Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
Жүсіп 
Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегі – дүнияуи әдебиеттің 
алғашқысы ғана емес, моральдық кодекс іспеттес тағылымды 
мұра. Мағынасы «құт әкелетін білім» деп аталатын, тәлім-
тәрбиелік ой-толғамдарға негізделген бұл шығарма – отбасы 
тәрбиесіне арналған оқулық ретінде қарауға болады. Себебі, 
бала мінез-құлқының үлгілі тәрбиеден туындайтыны, жақсы 
бала – жақсы тәрбиенің кепілі екендігі, өзің білімдар болып, 
балаңды да білім мен өмірлік әдет-дағдыларға бейімдеу 
қажеттігі және ол ата-ананың парызы екендігі тұжырымды
айтылады. Қыз бала мен ер баланың тәрбиесінің ерекшелігі 
және оларды болашақ жұбайлық өмірге даярлаудағы әке мен 
шешенің біліктілігі қандай болуы қажеттігін ата-анаға салмақ 
арта айтады.
Жүсіп Баласағұни шығармасы филологиялық қана емес, 
педагогикалық 
маңызының 
да 
жоғарылығымен 
талай 
педагогикалық ғылыми-зерттеулер мен ғылыми еңбектерде
оқулықтарда дидактикалық материал ретінде қарастырылып 
жүр. Әркім өз зерттеу нысанасы тұрғысынан қарастыруы заңды.
Хас хаджип өзінің оқулық іспеттес «Құт әкелетін білім» 
кітабында ер адамның әйелге деген көзқарасының дұрыс болуы, 
өмірлік серік – әйел таңдаудың маңыздылығына мән беріп, 
«Қандай әйел алуы керек екендігін айтады». Баласағұнидің 


24 
«әйел таңдаудағы» әлеуметтік-педагогикалық көзқарастарын 
реттеп қарастырар болсақ, ер-азаматқа әйел таңдауды 
төмендегіше өлшеммен көрсетеді: 
- тегінің таза болуы; 
- қатарың болуы; 
- әлеуметтік жағдайының өзіңнен төмен болуы
- бұрын «есік көрмеген» болуы; 
- бұрын еркекпен байланыста болмауы; 
- жаман қылық, жат істен алыс; 
- өзіңді сүйетін болуы; 
- ұяты мол, инабатты болуы
- ойы түзу, жүзі жарқын болуы; 
- қылықты болуы; 
- мінезді болуы; 
- зерделі болуы; 
- ардақты болуы. 
Осылай айта келіп, жалпы «жар таңдаудағы» көпшілік 
пікірімен де санасады және оған да өз ойын ұсынады. Жұрт 
негізінен төрт түрлі: «бай қыз», «көрікті қыз», «текті қыз», 
«ақылды қыз» іздеуді басшылыққа алатынын айтады да оның да 
кереғар жақтарына ұрынып, опық жеп қалатындығы болатынын 
ескертеді:

Бай әйелді алған адам өмір бойы соған құл болып өтеді. 
- Сұлу әйелді алған күйеуі өмір бойы қарауыл болып өтеді. 

«Үстем сөйлер қолы ұзын тектілер, сен өзіңді құл етуді бек 
тілер». 
- «Ізде досым, ақылды әйел – парасат, соны тапсаң – төрт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет