Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет6/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муз ғыл зертт жұмлекция

Әдебиеттер:
1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
2. Музееведение. Музей исторического профиля. – М., 1988.
3. Терминологические проблемы музееведения // Сборник научных трудов. Центральный музей революции СССР. – М., 1986.
4. Музей научные учреждения (Музейное дело в СССР) // Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1974.
5. Разгон А.М. Место музееведения в системе наук // Музей и современность: Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1986.
6. Вестник Центрального музея Казахстана. – Алма-Ата, 1930. № 1.
7. Странский З. Понимание музееведения // Музееведение. Музеи мира. – М., 1991.
8. Тверская Д.И. Музей как научно-исследовательское учреждение // Музейное дело. – М., 1992.
7 дәріс. Тақырыбы: ҚР МОМ ғылыми-зерттеу жұмыстары
Мақсаты: студенттерге ҚР МОМ ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.

Республикадағы ең көне және ірі музейлердің бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі ғылыми-зерттеу жұмысының жоғарыда көрсетілген бағыттар арқылы жүзеге асырылуы нәтижелі табыстар әкелді. Музей қызметкерлерінің тәжірибелі іс-әрекеттерінің және қажырлы еңбектерінің арқасында музей қоры түрлі құнды жәдігерлермен толықты. 1947 жылдан бастап Орталық музей жыл сайын Шығыс және Орталық Қазақстан бағытында ғылыми тарихи-этнографиялық және археологиялық экспедициялар жабдықтап отырды. Белгілі ғалымдар мен музей қызметкерлерінен құрылған экспедиция мүшелері Семей, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық заттарды және деректік материалдар мен фотоқұжаттарды жинастыру мақсатында табысты еңбек етті. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның ежелгі сәулет өнері туындылары ғылыми тұрғыда зерттеліп, есепке алынды. Экспедиция жұмысының нәтижесінде Орталық музей қорының бұрын қаусырап тұрған қазақ этнографиясы бөлімі мыңдаған құнды заттармен (қазақ халқының ою-өрнектері, кесте түрлері, әйелдер мен ерлер киімдері т.б.) толықты. Қазақ КСР Ғылым Академиясымен бірлесіп Шыңғыс тау, Семей облысы, Шу ауданында жүргізілген археологиялық және этнографиялық экспедициялар жұмысының нәтижесінде ерте көшпелілер дәуіріне жататын алтыннан жасалған заттар табылды. Әрине, мұндай жұмыстар Қазақстанның басқа да өлкетану музейлерінде нәтижелі болды. ҚР МОМ 2004 жылдан бері ресми түрде ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде танылуы оның ғылыми-зерттеу, қор жұмысы, сондай-ақ мәдени-білім жұмыстарына жаңа серпіліс берді. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: тарихи және мәдени ескерткіштердің ғылыми-қолданбалы және теориялық-методологиялық мәселелерін жіті қарастырып, оларды типологиялық және этномәдени атрибуциялау; ғылыми-жинақтау, ғылыми-сақтау, қалпына келтіру және басқа да зерттеу жұмыстарының қорытындысын жариялау; музей ісі бойынша халықаралық және ведомоствоаралық ғылыми және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру (әрі нығайта түсу); ғылыми іссапарлар мен археологиялық, антропологиялық, этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру; пән бағыттары, сондай-ақ түрлі музеологиялық ғылыми бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер жариялау. ҚР МОМ өзінің ғылыми-зерттеу қызметінде Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетін зерттеуге аса көп көңіл бөледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты еліміз тарихынан мәлімет беретін музей қорында сақтаулы материалдарды зерттеп, оларды насихаттауға келіп саяды. ҚР МОМ қорындағы зерттелген көптеген коллекциялық материалдар көпшілік ортаға аса таныс болмағандықтан, оларды отандық тарихты жүйелі зерттейтін құнды тарихи дерек ретінде таныта отырып, ғылыми айналымға енгізу басты мақсат болып табылады. Осы ретте, бұл материалдардың бұрынғы теориялық және әдістемелік ұстанымдарды қайта қарай отырып, жаңаша көзқараспен зерделеуге мүмкіндік беретіндігін атап өту қажет. ҚР МОМ ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен антропология, этнология, тарих, археология, музейлік деректану мен қолжазбалар аясында жүргізіледі. Сонымен қатар қорды есепке алу және экспонаттарды жинақтау мен сақтау, әртүрлі коллекцияларды каталогтау, ғылыми өңдеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, құнды музейлік заттарды жүйелеу мен атрибуциялау жұмыстары басты назарда. Музейлік жұмыстардың жолға қойылған негізгілерінің бірі – әртүрлі тақырыптағы экспозиция мен көрмелерді жобалау. Аталмыш жобалар мен шаралар музейдің ғылыми-шығармашылық жұмыстарының негізгі болып табылады. ҚР МОМ Қазақстанның басқа да музейлері сияқты еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты сан алуан артефактілерді жинақтап, сақтайтын және оларды зерттеу
арқылы жұртшылыққа насихаттап, дәріптейтін институт ретінде бірқатар жұмыстар атқарады. Осыған орай, ғылыми қызметі жағынан ҚР МОМ отандық тарихнамада белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты нақты дереккөз болатын әрқилы музейлік құндылықтардың, музейлік артефактілердің ғылыми айналымға қосылуына қомақты үлес қосып келеді. Субъектілердің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін аккредитациялау Ережесіне сәйкес (ҚР Үкіметінің 08.06.2011 ж. № 645-қаулысы) ҚР МОМ 2011 ж. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет ететін аккредитациядан өтіп, Қазақстан Республикасының заңнамаларына (23.09.2011 ж. берілген №001979- Куәлік) сәйкес музейлік қызметтеріне ресми түрде лайық деп танылды. Ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары. Қалпына келтіру жұмыстары бұл салада жаңа технологияларды жүйелі түрде зерттеуге және қалпына келтірудің маңызды шешімдерін қарастыруға бағытталады. Осы орайда тек суретші-қалпына келтірушілердің еңбегі нәтижесінде жоғалып кетуге аз қалған артефактілер экспозициялық көрмелерден өз орнын табатынын баса айтып өту керек. Музей заттары музей коллекциясына түскен уақыттан бастап үнемі қалпына келтірушілердің назарында болады. Қалпына келтіру шеберханаларында көптеген бірегей әшекей бұйымдар қалпына келтірілді. Олардың қатарында кеудеге тағатын әшекейлер – алқа (күміс, маржан тастар, көгілдір түсті асыл тас; ХІХ ғ. аяғы), тұмарша (өткен ғасырдың 1-ші жартысы), шырақ (қолдан жасалған қыш шырақ, Х-ХІІ ғғ.), қару-жарақ, түрлі сирек кездесетін және құнды археологиялық заттар. Ғылыми қалпына келтіру жұмыстарының бір саласы – консервациялау. Қазіргі таңда ғылыми қалпына келтіру жұмыстары барысында археологиялық экспедициялар нәтижесінде табылған бірегей және тарихи құнды артефактілерге, этнографиялық музейлік заттарға өте күрделі және орташа күрделі консервациялық жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, 2014 жылы археология қорының көптеген экспонаттарына, атап айтқанда, қола, мыс, құйма (б.з.д. Х- VIII ғғ. Оңтүстік Қазақстан), қыш, бөлшектер, қола дәуірінің соңғы кезеңіне тән (ХII-IХ ғғ. Мыржық моласы) археологиялық заттарға консервациялау жұмыстары жүргізілді. Ӛз кезегінде қалпына келтірушілер археологтардың ғылыми көзқарасымен санасып отырады, олар өңдеу және консервация жасауда заттың толыққанды тарихи дереккөзі ретінде ары қарай зерттелуіне кедергі келтірмеу үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Сонымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары негізінде картиналар, акварельмен салынған суреттер, графикалық туындылар, 20-30–шы жылдардың құжаттары мен қолжазбалары – мандаттар, жеке құжаттар мен куәліктерге қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Мысалы, Ә.Қастеевтің «Мусульманский обряд обрезания мальчика» (1913 ж.), «Амангельды с отрядом» (1944 ж.), Н.Г. Хлудовтың - «Молодые охотники» (1913 ж.), «Сбор урожая» (1920 ж.), «Мать кормящая ребенка» (1907 ж.) картиналары мен басқа да белгілі суретшілердің жұмыстары қалпына келтірілді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында соғыс тақырыбына байланысты жұмыстар қалпына келтірілді. Бұл тақырып бойынша суретші Н.В. Цивчинскийдің графикалық және акварельмен салынған бірегей жұмыстары. «Голова убитого немца», «Скелет в овраге», «Пленный немец» жұмыстары қалпына келтірілді. Сонымен қатар кілем-киіз бұйымдарына да қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы алғанда, ғылыми қалпына келтіру жұмыстары барысында қалпына келтіруші мамандар экспонаттардың жасалу технологиясын зерттеп, бүліну себептерін анықтап, оларды болдырмау тәсілдерін іздейді және жинақтаған тәжірибелерін пайдаланып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Кез келген экспонаттарды қалпына келтіруде ауқымды жұмыстар атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет