Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет10/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муз ғыл зертт жұмлекция

Әдебиеттер:
1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
2. Музееведение. Музеи исторического профиля. – М., 1988.
3. Музейные термины. Терминологические проблемы музееведения. Сборник научных трудов. – М., 1986.
4. Медушевская О.М. Зарубежная источниковедение: Учебное пособие для студентов ист. фак. вузов. – М.: Высшая школа, 1983.
5. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі. Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика. / Ғылыми редактор Н.Әлімбай. – Алматы: Ғылым, 2004.
6. Бакирова З. Коллекция Центрального Государственного музея РК: история формирования, проблемы, перспективы. Сб. материалов конференции посвященной к 5летию музея палеолита Каз НУ им. Аль-Фараби.
7. Инструкция по учету и хранению музейных ценностей, находящихся в государственных музеях СССР. – М., 1984.
8. Основы музееедения. Отв. редактор Шулепова Э.А. – М., 2005.
9. Юренева Т.Ю. Музееведение. – М., 2003.
10. Райымхан К.Н. Музей қорындағы деректердің сыныпталуы //Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау. Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Алматы, 2006.
11 дәріс. Тақырып: Музей қорын ғылыми ұйымдастыру
Мақсаты: студенттерге музей қорын ғылыми ұйымдастыру туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Қорларды жабдықтау музей қызметінің негізгі жұмыстарының бірі болып табылады. Қазіргі таңдағы музейтануда музей қорларын жабдықтау музейдің қоғам дамуы жайлы әлеуметтік хабарларды жинап, құжаттау функциясын жүргізу әдісі болып табылады. Музейлік құны бар заттардың жиналуы, музей жинақтарының өзегін құрап, музей заттары қорларын ұйымдастырып, олар барлық музей жұмыстарының іргетасы болып саналады. Бұл қордың негізгі бөлігі мәңгілік сақтау есебімен жасалады. Жабдықтау барысында заттардың музейлік құндылығын анықтау үдерісі басталады. Музейдің қоғам дамуын құжаттаудағы жұмысы, тек музей заттарының құрамын толтырып қана қоймай, ол коллекциялардың ғылыми түрде ұйымдастырылған жүйесін жасауға алып келеді. Мұндай жүйенің құрылуы тікелей қорларды жабдықтауға тиісті емес, негізінен ол қорлар ішіндегі жұмысқа енеді. Осы айтылғандардан «қорларды жабдықтау» дегенімізге анықтама беруге болады. Қорларды жабдықтау дегеніміз – музей жұмысының негізгі түрлерінің бірі және қоғам дамуының құжаттау үдерісіндегі маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қорларды жабдықтау жұмысы бұрынғы және қазіргі кезеңге байланысты заттарды жинастыруы, оларды музей заттарына айналдырып, айыру арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытты дамыта отырып музей қоғам дамуының әр кезеңдерін, жан-жақты зерттейтін ғылым салалары жетістіктеріне сүйенеді. Сонымен қатар, музей бірқатар қоғамдық пәндер шеңберінде өзіндік зерттеулерді жүргізеді. Қорларды жабдықтаудың жалпы деңгейі музейтанулық біліммен жабдықтаудың әдістеріне байланысты. Қазіргі таңда музейлер тәжірибесінде екі анықтама бар: алғашқысы – «жинаушылық жұмысы» және беріректе пайда болған – «қорларды ғылыми жабдықтау». Бұлар бір-бірінен музей қорларын жабдықтауда емес оны жүзеге асыру әдістері жөнінен ерекше. Ӛздерінің құжаттаушылық жұмыстарында қазіргі музейлер қоғам өміріне жанжақты қарайды. Тарихи саладағы музейлер қорын жабдықтау экономиканы, қоғамдық қатынастарды, саясатты және мәдениетті қамтиды. Ол өткен тарихқа да, қазіргі кезеңге де бағытталған. Тарихи саладағы музей қорларын жабдықтау жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. Типологиялық коллекциялар заттар әлемін және олардың артында тұрған жұмыстар мен адамдар қатынасын білдіреді. Типологиялық коллекцияларды құру қор бөлімдерінің музей заттарының типологиялық белгісіне қарай жүйелеу жұмыстарымен тығыз байланысты. Ал, математикалық коллекциялар музейлердің тарихи мәселелер аймағында қажеттіліктерін айқындайды және заттардың тематикалықхронологиялық
қағида бойынша топтасуын қамтиды. Бұл екі бағытта қорларды жабдықтауды ұйымдастыру жұмыстарында өзіндік орындар алады. Музей қорларын жабдықтау үшін, музейтанудағы үйреншікті атаулар «музейлік маңызы бар зат» және «музейлік зат» түсініктерінің маңызы жоғары. Жабдықтау жұмысының мәні шынайы өмір заттарын музейлік құны бар заттарға, содан соң музей заттарына айналдыруда деп те айтуға болады. Заттың музейлік құндылығы оның музейлік заттарға тән қасиеттерінің барлығымен, яғни, ол әлеуметтік хабардың алғашқы дерегіне, және ұзақ уақытқа сақтала алама, музейге қажетті дерекхабарлар бере алама деген сұрақтармен анықталады. Музейлік құны бар заттың ең басты бір белгісі, оның шынайлылығы. Мұндай затар өздерінің құрылысымен, материалымен, өңделуімен қоғамдық өмірдің маңызды жақтарын: еңбек мазмұнын, өндірістік технологиясы мен эстетикасын, тұрмыс-сапасын және қажеттілік деңгейін, қоғамдық құрылысын және әр дәуірдегі қоғамдық қатынастарды, құжаттайды. Осындай заттарға деген ерекше көзқарас музей қорларын жабдықтауды, кітапхана, мұрағат және басқа да әлеуметтік хабарларды жинақтайтын мекемелерден ерекшелендіреді. Заттарды әлеуметтік хабар-ошардың деректері ретінде жинаудағы музейлік жұмыс тарихи және мәдени құнды қазыналардың жиналуына әсер етіп, өз алдына музейлік ескерткіштер жинағын ұйымдастыру міндетін қояды. Бұл музейді мәдениет қазыналарын қорғауда ерекше орынға ие. Музей қорларын жабдықтау жұмысын ұйымдастыру. Музей қорларын жабдықтау өзінің жалпы бағытында және міндетін белгілеуді музейдің қоғамдық-саяси және ғылыми позицияларына сүйенеді. Тарихи саладағы музей қорларын жабдықтауға музейтанушылар, тарих саласындағы мамандар, археологтар, этнографтар қатысады. Жабдықтау барысын реттілігі өзгеріп отыратын мынадай бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: - музейге қажетті тарихи фактілерді немесе қазіргі кезеңгі фактілерді ерекшелеу; - қорды жабдықтау мақсатындағы музей зерттеуі нысандарының шынайлығын анықтау; - музейлік маңызы бар заттарды анықтау; - музейлік маңызы бар заттарды соңғы рет тексеріп, сұрыптау; - заттарды музейлердің жинап алуы және музейлік заттарға айналдыруы. Заттың музейлік құндылығын анықтау, ол заттың табылған ортасынан алу кезеңінде-ақ басталады. Бірақ заттың музейлік құндылығын ақырғы рет анықтап, оны музейлік затқа айналдыру, айналдырмау мәселесін ұжымдық экспертизалық жұмыс шешеді. Эксперттердің хаттамалы түрде бекітілген шешімдері ғана затты музейдің кіріс кітабына енгізуге заңды негіз бола алады. Тарихи саладағы музей қорын жабдықтау әр кезеңді жеке қамтиды. Қорларды жабдықтау деректері және оның ұйымдастырушылық формалары әр түрлі. Олар кездейсоқ түскен заттардан музейлерден арнайы, бірнеше жылдар бойы іздестіру жұмыстары нәтижесінде түскен заттар. Кездейсоқ қазыналар (ескі құрылыстарды бұзғанда жер қазу, жұмыстары барысында) немесе музейлік құны бар заттарды қоғамдық ортадан тиісті орындарға әкеліп табыс етулері, халықтың музей ісіне жанашырлықпен араласа бастағанының кепілі. Жабдықтау барысында музей мекемелермен, жеке адамдармен тығыз байланыс жасайды. Музейлер коллекционерлермен және жекедара данадан заттар иелерімен, ғылыми коллекцияларды жабдықтаумен айналысатын ғылыми мекемелермен, суретшілермен басқада өнер адамдарымен жақын қарымқатынаста болады. Міне осындай қарым-қатынастар нәтижесінде музей қорларына жеке адамдардан ақшаға немесе мүлдем тегін түрде құнды заттар; өнер туындылары, нумизматика, ескі жиһаздар, киімдер, басқада тарихи және көркемдік құны бар заттар түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет