Әдебиеттер: 1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
2. Музееведение. Музей исторического профиля. – М., 1988.
3. Терминологические проблемы музееведения // Сборник научных трудов. Центральный музей революции СССР. – М., 1986.
4. Музей научные учреждения (Музейное дело в СССР) // Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1974.
5. Разгон А.М. Место музееведения в системе наук // Музей и современность: Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1986.
6. Вестник Центрального музея Казахстана. – Алма-Ата, 1930. № 1.
7. Странский З. Понимание музееведения // Музееведение. Музеи мира. – М., 1991.
8. Тверская Д.И. Музей как научно-исследовательское учреждение // Музейное дело. – М., 1992.
6 дәріс. Тақырыбы: Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысындағы музейлік әлеуметтанудың маңызы Мақсаты: студенттерге музейдің ғылыми-зерттеу жұмысындағы музейлік әлеуметтанудың маңызы туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музей аудиториясының құндылықты бағыттары мен рухани қажеттіліктерін зерттеуде әлеуметтанудың негізгі саласы – музейлік әлеуметтанудың маңызы зор. Музейлерде алғашқы әлеуметтанулық зерттеулер 1920 жылдардың ортасынан жүзеге асырылуда. Зерттеулер негізінен музейге келушілердің әлеуметтік-демографиялық құрылымын, қызығушылығын танып білуге бағытталған. 1960 жылдан бастап келушінің тек әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері ғана емес, психологиялық және мотивациялық тұстары да назарға алынды. 1980 жылдардан бастап шетел музейлерінде келушілердің кешенді қызығушылықтары, құрамы мен саны, қанағаттанарлық деңгейі зерттеу нысанына айналды. Музейлік әлеуметтанудың басты міндеті – музей қызметінің музей экспозициясы және мәдени-ағартушылық жұмысының басқа түрлерінің музейге келушілерге әсерін зерттеу. Бүгінгі таңда музей әлеуметтік институт ретінде тек сақтау және мәдени мұраны насихаттау орталығы ғана емес, қоғамдық өмірдің белсенді тетігі ретінде білім нарығында өзінің лайықты орнын алып отыр. Жаһандану үдерісіндегі ақпараттық технологиялардың дамуы, қоғамның салалық құрылымына айтарлықтай әсерін тигізіп, тұжырымды ойлар мен жаңашыл идеялардың дүниеге келуіне арқау болды. Заман талабына сай өзгерістер, музейлер қызметінде де бірқатар жаңалықтарды талап етуде. Әсіресе, музейлердің мәдени-білім беру қызметінде «музей және көрермен», «музей және балалар» сияқты анықтамалардың жиі қолданылуы коммуникациялық құрылымдық өзгерістерге алып келді. Ресей музейтану ғылымында музейлердің мәдени-білім берушілік қызметі 1990 жылдардың басынан қолданысқа енсе, Қазақстан музейтануында бұл терминнің айналымға енуі біртіндеп жүзеге асырылуда. Бұған дейін көрермендермен қатынас барысында тарихи кезеңдерді насихаттау бағытында бұқаралық саяси-ағарту және ғылыми-ағартушылық жұмыс түрлері кеңінен қолданылып келген. Қазақстанның көпшілік музейлері жұмысының негізгі бағыты өлкетану болғандықтан, белгілі ғалым Ә.М. Жиреншиннің «Қазақстан өлкетану музейлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары» атты баяндамасы музей ісіндегі көтеріліп отырған мәселенің үстінен дөп түскендей болды. Бір жағынан баяндамада жалпы музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы теориялық жағынан
талданса, екінші жағынан республика музейлерінің осы бағыттағы жылдар бойы қалыптасқан тәжірибесі қарастырылды. Саласына қарай өлкетану музейлерінің ғылымизерттеу жұмысы мынадай бағыттарға бөлінген: - қорларды зерттеу және ғылыми сипаттау; - музей саласына қарай ғылыми мәселені анықтау; - экспозицияны дайындау және жетілдіру жұмыстары; - жинақтау және экспозициялық жұмыстар арқылы өлкенің мәдениетін, тұрмысы мен экономикасын зерттеу; - кеңестік-анықтамалық, әдістемелік және баспа жұмыстары. Байқап отырғанымыздай, өлкетану музейлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі талаптар негізінде жүзеге асырылуды қажет ететіндігін көрсетті. Мұндай жұмыстардың күрделілігі түрлі қиындықтар туғызып, жалпы музей жұмысына әсерін тигізеді. Қиындықтар зерттеу құбылыстарының кеңдігінен және музей қорына түсіп жатқан материалының ұзақ өңделуінен аңғарылады. Дегенмен, жылдар бойы қалыптасқан тәжірибе бойынша өлкетану музейлерінің ғылыми-зерттеу жұмысын мынадай кезеңдерге бөлінеді: І кезең. Зерттеу тақырыбының анықталуы: 1. Музей құрылымына қарай тақырыптың негізделуі; 2. Ӛзекті мәселелерге байланысты тақырыптың негізделуі; 3. Тақырыптың атауы. ІІ кезең. Болжалды жоспардың құрылуы: 1. Тақырыптың бөлінуі; 2. Қажетті материалдар шоғырланған мекемелердің анықталуы; 3. Жұмыс мерзімінің анықталуы; 4. Адам және қаражат күшінің анықталуы. ІІІ кезең. Зерттеу деректерінің анықталуы 1. Библиографиялық тізбе; 2. Мұрағаттық материалдар тізбесі; 3. Мекемелік материалдар тізбесі; 4. Музейлік коллекциялар тізбесі; 5. Зерттеуді қажет ететін далалық жұмыстар тізбесін құрастыру. ІV кезең. Деректердің қолданылуы: 1. Әдебиеттер; 2. Мұрағаттық материалдар тізбесі; 3. Мекемелік материалдар тізбесі; 4. Музейлік коллекциялар тізбесі; 5. Далалық ізденіс жұмыстарын жүргізу. V кезең. Жиналған материалдарды өңдеу: Ғылымитехникалық жағынан: 1. Заттарды тазалау және тіркеуге алу; 2. Заттарды кіріс кітаптарына жазу; 3. Статистикалық өңдеу. Ғылыми жағынан: 1. Сыныпталу түрінің анықталуы; 2. Белгілі бір территорияда немесе уақыт кеңістігінде түрлердің ауысуының анықталуы.