Әдебиеттер: 1. Жиренчин А.М. 1942-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік музейінің директоры қызметін атқарған. Музейтанушы, тарихшы ғалым. Қазақстан мәдениеті оның ішінде музей ісінің дамуына зор үлес қосқан. Музейдің теориясы мен әдістемесіне қатысты бірнеше ғылыми мақаланың авторы: Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе // Под редакцией к.и.н. А.М. Жиренчина. – Алма-Ата, 1950.
2. Радченко Е. Организация и методика научноисследовательской работы краеведческого музея. // Советский музей. – М., 1936, № 3.
3. Жиренчин А.М. Научно-исседовательская работа краеведческих музеев. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе // Под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. – Алма-Ата, 1950.
4. Мансуров А.А. Кабинеты, лаборатории и мастерские краеведческого музея // Советский музей. – М., 1932. № 5.
5. Мәдениет қызметкеріне көмекші (басшылық ретінде қолданылатын материалдар жинағы). – Алматы, 1960.
6. Музейное дело России. Под ред. Каулен М.Е., Коссовой И.М., Сундиевой А.А. – М.:Издательство «ВК», 2006. -2-е изд. – С.432.
7. Юренева Т.Ю. Музееведение: Учебник для высшей школы. – М., 2003.
10 дәріс. Тақырып: Қорларды ғылыми ұйымдастыру: міндеттері, кұрамы, құрылымы Мақсаты: студенттерге музейлердің қор жұмысының ғылыми-зерттеу қызметіндегі маңызы туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музей қоры – дегеніміз музей жинағы құрамындағы ғылыми-қосалқы материалдар және музейлік мәні бар заттардың ұйымдасқан жиынтығы. Музейтану ғылымында музей қоры негізгі, ғылыми-көмекші қорлардан тұрса, музейге қажет емес немесе қайталанып келген заттардан айырбас қоры құралады. Ал, жаратылыстану музейлерінде аталған қор жиынтығымен қоса шикізат қоры болады. Музей қорларындағы заттар, музей саласына
қарай топтастырылып, бүкіл музей жұмысында пайдаланылады. Музей қорына түскен деректік материалдардың (заттай, жазбаша, бейнелеу т.б.) түрлік, типтік, көріністік, көрнекілік белгілері арқылы өзара ішкі, сыртқы қажетті байланысы ашылып, сыныпталады. Музей деректерін бұлайша тану әдісі, оларды сақтауға, құжаттауға, экспозицияда пайдалануда және тарихи-мәдени құндылық ретінде дәрежесін анықтауға мүмкіншілік береді. Деректану ғылымы тарихи деректерді, соның ішінде музей жәдігерлерін өз заманының деректік құбылысы ретінде қарастырады. Музей жәдігерлері тарихи білімнің жинақталуына және жүйеленуіне ықпал етеді. Деректер, соның ішінде музейлік деректер белгілі бір тәжірибелік қолданыстық мақсатқа орай, заттай бұйым формасында адам баласының рухани, материалдық мәдениет сұраныстарын өтеу үшін жасалады. Музейлік жәдігерлер, соның ішінде заттай мәдениет мұралары, жазба деректер, белгілі бір мақсаттарға бағыттылған, саналы адам қызметі мен әлеуметтік үрдістер нәтижесінде дүниеге келеді. Деректердің кейбір қасиеттері оларды адам қолымен жасау және пайдалану барысында өзінің қоғамдағы қолданысы жағынан ерекшелене түседі. Қоғамдағы қажеттіліктерге, адамзаттың қойған мақсат-мүддесіне қарай бұл деректердің қасиеттері мен ерекшеліктері уақытпен бірге нақтыланып, қасиеті мен маңыздылығы жоғарлайды. Деректердің түрлік қасиеті дегеніміз – қалыптасқан, тұрақты, жалпылама қасиеттері бар (формасы мен мазмұнына қарай) қоғам өмірінде өзінің қажеттілігінен туындаған функцияларын орындауы тұрақталған дерек көздері. Басқаша айтқанда, деректерді түрлік сыныптау, яғни олардың пайда болуы, мазмұны, міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сай тарихи түрлерге бөлу болып табылады. Сыныптауда әр түрлі деректердің түрлік, типтік, көріністік белгілері арқылы бірбірімен ішкі және сыртқы қажетті байланысы ашылады. Музейдегі жәдігерлердің ең басты деректік қасиеті – социоәлеуметтік ақиқатты, болмысты көрсете білуі, сол арқылы қоғамға, білімге ғылымға шынайы ақпарат бере алуы және дерек ретінде мемлекеттік тұрғыдан есепке алынып, сақталуы мен қорғалуы. Жалпы тарихи деректерді сыныптаудың негізіне деректің белгілі бір әлеуметтікэкономикалық формацияның ясында пайда болуы алынады. Бүгінгі таңда ғылымда қалыптасқан деректерді сыпыптаудың мына түрлерін атап көрсетуге болады: - деректерді түрлерге бөлу; - деректерді хронологиялық белгісі бойынша сыныптау; - жағрафиялық белгісі бойынша сыныптау; - әлеуметтік сыныптау; - авторлық тұрғыдан сыныптау; - заттық сыныптау. Деректерді түрлерге бөлу оның табиғатын сол заманның қоғамдық, тарихи, әлеуметтік қөрінісі ретінде көрсете білген кезде ғана ашылады. Музейлерде деректердің жинақталуы және топтастырылуы біріншіден, музей саласына, екіншіден, ғылымиқор жұмысының жүргізілу барысына байланысты. Музейлік деректер бастапқы кезеңде белгілі бір тәжірибелік қолданыстық мақсатқа орай, заттай бұйым түрінде адамзат қоғамының рухани, материалдық сұраныстарын өтеу үшін жасалады. Музейлік жәдігерлер, соның ішінде заттай мәдениет мұралары, жазба деректер, белгілі бір мақсаттарға бағытталған, саналы адам қызметі мен әлеуметтік үрдістер нәтижесінде дүниеге келеді. Деректердің кейбір қасиеттері оларды адам қолымен жасау және пайдалану барысында өзінің қоғамдағы қолданыстығы жағынан ерекшелене түседі. Қоғамдағы қажеттіліктерге, адамзаттың қойған мақсат-мүдделеріне қарай бұл деректердің қасиеттері мен ерекшеліктері уақытпенен бірге нақтыланып, қасиеті мен маңыздылығы жоғарлайды. Осы байланыстылық деректің түрін анықтауда негізгі өлшем болып табылады. Музейлерде қалыптасқан тәжірибеге орай қор жинақтау жұмысының нәтижесінде заттай деректер жинақтала бастайды.
Музейлік зат дегеніміз – музей қорындағы, белгілі бір тарихи кезеңге тиісті, шынайы өмірден алынған, ұзақ мерзім сақталатын, оның міндеттерін жүзеге асыруда қолданылатын музейлік құны бар зат. Жинақтау жұмысының талаптарына: - материалдың ғылыми сұрыпталуы (заттың атауы, шыққан жері, пайдаланылуы, жасаушысы, өмір сүрген ортасы, шыққан жылы т.б.) жатады; - заттың құндылығын анықтау мақсатында неғұрлым мол ақпарат жинастыру (суретке түсіру, әңгімелесу); - жинақталған заттарды ғылыми зерттеу арқылы әрқайсысын тіркеу кітабына енгізу; - заттың ғылыми төлқұжатын жасау.