Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет4/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муз ғыл зертт жұмлекция

Әдебиеттер:
1. Гарданов В.К. Музейное строительство и охрана памятников культуры в первые годы Советской власти. Труды НИИ музееведения. – М., 1957.
2. Ионова О.В. Музейное строительство в годы довоенных пятилеток (1928-1941). Очерки истории музейного дела в СССР. – М., 1963, Вып. 5.
3. Зузыкина Н.С. Из истории массовой научнопросветительной работы советских музеев. Труды НИИ культуры. – М., 1972, том. 5.
4. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі /Орталық музей еңбектері. – Алматы: «Ғылым», 2004. – Б. 42-46.
5. Попова М.И. Учет и хранение музейных ценностей. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. –А., 1950. – С. 118.
5 дәріс. Тақырыбы: Тарихи музейлер және музейтанулық зерттеулер Мақсаты: студенттерге тарихи музейлердегі музейтанулық зерттеулер түрлері туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музейтану музей қызметінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол музей заттарын қорғау және сақтау, музей қорларын жинақтаудың теоретикалық және методологиялық негізі болып табылады. Музейтанулық зерттеулер шеңберіне музей қызметін бірі-бірімен байланысты қылып зерттеу де кіреді. Теориялық және тәжірибелік мақсаттарға негізгі тарихи құрылымдық, ұйымдастырушылық және музей ісін жоспарлау мәселелерін зерттеу енеді. Музейтанудың теориялық әдістемелік және басқа да тұстарын зерттеуді кез-келген музей жүргізе алады. Ал, тәжірибе жүзінде мұндай зерттеулермен қажетті тәжірибесі және ғылыми мамандары бар музейлер айналысады. Сонымен қатар, арнайы мамандандырылған ғылыми мекемелер бар. Олар ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының кафедралары мен кабинеттері. Олардың негізгі міндеті музейтанудың жалпы мәселелерін ғылыми түрде талдау. Қорларды музейтанулық зерттеу. Тарихи музейлерде музейлік заттарды қолдану үшін оларды тек тарихи деректік құндылығын оқып үйрену аз. Зерттеудің маңызды бөлігі заттың көркемдік және эстетикалық құндылығы болып табылады. Ол негізінен өнертанушылар қолданатын ережелермен белгіленеді. Музей қорларын құру үдерісі барысында заттардың қоғам дамуындағы, нақтылы оқиғаларды, құбылыстарды құжаттау үшін қажеттілігі туады. Бұл құндылық бірінші кезекте заттың тарихынан оның алғаш қолдануынан қоғам өміріндегі алатын орнынан келіп туады. Міне, осы айтылған белгілер заттың тарихи-мәдени құндылығы жайлы мәліметтер беріп, оның музейлік маңызын шығарып, сақтау қажеттігін туғызады. Музейтанулық ерекшеліктер қор жұмысында және қорды жабдықтау жағдайында үнемі ескеріліп отыруы керек. Музейтанулық зерттеулер өз алдына осы жұмыстардың негізін және оның ғылыми негіздемесін талдауды мақсат етіп қояды. Теориялық талдаулар музейлерге бірқатар мынадай ғылыми тәжірибелік міндетттерді шешуге көмектесуге тиіс: музей қорларын жабдықтаудағы жалпы тұжырымдаманы жасау, мазмұнын анықтау, музей коллекцияларын жабдықтаудың формасы мен әдісін, жинақтау жұмысының нормативтік құжаттары мен ғылыми ұсыныстарын дайындау, музей заттарын ғылыми талдаумен есепке алу жүйесін жетілдіру. Заттарды дұрыс сақтау үшін музей қорларының сақталу және орналасуының басты кескінін жасау тиімді болып табылады.
Музей қорларын сақтау және қорғау шеңберіндегі зерттеулер. Музей заттарын зақымдалудан және жойылудан қорғау жөніндегі зерттеу жұмыстары соңғы жылдары музей ісінің бірден-бір ғылыми міндеттерінің бірі болып отыр. Қолданбалы музейтануда консервация және реставрация өз алдына жеке бір сала болып дамыды. Бұл салада жаратылыстану ғылымдары физика, химия, биология және т.б. ғылымдардың зерттеу әдістәсілдері жұмыстарында көп пайдаланылды. Заттарға түрлі сыртқы факторлардың әсер етуі мәселесі жөнінде терең зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Музейлердің зерттеушілік жұмыстарында да осындай әдіснамалық және теориялық негіздер байқалады. Сонымен қатар, музейдегі ғылыми-зерттеу жұмысының өзіндік ерекшелігі де болады. Ең алдымен ол музейлік заттарды жинауға, оларды білім берудің қайнар көзі ретінде қарауға бағытталады. Музейдегі ғылыми тұрғыдан зерттеу негізінен, сол музейлердің өзіндік жәдігерлері негізінде болады. Бұл әрине зерттеу жұмыстары тек музейге тән жәдігерлерді ғана зерттеумен шектелмей, басқа да ғылымдар әдістері, деректері арқылы жүргізіледі. Музейлер жүргізетін зерттеу жұмыстарының көлемі мен деңгейі біліми-тәрбиелік жұмыс негізінде болатын экспозициялар мен көрмелерді ғылыми түрде талдаудың шешуші факторы болады. Музейлер өзінің біліми-тәрбиелік қоғамдық функциясын жүзеге асыра отырып адамның өткенге деген ғылыми көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Музей адамның тек қана білім алатын ортасы ғана емес оның ішкі жандүниесінің қанағаттанатын да жері болуы қажет. Білімитәрбиелік функциясының жүзеге асырылуы экспозициялар мен көрмелерге тікелей байланысты. Ескіден қалған заттарды сол қалпында көрсету тек музейлік мекемелерге ғана тән. Музейлерде ылғалдылықтың әсерін арнайы тексеруде зерттеулер жүргізілуде. Осыған орай музей қорларын сақтайтын қоймаларға және көрмелер залына арнайы талаптар қойылады. Музей материалдарына жарықтың әсері жөнінде де көптеген зерттеулер жүргізілуде. Көрмелердегі және қоймалардағы жарықтандыру жүйесіне де талап ерекше болып табылады. Музей заттарын реставрациялау да өзіндік бір жеке мәселе. Ол өз жұмысында жаратылыстану ғылымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенеді. Заттарды реставрациялау жұмысында ғалымдар арасындағы таластар да жоқ емес. Атап айтқанда, кей мамандар музей заттарын ең алғашқы күйіне келтіруді қолдаса, кей ғалымдар сол заттың табылған кездегі күйін сақтап қалуды қолдайды. Консервация және реставрация жедел түрде дамуда. Реставрациялық шеберханалардағы тәжірибелік жұмыстармен қатар консервация мәселесі жөніндегі де зерттеулер жүргізілуде. Музейлік қатынас (коммуникация) шеңберіндегі зерттеулер музейтанулық, педагогикалық, әлеуметтану және психологиялық аспектілер барысында жүргізіліп, пәнаралық қатынасты талап ете отырып, бір-бірін толықтырады. Музей жәдігерлері тек өздері жайлы мәлімет беріп қана қоймай, тарихи құбылыстар, кезеңдер, оқиғалар жайлы ақпарат алуға мүмкіндік тудырады. Сондықтан, зерттеу барысында нәтижелі қатынасты ұйымдастыру үшін жекелеген заттардың ғылыми, ақпараттық, эстетикалық құндылықтарына ерекше мән беру қажет. Музей заттарының бұлайша іріктелуі экспозиция құруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде музейлерде бұл бағытта жүргізілетін жұмыстардың арасынан біліми-тәрбиелік шараның “дәстүрлі” формасының дамуы. Мысалы, музейлердегі экскурсиялар “дәстүрлі емес” ойын, сахналық қойылым, сұхбат түрінде өткізу. Музейлердің біліми-танымдық қызметінде “музейлік педагогиканың” маңызы өте зор. “Музейлік педагогика” термині ерекше интерактивтік аумақ ретінде теориялық және тәжірибелік қызметті біріктіре отырып, оқытушы мен музей қызметкерінің біріккен күшімен, ғылыми білімдерді тарихи мәдени дәстүрді жеткізе білу. Музейлік педагогика, өзінің белсенді әрекетімен экспозиция және жеке құнды жәдігер көмегімен, тұтас алғанда музейлік ортамен балаға эстетикалық әсер беруге, патриоттық тәрбиені жүзеге асыруға, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сезінуге, адамгершілікке баулуға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, Отандық музейлік педагогиканы жандандырудың негізгі мақсаты баланың саналы, ұлтжанды болып қалыптасуын жан-жақты қамти отырып тәрбиелеу, тарихи ұлттық санасын қалыптастыру,
ұлттық дүниетанымды музей мәдениеті тұрғысында санасына сіңіру. Музейлік педагогика музей аудиториясын зерттейді, көрермендерді әлеуметтік деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай танып білуде үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет