Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет29/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ
Сырымбет төңірегінде жүрген кезде мені қайран қалдырған адамның
бірі — ақын жəне əнші — Сандыбайдың Ыбырайы, лақап аты — Үкілі
Ыбырай. Ол менің бұған дейін естімеген де, көрмеген де адамым. Оны,
ұзынқұлақты Мəшік пен жүрісі көп Шери біледі екен. Шоқша қара сақалы
мен су ағарын басып жүретін қалың мұртына аққылаң түсе бастаған ол,
денесінің зорына қарамай жеңілтек, ойнақы мінезді екен. Өлеңді ол сол
аяғын астына баса, тізерлеген оң аяғына домбырасын қоя, денесін
қойқаңдата, даусын елірте айтады екен. Ал, дауыс күші масқара — ірі
айғайға басқанда, қасында отырған кісінің құлағы тұнып қалады. Өзі бір
жоғары, бір төмен ерлейін дегендей биікке шырқап шығуы да, сорғалап
төмен құлдырауы да келісімді, ырғақты, сəнді.
Оның жастық тақырыбына шығарған əндері, соған лайықты өлеңдері
көп екен кейбірінің əлденеше варианты болады екен мысалы — «Гəккудің».
Əрқайсысы біздің тілмен айтқанда бір-бір ғажап поэманың сюжеті, ал,
əдемілігіне құлағыңның құрышы қанады.
Оның айтыстары да көп екен. Мысалы, Доскеймен айтысы, осы
жанрдың қалай туып, қалай өрбуіне айқын айғақтың бірі.
Оның суырып салма ақындығында мөлшер жоқ сияқты. Аузынан
шыққан сөздерінің өлшемі, ырғағы, үйлесі қалайша дəл түсе беруіне
қайран қаласың. Бұл жағынан өлеңнің тынымсыз ағып жатқан өзені
сияқты.
Ол мақтауын да, сынауын да қатар жүргізеді екен. Мысалы Шериді
мақтағанда — аспандатып жіберді де, жамандағанда жерге кірер жарықшақ
таптырмады.
Сол өлеңдер үстінде байқататыны:
Əр рудың тарихына, белгілікті адамдарының жақсы-жаман қылығына
жетік ондай мəліметтерді қайдан жинауына, қалай кеп білуіне таң қаласың.
Расы ма, жағынуы ма, — ол менің, керейлік серіктеріме өлең айтқан:
«Мен жасымнан жақсыны жағаладым,
Сан жерде сан руды араладым,
Қай жерге аттың басын тіресем де,
Керейден мырза елді таба алмадым»,—
дейді де:


Əр жерде жүрген жерің сайран керей,
Соятын қонағына тайдан керей,
Біраз күн қолым тиіп бармай қалсам,
Өлердей сағынамын қайран керейі —
деп мақтап ап, ақырында:
Көрмесем кетіретін дамылымды,
Бармасам алатұғын сабырымды,
Еншалла құдай білед деп айтайын,
Ешуақыт көрген емен забырыңды.
Құдайдан күні-түні мен тілеймін,
Кереймен бірге қыл деп қабырымды!
дегенде, қасындағы керейлер еңкілдеп жылап жібереді.
Ыбырай суырып салма ақындығының үстіне, жалықпайтын жыршы
екен. Ол қақ өмірінен де, шығыстық елдер, əсіресе — фарсы, араб өмірінен
де көп оқиғаны жыр ғып айтады. «Еркөкше» дейтін жырды ол бір түнге
жеткізді. Фарсыдан келген «Тотының тарауын», арабтан келген «Мың бір
түнді» өлеңдеткен ол əлденеше күнге созады.
Қулық қып айтатын күлкілі кеңестерінде түп жоқ. Орындауы — нағыз
артист.
Ыбырайдың өмірбаянын оның əн-өлеңдерінің тарихын жасауда,. 1930
жылы колхоздық құрылыста асыра-сілтеудің құрбаны болған оның ардақты
есімін тірілтуде, бірталай қатынасым болған менің Ыбырай туралы
жазғандарым көп, сондықтан ол туралы бұл арада ұзартпаймын.
Қысқартқанда айтарым: балалық шағымда өнеріне қатты қызыққан
«осындай болсам-ау!» деп арман еткен адамымның бірі — Үкілі Ыбырай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет