33
қалай тәрбиелеу
екендігі;
“Текті қыз”, “қылықты
қыз” т.б. ұғымдар.
6
ХІ
ғасыр
М.
Қашқари
Диуани лүғат
ат-түрк
Отбасылық тәрбиенің
талаптарын
қарастырады:
Қонақ күту;
Туысқан-туғанды
құрметтеу;
Ер адамның
отбасындағы рөлі,
7
ХІІ
ғасыр
А. Игүнеки
Хибатул
хақайк
Отбасы тәрбиесі
туралы
тұжырымды ойлар:
Білімді әйел – ер, надан
еркек – әйел;
Ердің көркі – ақыл.
Отбасының берекесі –
сыйластық.
8
ХІІ
ғасыр
А. Яссауи
Диуани хикмет Иманды, адал, ізгі
қасиеттерге үндеу:
Нәпсіге құмар болмау;
Ғашықтық сипаттары.
9
ХШ-
ХҮ ғғ.
Кайкаус
Қабуснама
(1082-1083)
Қандай әйел алу
қажеттігі;
Қандай әйелге үйленбеу
керектігі;
Перзентті тәрбиелеу
туралы:
Ер бала болса;
Қызың болса;
Күйеу бала таңдау.
Ата-ананы құрметтеу;
Махаббат және оның
дәстүрлері;
Жыныс қатынасы және
оның пайда-зияны
туралы.
34
10
ХШ
ғасыр
Р.Хорезми
Мұхаббат-наме Асыл текті, мырза,
көреген жігіт сипаты;
Жігіттің қызға
сүйіспеншілігі;
Көрікті, сұлу қызға
арналған ғашықтық
сипаттар;
Жастарды асыл сезімге
тәрбиелеу.
11
ХІҮ
ғасыр
С.Сараи
Гүлстан бит-
турки
Ұлағатты ғақлия;
Тәрбиеге ықпалды
мақал-мәтелдер.
Адам баласының жаратылысы туралы ұлағатты
аңыздардан бастау алатын шығармалардан бастап, әдеби-
тағылымдық мұралардың ұрпақты
отбасы тәрбиесі мен өмірге
даярлау идеяларының қыз бала тәрбиесіндегі алатын маңызы
ерекше. Себебі, әрбір қыз бала – болашақ өз отбасының
тәрбиешісі. Педагог-маман ретінде ғана емес, болашақ отбасы
ұйытқысы ретінде аталмыш шығармаларды терең оқып
танысып, тәжірибеде қолдану мүмкіндігі еркін.
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Алғашқы тағылымдық мұра «Орхон-Енесей
жазбаларындағы» тәрбиеге қатысты құнды сапаларды
атаңыз?
2. Қорқыт ата шығармаларындағы әйелдерге
қатысты
тағылымдық идеяларды жинақтаңыз.
3. Ж.Баласағұни шығармаларындағы қыз бала тәрбиесіне
қойылған критерийлер қандай?
4. Шығыс ғұламалары еңбектеріндегі жар таңдау
мәселесінде қыздарға қатысты талаптар ұсыныңыз.
35
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНЕН КЕҢЕС ДӘУІРІНЕ
ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕГІ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
ХҮ-ХҮІІІ ғасырды қамтитын қазақ хандығы дәуіріндегі
әдебиет – ел мүддесін, ел мұратын бірінші орынға қойды. Ұрпақ
үшін ескірмес жырлар көркемдік сапасымен ғана емес,
отбасылық өмірге даярлайтын педагогикалық тұрғыдағы өресі
биік шығармалар екендігіне де дәлелдер келтірмекпіз.
ХҮ
ғасыр әдебиетінің беташары Асан қайғымен (шын
есімі Хасан Сәбитұлы 1361-1370) ашылады. Алтын Орда ханы
Ұлұғ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған ол Қазақ
Ордасы құрылған кезде жаңа мемлекеттің ұраншысына
айналған Асан қайғы өлеңдерінен фәлсафалық ойлар мен қара
менен ханды да тәлімге шақырар ұранды жырлар табылады.
“Атадан алтау тудым деп, асқынып жауап айтпаңыз.
Алғаным асыл ару деп, күн шығарып жатпаңыз” – деп, ер-
азаматқа отағасылық сипатқа сай болу тұрғысынан ақыл айтады.
Ар тазалығының анықтамасы - “ару”
ұғымының құнын
жоймағанын көреміз. Асан қайғы ханның да жар таңдаудағы
талғамына, өміріне пікір қосқандығын:
Ай, хан, мен айтпасам
білмейсің... Қатын алдың қарадан, Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас, Айрылар ата мұрадан! – деген өткір
сөздері арқылы байқауға болады. Сондай-ақ, қазақ халқының
отбасылық, жұбайлық өмірге даярлық
мектептерінде жеңгелер
институтының өте ықпалды болғанына
Асан қайғының:
“Қадірін жеңге білмесе, бойға жеткен қыз ғаріп” – деп
айтылып, мақалға айналып кеткен тіркестері негіз бола алады.
Өз ғалымдарымыз Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, қарақалпақ
ғалымы Ө.Әлеуов зерттеулерінде Асан қайғының тайпалы
одақтар
шежіре
генеологиясын,
халықтың
әдет-ғұрып
дәстүрлерін дәріптеп, оны жас өскіндерге өнеге етіп
ұсынатындығы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: