«Тоқа баласы ержүрек Домрул туралы жыры» қазақ
жастарын жұбайлық өмірге даярлау оқулығына арналған
дидактикалық материал іспеттес. ІХ ғасырда Қорқыт өмір
сүрген кезеңдегі отбасыларға үлгі боларлық жұбайлар
сүйіспеншілігі, қамқорлығы, бірі үшін екіншісінің жанын беруге
даярлығы – бүгінгі күн жастарының махаббат тәрбиесіне
өнегелік сипаты басым. Қара сөзбен баяндалған жырдың басты
идеясы – жұбайлар сүйіспеншілігі. Жұбайлық сертке адалдықты
ардақтауды көздеген дана, әке-шешенің беделін түсіруді мақсат
етіп тұрған жоқ, керісінше, біреу үшін біреудің жан бере
алмайтын - өмір шындығын айтады. Халқымызда «бірге тумақ
бар да, бірге өлмек жоқ» деген қағида да осыған дәлел.
ІХ ғасырда Қорқыт бабамызбен қатар білім мен ғылым
жолына өзіндік із салып шығыстың ұлы ойшылы атанған
отырарлық Әбу Насыр әл-Фараби ойшыл дана бабамыз
ғылымның сан саласына теориялық білімнің негізін қалады.
Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, сондай-ақ
әдістеменің теориялық-тәжірибелік мәселелерін қарастыру
әйгілі ғалымның ғылыми-философиясының құрамдас бөлігі
болды. Дана ойшылдың тұжырымында ұстаз бен жұртқа
22
танымал басшы бойында туа біткен он екі қасиеті бар, алты
жүре бара қалыптасатын қасиеттерді меңгерген адам – нағыз
тәрбиеші.
Отбасы тәрбиесіндегі әке-шешенің әрекеті ел басқарған
басшының қызметіндей жауапты, ықпалды да нәтижелі
болатындығын, «Мұның өзі отбасы басшыларының, балалар
мен жасөспірімдер ұстаздарының арасында болып отыратын
жағдай тәрізді. Отбасы басшысының отбасы мүшелерінің
тәрбиешісі де, оқытушысы, балалар мен жас өрендер
ұстазының оларға тәрбиешісі де оқытушысы болатыны
сияқты әкім де халықтардың тәрбиешісі мен оқытушысы» -
деп салыстырмалы баға берген. Қала әкіміне қарата
айтылғанмен, отбасында бала тәрбиелеуші ата-ананың
педагогикалық рөлін көтеріп, оның жан-жақтылықты керек
ететіндігіне баса маңыз береді.
Әл-Фараби адамзаттың басынан өтетін түрлі мінез
кеселдері, шектен тыс құмарлық қуып, нәпсіге берілушіліктің
(арақ, наша, темекі, құмар ойындарына әуестік, көзге шөп
салушылық пен жезөкшелік т.б.) кесірінен отбасының шайқалуы
немесе сезімнің жетіспеушілігінен адами мүмкіндіктердің
тоқырауға ұшырауы, мысалы, жігіттердің сүрбойдақ боп
үйленбей жүруі мен қыздардың тұрмыс құрмай отырып
қалушылығы сезімнің дұрыс дамымауы немесе нәпсіге
берілушіліктен екендігін, «Рақатты шамамен пайдалану,
нәпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді: ішіп-жемге, әйел
жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу
тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың
жетімсіз болуы рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді,
мұның өзі жазғыруға лайық қасиеттер. Адам басындағы
осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады», - деп
көрсетеді.
«Мемлекеттік
қайраткердің
нақыл
сөздері»
трактатында
«...Үй
белгілі
бір
бөлшектерден
және
бірлестіктерден құралады, солардың арқасында гүлденеді.
Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен
қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі.
Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, кімде-
23
кім оларды бір-бірімен біріктіріп, сөйтіп олар әр түрлі
әрекетке қатысып, бір мақсатқа жету үшін, үйді әр түрлі
игілікпен толтырса, кімді-кім бұл игілікті сақтау үшін, бір-
біріне көмектесуі үшін олардың бәрінің арасында байланыс
орнатса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны
«қожайын» деп атайды, қалада әкім қандай болса, ол үйде
сондай болады» - деп, «шағын мемлекеттің» иесі – «отағаның»
отбасын басқарудағы рөлін анықтап берген.
Қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс
Түркістан мен Орта Азияның талай жылдар төңірегін билеп
тұрған Қарахан әулеттері мемлекетінің бір орталығы болып
саналатын Баласағұн (Құз Орла) шаһарда өмір сүрген ойшыл,
данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері, ХІ ғасырдың өкілі
(1015-1016ж.
туылған)
Хас-Хаджиб
атанған
Достарыңызбен бөлісу: |