25
- өз балаңды өз қолыңда өсір;
- мейіріммен таза тәрбие бер;
- әдеп, білім, өнер үйрет.
Ұлыңа:
- бос жүрмесін ақыл бер;
- білім беріп, оқыт;
- өмірлік амал үйрет;
- қолына «құс қондыр».
Қызыңды:
- қадір тұт, көңілін суытпа;
- үйде ұста;
- ерлерден бөлек ұста;
- қыз баланы күту керек;
- ерге бермей, үйде көп ұстама;
- тезірек ұзат.
Сондай-ақ, ақын қыз тәрбиесіне
өте ықтиятты болуды
қатаңырақ айтады. Отбасының абыройы қыз арқылы жиналып,
қызы арқылы төгілетінін, жат адамдардың көзінен таса етуді,
тіпті «ішіп-жегенде» де орны бөлек болғанын қалайды. Бұл
жағынан мұсылмандық талаптарға сай келеді. Қыз жолының
жіңішке екенін, егер тыйым көрмесе, «арам ағаш өсіріп, у болар
жемісінен»
татудан
сақтандыру
мақсатында
айтады.
Шындығында, еркіндікті ерікті түрде меңгерген бүгінгі
қыздар
арасынан жезөкшелер шығып немесе жасанды түсіктер мен
тастанды балалардың обалына қалып жатқандар ешкімге
жаңалық емес. Және ондай қыздардың болашақ отбасында
бақытты болып кетуіне де күмән бар. Сондықтан, «әйелдің
жалғыз жетістігі бар: ол – дақ түспеген ары», - дейді. Ал, жар
таңдауда «тектіден» қыз алам дегеннен гөрі, «тегі таза» қыз
алған дұрыс деген ой айтады. Бұл – ата-бабасының аты шыққан
тәрбиелі
жандар болғанынан гөрі, некелі туылған, отбасында
тәрбие көрген, әке-шешесі дұрыс адамдар болғанына көбірек
мән беру.
Жүсіп Баласағұни сияқты
Махмұд Қашқаридан
қалған
көрнекті ғылыми еңбек «
Диуани лұғат ат-түрк» (Түркі
сөздерінің жинағы) – педагогикалық маңызы ерекше туынды. ХІ
26
ғасырда өмір сүрген, Ыстықкөлге жақын маңдағы Барысхан
ауылында дүниеге келіп, Қашқар қаласында оқып, қызмет еткен
Махмұд Қашқари «Сөздігінде» әдеп, тәлім-тәрбие, мәдениет
мәселесі
Қорқыт,
әл-Фараби, Баласағұни идеяларымен
астарласып жатады. Отбасылық
тәрбие және оның талаптары
төмендегіше қарастырылады:
«Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер»
Қонақ күту, үйге келген кісіні мейман етіп сыйлау, ғаріп-
қасерлерді де тойындырып, қажетін өтеу – ер азаматқа сын
екендігі отбасының иесі – ерлерге «Ұлым!» дей отырып,
ғибратталады:
«Қонақ келсе, ер жігіт құт келді деп ұғады, Қонақ келсе
жауыздар тігулі үйін жығады. ...Дәмді тағам болады өзгеге
сый – Құрмет қылсаң қонақты, асады даңқың халқыңа... ...
Ғаріп келсе – күт оны, ас-суыңа қандыр да, Қума үйіңнен, бірақ
та сапарынан қалдырма.»
«Махаббат құпиясы айрылысарда ашылады... Ұлым
менің, ақыл сенің серігің... Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл
бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді
ортақтас... Туысқан-туған хақында: «
Дүние-мүлкі үшін
құдайына қарамаған, туысқанын тұл етер... Туғаныңның
мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет...» .
Достарыңызбен бөлісу: