29
-
суда жүзу;
-
атқа міну;
-
ат үстінде найзаласу, бұғалық тастау;
-
доп ойнау;
-
ұстаз қолымен жазала;
-
өнер-әдеп, білім үйрет.
Қызың болса:
-
таза
тәбет тәрбиешілерге тапсыр;
-
үлкейген соң мұғалімге тапсыр;
-
оған мейірім-шапағат жаса;
-
қолыңа не түссе алдымен қызыңа бер;
-
жағдайын түзет;
-
тезірек теңіне қос;
-
ерге шықпаған болса, бойдаққа бер;
-
кәнизаққа ұқсатып сатпа;
-
қызыңның қадір-құрметін көтере бер.
Күйеу балаң:
-
сүйкімді болсын,
қызыңды көріксіз адамға берме;
-
жүзі де, сөзі де таза болсын;
-
намысты, қожалықты билейтін кісі болсын;
-
дәрежесі, қызмет бабы сенен төмен болсын;
-
ол сенен пайдалансын;
-
сен күйеу балаңнан пайдаланба;
-
күйеу балаңнан
көп нәрсе талап етпе;
-
қызыңның да қайғы-қасіретінен құтыласың дейді.
Жоғары лауазымдағы адамдар перзентіне:
-
әдеп пен тәрбие мирас етсін.
Қарапайым қатардағы халық перзентіне:
- өнеркәсіп үйретсін.
Кайкаус ер адамға қажетті ойларды оның ішінде отбасылық
тәрбиеге ықпалды мәселелерді, ер мен әйелдің қарым-қатынасы
жөнінде «Ата-ананы құрметтеу туралы», «Мал, дүние жинау
туралы», «Үй, жер сатып алу туралы», «Қарттық және жігіттік
туралы», «Махаббат және оның дәстүрлері туралы», «Жыныс
қатынасы. Оның пайда, зияны туралы», «Дос таңдау туралы»
т.б. айта отырып ер азаматтың қоғамдық-әлеуметтік рөлінің
30
төмендемеуіне ақыл-кеңес береді. «Қабуснама» - педагогикалық
ойларының көрнекілігі тұрғысынан
шығыс мәдениетінің қазақ
мәдениетіне ықпалды үлгісі деп атауға болады.
Тарихта қазақ жерін Жошыхан билеген тұста Ақ Орданың
төңірегінде дүниеге келген
Реванди Хорезмидің (ХІІІ ғ.)
Сырдария жағасындағы Сығанақта жазған «
Мұхаббат-наме»
атты шығармасы – кезінде ел басқарған Өзбек ханның баласы,
Алтын Орданың билеушісі (бір зерттеулерде, Алтын Орда ханы
Жәнібектің әкімдерінің бірі деп айтылады) Мұхаммед
Қожабекке арналған туынды. Дастан жас жігіттің сүйген қызына
жазған сүйіспеншілік хаттарынан тұрады.
Бұл дастанның
ерекшелігі
адами
асыл
сезім
–махаббатты
сезіну,
сүйіспеншілікті қадір тұту, дүниенің барлық қызығынан артық
ақыл-парасатты қастерлеу, жақсы дәстүр мен салтты жаңғырту,
адамгершілік пен қанағатты дәріптеу, жастық пен махаббат
психологиясы жөнінде көптеген тәлім-тәрбиелік ойлар бар.
Жігіттің сүйген қызының
Баласағұни өлшемдеріне сай
екендігін профессор Н.Келімбетовтің пікірінен байқаймыз:
«Дастанның бас қаһарманы ғашық болған қыз
көрікті ғана емес,
сонымен бірге,
ақылына Аплотон таңданатын данышпан әрі
сүйгеніне адам,
адамгершілігі жоғары,
инабатты жан. Міне,
сол арқылы автор махаббат жайын әлеуметтік мәселе
дәрежесіне дейін көтере білген», - деп баға береді. Жырды
оқыған оқырман немесе тыңдарман
әрдайым жігіттің жар
таңдаудағы өлшемдерін көкірегіне сақтай отырады. Жалпы
алғанда, «Мұхаббат-наме» әдеби, тарихи тұрғыдан ғана
маңызды емес, сұлулықты бағалай білу – эстетикалық санаға,
жастарды махаббатқа тәрбиелейтін тамаша тәрбие құралы.
Сезім тазалығы – ар тазалығы, сүйгеніңе
қандай жағдайда да
жақсылық тілеу – биік адамгершілік. Дастан осыған
тәрбиелейді.
Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұрған кезде, оның
астанасы Сарай қаласында өмір сүрген
Сайф Сараи (ХІҮ ғ.)
түркі тіліне парсы ақыны Маслахаддин Саадидің (Н.Келімбетов
Сағди Ширазидің деген) «Гүлстан» дастанын «
Гүлстан бит-
турки» (Түркіше Гүлстан) деп атаған еркін аудармасы. Сайф
31
Сараи арқылы «Түркіше Гүлстан» қазақ жеріне ұлағатты ғақлия
ретінде тарады. Шығыс ғұламасының ғибратты ойы қазақ
жеріндегі ұрпақ тәрбиесіне айтарлықтай үлес қосты деп айтуға
болады. Көптеген тәлімдік ойлардың мақал-мәтелге күйінде
біздің сөзіміздің мәйегіне,
тәрбие құралына айналғанын
байқаймыз. [50].
ҮІІІ-ХҮІІІ
ғасыр
аралығындағы
мыңжылдықтағы
этномәдени мұралардан байқарымыз: отбасылық өмірдің адам
баласы үшін маңыздылығы, отбасындағы ер мен әйелдің орны,
атқаратын қызметі, ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі, ер бала мен қыз
бала
тәрбиесінің
ерекшеліктері:
Достарыңызбен бөлісу: