Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет2/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муз ғыл зертт жұмлекция

Әдебиеттер:
1. Гарданов В.К. Музейное строительство и охрана памятников культуры в первые годы Советской власти. Труды НИИ музееведения. – М., 1957.
2. Ионова О.В. Музейное строительство в годы довоенных пятилеток (1928-1941). Очерки истории музейного дела в СССР. – М., 1963, Вып. 5.
3. Зузыкина Н.С. Из истории массовой научнопросветительной работы советских музеев. Труды НИИ культуры. – М., 1972, том. 5.
4. Мұсаханова М. Музейдегі құжаттардың ғылыми сипаттамасын жасау әдісі /Орталық музей еңбектері. – Алматы: «Ғылым», 2004. – Б. 42-46.
5. Попова М.И. Учет и хранение музейных ценностей. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. –А., 1950. – С. 118.
2 дәріс. Тақырыбы: Музей қорларын жабдықтау, қорларды сақтау және қорғау шеңберінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары
Мақсаты: студенттерге музей қорларын жабдықтау, қорларды сақтау және қорғау шеңберінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Қор - мағлұмат жүйесі. Музейдің ғылыми-ағарту қызметінде қор мағлұмат жүйесі экскурсияға, лекцияға және кружоктардағы сабақтарға дайындық кезінде заттарды іріктеп алуға, интерпретация жасауға көмектеседі. Музейдегі музей ісінің тарихы (мысалы, музей жинағының қалыптасу тарйхы), музей деректану, тарих және қосалқы тарихи пәндер саласында жүргізіліп жатқан зерттеулердің бәрі қор мағлұмат жүйесіне сүйенеді. Басқа музейлердің де қор мағлұматтық жүйесін қолданудың аспектілері әр түрлі: ол музей заттарын зерттеуде практикалық жұмыста қолданылады: (мысалы, салыстырмалы анализ жүргізу үшін, оған ұқсас заттарды іріктеп алуда), қор жұмысының методика саласындағы тәжірибелермен, қорларды жинақтау практикасымен танысу кезінде колданылады. (мысалы, айырбас жасауға болатын заттарды анықтауды жеңілдетеді). Музей корларын профильді пән бойынша деректік база ретінде қолдануға ғылыми-зерттеу мекемелері мен тарихи бағыттағы жоғарғы оқу орындары үшін қор мағлұматтық жүйесінің маңызы зор. Музей қорларындағы заттардың беретін деректері әр түрлі болғандықтан, тарихи музейдегі қор мағлұматтық жүйесі басқа саладағы мамандар-зерттеушілер (өнер, филология, география, техника, медицина саласындағы мамандар) үшін де өте қажет. Қор информациялық жүйесіне технологиялық өндірістің тарихымен танысқысы келген өнеркәсіп орындарының қызметкерлері де келіп, көреді. Тіпті, қор информациялык жүйесінің кызметін әр түрлі творчестволық мамандықтың өкілдері де: суретшілер, сәулетшілер, жазушы, режиссерлер, артистер де қажет етеді. Мағлұматтық жүйені қолданудың тиімділігі, ыңғайлылығы оның сапасының дәрежесінен анықталады. Қор-мағлұматтық жүйені көру-өте күрделі, ұзақ, үзіліссіз процесс. Қазіргі кезендегі тарихи бағыттағы музейлердегі мағлұматтық жүйе әлі де болса, жақсы жетіле қоймаған және модификациялауды қажет етеді. Модификацияның анағұрлым тиімді жолы-компъютерлік мағлұматтық іздестіру жүйесін (АИС) құру. Бұл ұйымдасқан, ұзақ, жоспарлы ғылыми дайындықты талап етеді. Компьютерлік жүйе мағлұматтарды сақтау мәселесін оңайлатады, іздестіру уақытын азайтып, оны іздестірдің сенімділігін күшейтеді, көптеген параметр бойынша информацияны іздестіруді мүмкін етеді. Мұның бәрі музей қызметтерінің және басқа да қолданушы адамдардың іздестіру жұмысына жеңілдетеді, уақытын азайтада. Бірақ, мұның бәрі музей қызметкерлерін музей заттарын сипаттап, өндеп жазудан, заңдық құжаттарды толтырудан босапайды. Музей қорларын жабдықтау шеңберіндегі зерттеулер қорларды толықтыруды жан-жақты және терең жүргізу мақсатында жабдықтаудың ғылыми тұжырымдамасын құрастыру мақсатында жүзеге асырылады. Аталмыш тұжырымдама жалпы музейдің ғылыми тұжырымдамасының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Жабдықтаудың ғылыми тұжырымдамасы шеңберінде келесі кешенді жұмыстар атқарылады: музей қорында жинақталған коллекциялардың құрылымы мен мазмұнына баға беру; жабдықтау немесе коллекцияларды толықтыру бағыты мен сипатталуының негізделуі; музей алдында тұрған мақсат-міндеттерге орай қорға жинастырылатын материалдарды іріктеу бағыттарын анықтау; жабдықтау құжаттарындағы ақпарат көлемі мен шеңберінің
анықталуы; жабдықтаудың тізбе жүйесін құру. Қор жабдықтау бағытындағы ғылымизерттеу жұмыстарының нәтижесі музейлік коллекциялар құрамының толығуы және кеңеюі болып табылады. Бұл жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуы жаңа экспозициялар мен көрмелердің дүниеге келуіне, баспа каталогтары мен ғылыми мақалалар және монографиялардың шығуына мүмкіндік тудырады. Қорларды сақтау және қорғау шеңберінде жүргізілетін зерттеу жұмыстары музей заттарын сақтау мақсатында қажетті техникалық жабдықтар мен мамандардың (препаратор, таксидермис, реставратор) болуына байланысты жүзеге асырылады. Бірақ мұндай техникалық және кадр әлеуетімен қамтамасыз етілмеген музейлер де өз қорларын қорғау және сақтау шараларын ойластырған жөн. Соңғы жылдары музей заттарының ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдері (консервация) қолданбалы музейтанудың жеке саласына айналды. Ал, заттардың сақталуымен қатар бүлініске ұшырағандарын қайта қалпына келтіру (реставрация) әдістәсілдері кеңінен қолданыс табуда. Музейлер ара қатынасы шеңберіндегі зерттеу жұмыстары бір-бірін толықтырып отыратын пәнаралық байланысты қажет ететін музейтанулық, педагогикалық, әлеуметтанулық, психологиялық аспектілер тұрғысында жүзеге асырылады. Музей қорларындағы заттар тек өздері туралы ғана мәлімет беріп қоймайды, сонымен қатар, өмір сүрген қоғамдағы тарихи оқиғалар, құбылыстар мен үрдістердің белгісі ретінде ақпарат беруші құрал болып табылады. Тиімді байланысқа қол жеткізу үшін музей қорларын зерттеу барысында жекелеген заттардың ғылыми, ақпараттық, эстетикалық құндылықтарына ерекше мән берілу қажет. Ал, экспозиция құру кезінде заттың сырқы пішіні және ақпараттық тұсы ғана емес, көрерменнің қабылдау деңгейі мен эмоциялық әсері назарға алынады. Осы тұста музейлік педагогика мен музейлік әлеуметтану ғылымдарының әдіс-тәсілдері тиімді қолданыс табады. Музей аудиториясының жас ерекшелігіне қарай қабылдау деңгейін зерттеу осы ғылымдардың үлесінде. Музейлік педагогикаға деген сұраныс бүгінгі күні кеңінен етек алып отыр. Музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында бұрынғы қатып қалған қағидаттар өзгертіліп, көрермендерге арналған тартымды жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар жасалуда. Мысалы, Қазақстан музей қызметкерлерінің атсалысуымен «Шаңырақ», «Босаға атта», «Туған қалаңа саяхат», «КөкАйшық» атты балаларға арналған белсенді бағдарламалар дүниеге келіп, музей аудиториясының кеңеюіне және танымдық деңгейінің артуына әсер етті. Сонымен қатар, музейлік әлеуметтану саласында анкеталық сұрақ жүргізу арқылы музей ісіне деген қоғамдық пікірді қалыптастыруға мүмкіндік туғызып отыр. Музей ісінің тарихы, теориясы мен әдістерін зерттеу шеңберіндегі зерттеу жұмыстары барлық саладағы музейлерде жүзеге асырылады. Қажетті деңгейде маман кадрмен қамтамасыз етіліп, материалдық-техникалық базасы жабдықталған музейлер жалпы музей ісі мен музейтану мәселесі төңірегінде тұжырымды бағдарлардың дүниеге келуіне атсалысуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет