Әдебиеттер: 1. Жиренчин А.М. 1942-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік музейінің директоры қызметін атқарған. Музейтанушы, тарихшы ғалым. Қазақстан мәдениеті оның ішінде музей ісінің дамуына зор үлес қосқан. Музейдің теориясы мен әдістемесіне қатысты бірнеше ғылыми мақаланың авторы: Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе // Под редакцией к.и.н. А.М. Жиренчина. – Алма-Ата, 1950.
2. Радченко Е. Организация и методика научноисследовательской работы краеведческого музея. // Советский музей. – М., 1936, № 3.
3. Жиренчин А.М. Научно-исседовательская работа краеведческих музеев. Сборник методических материалов по музейно-краеведческой работе // Под редакцией к.и.н. Жиренчина А.М. – Алма-Ата, 1950.
4. Мансуров А.А. Кабинеты, лаборатории и мастерские краеведческого музея // Советский музей. – М., 1932. № 5.
5. Мәдениет қызметкеріне көмекші (басшылық ретінде қолданылатын материалдар жинағы). – Алматы, 1960.
6. Музейное дело России. Под ред. Каулен М.Е., Коссовой И.М., Сундиевой А.А. – М.:Издательство «ВК», 2006. -2-е изд. – С.432.
7. 15. Юренева Т.Ю. Музееведение: Учебник для высшей школы. – М., 2003.
10 дәріс. Музей экспозицияларын жобалау және құрудың ғылыми негіздері. Мақсаты: студенттерге музей экспозицияларын жобалау және құрудың ғылыми негіздері. Деректерінің сыныпталуы туралы білім беру болып табылады. Кілт сөздер: музей, музейтану, ғылыми-қор, экспозиция, реставрация, консервация.
Музей қорына түскен деректік материалдардың (заттай, жазбаша, бейнелеу т.б.) түрлік, типтік, көріністік, көрнекілік белгілері арқылы өзара ішкі, сыртқы қажетті байланысы ашылып, сыныпталады. Музей деректерін бұлайша тану әдісі, оларды сақтауға, құжаттауға, экспозицияда пайдалануда және тарихи-мәдени құндылық ретінде дәрежесін анықтауға мүмкіншілік береді. Деректердің түрін – симиотика ғылымы анықтауға көмектеседі. Деректерді сыныптаудың негізгі қағидаты ақпараттық мәліметті кодтау, не шартты белгілер жүйесі арқылы жеткізу. Осы қағиданы ұстана отырып, белгілі деректанушы ғалымдар И.Д. Ковальченко деректерді типке, сыныптарға бөлсе, С.О. Шмидт бұл әдісті одан әрі жетілдіре түсіп, деректерді алты топқа бөледі. Заттай деректер, археологиялық ескерткіштерден бастап сәулет өнерінің туындыларына дейін, көне және қазіргі құрал-жабдықтар, жалпы материалдық және рухани мәдениет қалдықтары жатқызылады. Ғылымда заттай деректер гуманитарлық ғылымның әр түрлі саласының аясында зерттеледі. Оған археология (қазба жұмысының жаңалықтары), этнология (материалдық, рухани мәдениет туындылары), өнертану (сәулет өнері, бейнелеу т.б.), сфрагастика, нумизматика, фалеристика (орден, медаль, монеталар т.б.), бонистика саласы, ғылым мен техниканың тарихы, заттай мәдениет пен тұрмыс тарихы, музейтану,
деректану салалары енеді. Бейнелеу өнері деректері түр жағынан бейнелеу-көркемдік, көркемдік-графикалық, көркемдік-натуралдық, ауызша деректер болып бірнеше түрге бөлінеді. Тілдік деректерге: лексикалогия, фразеология, стилистика, сөз мәдениеті, морфология, синтаксис, ауызша деректер: эпос, фольклор, жазба деректерге: эпиграфиялық жазулар, аңыз-әңгімелер, құжаттар, жылнамалар, заң материалдары, статистикалық материалдар, ғылыми еңбектер, әбеби-публицистикалық шығармалар жатады. Музейлік деректануда мінез-құлықтық деректер деп те бөлінеді. Оған жататын: ұлы тарихи қолбасшылардың мінездемесі, жанұядағы және топтағы, ұжымдағы әдетғұрыптар, салт-сана, әлеуметтік ұстанымдар, демонстрациялар, митингілер, соғыстар, революциялар туралы ақпараттар мен құжаттар жатады. Бұл деректер тобын көбіне психология ғылыми саласы тарихи-әлеуметтік тұрғыдан зерттейді. Музейлік деректерді хронологилық белгісі бойынша сыныптау жәдігерді жасаған уақыттан және оның қолданылған ортасының мерзімі мен аумағын көрсетеді. Мұндай сыныптау түрі этнографиялық, мемориалдық музейлер үшін маңызды. Музей заттарын топтастыру кезінде мыңжылдықтарға, ғасырға, жарты не ширек ғасырға, онжылдықтарға, жылға, айға, күнге топтауды ұстанады. Жағрафиялық белгісі бойынша музейлік дерек жасалған жер, пайдаланылған орта, деректің музей қорына алынған ортасы деп бөлінеді. Әлеуметтік сыныптау жәдігерлердің, не музейлік деректердің белгілі бір мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтікэкономикалық ортаға жататынымен анықталады. Авторлық тұрғыдан сыныптау белгілі бір автордың иелігіне, қаламына, шығармашылығына, жататындығына қарай сыныпталады. Бұл көбіне мемориалдық музейлерге тән. Ал, заттық сыныптау арқылы музейлерде көбіне сюжеті мен қолданысы, материалы, жасалу технологиясы жағынан ұқсас заттарды топтайды. Музей жәдігерлерінің тәжірибедегі қалыптасқан түрі – түрлік сыныптау. Бұл сыныптау түрі Қазақстандық музейлерге тән. Мұнда да музей жәдігерлерінің жалпы маңызды бір белгілеріне қарай, материалы, техникасы, функционалдық қолданысына қарай бөлінеді. Мысалы, заттай деректер типіне жататын жәдігерлердің жасалған материалы бойынша ағаш, металл, әйнек, керамика, мата, тері деп, ал функционалдық қолданысы бойынша қасиеті жағынан заттар қару-жарақ, еңбек құралдары, киім т.б. деп сыныптайды. Жалпы музейлік мәні бар заттардың барлығын белгілі бір сипатына қарай музей коллекцияларына біріктіреді. Музей коллекциясы – дегеніміз музей жәдігерлерін ғылыми тұрғыда жүйелеп ұйымдастырған музей заттарының жиынтығы. Олар белгілі бір белгілеріне қарай таңдалып алынып, тарихи, өнер, мәдени құндылықтардың тұтас тобын құрайды. Музей коллекциясының негізгі типтері: - типологиялық коллекция, бір типті коллекциялар аяқ киім, бас киім; - тақырыптық коллекциялар, белгілі бір тақырыптың аясында жинақталған коллекциялар; - персоналды коллекциялар, жеке адамның өміріне, қызметіне қатысты жәдігерлерден тұрады; - тарихи тұлға, мемлекет қайраткерлеріне қатысты коллекция. Музей ісінде қалыптасқан типтік сыныпталудан басқа музей жәдігерлері белгілі бір ескерткіштердің қатарына жатуына қарай да сыныпталады. Музей қорларында құжаттық ескерткіштер, ғылым мен техника ескерткіштері, тарихи ескерткіштер, табиғат ескерткіштері сақталады. Мысалы, жаратылыстану-тарихи ескерткіштер, археологиялық коллекциялар, нумизматикалық коллекциялар, этнографиялық коллекциялар, өнер туындылары, жазба ескерткіштер, мемориалдық кешендер, кино материалдарды айта кетуге болады. Мұндай сыныптау да музей ісінде өте маңызды, себебі музей жәдігерлерін әр салаға бөлуге байланысты ескерткіш ретінде сыныптау оларды сақтауда, насихаттауда, зерттеуде, көрсетуде өзіндік ерекшеліктерін айқындай түсуге көмектесіп, тарихи-мәдени мұра ретіндегі маңыздылығын ашып, қоғамдағы орнын мығымдай түседі. Көп жағдайда музей жәдігері өзінен-өзі, қоғамда қалыптасқан ұғым бойынша ескерткіш зат деп саналады.
Қазақстан музейлерінде сыныптау қор құрылымының негізін құрайды. Мысалы, Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің қоры коллекциялар жиынтығы, дерек түрі, жасалған материалы бойынша сыныпталып, төмендегідей құрылымда топтастырылады: палеонтология қоры, археология қоры, қымбат метал мен нумизматика қоры, қару-жарақ пен ат-әбзелдер қоры, көркем сурет өнері, графика, мүсіндеу өнері қоры, киім, кесте, тулар қоры, кілем-киіз бұйымдары қоры, металл мен музыкалық аспаптар қоры, фотоқұжаттар қоры, аралас материалдар қоры, керамика мен фарфор қоры болып бөлінеді. Қазақстан музейлерінің көпшілігі тарихи-өлкетанушылық бағытта болғандықтан жәдігерлерді типтік, коллекциялық, материалының түрі, өнер саласына қарай сыныптау қалыптасқан. Мысалы, өнертану музейлерінде деректер өнер саласы бойынша сыныпталады: кескіндеме және сурет өнері, графика, мүсін өнері, сәулет өнері заттары, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, нумизматикалық жәдігерлер, археологиялық материалдар. Сонымен қатар, музей қорларында кино-фото құжаттар (көркем, деректі фильмдер, фотопортрет, сюжеттік фотографиялар, негатив, позитив, дагерротив) да маңызды дерек көзі ретінде, арнайы талаптар арқылы сақталады. Музей қорларында жазба деректер мен фотоқұжаттар ерекше орын алады. Олар өзінің пайда болуы, мазмұны, қолданысы жағынан әртүрлі, жазба деректер маңызды бір тарихи кезеңнің тарихи оқиғалары мен фактілерін дерек, ақпарат көзі ретінде маңызды. Музейтануда фотоқұжаттардың музей деректерінің белгілі бір типіне жатуы туралы біржақты қалыптасқан пікір жоқ. Кейде оларды жазба деректерге, кейде көркемөнерлік шығармаларға жатқызады, ал мұрағаттарда оларды құжат ретінде қарастырады, себебі фотоқұжаттар тарихи фактілерді көзбен көріп зерттеуге, сурет арқылы бейнеленген материал арқылы тарихи шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Сол себептен ол құжаттық деректерге өте жақын. Музейлердің қорындағы фотоқұжаттарға қатысты ғылыми баяндау мен сипаттау жалпы жазба деректерге қатысты талаптарға сай жүргізіледі. Музей деректерін сипаттауда, баяндауда, егер олар бір типтік не біркелкі көп тиражды зат болмаса деректерді топтап емес, жеке-жеке ғылыми жағынакөңіл бөлінеді. Қазақстан музейлерінің қорларында көптеп кездесетін фотоқұжаттар мынадай бөлімдерден тұрады: фотопортрет (топтық), сюжеттік фотографиялар, түрлік (қала көрінісі, интерьер, сәулеттік сөріністер). Дайындау техникасы жағынан үш тобы бар. Оған негатив, позитив, дагерротив (фотоға түсірудің байырғы түрі) жатады. Жазба деректер музей қорының басым бөлігін құрайды. Олар қоғамның тарихи, әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени тұстарын танып білуде маңызды рөл атқарады. Деректердің бұл түріне: заңдық актілер, мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс жүргізу құжаттары, жекелеген деректер, басылымдар және т.б. жатады. Жалпы музей деректерін зерттеуде, сыныптауда музей жәдігерлері тарихи таным нысаны ретінде қарастырылады. Музей коллекциясындағы жәдігерлерді толық және мұқият деректік тұрғыда сипаттау музейдің өз деңгейінде басқарылуының қорларындағы деректер туралы толық ақпарат жеткізе білудің қөрсеткіші болып табылады. Музей жәдігерлерінің ғылыми сипатталуын жоғары деңгейге қойғанда барып музей мекемесі институцияланған мықты ғылымизерттеу, мәдени-ағартушылық мекеме ретіндегі мәртебесін жоғалтпайды.