Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы, доцент м а. Телефон: 12-85



бет7/11
Дата21.10.2023
өлшемі97,56 Kb.
#120483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муз ғыл зертт жұмлекция

Әдебиеттер:
1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
2. Музееведение. Музей исторического профиля. – М., 1988.
3. Терминологические проблемы музееведения // Сборник научных трудов. Центральный музей революции СССР. – М., 1986.
4. Музей научные учреждения (Музейное дело в СССР) // Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1974.
5. Разгон А.М. Место музееведения в системе наук // Музей и современность: Сборник научных трудов. ЦМР СССР. – М., 1986.
6. Вестник Центрального музея Казахстана. – Алма-Ата, 1930. № 1.
7. Странский З. Понимание музееведения // Музееведение. Музеи мира. – М., 1991.
8. Тверская Д.И. Музей как научно-исследовательское учреждение // Музейное дело. – М., 1992.
9 дәріс. Тақырыбы: Музейлердің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы
Мақсаты: студенттерге музейлердің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Көрсетіліп отырған әр кезеңдегі жұмыстардың нәтижелі атқарылуы музейдің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуына, білікті мамандармен қамтамасыз етіліп, қажетті қаражаттың болуына байланысты жүзеге асырылады. Мұндай күрделі істе музейдегі негізгі жұмыстардың атқарылу ретін жанжақты қамтамасыз етіп отыратын қосымша мекемелердің рөлі ерекше. Республикамыздың көптеген музейлерінде, әсіресе өлкетану музейлерінде зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында пайдаланылатын химиялық, топырақты-геологиялық, биологиялық, таксидермиялық лабораториялар мен шеберханалар ұйымдастырылған. Химиялық лабораторияларды музейлер топырақ құрамын, геологиялық, биологиялық, археологиялық, ауылшаруашылық зерттеулерде қолданады. Музейдегі бірқатар қайта қалпына келтіру жұмыстарында химиялық зерттеулері нәтижелерінің маңызы өте зор. Айта кететін бір жәйт, басқа лабораторияларға қарағанда химиялық лабораторияларды ұйымдастыру өте қиын. Дегенмен, химиялық лабораториялардың қажеттілігін ескере отырып, музейлер мүмкіндігіне қарай оларды ұйымдастырған жөн. Топырақты-геологиялық лаборатория кез-келген өлкетану музейі үшін өте қажет. Геологиялық коллекцияларды зерттеу үшін аталмыш лабораторияның маңызы өте зор. Таксидермиялық лаборатория музей экспозицияларында және қорлардағы заттарды сақтауға арналған аң терілерін өңдеужәне қаңқаларды дайындау үшін қажет. Бұл лабораторияның жұмысы басқа лабораториялардың жұмысымен етене байланысты. Аталмыш лабораториядағы жұмысты арнайы маман препоратор (аң, құс қаңқаларын әзірлеуші маман) атқарады. Археологиялық лабораторияның жұмысы қор жинақтарын сақтау орны және заттарды қалпына келтіру (реставрация) шеберханасымен байланысты. Музей қорына түскен заттардың анықтамасын, сыныпталуын, өмір сүрген уақыт кеңістігін анықтауда өзіндік орны ерекше. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттарды тоттан тазалау, желімдеу тәрізді өзіне тиесілі жұмыстарды ұйымдастырады. Ӛлкетану музейлерінің қажеттіліктерінің бірі өнеркәсіп кабинеті және ауылшаруашылық, экономикалық техника болып республика музейлерінің көпшілігінде лайықты орындарын тапқан. Музейлердің зерттеу жұмыстарына қажетті аталмыш лабораториялар мен онда жүргізілетін жұмыстар нәтижесі бүкіл музей ісін жандандыруға айтарлықтай әсер етеді. Көрсетілген бағыттарға орай республика өлкетану музейлерінің
ғылымизерттеу жұмыстары қаншалықты деңдейде жүргізілді деген сауалға мұрағат қорларында сақталған деректер мен ғылыми айналымға қосылған еңбектер негізінде тоқтала кетейік. Республика музейлерінің қорларында халқымыздың өте бай материалдық және рухани байлығын бейнелейтін, шаруашылығын, тарихын, этнографиясын, өнерін, жағрафиясын, бір сөзбен айтқанда Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін сипаттайтын заттар шоғырландырылған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми-зерттеу жұмысы дұрыс жолға қойылған. Оның қорларында ежелгі кезеңдерден бастап тарихи әр кезеңді қамтитын археологиялық және этнографиялық заттар жинақталып, ғылыми сұрыптаудан өткізілген. Сонымен қатар, Ресей империясы, революция, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бейне-фото-құжаттар, Абай Құнанбайұлы, Амангелді Иманұлы, Әміре Қашаубайұлы, Ыбырай Алтынсариннің, Жаяу Мұсаның т.б. тарихи тұлғалардың жеке заттары, құжаттары сақталған. Қызылорда, Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан музейлерінде археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, қолданбалы өнер туындылары, суреттер, құжаттар, сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар, өлкенің өсімдіктері мен жануарлар дүниесін сипаттайтын түрлі заттар жинақталып, әр зат тиімді орналастырылды. Семей тарихиөлкетану музейінде өте бай, құнды қолжазбалар, кітаптар мен мемуарлар сақталса, Ж. Жабаев атындағы мемориалдық музейде ақынның жеке заттары, өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет