Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет48/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

ТАҒЫ ДА АЙТЫС
Балықбай ауылынан кеттім де, Жуанағаш аталатын ауылға орналастым.
Кəсібім — тағы да бала оқыту.
Жуанағашта ортадан артық дəулеті бар кісі жоқ. Ауылының бұрынғы
бишігеші — Уақпайдың Омары екен ол өткен жылы өліп, ендігі
пысықшасы Итікейдің Досмағамбеті боп қалыпты. Жалпы алғанда, бұл
ауыл — ілгері санаттағы ауыл емес екен ауылына адамның емес, жердің
аты қойылу себебі де содан. «Ендігі пысықшасы, — Досмағамбет»
дегенмен, оның да қолынан қулық пен сықақтан басқа келері азғантай.
Сол кезде отызды орталаған, сойдақ тіс, иегі көсе, сирек қана сары
мұрты бар, имек мұрын, шегір көз, ақсары өңді, орталау, арықша денелі
Досмағамбеттің бағатыны қулық.
Маңайдағы елдің адамдарында кімнің, не кемшілігі болса, ол соны
сықақ қып жүреді. Жəне өзі — сөзі мен кескінін сықақтаған адамының
кескіні мен сөзіне сала қоятын, шын мағынасындағы артист.
Оның сықағының көбі боқауызбен араласып жатады: жəне сықақтайтын
қылыққа əркімдерді өзі итеріп жүреді. Бірнеше мысал алайық:
Досмағамбеттің əкесі Итікейді шешесі қыз күнінде менсінбей, ел
талқысымен əрең келген жəне келгеннен кейін де көзіне шөп сала берген.
Ұмсынай — сөзшең, пысық кісі ал, Итікей — момын, бірақ мінезі томырық
кісі.
Бір күні мал төлдеп жатқан кезде, Ұмсынай үй ішінің адамдарына
аяқпен айран үлестіріп отырады да, Итікейге кетіктеу қара аяқпен орта
құйып береді. Сонда Досмағамбет шешесіне:
— Əй, апа-ай, бейшарасың-ау! Өзгемізге айранды бүтін аяқпен бергенде,
əкеме неге кетік аяқпен бересің? Өзгемізге неге толтырып, оған неге орта
бересің? Қыз күніңде менсінбей келген екенсің, осы кісіні, əлі де
менсінбейсің, енді өлгенде менсінемісің? —деп кейіген болады.
Баласының қулық сөзіне Итікей нанып қалады да, томырық мінезі ұстал
кетіп, «əкеңнің...» деп боқтап жіберіп, қолындағы айран құйған аяқты
əйеліне жіберіп кеп қалады... Ұмсынай бұға қойғанда, аяқ терезеге тиіп,
шынысын сындырып далаға шығып кетеді... Досмағамбет күледі де қашып
кетеді...
Сол ауылда Мұстафа деген момын шал болды, тілі шолжың: «р»мен
«л»ды «и»қып, «з»ны, «ж»қып, «с»ты «ш»қып сөйлейді. Мұстафаның Мұса
деген баласы, Кəпен дейтін салдау, сараң келіні бар.


Бір жылы Мұсаның соғымы семіз болады да, Кəпен Досмағамбетке ет
асып бере қоймайды. Қыс ортасында Мұса Кəпенді төркініне əкетеді,
үйінде шал ғана қалады. Бір күні Досмағамбет барса, шал сирақ-мирақ
сияқты көр-жер етті асып отырады. Соны көрген Досмағамбет қуланып,
шалға жатады да кейиді:
— Жақсыдан жаман туғансың сен! — дейді ол, — əкең Уақбай,
мыңғырған Итемір байдың қызын алып еді. Өзің де текті жерден алып ең!
Сол кезде төрдегі майың есігіңнен ағып, үйіңе келген жұрт тойынып
шығып жатушы еді. Одан кедей болған жоқ ең сен. Міне, мына бір қуаяқ
есігіңе келді де, кең дастарқаныңды тарылтты, берекеңді кетірді. Дəулетің
де кер кетті. Жұрт безіп болды үйіңнен... Ақырында, өзіңе де жөнді ас
бермеуге айналды... Əйтпесе, не қорлық мынау, сирақ-мирақ сияқты сіңірді
же деп тастап кеткені?!..
Осындай сөздермен Досмағамбет Мұстафаның ашуын келтіріп алады да:
— Ерегескен соң сол ит келінің келгенше, соғымның жылы-жұмсағын
жеп қой! — дейді.
— Оны іштей ем-ау! — дейді Мұстафа, — бияқ, киті құйғи жоқ, қойда!
Шошаяның ешігіне жамок шап, китін айып кеткен қағынған кейін!..
— Төбесінен түсу керек! — дейді Досмағамбет.
— Қаяй?
— Мен беліңе арқан байлап түсірейін.
— шаяиды...
Мұстафаны Досмағамбет шошаланың шаңырағынан түсіреді де əуелі
соғымның қайдағы семіз мүшелерін арқанмен көтеріп алады. Содан кейін
тоңған Мұстафаға:
— Сен шал, осы еттен маған жегізесің бе, жоқ па? — дейді.
— Оны көйейміж, — дейді Мұстафа.
— «Көйейміж-мөйейміж» дегенді қой, — дейді Досмағамбет, екінің,
бірі: етіңді берер болсаң шығарам да, бермесең, шығармаймын.
Мұстафаны ол осыған көндіріп аузынан ант алады да, шошаладан
шығарады. Екеуі етті күн сайын асып кенеледі...
Жаңгісінің біреуі Нұрымбет аталатын елден қыз айттырған екен. Сол
қызды алып қашпақ боп Жаңгісі жиналып ақылдасқанда, Амантай деген
кісі:


— Ағайынның ұжымынан, мұздай
74 
шығу қиын, əйтпесе мұздай, сол
ауылдан мұздай құда болғалы жүрген жерім бар еді. Мұздай ынтымақтан
шықпайтын, бірақ, мұздай, сезіп қалатын күн болса, менің барымды мұздай
білдіре қоймассыңдар, — дейді.
— Жарайды, — деседі жұрт. Досмағамбет Амантайдың бұл сөзін ішіне
түйіп алады. Амантай оның əкесімен құрдас екен. «Əкесі құрдастың баласы
— құрдас».
Қыз алып қашатындар түнделетіп барса, қыздың ауылы хабарланып
қойып аттарын ұстап дайын отыр екен жатады да қуады... Бұлар жатады да
қашады... Беттері қалың ағаш...
Досмағамбет пен Амантай қатар қашып келе жатады. Сонда
Досмағамбет оны танымаған боп:
— Уау, əлгі Амантай қайда? — дейді серіктеріне қатты дауыспен.
— Мұздай қасыңда келем ғой! — дейді Амантай Досмағамбетке.
— Айғайлама!
— Уау, Амантай жоқ! — дейді Досмағамбет, — оның сөзін естімеген
боп, бұрынғыдан да қатты айқайлап...
— Жағың қарыссын-ау, мұздай, қасыңда келемін деген жоқпын ба? —
деді Амантай ашуланып. Досмағамбет оны да естімеген боп:
— Ойбай, Амантай жоқ, ол қолда қалды! — деп бар даусымен айқай
салады. Сонда, не қыларға білмей сасқан Амантай:
— Əкеңнің ғана аузын... уа, мұздай, менде əкеңнің құны қалып па еді,
мұздай осынша масқаралайтын? — деп Досмағамбетті сабайын десе, аты
еркін келе жатқан Досмағамбет жеткізбей қашып кетеді..
Шолан шал деген кісі «б»əрпін «п»қып сөйлейді екен. Сол Шоланға
баласы базардан жаңа резеңке кебіс əкеп береді. Кебісті киіп масаттанған
Шолан қыдырып Досмағамбеттің ауылына келеді де, Үлберген деген
кемпірдікіне барып қымыз ішеді. Сонда үйде отырғандардың көңілін
кебісіне бөлу үшің малдасын құрып отырған Шолан кебісін шешпеген екі
аяғын тізелеріне кезек-мезек артып:
— Əй, Үлпергең Үлперген! Піздің əлгі пір пала, осы пір кепісті əкеп еді,
пұның пояуы қайтсе кетпейді? Сен соны пілемісің? — дейді. Үлберген:
— Қайдан білейін, қайнаға, — дейді.
Сонда Досмағамбет тұрып:


— Ыстық сумен бірер күн жусаң бояуы сақталады, — дейді.
Соны істеймін деп, Шолан бір жуғанда кебісінің, бояуын кетіріп алады...
Стапта болатын базардың біреуінде, Нұрғожаның ағасы Жапаш, он
шақты ат апарып сатады. Мезгіл — қыс болса керек. Шанаға жеккен
атының божысын Досмағамбет ұстап барса керек. Аттар сатылғаннан кейін
Досмағамбет «маған базарлық əпер», десе, сараң Жапаш əпермейді. Екеуі
базардан қайтарда, Жапаш:
— Кеше майлы етті көбірек жеп жіберсем керек ішімді бұзды, — дейді.
Осы сөзді көңілге түйген Досмағамбет, қаладан ұзай Жапаш дəретке
отырам дегенде:
— Апырай, Жапеке-ай, — дейді үрейленген дауыспен, — кеше сен ат
сатқанда, шанасына көк ат жеккен бір топ орыс сені жағалай беріп еді,
ішімнен «осылар қызыға ма, қалай?!» деп секем алып ем, сол көк аттылар
қаладан бізге ере шықты да, қыр-соңымызға түсті. Аты қарулы екен
иттердің. Бізді ұтып келеді. Сізді қорқытпайын деп айтпай келе жатыр ем,
енді қайтеміз? — дейді. Жапаш сенбегендей артына қараса, көк ат жеккен
біреулердің келе жатқаны да, жүрістерінің екпінділігі де рас!...
— Айда, атты! — дейді сескенген Жапаш. Досмағамбет айдай жөнеледі.
— Əлгілер қалды ма? — деп сұрайды, Жапаш, бір аздан кейін.
— Қалғаны сол, — ұта түсті...
— Енді қайттім? Қысылып барам!..
— Қысылсаң амал нешік?!..
— Бүліндім! — дейді Жапаш бір кезде Досмағамбетке.
Жол сол тұста екі айырылады екен: бірі жақын жердегі Нұрымбет
ауылына барады, бірі алыстағы Жапаш ауылына тартады. О жақ — жазық
дала...
— Нұрымбетке бұрылмасақ, бұлар бізге жетуге айналды, — дейді
Досмағамбет сол арада.
— Бұл қалпыммен қалай барам? — дейді Жапаш.— Ешкімге түсе
алмаймын ғой...
— Амал қанша! Ұяламыз деп, көрінеу көзге қалай өлеміз? Құдаң
Қыпшақпайдың Рахымының үйіне түсерміз. Сізді сырқаттанып келе жатыр
дермін де, орап жатқызып тастап, таң ата жүріп кетерміз.
Жапаш осыған амалсыз көнеді де, Досмағамбет Рахым аулына аттың


басын бұрады... Көк аттылар ілгері кете барады. Құдасының үйіне ауру қып
түсіргенмен Жапаш сияқты бай құда келген соң, ауыл адамдары жиналмай
қойсын ба?!. Олар қаптап кеп отырып ап, сырқат жайын сұрай бастайды.
«Құда ауру» деген соң, Рахым «тамырын ұстасын» деп, көрші ауылдағы
ишанды 
шақырады... 
Сонымен, 
қысқасы, 
Досмағамбет 
Жапашты
құдасының ауылынан масқарасын шығарып аттандырады...
— Оның не? — дегендерге:
— Сараңдығының сазасы! —деп жауап береді ол.
Досмағамбеттің ойыншылығы сондай, соның, қуланам деуінен туған
нағашысы Ғалауетден бір ретте, 1919 жылдың күзінде атылып қала
жаздайды. Ғалауетден — байдың, баласы жəне орысша оқыған жігіт.
Қызыл Армия 19 жылдың күзінде Челяба жақтан таянып қалғанда,
Ғалауетден бес жүздей сауда өгіздерін айдап, қасына Досмағамбетті ертіп
кете барады, беті — Семей, одан əрі — Қытай... Бірақ олар Шыңғыс тауына
жақындаған кезде, Қызыл Армия алдын орап кетеді...
«Қарға тамырлы қазақ» дегендей, Шыңғыс тау маңынан Ғалауетденге
туыс табылып, сонда паналайды да, ақша салған сандығын үйдің, ішіне
көміп, үстіне төсек салдырып, жаман киіммен сырқат адам боп жатады.
Сол ауылға қызылəскерлер келіп, үйдің қасында тұрған Ғалауетденнің
əдемі тарантасын көреді де, сатыңыздар деп өтінеді. Сонда Досмағамбет
орыс жігіттеріне қазақшылап, төсекте жатқан Ғалауетденді көрсетіп:
— Арба анау боржойдікі! — депті, қуланып, — өтірік ауырып жатыр...
Астында сандыққа тығылған ақшасы бар!..
Əскерлер Досмағамбеттің сөзіне түсінбей күледі де қояды.
— Иттің ғана баласы-ау, — депті Ғалауетден, əскерлер аттанып
кеткеннен кейін ашуланып, — осындай да ойын бола ма екен?!. Түсінбеді,
— жақсы болды!.. Ал, түсінсе ше?
— Іштерінде қазағы жоғын көрген соң айттым да, — депті Досмағамбет
күліп.
— Татары болса ше? — депті Ғалауетден долдана түсіп, сөзіңе түсініп
мені тінтсе ше? Астымдағы ақшаны тауып алса ше?.. Не істер еді, сонда
маған?
— Атар да тастар еді! — депті Досмағамбет.
— Сонда, атсын дегенің бе, мені?
— Неге атады? Ойнағанды білмейтін бала деймісің оларды?..
Қулықшыл Досмағамбет мені тағы бір айтысқа салып жіберді.


Жуанағаштың балаларын оқыта бастаған кезімде, Жаңгісінің «Қойғара,
Шойғара» аталатын ауылынан, он екі, он үш жастағы Мұхаммедияр деген
бала маған оқуға келді. Шамасын байқап көрсем, мен оқыта алатын бала
емес.
Жуанағашқа көрші Көлбай ауылынан менен бір жыл бұрын Уфадағы
«Медресе Ғалиядан» кеп жəдитше оқытатын татар мұғалімі тұрады да,
Мұхаммедияр содан оқиды. Бұрын да қадимше сауаты бар, ересек
Мұхаммедияр бір жазда татар мұғалімінен есептің төрт амалы, география,
табиғат тану, татар тілінің «сарфы» мен «нахуы» сияқты ғылымдардан
хабарлар боп қалады, Оның үстіне араб тілінің де «сарфы» мен «нахуын»
оқып, «дүруссо-ашшифаһия» сияқты хрестоматиясын жаттап, аздап арабша
да біледі. Бұлар — менің өңім түгіл түсіме де кірмеген оқулар. Ендеше
Мұхаммедиярға мен қалайша сабақ бермекпін!.. Менің шамамды көрген ол
аз күн болды да үйіне кетіп қалды. Қалжыңдаса беретін Досмағамбет, бір
күні маған:
— Ештеңе естідің бе, бала? — деді.
— Не естимін?
— Мұхаммедиярдың сен туралы не деп жүргенін?
— Не депті?
«Оқу түгіл шайтаны да жоқ» депті. «Əліпті таяқ деп білмейді, өз атын
əрең жазады» депті. «Мені оқытуға оның шамасы келмейді, оны оқытуға
менің шамам келеді» депті...
— Айта берсін — дедім мен сыр бермеген боп, бірақ ішімнен қорланып.
— «Айта берсін» деген сөз бе екен?— деді Досмағамбет. — Ертең бұл
хабар елге жайылса, сенде не құн қалады сонда? Жақсы бол, жаман бол, —
біз сені қанағат көріп, молда қып ұстап отырмыз. Ементай баласының
тақымы толмағанмен, біздің ақылға жарап жатырсың. Біз олқысынып
жүрген жоқпыз. Осы сөзді естігелі намысым кеп өлейін деп жүрмін.
— Несіне намыстанасың?
— Намыстанбағанда ше! — деді Досмағамбет ашуланған болып, — бір
ауылдың имам көріп отырған молдасың əлдекімнің шатадан туған ала бұт
немесі түкке тұрғызбай жамандап жүрсе?..
— Шата ма еді ол?
— Əрине, — деді Досмағамбет.
— Қалай?


— Оңқайдың Тұрсынбайын білемісің?
— Білем.
— Соның баласы ғой, ол?
— Қойыңыз!
— Рас. Шешесінің аты — Айсұлу. Ементайды ол менсінбей,
Тұрсынбайға тоқтаған. Екеуі жақын ағайын, — Темір қалпенің тұқымы.
— Солай еді де!.. — дедім мен елегізіп.
— Солай! Ал, енді, сен де қарап отырма. Өлеңді кісіден сұрайтын
емессің, қатырып өлең шығар өзіне.
«Аузы күйген үріп ішеді» дегендей, Балықбай ауылында болған
айтыстан аузым күйген мен Досмағамбеттің елірткеніне алғаш көне қоймап
ем, қыр соңымнан қалмай жүріп, бір өлеңді еріксіз жаздырғандай болды,
ол:
«Хат жаздым Мұхаммедияр Ементаев,
Сəбиттің оқуы аз деп жұртқа жайып,
Сөйлепсің көрген жерде бетіңменен,
Осыдан басқа, сірə, таптың ба айып?
Сендейлер сөз қадырын білсін қайдан,
Шалдырдың маған мінез теріс ыңғайдан.
Ементай баласымын деп жүресің
Тусаң да күйек асты Тұрсынбайдан.
Тұрсынбай— заманында болған жігіт,
Серілік өлеңшілік қонған жігіт
Сондайды əкем деуге көрме ұят,
Кеудеде намысы бар оңған жігіт?
Ақылды сөз сөйлемек парықтап ап
Өсекші əрнені айтып шалықтамақ.
Менімен, шырағым, сен бой теңестір


Əуелі өз əкеңді анықтап ап».
— Өй, Сəпкең-ай, жарадың! — деді Досмағамбет, жазылған өлеңді оқып
бергеннен кейін қағазын бүктеп қалтасына салып. — Бүгін жіберем
біреуден. Бірақ есіңде болсың біздің бұл Жаңгісі — өлең қонған ел. Басы
Аяпбергеннің Қайралабы боп, Жамантай пірəдəр боп, со Тұрсынбайдың өзі
боп, шетінен ағып тұрған өлеңші. Сенің үстіңнен жаудырады олар өлеңді.
Қапы болма, қамдана бер: Балықбай ауылындай біздің ауылда саған ешкім
таяқ алып ұмтылмас. Оған бермеспіз. Өлең жағынан бізден тиер жəрдем
жоқ саған.
Досмағамбет қалтасына салған өлеңнің жауабы кешікпей келіп қалды:
«Бұл неме қайдан шыққан ақын болып,
Жүрсе де қайыр тілеп пақыр болып,
Өз атын зорға жазған молда оқуың
Оқи ма есі бар жан мақұл көріп?
Жасыңнан заржақ бопсың өлең жаттап.
Жазыпсың білгеніңді қағаз-хаттап.
Соңынан сол өлеңнің жүре бермей,
Молдалық неге керек балдыр-батпақ?
Бақсының тұқымысың бойың қызба
Бұл қылық отырғызар сені мұзға
Біреудің əкесіне күлмей-ақ қой,
Болғандай əкең Мұқан маңғаз мырза!..
Қоныстас емес пе еді Сибан елі,
Тасқының сенің мұнша ненің желі?
Жалшы боп əкең Мұқан өлген жоқ па,
Маңдайдан соры кетпей екі елі.
Сен-дағы қайбір менің ырыстымсың,
Жөніңді білмей босқа бұрыс жүрсің.
«Əлін білмес əлек» деп бұрынғы айтқан,


Қисаймай əліңді біл, дұрыс жүр, сен!»
— Жамантай пірəдəрдан басқаның қолынан келмейтін өлең екен мынау!
— деді Досмағамбет. Аяқ тастасы соныкі екен. Соған қадалу керек енді!..
— Не деп?
— Жамантайдың Дəулет деген ағасы болған, оның Зəкеней деген қатыны
болған. Дəулет өлген соң Зəкенейді Жамантай алған. Дəулеттен Есентай,
Əміре деген балалар қалған. Əмірені Жамантай кішкене күнінде бауырына
сап, бала қып асырап алған. Ержеткен соң оған қалың беріп қатын əперген.
Əміре кешікпей өліп, оның əйелін Жамантайдың өзі алған...
— Қойшы?!..
— Рас. Бүкіл ел біледі. Нанбасаң сұра.
— Апырай, ə?!..
— Ел де сол кезде бұл жұмысқа сілтідей тұнып, Жамантайға да, көліне
де лағнат оқыған. Көптің қарғысы шыдата ма, келіні кешікпей, жерошақта
қайнап тұрған құртқа түсіп кетіп, күйіп өлген. Жамантай содан кейін ғана
тəубаға кеп, ишанға барып қол тапсырып пірəдəр болды. Осыны өлеңге
шығару керек...
Досмағамбетке сенбегендей, көлденең кісілерден сұрастырып көрсем,
бұл оқиғаның болғаны рас екен. Білетін кісілердің айтуынша, оның өлең
шығаратыны да рас болды.
Мысалы, Досмағамбет аулында, Далабай дейтін өзімен тұстас адамның
үйіне Жамантай бара қалса, əйелі Қани жөнді сыбаға асып бере қоймайды.
Сонда Жамантай отырып:
«Асар едің жал-жая
Келіп қонса Тұрсынбай
Алалайсың мейманды.
Сол мінезің құрсын-ай!
Өзі жалғыз Далабай
Көзіне шөп саласың
Төбеңнен құдай ұрсын-ай!..»
депті. Осы сияқты оның өлеңдері толып жатады екен. Бірақ Жамантай
хат білмейді екен. Маған келген өлең хат білетін адамның ойланып отырып


жазғаны сияқты. Досмағамбетке сол туралы айтып ем:
— Оның да жөні бар, — деді ол, — Тұрсынбай жəрдемдескен болды
онда. Ол хатқа жүйрік кісі.
— Қайралап та ақылында болмады ма екен осының, — деп қойды
Досмағамбет, — айтыс дегенге жаны құмар болушы еді оның. Оның
Торсанды жамандап шығарған өлеңі бүкіл елге тарап кеткен. Керей,
Уақтың өткен жақсыларына шығарған да өлеңі бар. Мысалы:
«Кешегі өтіп кеткен Тоқай Мұса,
Артында дос-жараны болған құса.
Бір əйелден солардай ұлдар туар,
Бозбала жігіт болсаң соларға ұса?
Піскен асқа кім келмес табақтағы,
Молдадан хат біледі сабақтағы,
Кісінің түркі оқыған ғалымы еді-ау.
Кешегі өтіп кеткен Жамақдағы...
Өткір пышақ қын кесер жамбастағы,
Бірдей өскен жақсы ғой мал-бастағы.
Қақ жарған қара қылды ғаділ еді-ау,
Кешегі өтіп кеткен Байтастағы.
Дария көл жайлаған қоңыр қаздай,
Тіліне əзəзілдің жүрген азбай,
Туар ма енді қайтып қатыннан ұл,
Кешегі өтіп кеткен Құнияздай.
Құнияз өтіп кеткен батырым-ау!
Жолықтың əлде кімнің назарына-ау!..
Дүниядан сен еткен соң Торсан иттің
Қамалып түстік міне, азабына-ау!»


— Қалай өлең? — деді Досмағамбет.
— Жақсы.
— Қайралап та сөзсіз қатынасты бұған. Оны да қосып жібер!..
— Оның не мінін айтамыз?
Досмағамбет Жаңгісінің толып жатқан мінін айтты. Оның бəріне құлдық
ұрып, қабылдай берген жоқпын, өйткені «Досаңның» итермесі де көп
болатынын жақсы білем.
Дегенмен Жамантай пірəдарға жауап беру қажет боп, былайша жазылған
өлең жіберілді:
«Əл-қисса сөз басталды Жамантайдан,
Жолынан бұл Жамантай жаман тайған.
Жолынан бұл Жамантай жаман тайған,
Кезінде мүлгігенмен ол қартайған.
Келінін алар ма еді бұзық болмай,
Хайуанға бұдан артық қызық қандай,
Бұл үшін миллион намаз өтесе де,
Тамыққа жанар екен шыжып қандай!
Не керек сопылығың, шұлғыған бас,
Күнəңді ол сопылық өтей алмас,
Қылсаң да ғибадатты күні-түні
Тамыққа сенен тете адам бармас...
Айтыс осылай жүріп жатты...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет