Ойын арқылы оқыту технологиясы
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық
жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда
болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Оқытудағы негізгі мақсат – сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге
үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын ойындар сабақта
үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын
арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін
дамытады. Сонымен қатар ойын оқушының сөйлеу қабілетінің даму әрекетін
тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық
талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының
жас ерекшелігі мен қабілетінің даму әрекетіне әсер ететіндей, оның
мүмкіншіліктеріне сай болуы керек. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген
ішкі жан дүниесі, ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.
Сабақ үстінде оқушылар ойынды тапсырма ретінде қабылдайды. Ойын
арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар
пәнге деген қызығушылығы артады. Бастауыш сынып әдістемесінде бала
ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық
шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады.
Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, арман-мұратын
бейнелесе, шынайы өмірде сол арман қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Сөйтіп сабақ үстіндегі бейнелі ойын, қатысымдық әрекеті іс жүзінде шындық
ақиқатқа айналатын кезі аз емес [13].
Ойынның мақсаты – ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу
тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары:
-
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады.
-
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады.
-
оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады.
-
оқу әрекетіне ойын жұмыс элементті ретінде кіреді.
-
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады [14].
Қарағанды қаласының №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Манарбекова Іңкәр Манарбекқызы өз сабақтарында ойын арқылы оқыту
технологиясын қолданады. Ойын технологиясы арқылы ойын балаларын
дамыту өте тиімді тәсіл екендігін, сондықтан бір ғана ойын түрлерін емес,
көптеген ойын түрлерін қолдану керектігі туралы ұсыныс білдірген.
303
Павлодар облысы, Лебяжье ауданындағы Шарбақты орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Уалиханова Гүлден Саятқызы ойын арқылы
оқушылар: нақты қызмет тәжірибесін меңгереді; олар тек бақылаушы ғана
емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді;
оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді;
оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады; уақытты үнемдеуге
үйретеді; оқушылар үшін психологиялық жағымды; ойын барысында шешім
қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді; оқушылар үшін
қауіпсіз; кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін
алады; ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда
күрделірек; кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі; ойын
нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар
ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі,
кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге
үйренетінін айтады. Сонымен қатар ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып,
ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да
берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық
ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты
жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып
қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу
пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс
нәтижелер береді.
Осы технологияны сабағында қолданып жүрген Қостанай облысы,
Жетіқара қаласының №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тұрмұрзинова Алмагүл Бердешовна ойын барысында грамматикалық
анықтамаларды, тілдік нормаларды игеру мүмкініктері мол болады. Сабақта
мұғалімнің диктаторлық ролі жойылып, оқушылар серіктестікке,
ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артатынын
айтады. Нәтижесінде ойнау барысында сөзге араласушы жандардың басты
назары әңгіменің мазмұнына ауады; аталған технологияларды іс-тәжірибеде
қолдану арқылы тілді әлеуметтік тұрғыдан қолдануда барынша сезімтал болуға
үйретеді, оқушыларды қызығушылығын қалыптастыруға оң әсерін
тигізеді,әдеттегі жағдайға қалыптасуға қиын қабілеттерді бойға сіңіруге кең
жол ашады, ойындық рольдерді жүргізу кезінде оқушылардың бойында тілді
үйретуге байланысты шығармашылық қабілеті дамыды; ойында оқушылардың
барлығы жұмысқа белсене кіріседі: ойындар тілді үйретушілердің бір-бірімен
және оқушылармен қарым-қатынасқа түсу ынтасын арттырады. Әр оқушының
сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан
оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал
ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті
нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан
қызығушылықпен,
белсенділікпен
орындайды.
Оқушылардың
қызығушылықтарын туғызатын ойындардың біріі – дидактикалық ойындар
екенін оны кеңінен қолдануды айтады.
304
Осы технологияны өз сабағында қолданып жүрген Қостанай облысы,
Жетіқара облысы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мұнарбаева
Амангүл ойын – балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін
енуіне,шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
«Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі
сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзінің проблемалық
тақырыбыма сүйенетінін. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады.
Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен
қиыншылықтарды
жеңудің
жолын
үйретіп
қана
қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Нәтижесінде тиімді
қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың
зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы
оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын
түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын
болады. Ойын технологиясын қолдану туралы: Қазақ тілі пәнінің фонетика,
лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі
әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды,
Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы
-
ыдыс, Ыдырыс, ыстық І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз.
Мысалы: нан, қазақ, қырық.
«Дыбыс таңдау ойыны». Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан
ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат
қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер» ойыны, дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б. (бор).
2. а, ш, а, ғ. (шаға, ағаш).
Лексика бойынша «жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан
екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда... .. ..., Ұшқанда ... ... .
2. Көп ... Терең ... .
«Кім білгір» ойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреті ілінеді.
Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі.
Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі
жылдам жауап берілуі керек. Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып,
ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл
кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы
мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс-шараларға
араласып, өз үлесін қосып отырады. Ойын түрлерін сабақта ойнатқанда
оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-
305
өрісін ойын арқылы дамытады.
Қостанай қаласы №18 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Айсұлу Талғатқызы кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудағы
әдіс-тәсілін, сабақты ұйымдастыру кезіндегі қолданылатын тәсіл-ойын
технологиясы. Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, таным,
есте сақтау қабілетін, логикасын дамытады. Ойын технологиясының ерекшелігі
–
әрекеттік сипаты.Ойынды балалар өздері шығарып,ережелерін белгілейді деп
сипаттайды. Нәтижесінде ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа
деген белсенділігі, қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды.
Балалар сабақты асыға күтеді. Сондықтан да сыныпта және сыныптан тыс
уақытта ойын технологиясын пайдаланудың маңызы зор деп біледі. Кез келген
ойын технологиясын пайдаланған кезінде, мұғалім немесе тәрбиеші
жетекшілігімен, технологияға эмоциялық мән беру арқылы орындалады. сонда
балалардың қызушылығы артып, сабаққа көңіл-күйлерін аударады, оқуға деген
талпынысы артады.
Қостанай облысы, Жетіқара қаласының №2 орта мектебінің шет тілі
пәнінің мұғалімі Қабылова Сәния Әмірханқызы Ойын арқылы оқыту
технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік
мақсатқа жетуге. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың
өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық,
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын технологиясын қолдану
арқылы оқушылардың есте сақтау, тез қимылдап шапшаң жұмыс істеуге, бір-
бірімен бәсекелесу, ребус,сөзжұмбақтарды құрастыруды және берілген
тапсырмаларды меңгеруге жол береді. Сондықтан сабағында әр түрлі
ойындарды қолданатынын,әсіресе лексикалық, грамматикалық және рольдік
ойындар. Осы ойындар тақырыптарды тез меңгеруге көмектесетінін байқаған.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды
түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар
ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды,
мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Ақтөбе қаласының №2 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Жылқышиева Динара Сырғабекқызы оқушылар сабаққа қарағанда ойынды
ұнататын белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде сергіту
мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым, түсініктерді толық меңгерту
мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай
білуге машықтанады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып,
өткен тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау.
Сондықтан ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол
жағдайда ғана оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік
мақсаттарға жетуге септігін тигізеді деп сипаттайды. Нәтижесінде сабақта ойын
элементтерін пайдалану сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру
жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың
306
тақырыбы мен мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен
танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану мен
іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Ойын арқылы оқушылар: нақты
қызмет тәжірибесін меңгереді; бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып
қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйренеді; оқу процесінде алған білімді
нақты істе қолдана білуге мүмкіндік алады; әрекетке негізделген оқу көлемін
басқарады; уақытты үнемдеуге үйренеді т.б. Ойынды ерте заманнан
үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.
Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну
үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ
немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы
ретінде қолданылады.
Павлодар облысы Екібастұз қаласының №17 орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Әбішева Гауһар Құдабайқызы сабақта ойындарды қолдану
оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең
жақсы жолының бірі деп ойлайды. Ойын баланы білім алуға, еңбекке
дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.
Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызық етеді,
оған эмоциялық бояу береді деп сипаттайды. Сабақты ойын баласы тез шаршап
жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей
етіп ұйымдастыру да мұғалімнің білім деңгейіне, тәсіліне, шеберлігіне
байланысты. Ойын әдісін сабақтың кез келген кезеңінде тиімді пайдалануға
болады. Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті
тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Мысалы, бастауыш сынып
оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-
тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға
бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
арқылы жүзеге асырылады.Сонымен, ойынның негізгі формуласы тыңдаушыны
тіл үйренуге қызықтыру және осы тіл үйрену сабақтарын ойын ретінде өткізу
арқылы меңгерту. Сонымен қатар, ойын жаңа сабақ материалын еш
қиындықсыз, оның күрделі, ал сөздері қиын немесе көп болғанына назар
аудартпай-ақ қабылдауға мүмкіндік жасайды.
Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Русская Ивановка негізгі
мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Геман Дана Ерденқызы мұғалім ойын
технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне
(интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік)
және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын
әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Орыс сыныптарында оқылатын
қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде
қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін,
жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Қазақ тілі сабағында ойын
элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің
міндеті. Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы
307
оқыту ерекше орын алады. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне
қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу
қызметінен жағымды эмоциялар алады. Дидактикалық ойындар-оқытудың
маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға
арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету,
есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның
мақсаты: жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу,
ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу. Міндеттері: Оқушының
қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен
практиканы ұштастыру. Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды
бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды.
Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көз-қарас, жаңаны танып білу, икемділік пен
дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау. Іскерлік ойындар:
симпозиум, аквариум, ұжымдық әрекет. Іскер ойындарының құрылымы:
Талдауға проблема беру, Оқушыларды топқа бөлу, проблеманы талдау, сынып
алдында шешімін айту. 1-9-сыныптарда оқушыларды қазақша сөйлеуге
үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар. Сабақ үстінде оқушы ойынды
ойнай
отырып,тілдік
материалды
меңгеру
мақсатында
сөздерді
(аудармаларымен) жаттайды. Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру,
Сергіту ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, Алфавиттік жұмбақтар метаграмма,
анаграмма кроссворд ойындары ұйымдастырылады.
Жұмаева Айнұр Құдайбергеновна Ақмола облысы Степногорск қаласы №1
Ақсу орта мектебінің «Математика» пәні мұғалімі.
Математика сабақтарында «Ойын технологиясын» кеңінен қолданады.
Ойын арқылы оқыту оқушының пәнді терең түсіну қабілетін, ойлау дағдысын
дамытуды қамтамасыз етуге, сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын
қалыптастыруға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды. Балаларды сергіте,
қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын түрін қолдану арқылы
баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруды жүзеге асырып жүрген мұғалім.
Айнұр Құдайбергеновна ойын арқылы оқыту технологиясының үшке
бөлінетінін: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық түрлерін атап көрсеткен.
Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың
математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу
дағдыларын шыңдай түседі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары
қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға
арналған ойын. Бұл ойын түрлеріне сыныпты толық қатыстыруға болады.
Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс
шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Ойын үрдісінде
балалардың осыған дейінгі алған білімдері мен түсініктері тереңдей түседі,
жаңа білім игеріледі.
«Сақина тастау» ойынының дидактикалық мақсаты: берілген мысалды
тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша
жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім оқушының жеке
басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына
308
ықпал жасайды.
Степногорск қаласы А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебінің «Қазақ тілі
және әдебиеті» пәнінің мұғалімі Ләбаева Әлия Сәбитқызы орыс тілінде
оқыттын мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді үйретуде сабақтарын ойын
элементтерін модульмен ұштастыра отырып түрлендіре қолдану жақсы нәтиже
береді деп есептейді. 5-сыныпта ойын технологиясын қолдану арқылы өткізген
сабағын ұсынады.
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып,
сөйлемдерді талдауға үйрету.
Сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын технологиясы арқылы балалардың сабаққа қызығушыларын
арттыру.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрамын түсіндіру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар сызбалар
бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды
дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша
сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады.
Сол байланыстың негізінде сөйлемдегі сөздердің белгілі орын тәртібі болады.
Сөздердің орын тәртібі сөйлем мүшелері ыңғайында былай болады.
1.
Бастауыш баяндауыштан бұрын тұрады.
2.
Толықтауыш өзінің толықтайтын сөзінен, анықтауыш өзінің анықтайтын
сөзінен, пысықтауыш өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын тұрады.
Мысалы: Жаңбыр жиі-жиі жауады.
V.
Сөздік жұмыс.
Топ-топ – группой
Ерекше – особенный
Егін даласы – посевное поле
Қайнау – кипящий
Үздіксіз – непрерывно.
1.
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
-
мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
-
оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
-
тізбекпен оқиды.
3.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Бастауыш
Пысықтауыш
Анықтауыш
Толықтауыш
Баяндауыш
309
4.
Сөйлемдер құрау.
5.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
VI. Лексикалық тақырып. Тақтада берілген сызба бойынша жаңа
тақырыпты түсіндіру.
а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырапты мұқият тыңдайды.
Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.
ә) Мәтін бойынша «Мәтін құра» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар «Күз» мәтінін іштей оқып, суреттердің орнына тиісті сөздерді
қойып шығады. Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ
жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді
тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден кез келген парақты
алып, жауабын ойластырады. Енді оқушылар жауаптарын өзара талдап,
мәтіндегі тәртібі бойынша түзетеді. Осы түзетілген тәртіппен олар мәтінді
әңгімелеп, соңынан оны жауап үлгісімен салыстырады. Әңгімелеуге кіріседі.
Жүргізуші ең белсенді ойыншыны анықтайды.
Жауап үлгісі.
Күз
Күз келді. Күн суыта бастады, аспанды бұлт қаптады. Жиі-жиі жаңбыр
жауады. Жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр. Олардың түстері әр түрлі:
сары, қызыл, жасыл. Олар жерге жайылған кілемге ұқсайды. Құстар топ-топ
болып, жылы жаққа ұшты. Адамдар да жылы киіне бастады. Адамдардың күзгі
еңбектері де ерекше. Егін даласында – қайнаған қызу еңбек. Комбайндар мен
тракторлардың гүрілдеген даусы үздіксіз естіліп тұр.
VII. Сергіту жаттығу.
Өлеңді жаттау.
Алтын күз
Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағымыз.
Күз
күз айлары
ауа райы
жаңбыр
суық жел
жеміс, жидек,
көкөніс
құстар
молшылық
310
Жаздай күткен бәріміз
Сары алтындай сары күз.
Алтын ұя-мектепте
Сабақ бастар шағымыз. (Мұзафар Әлімбаев)
VIII. 3-
тапсырманы орындау. Сөйлемдерді дұрыс құрау. Дайындыққа 5
минут уақыт беріледі. Содан кейін бір-бірін жауап үлгісі бойынша тексереді.
Жауап үлгісі
1.
Күзде күн қысқарады, түн ұзарады.
2.
Күзде құстар жылы жаққа ұшады.
3.
Күздігүні диқаншылар егін жинайды.
4.
Бақтарда жеміс-жидек піседі.
5.
Жиі-жиі жаңбыр жауады.
6.
Күз айлары – жылдың ең бір ғажайып айлары.
IX. Бекіту. Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз
тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар
бір бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.
X. Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. Күз туралы әңгімелеу.
М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясында ерекше орын алатыны
–
ойын деп білетін Ақтөбе облысы Хромтау қаласы №4 орта мектептің қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Ермұханова Альмира Жоланқызы оқытуды ойын түрінде
ұйымдастыру және әртүрлі белсенді жұмыс түрлерін (топтық, жеке және
жұппен, ұжыммен жүргізілетін жұмыстар, пікірталастар, диспуттар)
қолданатынын, ол баланың сөздік қорын, тілін дамытатынын айтады. Сабақта
диалогтік бөлімінің оқу модуліндегі қазір кеңінен қолданыла бастаған ойын
түрлері: «Аукцион», «Баяндама», «Сиқырлы сандықша», «Білім биржасы»,
«Тұлғаны танып біл» «Брейн-ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт» т.б.
оқыта үйрету ойындар оқушылардын қызығушылығын арттырады. Сабақ
барысында үй жұмысын тексеруде «Брейн-ринг», «Өз жартыңды тап»
ойындарын жүргізуге болады. «Брейн-ринг» ойынында қатысушыларға
жетондар таратылады, үстелдің үстінде деңгейлік тапсырма жызылған
карточкалар жатады. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі, содан екінші нұсқаға
көшеді. «Өз жартыңды тап» ойынында оқушылар кез келген түсті таңдайды.
Содан кейін оның түсі бойынша серігін іздеп, жұмыс істейді. Мәтінді жылдам,
мұқият оқып шығады. Әр қайсылары мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға
жазады. Сұрақты сандықшаға салады. Мәтінді тағы да оқып шығып, әр оқушы
сандықшадан сұрақ жазылған қағазды алып, дауыстап жауап беруі керек.
Сонымен қатар, «Сөздердің дұрыс жауабын тап» ойыны. Тақтаға 2 оқушы
шығып, жарысып көреді. Кім көп сөздердің аудармасын біледі екен. Бұл
ойындар оқушыларға этикалық тәрбие береді. Оқушылар сөздік қорын
молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, мәдениетті сөйлеуге
үйретеді. Егер сабақ сайыс, жарыс түрінде құрылған болса, әрине әрбір бала
алға түсуге, жеңімпаз атануға ұмтылады, ал ол үшін білімді болу керек, яғни
балалар мұны түсініп, сабаққа қатысуға тырысады. Сонымен оқу процесінде
ойын ойнау аса маңызды. Рольдерде ойнау оқушы үшін пайдалы, себебі ол
311
өзінің үйренген білімін өзі өскен ортада, нақты ситуацияларда, өз өмірінде
қолдана алады. Оқушы тез және ұтымды сөйлеуге үйренеді. Ойлау бірте-бірте
қазақшаға ауыса бастайды.Ойын ойнау кезінде бұрынғы сөздер, грамматикалық
материалдар қайталанады. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және
жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс-әрекеттерінің нәтижесін
байқағанын: 1. Қазақ тілінде еркін сөйлеседі. 2. Өз ойларын ауызша, жазбаша
баяндай алады. 3. Оқушылардың белсенділігін арттырады. 4. Оқу мотивациясы
жоғарланады. 5. Неғұрлым аз шаршайды. 6. Оқу қызметін көбінесе жағымды
эмоциялар алады, қанағаттанады дейді.
Ақтөбе қаласы №2 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айжарықова
Акерке Әділбекқызы кез келген дидактикалық ойын арнайы мақсатты көздейді
және нақты міндетті шешеді. Ойынның сабақ басында қолдануы өткен сабақты
еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін
дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты
бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді дейді. Ойынның
негізгі формуласы тыңдаушыны тіл үйренуге қызықтыру және осы тіл үйрену
сабақтарын ойын ретінде өткізу арқылы меңгерту. Сонымен қатар, ойын жаңа
сабақ материалын еш қиындықсыз, оның күрделі, ал сөздері қиын немесе көп
болғанына назар аудартпай-ақ қабылдауға мүмкіндік жасайтынын айтады.
Қостанай облысы Лисаков қаласы №3 орта мектептің музыка пәнінің
мұғалімі Башеева Ақжамал Абенқызы мектептегі музыка сабағында да ойын
технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық
шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Бастауышта
оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор.
Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте
пайдаланады. Сондай ойындардың бірі – «Ойлан, тап!» жұмбақ ойыны. Жұмбақ
ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата
отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады.
Қарағанды қаласының №92 гимназиясының бастауыш сыныбының
мұғалімі Қаймолла Айнұр Төлеуғазықызының сабақтарында ойын түрлерін
пайдалану көрініс табуда. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану
бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру,
тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын
түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген
сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады. Ойындарды
таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына жетуге
бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет. Яғни олар:
оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі,
оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі; оқып-үйренетін
материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты; нақты ойын
жағдайындағы ерекшеліктер. Қандай да болсын ойын түрлері баланың пәнге
деген қызығушылық қабілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс екенін айтады.
312
Мұқышев Гүлмира Мирашқызы Қостанай облысы Арқалық қаласының №5
орта мектебінде оқушыларға информатикадан сабақ беріп келе жатқанына көп
болмаса да, заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын өзінің іс-
тәжірибесіне енгізу әрбір мұғалімнің міндеті деп санайды. Осыған байланысты,
көптеген технологиялардың ішінде ойын технологиясын өз сабақтарына батыл
енгізуде. Ойын дегеніміз – баланың жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның
көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің
көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді
әдістерінің бірі. В.А. Сухомолинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл
ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын балалар үшін
оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын
балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана
қоймайды, оладың ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.
Макаренко: «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің
қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да
сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе,
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын
арқылы алады,» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Баланың өмірге қадам
басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала
бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынның да
өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың
зейінін, жадысын, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын
әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті
бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді
сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері
көп: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б.
Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне
көмектеседі. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын
басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық
технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр
кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты
қызықты ете алады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын
құрал. Сондықтан оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай күрделеніліп отырады. Ойынды математика сабағында
пайдалана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде
балалардын қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай
ойынның көптеген түрлері бар. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай
игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай
313
қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әректтері табиғи бірлікте, болып, пәндік
білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Оқушылардың
кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше.
Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне
сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға
жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын
арттыратын әдісі. Ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды
түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар
ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды,
мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мұғалім өз сабақтарында
ойынның көптеген түрлерін, оның ішінде ұлттық ойындарды да кіріктіріп,
сабақтарында жиі пайдаланады. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан
әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,
шығармашылық
қабілетін
дамыту,
оқуға
белсенділігін
арттыру
мақсатын көздейді.
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы М. Әуезов атындағы №5 жалпы
орта білім беретін мектебінің 15 жылдық тәжірибесі бар, физика пәні мұғалімі
Такетова Тансұлу Дүйсенбекқызы ойын технологиясын өз сабағында 2013
жылдан бастап қолданады. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын,
адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті,
алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті,
дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан
сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық
тиімді әдістерінің бірі. В.А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ,
«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы
дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды
жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады. А.С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор
нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса,
балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде
жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең
алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,» - деп балалар ойынын жоғары
бағалаған. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын,
сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев:
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірді
тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондықтан оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне
қарай күрделеніліп отырады. Ойынды физика сабағында пайдалана отырып,
балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардын қаншалықты
білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің
қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-
314
әректтері табиғи бірлікте, болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге
толық ықпал жасайды. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген
сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны
білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой
ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін
шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды
талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау
ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен
таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз
мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып
табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды,
тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы
балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным
белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар
арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлу қажет. Баланың
сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады.
Павлодар қаласындағы Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта
білім беру мектебінің I санатты 15 жылға дейін тәжірибесі бар,
денешынықтыру пәні мұғалімі Саматова Құсни Мұхамедмансұрқызы. Асық
ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең
негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып
ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық
атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-
біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін.
Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және
алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін
тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын
сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының
сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын
көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан
артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, немесе сақасы кенейге тимей
кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді
ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің
бір шетіне түпте қалған (сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің
арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1 м жерден
су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны
жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді
ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет.
Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет
атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі. Қазақтың
ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға
байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті
315
қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі
жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері
бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға
деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,
еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың
пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың
тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан.
Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде
тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біз-дің
қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі
дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Ақтөбе қаласы №2 мектеп-гимназиясының «Технология» пәнінің мұғалімі
Күлмұқанова Марал Абылхановна өзінің сабақтарында ойын технологиясының
элементтерін қолданады. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста
жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Сабақта тиімді қолданылған ойын
түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор
ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.
Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте
ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып
орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін,
қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың
белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуінде.
Оқушылар: нақты қызмет тәжірибесін меңгереді; тек бақылаушы ғана емес,
өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді. Оқу
процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. Оқушы
әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
Оқушылар үшін психологиялық жағымды. Ойын барысында шешім қабылдау
оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. Оқушылар үшін қауіпсіз. Кейде
қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. Ойын
материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі. Ойын нәтижесі, өз
жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-
аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада
өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып,
пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы керек. Әр ойынның
тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның
балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау. Ойын жүргізетін орынның
мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын –
ала әзірлеу. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне,
білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі. Ойын кезіндегі қозғалыс,
техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету. Ойын балалардың оқуға, еңбекке
деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын
316
барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ойынның
тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік
факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі
де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Павлодар қаласы Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта мектебінің
жоғары санатты дүниетану мұғалімі Мұқышева Бақыт Құмаркенқызының іс-
тәжірибесінен. ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту.
Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін
тигізетін тиімді әдістердің бірі – ойын. Ойын – баланы адамгершілікке
тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды
қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау
барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын –
оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Баланы
оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын
нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін,
эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай
жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Психологиялық ойын жаттығулар баланың
жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың
сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Адамдардың бiр бiрiмен қарым-қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған
адамдармен қарым-қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден
ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы
оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық
еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық
жаттығулар өткiзу керек. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы
қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту
болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау,
көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне,
көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі
түрінің бірі - дидактикалық ойындар. Оқыту тәжірибесінде дидактикалық
ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете-дамыта оқыту
сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым»,
«Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем
қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі - екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз
ойла - тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады»,
«Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». Сюжеттік – рөлдік ойын - бұл
өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез - құлық немесе эмоционалдық
жақтарын меңгеру ниетінде алдын – ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы
топтардың сахналап ойнауы.
Павлодар облысы, Май ауданы Қазан жалпы орта мектебінің дүниетану
пәнінің мұғалімі, жас ұстаз Нәжимеденова Бибінұр Мейрамгелдіқызының іс-
тәжірибесінен: «Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс істейтін топтардағы
317
тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді.
Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол
топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі
материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-
қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар
қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі.
Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар
баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана
емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды,
әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар
ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады. «Тәй-тәй»
технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен
жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен
қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге
асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды)
жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып,
тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп
өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды
шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз
деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы,
орта көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын
алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс.Оқу іс –
әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым , өнер, ойын және
математика орталықтары жұмыс жасайды. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты
балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог-
тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер
көрсетуде. Мұғалімнің технологияны қолданудағы нәтижелері: «Шебер қол
2013» атты сайысына қатысып Қайырболат Ақнұр, Сейфолла Дильназ, ІІ орын
жүлдегері, Мейрамбек Рәбия ІІІ орын жүлдегері. Мұхаметжан Ералы, «Шебер
қол 2013» атты сайысына қатысып «Ең қызық сурет» номинациясына ие болды.
Мұғалімнің ұсынысы: Балалардың шапшан ойлауын дамытуға тәй-тәй
технологиясы қолдану тапса;.Жаңа технологияларға байланысты дөңгелек
үстел, семинарлар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныс айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |