28
-
өзіңе дос;
-
уақытты бағалайтын;
-
дүние-малды жақсы сақтайтын;
-
көргенді;
-
көрікті;
-
үй-ішін тәртіптеп ұстай білетін;
-
көршілерге азарсыз;
-
балиғатқа жасы жеткен;
-
басқа ру, басқа тайпа, жат елден ал.
Қандай әйелге үйленбеген жақсы:
-
жұрттан асқан сұлу болмасын;
-
дәрежесі өзіңнен жоғары болмасын;
-
бай болмасын;
-
бойжетпеген өте жас қыз алмау керек;
-
бала таппайтын тұл әйел болмасын.
Сондай-ақ, «
әйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді
тәртіпті тәрбиелеп өсіру – сенің қолыңдағы іс» немесе
«
білімді қатынның іс-әрекетіне тыйым салушы болма.
Егер қызғаншақтық жасамасаң, кемсінбесең, қатының
саған ата-анаңнан да мейірімді болады. Саған одан дос
кісі болмайды» деген пікір айтады. Әйелді қызғанудың
да жөні бар, қызғанбаған жасықтарды ер жігіт деуге бола
ма деген сынды ойлар айта келіп, тапқан табысыңның
бәрін әйелдің алақанына салып, оның қолына қарап
отырар болсаң, өз тапқаныңды өзің жұмсай алмасаң –
қайратсыздық, шарасыздық. Тіпті,
«яғни қатының – ер
кісі, сен – қатын кісінің орнында болып міндетін
атқарасың» - дейді.
Достарыңызбен бөлісу: