Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


тек алып үзеді.» Қазақ үшін «тек», «тектілік»



Pdf көрінісі
бет10/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97
тек алып үзеді.» Қазақ үшін «тек», «тектілік» ұғымы отбасы 
тәрбиесінің негізгі өзегі болмақ. Бұл мысалдан соң, «тек» сөзі 
тамырының тереңде екендігін аңғарамыз.
«Орхон-Енисей ескерткіштері» – тағылымдық халық 
мұрасының бірегейі. Тарихта өткен бабалардың ұрпақ қамы 
үшін күресіп, келешегі үшін дұрыс өсиет айта алатындығына 
тәнті боласыз. Адами асыл қасиеттерді дәріптейтін елдің ұрпағы 
болу – мақтаныш қана емес, ұлт тәрбиесінің қайнар көзі. 
Қорқыт бабаның ІХ ғасырда өмір сүргені жөнінде тарихи 
деректер бар. Басты дерек бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы» –
қазақ халқының ғана емес, Орта Азия халықтарының да жазба 
ескерткіші һәм тәлімдік мәні жоғары ұстаздық ұлағаты. 
«Қорқыт – жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ 
және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде 
ҮІІІ-ІХ ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан» - дейді 
әдебиетші-ғалым Н.Келімбетов .


20 
Қорқыт бабаның нақылдарының ішінде жалпы адамзатты 
тәрбиелейтін ғақлиятты ойлар көп-ақ. Біз отбасындағы бала 
тәрбиесі қатыстысын ғана алдық. Отбасы педагогикасының 
ғұмырлық маңызын, қыз бала тәрбиесі мен ер бала тәрбиесіне 
жауапты ата-ананың рөлін, тәрбиенің ұрпақ сабақтастығындағы 
нәтижесін тұжырымды сөйлемдермен түйіндейді. «Анадан өнеге 
көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. 
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. 
Ананың көңілі балада болар. Жақсы ана үшін бала – екі көздің 
сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол – отбасының мерейі, бас-көзі. 
Атадан қалған малы болмаса, баланың күні қараң. Ақылсыз 
балаға ата дәулетінен қайран жоқ. ...Атаның атын былғаған 
ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында 
шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің 
тегін қуған балаға ешкім жетпейді».  Бұл жердегі «тегін қуу» 
дегенді атаның қанымен берілген генетикалық ерекшелікті 
жоғалтпай, жақсы қасиеттерін дамытып, жақсы істерімен көріну 
дегенге саяды. 
Қорқыт заманынан қазаққа мұра болып қалыптасқан діл – 
кез келген отбасының қонақ күтуге дайын болуы. Арнайы 
болсын, кездейсоқ болсын қазақ «отбасылық несібемізде 
қонақтың бөлінбеген еншісі бар» деген түсінікпен жүреді. 
Осыны дәстүрлі ұстанған үйге қонақ үйір, дәстүр сақтамайтын 
үйге ешкім жоламайды. «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған 
түз артық» – деуі, қалыптасқан талапты орынмадаған жанның 
адамдар арасында беделінің де жоқтығын, өзінің де жоқ 
есебінде екенін аңғартады. 
Өз заманының ойшылы адамзаттық талап – мұсылмандық 
талап, ата-ана талабы – ұрпақ талабы екендігін және оны 
орындаған жандардың құрметке лайықты екендігін: «Тізелерін 
бүгіп, намаз оқыған ерлі-зайыпты жұбайларға – құрмет! Талай 
жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-
қарияларға – құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп 
тойғызған асыл аналарға – құрмет! Солар үшін ақ отау тіккен 
аға-інілерге құрмет! Некелі сағатта куәлік еткендерге, жаңа 
туған ұлға – құрмет!» - деп білдіреді.


21 
«Ұлдың кімнен туғанын ана білер» - деп табиғи шындықты 
айтушы абыз, әйелдер жайлы көбірек тоқталып айтқанда ананың 
адамзат арасындағы орнын, отбасындағы мәйекті маңыздың 
әйел арқылы ұйитынын білгендіктен, «Әйел төрт түрлі 
болады: Оның бірі – ниеті құрыған әйел, екіншісі – ынсапсыз 
әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, төртіншісі – кесір 
әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы», - депті Қорқыт.
«Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен 
үндес, сарындас болып келетін хикаялар көп кездеседі. Ана мен 
бала арасындағы махаббат, әйел-ананы зор құрмет тұту, бала 
тәрбиесіне мән беру, жұбайлық өмірдің салтына адалдық сияқты 
отбасы тәрбиесінің маңызды мәселелері оқиғаның негізгі өзегі 
болады. Қорқыт баба - өзін қоршаған орта-отбасылардың 
жанашыры 
һәм 
ұлағатты 
ақылшысы. 
Өз 
ғақлиятты 
хикаяларымен, нақыл сөздерімен, жырларымен отбасындағы 
жұбайлық өмірге бағыт береді, тәрбиелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет