет9/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126

5

қалай жету керек екендігін негіздей алу үшін өз «шеберханасын» зерттеп, өзіне жетпей тұрған 

қажеттіліктерін  анықтауда  тренер  мұғалімге  көмектеседі.  Стандарттардан  алынған  бағалау 

критерийлерін  қолдана  отырып,  таныстырылымды  формативті  және  суммативті  бағалауды 

жоғарғы деңгейде жүргізу үшін мұғалім, топ тренері, тәуелсіз тренер, эксперт ынтымақтаса 

жұмыс  істеуінің  нәтижесінде  қол  жеткізуге  болатындығын  көрсетті.  Зерттеу  нәтижесінде 

үйренушілердің  таныстырылымды  қорғау,  бағалау  жұмыстарын  жоғары  деңгейде  даярлап, 

өткізу үшін тренер тәжірибесіне қолдау жасау мақсатында үшінші (базалық) деңгей мұғалім 

портфолиосының таныстырылымын бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар құрастырылды.

Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсының 

бағдарламасы.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік 

орталығы, 2015

2.  Шакиров  Р.  Х.,  Буркитова  А.  А.,  Дудкина  О.  И.  Оценивание  учебных  достижений 

учащихся. Бишкек, 2012

3.  Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И. Формативное оценивание в начальной 

школе.Бишкек, 2012

4.  Деңгейлік курстар экспертінің бағалау нұсқаулығы Деңгейлік бағдарлама курстары 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ    «Педагогикалық  өлшеулер  орталығы» 

филиалы, 2013

5.  Деңгейлік курстарды бағалау рәсімдеріне шолу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 

2015

6.  Курсалды тапсырмалар Екінші (базалық) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 



ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік кеңесі», 2012

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Атахан Қ. А.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 

«Шығыс» өңірлік орталығы, Өскемен қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



         Аңдатпа

Мақалада «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың бір жолы-ұлттық салт-дәстүрімізді 

сақтап  қана  қоймай,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыру  жайлы  айтылған.

 

Рухани-адамгершілік 



құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген 

тәрбие  кеңістігін  құру  арқылы  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  өмірді 

құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.

Аннотация

В статье рассказывается о том, что один из путей реализации идей «Мәңгілік ел» - не 

только сохранить традиции нации, но и продолжить их из поколения в поколение

Формирование  разносторонней  личности  на  основе  духовно-нравственных  и 

общечеловеческих ценностей должно научить ценить жизнь как ценность.


51

Abstract

The article explains one of the ways to implement the ideas of “Mangilik yel” - is not only 

to preserve the traditions of the nation, but also to continue them from generation to generation. 

The formation of diverse personality on the basis of moral and human values should be taught to 

appreciate life as a value.

Бағзы  заманда  елінің  болашағы  үшін  қатты  алаңдайтын  бір  патша  елінің  данагөй 

қартынан: елімнің болашағын болжап берші, деп өтінген екен. Сонда қарт: Сен маған алдымен, 

еліңнің жастарын көрсет, содан соң жауап берем деген екен. Осы қазыналы қарияның сөзін 

бойтұмардай ұстанған Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 

болашақты  білімді  ұрпақ  айқындайды,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры-ұстаз  қолында»  деп  атап 

көрсетті. 

Еліміздің  болашағы-ұрпақ  тәрбиесінде.  Бүгінгі  таңда  жастарға  әлемдік  ғылым  мен 

прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін 

ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, 

іскерлігін арттыру- әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Жаһандану үрдісінде жастар арасында әлеуметтік тоқырау, яғни саяси және қоғамдық 

өмірден алшақтау, отбасылық өзімшілдік мінез көрсету, адамгершілік құндылықтар дағдарысы, 

шындықтан, адалдықтан бас тарту, зорлық-зомбылық сияқты құбылыстар, дәстүрлі емес діни 

ұйымдардың жастарымыздың санасына әсер етуі, жастардың маскүнемдік, нашақорлық секілді 

залал дүниелерге құмар болуы, ауыр қылмыстар жасау, адамгершілікке жатпайтын қылықтар 

кеңінен етек жаюда. Міне, сол себептен де жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі болып 

отыр.


Бұл  мәселені  ұлтының  болашағы  үшін  жаны  ауырған,  аты  аңызға  айналған 

Б.Момышұлының жандауысы дәлел бола алады. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, 

енді  қорқынышым  көбейіп  жүр.  Біріншісі,  балаларын  бесікке  бөлемеген,  бесігі  жоқ  елден 

қорқамын.  Екінші,  немересіне  ертегі  айтып  беретін  әженің  азаюынан  қорқамын.  Үшінші, 

дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын»,-деген [2, 25-б].

«Мәңгілік  ел»  деген  сөздің  ұғымы  аса  терең.  әл-Фараби да  өзінің  «Ғажап  ел»  туралы 

кітабында  егжейлі-тегжейлі  жазып  кеткен.  Қысқаша  айтқанда,  «Мәңгілік  ел»  дегеніміз, 

бұл-ғұмыры  мың  жылға  созылып,  тұғыры  таймаған  алдыңғы  қатарлы  алпауыт  ел  деген 

сөз. Бірақ ол үшін ерекшеліктердің төмендегідей бес ұстанымы болуы шарт. Бірінші-діннің 

сақталуы. Екінші-нәпсі, жанның сақталуы. Үшінші-нәсілдің қорғалуы. Төртінші-мал-мүліктің 

қорғалуы.  Бесінші-ақыл  мен  ой-сананың,  оның  ішінде,  сана  еркіндігінің  сақталуы.  Бұған 

қоса айтарым, «Мәңгілік ел» болу үшін билік пен халықтың арасында алынбас қамал, ешкім 

кіре алмайтын жабық қақпа болмауы тиіс. Яғни, билік басқа әлемде, халық басқа бір әлемде 

ғұмыр кешпеуі қажет. Мұның басты белгісі-билік өзі үшін емес, өзгелер үшін, туған халқы 

үшін өмір сүруі керек. Бірақ, Пайғамбарымыз: «Қандай болсаңдар солай басқарыларсыңдар» 

дейді. Физиканың, химияның, астрономияның өзіне тән өзгермейтін «жаратылыс заңы» деген 

бұлжымас  тәсілдері  болатынындай,  қоғамның  да  өзіндік  тәсілдері  бар.  Мысалы,  бір  сұйық 

зат  неден  шықса,  оның  қаймағы  да  содан!  Айранның  бетінде  айранның  қаймағы,  сүттің 

бетінде сүттің қаймағы болады. Ендеше, басты нәрсе-басқарылған халықтың мінез-құлқына 

байланысты. Егер олар мінез-құлық жағынан өздеріне жүктелген мәселелерді тиянақты түрде 

шешсе, онда биліктегілерді де мазалайтын мәселе қалмайды. Егер биліктің қарапайым халыққа 

рақымы мен шапағаты, халықтың оларға деген бағыныш, құрмет және сүйіспеншілігі болса, 

онда мұндай ел сол құндылықтар жоғалғанға дейін «Мәңгілік ел» болып қала бермек! Мұның 

соңы ақыретте, жұмақта да жалғаса беретіні даусыз.



52

5

Біз  тәуелсіз  елміз.  Мақсат-мүддеміз-тәуелсіздігімізді  мәңгі  сақтау.  Ол  үшін  не  істеу 

керек?  Ұлттық  рухымызды  асқақтатып,  әдет-ғұрып  пен  салтымызды  сақтауымыз  қажет. 

Оның  барлығының  өзегі  не?  Мемлекеттік  тіл!  Елбасының  «Қазақстанның  болашағы-қазақ 

тілінде.  Қазақ  тілі  2025  жылға  қарай  өмірдің  барлық  саласында  үстемдік  етіп,  кез  келген 

ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын 

мәніндегі  мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  көтерілгенде,  біз  елімізді  ҚАЗАҚ  МЕМЛЕКЕТІ  деп 

атайтын боламыз» деп атап көрсеткені бекер емес. Шын мәнінде, бай тілі, бай жері, даласындай 

дарқандығы  бар,  сонша  этностың  өкілдерін  бауырына  басып,  қамқорлық  көрсетіп  отырған 

қазақтың «Мәңгілік ел» атануының мәні үлкен. Біздің бар бақытымыз да осы. Тәуелсіздіктің 

іргесін қалаған Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының жарқын бастамаларының баянды 

боларына сенетін адаммын. Демек, Президент жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» болудың 

өзегі  мемлекеттік  тілдің  баянды  болуында  жатыр.  Өйткені  қазақтың  тілі-қарым-қатынас 

құралы.  Елбасы  айтқандай,  «Бабалардың  ерлігі,  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасындағы 

сабақтастықты», «мәдениетті де, әдебиетті де жалғастыратын» да қазақтың тілі. Тіл-ұлттың ең 

құнды дүниесі. Себебі тас мұқалады, темір тозады, адам өмірден озады, ал ұлттың құндылығын 

ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын таңдайдағы тіл ғана. Сондықтан тәуелсіздігіміздің тірегі де, 

жаршысы да-тіл. Демек, мемлекетіміздің «Қазақ елі, яғни «Мәңгілік ел» ел боларына мен өте 

сенемін.

-Демек,  Мәңгілік  ел  идеясын  жүзеге  асырудың  бір  жолы  ұлттық  дәстүрді  ұлықтауда 

жатыр.

-Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп өсиет еткен. 



Бесік-ұлттық тәрбиенің негізі. Салтымыз мықты болса, халқымыз да мықты болмақ. Қасиетті 

қазақ  елінің  рухы  халықтың  салт-дәстүрінде,  наным-сенімінде,  әдет-ғұрпында  сақталған. 

Халқымыздың  өмір  сүруі  де  осы  рухани  байлығымыздың  күш-қуатына  байланысты.  Елдің 

салт-дәстүрі  әлсіресе,  рухани  орталықсыз,  бағыт-  бағдарсыз  қалатын  болса,  онда  ол  ел  өз 

сипатынан  бірте-бірте  айырылып,  жойылып  кетуі  де  мүмкін.  Осы  қауіптен  сақтану  үшін 

халқымыздың барынша бай рухани қазынасы болып саналатын салт-дәстүрімізді берік ұстау 

болмақ [2, 29-б].

Қазақтың  дәстүрлі  салты  мен  әдет-ғұрпы,  наным-сенімі  қалай  болса,  солай  атүсті 

орындалмай, оның байыбына терең бойлап, мәні мен мағынасын түйсінуді қажет етеді. Жан-

жақтағы күллі қазақты біріктіретін де-осы дәстүріміз. Тарих қойнауында көмескілене бастаған 

кейбір салт-дәстүрлерімізді қайта қалпына келтіру, жаңғырту, насихаттау-бүгінгі күнгі «жүрегі 

қазақ»  деп  соғатын  әрбір  азаматтың  ең  басты  парызы  болуы  керек.  Еліміздің  болашағы 

халықтың  өткен  өмірі  мен  басынан  кешкен  тарихымен  астасып  жатыр.  Өткенге  зер  салмау 

жетістіктер  мен  кемшіліктерді  зерделемеу  болашақтың  жарқын  болуына  көлеңке  түсіретіні 

сөзсіз.

Мәңгілік ел идеясын жүзеге асырудың бір жолы-ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап қана 



қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру болып табылса керек.

«Ұлттық мәдениеті (салт-дәстүрі) жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден 

оқ бойы озық тұрады» деген түрік ағайындардың ұстанған берік қағидасы бар. Олардың замана 

ағыстарында жұтылып кетпей, ұлтттық этнопедагогика, ата дәстүрді осы күнге дейін сақтап 

қарыштай  дамуының  мәнісі  де  осында.  Бүгінгі  күндері  адамгершілік  пен  имандылықты  ту 

еткен түрік мектептері, лицейлері дүние жүзін оң тәлім-тәрбиелік тұрғыда «жаулап алып» отыр. 

Осындай өзінің түп-тамыры, ата-тек болмысынан айнымайтын, Көк Тәңірі мен аруақты ата-

бабаларға, әулиеге сыйынып, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана 

біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа түзу жол түзе алмақ. Бүгінгідей өз тізгініміз 

өз  қолымызға  тиіп,  зайырлы,  унитарлық,  ұлттық  мемлекет  құрамыз  деген  тұста  ұлттық 

саясатымыз, ұлттық идеологиямыз қандай болуы керек? Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс 


53

жылдан  астам  уақыт  кеңестік  өпірем  саясат  кезінде  жоғалтқан  есеміздің  орнын  толтырып, 

рухани мерейімізді қандырып, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, әдеп пен иман 

секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Нағыз Қазақ 

болудың, Мәңгілік Қазақ елі болудың алғы шарты.

Тарихта  “жаңа  кезең”  деп  саналатын  кезең  болады.  Ондайда  белгілі  бір  саяси 

құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. 

Біздің  бүгінгі  кезеңдеріміз  сондай  құбылыстардың  жақындағанын  сездіреді.  Осыдан 

туындайтын ұлттық мемлекет идеясы ұлттың дәстүрі мен салт-санасына, әдет-ғұрпына келіп 

тіреледі.

Кейбір азаматтарымыз жаһандану дәуірі басталды, ұлттық мемлекеттер тарих сахнасынан 

кетеді  деп  сәуегейлік  айтады.  Ал,  екінші  ойшылдар  керісінше  кейінгі  өзгерістер  ұлттық 

мемлекеттің салт-санасының, дәстүрінің өшуі емес, өршуінің айқын көрінісі екенін дәлелдеп 

отыр.Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан әлгіндей құбылыстарға байланысты біздің өз 

ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұған жауап табу 

үшін өзіміздің өткен жолымызға, ұстанып келген салт-дәстүрімізге көз жүгіртпей болмайды. 

Ұлттық  сана  дегеніміздің  өзі  де  әр  адамның  жеке  азаматтық  санасы  сияқты,  әр  ұлттың  өз 

тіршілігін  өзі  бағдарлауы,  өзінің  барар  жерін,  шығар  биігін  өзі  белгілеуі,  өзінің  алдына  өзі 

мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған орай Ә.Кекілбаев айтқандай, “дәстүр-әдеппен, әдет-

ғұрыппен,  мың  жылдап  қалыптасқан  дағдымен  күресу  есуастық.  Бірақ  оның  бәрін  жаңа 

жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу-өз аяғыңды өзің тұсап, өз 

қолыңды өзің кісендеумен бара-бар”-деген еді

Біздің ұлттық салт-дәстүріміз бен психологиямызда тәуір қасиеттермен қатар арылатын 

кемшіліктеріміз  бар  екенін  білеміз.  Олардың  қауіпті  де,  қауіпсізде  жақтары  болып  келді. 

Мысалы,  отызыншы  жылдары  таптық  қатынастар  әлі  кеңінен  етек  жая  қоймаған  біздің 

қауым тап жауларын құрту жолындағы күресте басқа жұрттың бәрінен озып кеттік. Өзіміздің 

тамырымызға өзіміз балта шаптық. Сол сияқты жаһанданамыз екен деп өзіміздің ең жоғарғы 

адамгершілігімізді асқақтатып келе жатқан адам тәрбиесінде үлкен маңызы бар салт-дәстүріміз 

бен әдет-ғұрыптарымызға да өзіміз шабуыл жасаудан сақтанған жөн.

Қазақтың  салт-дәстүрі  мен  мәдениетінің  үш  мың  жылдық  тарихының  барлығына, 

оның түрлі жалғастық пен сыбайластық нәтижесінде кейінгі ұрпаққа, бүгінгі кезеңге қандай 

деңгейде келіп отыр деген ой кім-кімді де мазалайтын болуы керек. Мәдениетті ұлттық салт-

дәстүр мен әдет-ғұрыптан бөлек алып қарау, ол үлкен қателікке ұшыратады. Мәдениеттің көзі 

болып келген ата-бабаларымыз бірін-бірі өте жоғары сатыда сыйлап, соның арқасында рухани 

құндылықтарды бойларына жинап, тұқымнан тұқымға дарыта білді. Бізге жетіп жүрген ұлттық 

дәстүр мен әдет-ғұрыптың бәрі де осыны аңғартады. Қазіргі кезеңде өз ұлтымыздың мәдени 

деңгейін  алып  қарасақ  көңіл  толыңқырамайды.  Мәдениетіміздің  асыл  мұраларын  жәдігер 

(экспонат) түрінде ғана көріп шын мәнінде жастарымыз түсінбей таңданатын сияқты. Батысқа 

еліктеушілік  біздің  басқа  халықтардан  жоғары  тұрған  салт-дәстүріміз  бен  мәдениетіміздің 

өресін күннен-күнге тарылтып, қауіп туғызуда [5, 16-б].

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Жолдауында:  «Дәстүр  мен  мәдениет-ұлттың  генетикалық  коды.  Патшалықтың,  төңкеріс 

дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің 

еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени 

ерекшеліктерін сақтай алды. Тәуелсіздік жылдарында жаһандануға қарамастан, біздің мәдени 

іргетасымыз  беки  түсті.  Қазақстан-бірегей  ел.  Біздің  қоғамда  әртүрлі  мәдени  элементтер 

бір-бірімен  біріккен  және  бірін-бірі  толықтырып  тұрады,  біріне-бірі  нәр  беріп  тұрады.  Біз 

өзіміздің  ұлттық  мәдениетіміз  бен  дәстүрлерімізді  осы  әралуандығымен  және  ұлылығымен 


54

5

қойып  қорғауымыз  керек,  мәдени  игілігімізді  бөлшектеп  болса  да  жинастыруымыз  керек»-

деген болатын. Сондықтан да егеменді ел болып, өз тіліміз бен дініміздің тізгіні өз қолымызға 

берілгендіктен, мәдениетімізді жабайы көріністерінде жаңғыртуға тырысатындардың жолын 

бөгеп, оны ата-бабаның салт-дәстүрімен суарып жандандыра алсақ қана оның ұлттық тарихи 

бейнесі сомдалмақшы.Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті 

мен салт-дәстүрінен көп ілгері болып келді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай 

жинақтап қазіргі жастарға жеткізу біздер үшін парыз деп түсінеміз [1].

Ескіден келе жатқан, санаңа сіңіп қалған әдет-ғұрыптардың барлығын дұрыс, еліміздің 

қазіргі ұстанып отырған саясаты мен ұлттық идеологиясына сай деп толықтай қолдану керек 

деген тұжырым жасауға әрине болмайды. Кейбір қолданылып келе жатқан үрдістерге Әйтеке 

биден бастап наразылық көрсетіп, оны өзгертуін талап еткен. Әсіресе, қазақ қауымын өрге 

басуға кедергі келтірер кертартпа дәстүрлерге батыл қарсы шыққандығында. Адамды, азаматты 

ата-тегіне қарап емес, қабілетіне қарап бағалауға үндегендігінде. Сол арқылы халқына қамқор, 

еліне пана бола аларлық шын асылдар мен шын арыстардың көбейе түсуін көксегенінде. Әсіресе 

қазаққа өз-өзін тұтас ел қылып басқарар уақыттың келгендігін айрықша баса көрсеткендігінде. 

Ешкімге есесін жібермес би, батырлықпен қоса, көрші елдермен тату болып, тіл табыса алар 

мәмілегерлікке де қатты мән беруде біздің Әйтеке сияқты билеріміздің мүдделі болғандығын 

айтқанымыз жөн болар. Біздің еліміз-қазақтың көсемі халықтық мұраттың көксеген биігіне 

емін-еркін  көтеріле  алатын  майталман  болса  екен  деп  тілейді.  Ел  мұраты  жолындағы  сол 

ұғым, сол мақсат билік жолындағы күрестің құрбандығына шалынып кетпесе болар еді деп 

уайымдады.  Сол  бабаларымыздың  көксеген  армандары  қазір  орындалып  отырғанына  тәуба 

дейміз [3, 18-б].

Сонымен қазақ жұртының қазақ болып, біртұтас елге айналуында, өркендеуінде айтулы 

хан-сұлтандарымыз, батырларымызбен бірге көсем билеріміздің де айрықша үлес қосқанын 

айту егемен елдікке қолымыздың жетуі арқасында ғана мүмкін болып отыр. Біз темір қоршау, 

жабық қараңғы түрме салмаған халықпыз. Бұл көріністер турасын айтқанда әлемге әйгілеп, ту 

етіп көтеруге тұратын қоғамдық адамдық мәдениеттің ең жоғарғы шегі десек қателеспеспіз. 

Дүние жүзі халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының адам тәрбиесіндегі өресі, қазақ 

деген  халықтың  адам  баласына  деген  ғибратты  ойынан  туындаған  философиялық  тұрғыда 

зерделенген, ақылшы билеріміздің өте жоғары мәдениетпен сусындаған асыл қазына болып 

есептелетін өсиеттерінен әлдеқайда төмен жатқандығын кейбір ойшылдарымыз мойындауда.

Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани 

мұралар сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан [5, 12-б].

Ата-бабадан қалған өшпес мұра мен қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту-

менің және мен тәрізді оқуын бітірген әрбір маманның міндеті. Мысалы, мектеп педагогикасында 

ғасырлар  бойы  екшеленіп,  өмір  сынынан  өтіп  келген  халықтың  дәстүрлі  қолөнер  үлгілері 

жастар үшін өткеннің елесі болып, оқу-тәрбие жұмысында пайдаланбай қалып жатыр. Осыған 

орай жастардың жат елдік мәдениетке еліктеушілігі рухани кедейшілікке әкеліп соқтыруда. 

Сондықтан  жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  оқушыларды  халқымыздың  рухани 

байлығымен,  мәдениетімен,  қолөнері,  салт-дәстүрімен  терең  таныстырып,  педагогикалық 

тәжірибені  оқу-тәрбие  ісінің  тірегіне  айналдыру,  яғни  адамгершілік-эстетикалық  тәрбиенің 

жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.

Егер,  ғұламалар  мен  ағартушылар,  қоғам  қайраткерлері,  бүгінгі  заман  ғалымдарының 

еңбектеріндегі  рухани-адамгершілік  құндылықтары  жүйеге  келтіріліп,  тағылымдылық 

мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани-адамгершілік 

құндылықтарды  қалыптастыру  мақсатына  пайдаланса,  онда  рухани-адамгершілік 

құндылықтарды  бағалай  білетін,  ұлттық  сана-сезімі  жоғары,  инабатты,  адамгершілігі  мол, 

рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі 


55

мектептің  оқу-тәрбие  үрдісі,  тәрбиелік  шаралар,  мектептен  тыс  тәрбиелік  жұмыс  мазмұны 

рухани-адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне 

оң ықпал жасай алады.



Әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2014  жылғы  11 

қарашадағы Жолдауы.

2.  Есжанов А.Е. Қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтары жайында.Жинақ. 2011. 

18-22 б.

3.  Губашева С.Г., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі.

4.  Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. Алматы, 2000.

5.  Сатыбаев С. «Халық әдебиетінің тарихи негіздері», Алматы,1992.



ПРИМЕНЕНИЕ МЕТОДОВ PBL (PROBLEM-BASED LEARNING) В 

СОВРЕМЕННОМ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ 

Аубакиров Т. А.

 АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

г. Павлодар

Сарбасов Н. С.

 «Центр педагогического мастерства» г.Павлодар

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

Андатпа

Мақалада  білім  беру  үдерісінде  қолданылатын  PBL  (мәселелік  оқыту)  әдісіне  қысқа 

сипаттама берілген. Мәселелік оқытуды қолданудың өзектілігі мен жалпы қызметі, мәселелік 

тапсырмалардың түрлері  келтіріледі. Мәселелік тапсырмаларды дұрыс құрастыра алу үшін 

нұсқаулар беріледі.

Түйінді сөздер: мәселелік оқыту, білім беру, тапсырмалар, қолдану, күнделікті өмірлік 

жағдайлар



 Аннотация

Статья  содержит  краткий  обзор  метода  PBL  (проблемное  обучение),  используемого  в 

современном образовательном процессе. Описаны актуальность применения и общие функции 

проблемного  обучения,  типы  проблемных  заданий.  Даются  рекомендации,  как  правильно 

составить проблемные задания. 

Ключевые  слова:  проблемное  обучение,  образование,  задания,  применение, 

повседневные жизненные ситуации



       Abstract

Аn article contains the short review of the PBL (Problem-based learning) method to introduce  

a relevance of application and general functions of problem training, types of problem tasks. It also 

provides guidance on how to make the problem tasks.



Keywords: problem-based learning, education, tasks, use, everyday life situations

В  послании  народу    «Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы, 



единое будущее» Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев говорил: «... Наш путь в 

56

5

будущее связан с созданием новых возможностей для раскрытия потенциала казахстанцев... 

Развитая страна в ХХI веке – это активные, образованные и здоровые граждане. Что нам нужно 

сделать для этого? …Результатом обучения школьников должно стать овладение ими навыками 

критического  мышления,  самостоятельного  поиска  и  глубокого  анализа  информации…». 

Поэтому,  современное  образование  должно  прививать  в  учащихся  не  только  знание,  но  и 

умение их применять в повседневной жизни [1].

Одной из приоритетных целей образования РК является подготовка конкуретноспособных 

кадров.  Основа  этой  работы  закладывается  и  формируется  в  средней  школе,  где  будущие 

специалисты – ученики получают первоначальные знания. В дальнейшем из этих учеников, 

возможно,  вырастут  умелые  политики,  талантливые  ученые  и  перспективные  экономисты, 

учителя, врачи и военные. И успех в данном процессе обучения зависит от того, насколько 

глубокие знания будут усвоены учащимися при обучении в средней школе. 

Научно доказано, что в раннем возрасте дети проявляют большие творческие способности, 

являются  легко  обучаемыми  и  очень  часто  сами  осваивают  новые  навыки,  необходимые  в 

жизни. Этому способствует стремление ребенка узнавать все больше и больше из окружаюшего 

его мира, где все для него является интересным.

Но зачастую мы наблюдаем заметные изменения в поведении ребенка в познавательном 

процессе с достижением определенного школьного возраста. В это время многих из них будто 

подменили. Пропадает интерес к учебе, наблюдается усталость. Дети как будто разучиваются 

думать. Почему? В чем причина? Как отмечают многие психологи причиной этого является то, 

что в школе за него думает учитель. Именно он определяет что является верным, а что нет. Дома 

за него думают и все решают родители. Ребенок оказывается зажатым в алгоритмах и рамках 

поставленных учебной программой и принципами «правильного» воспитания. Поэтому для 

полноценного развития ребенка и в воспитании и формировании из него конкурентноспособной 

личности нужны методы, способствующие свободному развитию творческого способностей 

воспитуемого. К таким способам можно отнести методы развития критического мышления 

обучаемого.

В своих трудах Пойа говорил что «решение задач является специфической особенностью 

интеллекта,  а  интеллект  –  это  особый  дар  человека;  поэтому  решение  задач  может 

рассматриваться как одно из самых характерных проявлений человеческой деятельности» [6]. 

В современном образовании широко известны и применяются в практике различные способы 

развития критического мышления.

Возникновение разного рода неожиданностей и трудностей означает, что в окружающей 

нас  действительности  есть  ещё  много  неизвестного,  сокрытого.  Познание  и  осознание 

картины мира непосредственно связано с развитием логического, творческого и критического 

мышления.  Следовательно,  перед  учителем  стоит  задача  –  строить  процесс  проблемного 

обучения, основанного на разработке проблемных ситуаций (вопросов, заданий) и обсуждении 

возможных вариантов их решения.     

Однако отметим, что по итогам исследования PISA-2012 г. казахстанские ученики среди 

70 стран в естественнонаучном направлении заняли 52 место. Но при этом в исследовании 

TIMSS казахстанские школьники демонстрируют высокие результаты. Если учесть, что PISA 

оценивает способности использовать знания, умения и навыки, приобретенные в школе, для 

решения широкого диапазона жизненных задач в различных сферах человеческой деятельности, 

а  также  в  межличностном  общении  и  социальных  отношениях.  Таким  образом,  результаты 

участия Казахстана в PISA и TIMSS показывают, что педагоги школ республики дают сильные 

предметные знания, но не учат применять их в жизненных ситуациях. Решение проблемных 

ситуаций, связанных с реальной жизнью, позволит учащимся улучшить навыки применения 



57

полученных знаний в практической деятельности

Одной из эффективных моделей проблемного обучения является Сингапурская модель, 

построенная на связи теории с жизненно практической необходимостью. Несмотря на то, что 

Сингапур является относительно молодым государством, его система образования достигла 

ощутимых результатов. Следует отметить, что Сингапур, наряду с Китаем и Японией, занимает 

лидирующие позиции в проекте PISA. 

Развитие  системы  образования  Сингапура  связано  с  внедрением  метода  проблемного 

обучения  PBL  (Problem-based  Learning),  которое  способствует  самообразованию

самосовершенствованию и самореализации учащихся. Опыт Сингапурской системы в развитии 

функциональной грамотности школьников, несомненно, полезен и в условиях казахстанского 

образования. 

Еще в 1991 г. В.Т.Кудрявцев писал: «Думается, что полноценное дальнейшее развитие 

теории проблемного обучения не только является делом ученых, но предполагает вовлечение в 

совместную работу с ними практиков сферы народного образования» [7]. Применение методов 

проблемного  обучения  в  казахстанском  образовании  так  же  зависит  от  заинтересованности 

практиков, т.е. учителей средней школы.

Использование  проблемного  обучения  позволит  учащимся  увидеть  связь  между 

полученными знаниями с конкретными жизненными ситуациями, простимулировать интерес к 

изучаемому материалу или предмету, овладеть опытом творческой и логической деятельности. 

Проблемное  обучение  PBL  заключается  в  создании  проблемных  заданий,  способное 

заинтересовать,  завлечь  ученика,  что  бы  он  сам  захотел  изучить,  понять,  разобраться  в 

данной  проблемной  ситуации.  Решение  этих  ситуаций  осуществляется  в  ходе  совместной 

деятельности  ученика  и  учителя.  Но  этот  этап  является  одним  из  самых  сложных  этапов 

применения проблемного обучения, поскольку у учащихся нет навыков выполнения подобного 

рода заданий, так как они привыкли работать с готовым материалом, а не заниматься поиском 

выхода из проблемной ситуации и тем более анализом имеющихся в жизни проблем. Таковы 

противоречия на современном этапе внедрения проблемного обучения в образовании [2].

В  качестве  содержания  учебного  материала  для  проблемных  заданий  в  процессе  PBL 

применяются топики, короткие рассказы или небольшие по объему видеоматериалы. Материалы 

задания  должны  содержать  знакомые  учащимся  понятия,  предметы,  собственные  имена  и 

наименования реалий естественно научного направления. Это обеспечивает ассоциативную 

память  учащихся  и  заинтересованность  в  изучаемом  материале.  Принцип  проблемности 

сближает между собой процесс обучения с процессами познания, исследования, творческого 

мышления [4].

При составлении проблемных заданий учитель должен, прежде всего, руководствоваться 

учебной программой. Поэтому ему следует определить, что учащиеся должны узнать в процессе 

обучения, представить в рамках дисциплины специфический процесс или жизненные навыки 

и развивать их с точки зрения соответствующих отношений. Для управления обучением нужно 

идентифицировать  типы  проблем.  Результаты  обучения  дают  информацию  о  типе  знаний, 

необходимых для обучения. На основе этого учитель решает, какие типы проблемных заданий 

нужно разрабатывать. Различают следующие типы проблемных заданий: 

•  учащиеся сталкиваются с необходимостью использовать ранее усвоенные знания в 

новых практических условиях; 

•  имеется  противоречие  между  теоретически  возможным  путём  решения  задачи  и 

практической неосуществимостью избранного способа;

•  имеется противоречие между практически достигнутым результатом и отсутствием 

знаний для его теоретического обоснования;



58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет