ТӨРТІНШІ ТАРАУ
«АЛҒАШҚЫ АДЫМДАР»
БАЙЛАУДАҒЫ БАҚЫТ
Владимир Иосифович Гозактың қолы қойылған пропусканы қалтама
салып тысқа шықтым. Жақып менімен ере шықты.
— Кəне, достым,— деді ол қолын ұсынып,— енді қоштасамыз да.
— Жақсы, қош бол! — дедім мен де қолымды ұсынып.
— Айтпақшы,— деді ол менің қолымды қыса беріп,— сен сонда еліңе
жаяу кетесің бе?
— Бұл араға дейін алып келген серіктерім, мені жолда тосып отыруға
тиісті.
— Егер тоспаса не істейсің?
— Онда жаяу тарта берем де. Кеше біреулерден сұрастырып ем, мен
баратын ауыл бұл арадан елу-алпыс шақырымдық қана жерде көрінеді.
Оған жаяу - ақ жетем, күн жылы, жер құрғақ.
Жақып көркем кескінін жымита маған аз қарап тұрды да:
— Жоқ, оның реті болмайды, жолдас. Мен сені серіктерің тосам деген
жерге дейін шығарып салайын. Олар тосса тосты, тоспаса солай қарай
кетіп бара жатқан біреуге мінгізіп жібереремін.
Жақып мені пəтер үйіне алып келді де, өзі бір атқа мініп, мені бір атқа
мінгізіп, екеуміз жөн тарттық, бетіміз қаланын, батыс жағы, ол бетте,
шамасы төрт-бес шақырым жерде сиректеу өскен орман көрінеді. Егер
күтсе, менің серіктерім сонда болуға тиісті.
Екеуміз кеңесіп отырып, бет алған орманға келсек, оның ішкі алаңында
серіктерімнің тұсаулы аттары көрінді, өздері жоқ!.. Олар тығылып қалған
екен. Жақып пен мен қосарлана шақырғанда əрең шықты.
Қиналған оң жақ аяғынан, Мырзахмет сол жақ аяғынан шойнаңдай
ақсап келе жатқанда:
— Мыналарың өтірік ақсап келе ме, шын ақсап келе ме?— деді Жақып
күліп.
— Кісі өтірік ақсай ма екен?
— Қорыққанда не істемейді дейсің адам. Қорыққан кейбір адамның өп-
өтірік сақау, саңырау немесе жынды бола қалғанын талай көрдік...
— Бұлар шын ақсақ,— дедім мен,— жəне екеуі немере туыстар...
— Құдайдың қосуы - ай, екеуін парлап!—- деді Жақып күліп,— жəне
жанасатын аяқтарынан ақсатуын қарашы!..
— Ия, неге тығылдыңдар?—деді Жақып олар жақындағанда, атынан
түсіп.
Аттан мен де түстім. Мені керіп еркінсінгендей:
— Заман тығылмасына ерік беріп тұр ма?— деді Мырзаахмет,—
ұшынып тұрған уақыт емес пе, қылдан тайсаң асып тастайтын?..
— Əй, сен екеуіңді ешкім ата қоймас,— деді Жақып күліп.
— Атпа-а-ғ-ғ-ғ-аныңды білмеймін,— деді тұтыға сөйлейтін Қиналған,—
б-б-бізден жа-жа-жамандарды да а-а- атып ке-ке-кеткендерін кө-кө-
көзімізбен көрдік...
— Ақтар ма, қызылдар ма?— деп сұрады Жақып, жымиып.
«Қызылдар» деп айтып қалама дегендей, Мырзахмет Қиналғанға жалма-
жан көзін қысты. Оны көріп қалған Жақып:
— Сен қосарланба,— деді Мырзахметке,— кім десе де өз аузынан
айтсын.
— Қы-қы-қызылдарды кө-кө-көріп тұрғаным, бү-бү- бүгін ғой,— деді
Қиналған тұтығуын үдете түсіп,— бі-бі- біздің бі-бір ай бо-бойына кө-кө-
керіп келе жатқанымыз а-а-ақтар. Со-со-со-лар бі-біздей жандарды да та-
тала- йын а-а-атып тастады...
Жақып Қиналғанның сөзіне қарқылдап күліп алды да:
— Қылығы жат адамдарды біз де атамыз,— деді менің серіктеріме
байсалды дауыспен — түрлеріңнен байқап тұрмын, ондай адам емессіңдер,
сендер. Жобаларын, — екеуің де қара қасқа кедейсіңдер. Солай ма?
— Əкем Қиял қазір жетпісте,— деді Қиналған,— ол да есін білгеннен
бері байларда жылқышы боп кеп, аттан қартайғанда түсті. Мен де ес білгелі
жылқының соңындамын...
— Байдың жылқысы ғой, сенің баққаның да?— деді Жақып күліп.
— Əрине!— деді Мырзахмет.— Өзіме бағатын жылқы қайдан біте
қойды дейсің менің? Əкемнің де, менің де өмір бойы баққанымыз Əлти
байдың жылқысы.
— Рас,— дедім мен.
— Ал, мен,— деді Қиналған тұтығуын азайта сөйлеп,— өмір бойы кісі
есігінде жалшылықта тұрдым. Ағам Саркеш те жалшылықта. Əкем
Досымбек те өмір бойы жалшы болды...
— Рас,— дедім мен.
— Қызылдың сендер сияқты жалшылардың қамын ойлап жүргенін
білесіңдер ме?—деді Жақып.
— Естиміз,— деді Қиналған мен Мырзахмет қосарланып.
—Байлардың жəне ақтардың қызылды жамандағанын да естідіңдер
ғой?..
— Оны естіген жоқпыз,— деді екеуі жалтақтап.
— Жо - оқ, естідіңдер,— деді Жақып күліп, менен қорқып айтпай
тұрсыңдар. Қорықпай-ақ қойыңдар. Байлар мен ақтар, қызылды
жамандаған сөзді елдің құлағына құйып баққан. «Қызылдар жүрген жерін
қырады, жояды деп зəресін кетіріп қойған. Сондықтан, жолшыбайғы ел,
бізге, то-есть қызылдарға əуелі үрейлене қарайды да, көрісіп танысқаннан
кейін, шүйіркелесіп кетеді..
— Біздің де сөйткіміз кеп тұр,— деді шапшаңдау Мырзахмет, — түсі
игіден түңілме» деген екен аталарымыз. Түсін, жылы жігіт екенсің. І
\ызылдар туралы естіген жақсы сөзімізде де кеп, жаман сөзіміз де кеп.
Соның қайсысы, дұрысын түсіндіріп кетші өзің!
— Қызылдардың бай атаулыға қарсы екені рас,— деді Жақып.—
Орыстың байы, қазақтың байы, ноғайдың байы демей, барлық байды да ол
жек көреді.
— Сонда, не істейді байға?—деді Қиналған.
— Мал-мүлкін түгел тартып алады да, біразын қазынаға, біразын
кедейлерге бөліп береді...
— Шіркін-ай, Əлтиді сөйтсе! — деді Мырзахмет.— Нелер кедейдің
ақысы кеткен еді мойнында. Оны əперер күн туса, кедейлер оның үстіне
құмырысқадай үймелер еді.
— Солай болады! —деді Жақып,— ол үшін біздің, қызылдарға кедейлер
— өздерің жəрдем берулерін, керек. Біздің өкіметті Совет өкіметі дейді. Ол
сендер сияқты шын мағынасындағы еңбекшілердің өкіметі. Қызыл Армия
жеңген жердің бəрінде совет өкіметі орнайды. Ол өкімет байларды жою,
кедейлерді ауқаттандыру ісін қолға алады. Бұл жұмыста өкіметтің
жəрдемшісі кедейлер өздерін, боласыңдар. Ертең елдеріңе барғанда, осы
жұмысқа араласуларың керек.
— Бізге билік тисе, байлардың желкесіне мінетін шығармыз,— деді
Мырзахмет.
— Сөйту керек,— деді Жақып.— Жақынын, болсын, жатын, болсын, бай
атаулыны аямау керек. Ал, кедейлер — өздерің «бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарып» дегендей, ұйымшыл болуларын, керек...
Қиналған бірдеме дегелі келе жатыр еді.
— Сен тоқтай тұр, — деп Жақып он.ы тоқтатып қойды да,— кедей мен
байдың арасын ашу, байды жою, кедейді көтеру жұмысы ұзақ сөз, оны
қазір кеңесіп тауыса алмаймыз. Совет өкіметі ауылда құрыла салысымен,
бұл іске арнаулы өкілдер шығып түсіндіреді. Сонда естисіңдер бəрін. Оның
бəрін түсіндіруге менің білімім де жетпейді, уақытым да жоқ...
Қоштасуға ыңғайланған Жақыпты мен серіктерімнен оңашалаңқырадым
да:
— Жолда қызыңа түсемісің?— дедім қалжыңды кескінмен.
— Қайдағы қыз?
— Нешеу еді, сүйген қызың?
— Ə-ə..— деді Жақып, менің сұрауымды енді ғана түсініп.— Анау
қызды айтады екенсің ғой, сен... Зүбəйланы?..
— Иə, Қозкенің қызын!..
— Сенін, бөлеңе атастырған екен ғой оны, қызғанбаймысың?
— Сүйген жүрекке зорлық жоғына түсінем мен...
— Қалай, ұнай ма саған ол қыз?
— Мінезі де, қылығы да ұнайды, сымбаты да жақсы. Тек, өңі қоңырлау
демесең...
— Сөз еместі айттың ғой,— деді Жақып кейіп, —өңіне ас құйып іше ме
адам оның? Кісілігі келіссе жетпей ме?
— Əрине! Ал, кісілігі қалай өзінің?
— Жақсы адам! — деді Жақып демін соза алып.— Оның əкесі —
Қозеке, дəулеті шағындау болғанмен, Андағұл руындағы беделді бидің бірі
емес пе? Інісі — Əбіл,— патша заманында да, Колчак заманында да кеп
жыл үздіксіз ауылнай болып келді. Сондай адамнан туған қыз, егер
ақылсыз болса, мен сияқты жалшыны менсінбес еді. Кісілігімді бағалап
менсінгені, кісілігі емес пе оның?
— Əрине... Сен ол қызбен ерте танысып па ең.
— Бес-алты жыл бұрын, балалау шағында.
— Қалай?
— Менің əкем Қосағаш дейтін поселкеде кеп жыл мал бақты. Бізге
жалғыз сиырдан басқа мал біткен жоқ. Сол сиырдың жалғыз бұзауын Əбіл
ауылнай, жыл сайын раматқа деп алады да кетеді. Əкем де, ағам Бейсембай
да қарсыласпайды, екеуі де момын адам. Бір жыл күздігүні Əбіл біздің
жалғыз бұзауды тағы да алам деп келгенде, мен бермеймін деп жанжал
шығардым...
— Сен нешеде ең, онда?
— Он жетіде едім. Əбіл тартып алмақ болғанда, мен онымен төбелестім
де, қуып жібердім. Артынан ол жігіт жинап əкеп, мені байлап əкетті де,
ертеңіне Явленодағы приставка апарып бермек боп, Қозкенің босырақ
тұрған киіз үйіне түнде аяқ-қолымды байлап тастады. Үйдегілер ұйықтады.
Не істеуге білмей, ызаланып біраз жаттым да, қалғып кеттім... Бір кезде
əлдекімнің қолы тигендей болғанға ояна келсем, бір адам байлаулы аяқ-
қолымды шешіп жатыр. «Кімсің?» деп сыбырласам, «үндеме!» дейді ол да
құлағыма сыбырлап.
— Кім екен?—дедім мен асығып.
— Соны айтқалы келе жатырмын ғой,— деді Жақып,— аяқ-қолымды
шешіп болғаннан кейін, əлгі адам мені қолымнан жетектеп, еппен басып
есікке қарай жүрді. Жіңішке бір нəзік қол!.. Ол есікті де еппен ашып, тысқа
менімен бірге шықты, шамасы он үш, он төрттегі қыз!.. «Ал, аға, жолың
болсын!» деді қыз. Мен оны құшақтап тұрып, денесін бауырыма қыса
сүйдім...
— Осы қыз ба, сол?
— Əрине.
— Қымбат қызың екен ғой,— дедім мен.
— Рас, қымбатым! — деді Жақып.— Совет өкіметі құрылмаса, ол қызға
қосылу, менің жете алмаған ен, зор арманым боп қала берер еді. Енді мен,
ол арманыма, əрине жетем!
— Сонда, осы бетіңде үйленесің бе?
— Өй ақымақ,— деді Жақып күліп,— армия қатарында жүрген жəне
соғыста жүрген жауынгер үйлене ме екен? Жауды жеңіп қайтқаннан кейін
де уақыт жетпей ме?
— Қозке саған бере ме, сонда, қызын?
— Бермегеніне қараймын ба? Совет өкіметі əйелдің до басына
бостандық береді. Мен сол заңға сүйенем!..
— Біз де солай үйленеміз де енді? —деймін мен қуланып.
— Рас,— дейді Жақып,-— жалғыз мені мен сен ғана емес, енді Совет
өкіметінің қол астында қай қыз бен қай жігіт болса да сүйгеніне
қосылады!.. Əсіресе, қыздар!.. Ол сорлылардың бақыты байлаулы еді ғой,
атам-заманнан бері... Енді шешіледі!.. Бұл жөнде де сен ел ішінде үгітші
бола жүр...
— Əрине, сөйтем...
Тағы бірдемелерді сұрағалы келе жатыр ем:
— Өй, сенімен кеңесіп тұрам ба мен, осылай?— деді Жақып,— кешігіп
қалдым. Қайтайын. Тіршілік болса, тағы да кеңесерміз бұл жайда. Анау
серіктеріңе амандасайын да, аттанайын.
— Оқасы жоқ.
Жақып менің серіктеріме келді де, олармен қол алысып қоштасқаннан
кейін:
— Ал, сонымен, қош боласын, да енді,— деді маған қол алысып,—
аулыңа барып амандығын білгеннен кейін, жатып алушы болма.
Қызылжарға төз қайт та, Совет өкіметінің ісіне аралас. Мен де көп
кешікпей қайтармын. Мына қашқан түрлеріне қарағанда, ақтар енді
қаншаға шыдар дейсің. Қайтып келген соң қызметті бірлесіп істейміз.
— Əрине! — дедім мен, Жақыпты қимаған көзбен жаутаңдап.
Ол екеуміз құшақтаса сүйісіп қоштастық. Жақып содан кейін атына
мінді де жөнеле берді. Оның атын түстеуді ұмытып барады екем. Атқа
көзім кеше кешке, Жақып мені пəтеріне алып барғанда түскен. Денесі əрі
сұлу, əрі биік, əрі жарау бұл аттың түсі: құлағынан бастап шашасына шейін
денесін түгел жапқан теңгелей дөңгелек қарашұбар, талай шұбар
жылқыларды кере жүре, мұнша сұлу жаралған шұбарды көрмеген мен:
— Апыр-ау, Жақып - ау, мынаны қолдан бояттың ба, болмаса, жаралуы
осылай ма?!.— деп сұрағанымда:
— Өй, ақылы жоқ,— деген Жақып күліп,— қолдан кісі осылай бояй ала
ма екен жəне бояса, ол бояу шайылмай тұра ма екен!.. Нанбасаң қолыңмен
жүндерін ашып көрші өзің, түбіне шейін ағы ақша, қарасы қараша
көрінбесе, маған «тіфу бетіңе» де.
— Бұл атты қайдан тауып алып жүрсің, Жақып - ау?! — деген сұрауыма.
— «Болғансын өзім батыр кімді аяйын, өлтіріп Төлегенді тартып алдым»
деп Бекежан айтқандай, Қорған түбіндегі соғыста қаша жөнелген ақтар
армиясының бір генералын қуып жетіп, қылышпен шауып түсіргенде,
астында осы шұбар бар екен. Атты командирім маған сыйлады,— деп
жауап берді Жақып.
Мына, Қиналғандар тығылған ағашқа қарай беттеп келе жатып,
Жақыпқа «кəне, атыңның шабысын көрсек қайтеді?» дегенімде, «көрсек
көрейік» деп ол шаба жөнелген. Менің астымдағы жарау жирен ат та бір
кермеге ешбір жылқыдан кем сияқты емес те, сондықтан, қосарлана мен де
шапқаныммен, Жақыптың шұбары ілезде қарасын көрсетпей кеткен... Аз
ғана шауып мені тосып алған Жақыпқа, «апыр-ау, мынадай шабысты
жылқыны мінген генералды қандай жылқымен қуып жеттің?!» деп
сұрағанымда, «жеткізетін жылқы емес бұл,— деген Жақып,— мен де жете
алмайтын ем, егер генералдың сорына қарай, алдынан сазды жырақа
кездеспесе... Қан түртті ме, неме¬не, ат қарғып-ақ, өтіп кететін жырақада
сорлы генерал іркіліп қап, мен сонда ғана қуып жеттім!..»
Бізбен қоштасқаннан кейін, Жақып шұбарын тебініп қап шаба жөнелді.
Тұяқтары тиген жердің топырағын аспанға жентектей лақтырған ат, лезде
көзімізден ғайып болды...
— Орыс - қазақтың байларының талай қаз мойындарын кездестіріп ем,
— деді Мырзахмет, Жақып бізден қарасын үзгеннен кейін,— нақ мұндай
сұлу, мұндай ұшқыр жылқыны көрген емен!..
— Жі-жі-жігітің а-а-айтсайшы!..— деді Қиналған. Ші- ші-шіркін, на-нар
жігіт екен-ау!.. А-а-ат со-соның ма-ма- маңдайына қарай кездесіп тұр, ғой.
— Менің қызылдан бірінші беттесіп сөйлескенім осы жігіт,— деді
Мырзахмет,— егер, қызыл деген осы болса, мынауың жатып жастық, иіліп
төсек боп тұрған сыпайы
біреу ғой!..
Беттеген ауылымызға біз жолшыбай төрт-бес қонып əрең жеттік. Бұл
кезде жел теріскей бетке шығып, күзгі күннің райы суыта бастаған...
Ағаштардың сарғайған жапырақтары түсіп, бұтақтары арсалануға
айналған. Сондай салқында жұқалау киіммен тоңазыңқырап келе жатқан
біз, жолшыбайғы ауылдарға жиі-жиі тоқтаймыз. Сонда əр ауылда да
еститін кеңесіміз қызылдар мен ақтар туралы; қай ауылға барсаң да
ақтардың талап кеткенін .айтып зар қағады. Ал, қызылдар туралы айтары,
— Мырзахметтің сөзі. Мен оларды білгенімше үгіттеген болам...
Жолда маған апам Зəренің үйі кездесті. Ол өткен жазда қайтыс болып,
жездем жаңадан үйленген екен. Қабағы суық ол үйге тоқырамай, бір ғана
қонып, екінші апам Ұлтуғанға барсам, оның күйеуі өліп жесір қапты.
Шаруасы əлсіз, бас көтеріп, кесіп істер адамы жоқ бұл үйдің күн көрісі ете
нашар екен. Бар малы екі сиыр, бір ат. Оларды расходқа ұстаса, алдағы
жылдарда не күн көреді!.. Астық жоқ, сатып алуға астық табылмайды, егер
аздап табыла қалса, бағасы аса қымбат...
Үй ішімен ошақ басы кеңесіп біз мынадай ақылға келдік: екі сиырдың
біреуін соямыз да, етін орыс поселкелерінің біреуіне апарып сатып, астық
аламыз. Ол таусылғанға дейін, мен осы үйдің атымен Есіл бойындағы
туыстарыма барам да астық алып келем. Сол сапарымда мен аз күнге
Қызылжарға да соғып, болашақта атқаратын өкіметтік қызметтің жайын
біліп қайтам.
Екі сиырдың семіздеуін сойып, көршілес поселка Макарьевкеге апарып
сатқанда, он пұт бидай болды. Ол əрине, қыс ортасына дейін бұл үйдің
талғажау қылуына жетеді. Сойған сиырдың бас сирағы ішек - қарны сияқты
ол-пұлы сорпа-суан бола тұрады...
Апам үйінін, ішермендік азығын бірыңғайластырғаннан кейін,
Қызылжарға жүрер алдында, менің туған ауылым — Жаманшұбарға барып,
көптен көрмеген туысқандардың амандығын білуге көңілім кетті.
Жаманшұбарға барып кеп, Қызылжарға содан кейін жүруге ат шыдамайды,
сондықтан, бұл үйден біржола аттану қажет.
Мен Жаманшұбарға жеткенше күн райы суытып, жапалақтап қар жауа
бастады. Жаманшұбар маңында орман жоғы, оның «орманы»— түрегелген
адамның бойынан аспайтын шіліктер екені бізге мəлім. Мен барған кезде
Жаманшұбардың үш ауылы: Жансүгір, Жарылғаз, Болат— қыстауды айнала
біткен əр шіліктің ішіне ықтай қонған екен. Мен, əрине, өзімнің туған
ауылым «Жарылғасқа», оның ішінде əкемнің інісі Мұстафаның үйіне келіп
түстім. Шаруасы бұл кезде де шағын болғанмен, жыртық құрым кигіз үйі
бұрынғысынан өзгермегенмен, үлкен екі баласы Қамза мен Ғаббас ержетіп
мал түлігі болғандықтан, азық жағынан бұл үй тоқ екен. Мұстафаның ескі
сырқаты (сүйек туберкулезімен ауыратыны бізге мəлім) қазір меңдеп,
біржола төсек тартып жатып апты.
Көптен көрмей сағынғандығы ма, əлде, оқу оқып адам боп келді деп
елегендігі ме, мені өз ауылымдағы туысқандарым да, көрші ауылдағы жам -
ағайындарым да қолдан келген сыйларын жасап, құрметпен қарсы алды.
Бұл ауылдардың да қазіргі басты кеңесі қызылдар жайы екен. Өзгелерден
жүріс-тұрысы да молырақ, естуі де көбірек Нұртазаның ұғымында,
қызылдар, əрине, «құбыжық», Бұл жөнде мұғалім баласы Молдағазы мен
екеуінің пікірі екі басқа екен: газет, журнал оқыған, жалпы саясаттан
хабары бар жəне ой-санаға бейімділігі бар Молдағазының айтуынша,
қызылдар халық қамқоры.
Əкесінің пікіріне сырттан қарсы боп жүретін Молдағазы, бетпе-бет
ештеңе дей алмайды екен. Ал күніге қонаққа барғандықтан жəне
Нұртазаның мінезін білетіндіктен, «тулап қайда барар дейсің» деп ойладым
да, мен де онымен бетпе-бет таласқа түскен жоқпын, қызылдар туралы
көрген - білгенімді былайғы момын шаруаға ғана айттым. Нұртазаға сол
сыпайы қалпыммен аттанып кетер ме едім, қайтер едім, егер М... аталатын
бір қыз жөнінде ерегісе қалмасам.
М... менің бала күннен бергі досым. Оқушыларға белгілі — Хабибулла
Ғазизуллин дейтін молдадан сабақты бipгe оқыдық. Оның əке-шешесінің
алғашқы балалары еле беріп, бұл қыз өлім сарқытындай болған соң жəне
«арты құтты» болып, іле ұл туған соң əке-шешесі еркелетіп өсірген. Əкесі
Қорған қаласына барып, ірі купецтердің біреуінде қызметін атқарып
жүретін адам, сондықтан ол М... ді қалаша сəнді киіндіреді. Мысалы, біздің
елу үйлі Жаманшұбарда резеңке кебіс киген, фабрикада тігілген қисық
табан əмірқан етік киген, үстіне жолақ барқыттан бешпент киген бірінші
қыз осы М...
Молдадан оқитын ұл, қызы аралас отыз-қырық баланың ең зирегі осы
М... болатын. Молданың бір айтқан сабағын ол екі айтқызған емес. Оқуға
шабан балалардың көпшілігі М... нан үйренумен молданың дүресінен
құтылатын...
Хабибулла Ғазизуллинның молдалығы нашар бола тура; «Қираəтқа»,
яғни əнге шебер екенін біз білеміз. Араб не фарсы тілінде өлеңмен
жазылған кітаптардың сөздеріне түсінбей оқитын молда, оларды əндетіп
айтқанда тыңдаушыны қайран қалдырады. Кейін білсем, Хабибулла
«Мұхаммедияны» татар халқының тамаша əнінің бірі — Тəфтилаумен
айтады екен.
Молда шəкірттерінің де əндетіп оқуын жақсы көреді. Өлең кітапты,
əсіресе «Мұхаммедияны» əндетіп оқитын. балалар көп, солардың ішінен
М... ерекше орын алады. Оның күмістей сыңғырлаған əдемі даусы
тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, елітіп жібереді. Молданың
əндетіп оқитын бір кітабы Мұхаммет пайғамбардың тарихын баяндайтын
— «Мұхаммедия». Арабша, парсыша, түрікше сөздерді араластырып
өлеңмен жазылған бұл кітапты түсініп оқымағанмен, елеңдетіп оқуға
келгенде молда тыңдаушысын ұйытып əкетеді. «Мұхаммедияны» əндетіп
оқуда М... молдасынан əлдеқайда асып түседі. Əнге əуесім бар мен де М...
ға қосылам... Екеуміз «Мұхаммедияны» көбінесе бірігіп айтамыз...
Сондықтан ба, əлде əке-шешесінің маған мейірімділігінен бе, сабақтан
бос уақыттарда М... үйіне мен көбірек барам... Əкесі мен шешесі екеуміздің
қосылып айтқан əнімізді қызық көріп тыңдайды...
Балалық шақта соншалық дос болған М... нан мен он бір, он екі
жасымда айрылып, күн керіс жағдайымен қаңғырып кеттім де 1916 жылы
ғана көрдім. Бұл кезде М... оқудан шыққан екен. Қазір ол сұңғақтау
талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы, дөңгелектеу жүзді, жіңішкелеу қыр
мұрынды, ұзындау қайқы қара кірпікті, екі жарып өрген бұрымы
мықынына түскен, кептің көзін тартатын сұлу қыз болып қалыпты, əкесі
əзірге оны ешкімге атастырмапты.
Оқушыларға мəлім Жұныс Баймұхамметов, бұл кезде біздің ауылда
мұғалім екен. Жасы 22—23 те, сымбатты денелі, сұлу кескінді Жұныс М...
ға ғашық екен. Менімен танысқаннан кейін жəне менің М.., мен дос
екендігімді білгеннен кейін, Жұныс маған сырын түгел ақтарды да,
жолдаған өлеңдеріне М... ның жауап қайтармайтындығын айтты. Ол
жолдаған өлеңнің біреуі былайша жазылған екен:
Хұрмəтлу хат аязамын сізге арнап,
Хəйлəсі бұл дүнияның неше тармақ.
Жазды деп бу өлеңді ғайып етпе,
Атрафын бұл сөзімнің білсең аңлап,
Асылдан пайда болған асыл затым,
Ежелден жұрттан артық сенін, даңқың.
Құрбыңыз көңілінен берді хабар,
Жұныс дүр, мұны жазған менің атым.
Шырағым, бетің айдай, шашың сүмбіл,
Жəнеде екі бетің ал - қызыл гүл.
Жігіттің сізді құшқан арманы жоқ,
Сайраған бақ ішінде сен бір бұлбұл
Хұрмəтлу хат язамын асыл затқа,
Бұл хабар шашылмасын бутəн жаққа.
Айдында қалықтаған біз бір сұңқар,
Сіз аққу, жамалыңды салдым хатқа.
Өлеңді тағы бірнеше қайталап оқығаннан кейін, Жұнысқа мен
ұнатпайтындығымды, өлеңде қыздың жанын қозғарлық жалын жоқтығын
айттым.
— Енді не істеу керек? — деген оның сұрауына, менің берген жауабым:
— Дағдылы шілдехана мен алтыбақанда айтылатын «Қалқам шырақ»
қыздың жүрегін əрине қозғай алмайды. Оған өз көңіліне қонатын сөз
табуыңыз керек...
— Жақсы,— деді Жұныс,— ойланайын тағы да. Тек, сенен өтініш М...
екеуміздің арамызға дəнекер бол!..
— Бір ғана шартпен,— дедім мен.— Ойыңда құр ғана бозбалалық болса,
оған мен кіріспеймін. Егер, мақсатын, түпкілікті үйлену болса, онда
кірісем.
Олай дейтінім, — «жат жұрттыққа жаралған» қыздың үйінде
отырмайтынын, көп қыздың, бақытсыздығына қарай теңі кездеспейтінін
білем. Жұныс М... ның теңі. Ендеше, оның бұған қосылуына неге тілектес
болмайын!..
Бір күні Жұныс мені «Дос» келінің жағасына оңашалап алып кетті де,
«барлық ой-санамды жұмсап, жазған өлеңім мынау еді, осыны оқып
көрейік» деп қалтасына бүктеп салған қағазды суырып, оқи бастады. Өлең
былай жазылған екен:
Ғизатлу, бек зияда уа хұрмəтлу,
Мəгəрки көрсем сізді көңілім шатлу.
Уə лəкин көре алмасам феризатты
Хасірет дерті бізде боп тұр қатлу..
Уаллаһи бұл сөзімнің жалғаны жоқ,
Дертім қатты, жазылар дəрмені жоқ.
Мақсұтқа ерішпесем тағдир ісі,
Көңілдің көріп жүрсе арманы жоқ!
Хəдистə сұлу қызды сүю сауап,
Қағбам деп еткім келеді сізді тауаф
Сіз шам-шырақ, мен міскін фəруана боп,
Асығып үшбу хатқа күтем жауап.
Сөздерінің жартысы түсініксіз болғанмен, бұл өлең хат маған ұнады.
Сондықтан мен, оңаша мезгілін тауып, М... ға хатты апарып бердім. Не
екенін айтпай берген қағазды қолына алып оқи бастаған М.., қып-қызыл
боп кетті де, бұ немене еді?!» деп қағазды тастай берді... Жерден алған
қағазды қайта ұсынғанда:
— Мұның қалай?!—деді ол өкпелі кескінмен,— мен сені туған
бауырымдай көретін едім ғой!..
Менің одан кейінгі сөзімнің біреуін де тыңдамай, М... ешбір жауап
бермейді, ұзын кірпігін төмен түсіріп жіберіп, демі қара көзін өлусірете
төмен қарайды да, былай да шырайлы бетінде қаны жалындай ойнап
қызара түседі... Ал Жұныс ше?.. Ол,— «не жауап айтады?..» деп қыр
соңымнан қалмайды.
Қызды көндіре алмауыма көзім жеткеннен кейін, маған ермек керек
болды да, қыз болып Жұнысқа өз тарапымнан былайша екі ауыз өлең
жазып жібердім:
Молдеке сіз жолдаған алдым хатты
Хат екен, сөзі майда, тілі тəтті.
Уəлəкин, хақ рəсулім айтқан жоқ па,
Хадистə харам зат деп махаббатты.
Сіз жұрттың бетін түзер Құбладайсыз,
Хадисті неге ендеше бұрмалайсыз?
Қəғбаны қызға теңеп қияметте
Шəрманда гүнəһкəр боп тұрмағайсыз!|
Жұныс «расын, ба, əй, Сəбит?.. Қалжыңың, не ойынын, емес пе?..
Жылдан аса уақыт, өлеңмен жауап қайтару түгіл, дұрыстап бір ауыз сөзбен
жауап қатпаған қыз, былайша қалай батыл бола қалды?! Ойының болса
айт!.. Мені бекерге арандатпа!» — деді. Мен шынымды айтпадым. Ақыры,
маған иланған Жұныс, М...ға былайша деп өлеңмен екінші хат жазды да,
маған оқыды:
М..жан, біздің қолға тиді қағаз,
Жазғанын Фəһəмлəдім сіздей шəһбаз.
Таңқиттап жазсаңыз да, хат келгенде
«Өңім бе, түсім бе» деп тұрдым біраз.
Дариға, түсім болмай, болғай өңім!
У болмас еді сонда алған дедім.
Махаббат жоқ деуші жан, кім болса да,
Еш уақыт досым емес, жауым менің.
Баласы Қасым патша Сейпілмəлік
Фəһəмлə бұл сөзімді жадыңа алып.
Қаншама су жүзінде михнат шекті,
Бадиғұл — Жамал үшін сафарланып.
Ғарапта Ғабдүлуəли жиһан келді,
«Мəжнүн — Лəйлі» деген ат байланып.
Орнаған махаббатсыз көңілге тат
Махаббат һəр уақытта жанға қуат.
һəміре ғашық үшін қандай болды,
Түсіне көрінумен бір фəризат.
Барады жазған сайын бойым ысып,
Егер де сүйіспесе екі ғашық.
Махаббат тəңірі алдында гүнаһ болса,
«Құранға» неге кірді «сурə —Юсуф!»
Ендеше мен де неғып аялдайын,
Екпіндей шаппай қалай аяңдайын.
Уаллаһи иланыңыз, болдым ғашық
Мен сізге Қозы - Көрпеш — Баяндайын.
Сізсіз ғұмыр — тамырсыз ебелектей,
Сізді ғана күн кешем төңіректей,
Сөзімді ілтифатқа алмасаңыз,
Күйемін отыңызға көбелектей.
М...ға мен бұл өлең хатты да апарып бердім. Ол үнсіз жауап қатқанмен,
жобасына қарауымша, ар жағы жек те көрініп тұрмаған сияқты... Əлі
қауызынан ашылып болмаған ұятының гүлі «пəлен» дей қоюға
шыдамайтын сияқты... Бірақ, бұл сөздерді аяқтауға 1916 жылдың дүрбелең
кесірлік жасады да, басын қорғаған Жұныс, оқуды сылтау ғып кете барды.
Одан кейін Жұныс пен мен 1917 жылдың қысында кездестім. Оның
айтуынша, қыз бен ол менен кейін жолығып сөйлескен, бірақ бұл кезде
қыздың басы байланып, əкесі оны əлдекімге атастырып қойған.
Артынан сұрастырсам, М...ға құда түскен жер маған таныс боп шықты.
Күйеуді де мен білем: зор денелі, жалпақ, қара бұжыр бетті, жасы
отыздардан асқан, сақал - мұртын қырып жүретін, момын мінезді жігіт. Ол,
əрине, М...ның теңі емес...
1918
жылдың
күзінде,
Омбыға
оқуға
жөнелердің
алдында
Жаманшұбарға соғып, М...ға сөйлессем, күйеуінің кескінін көрмегенмен,
көрген жұрттың айтуына қарап, аса наразы екен. Бірақ, наразы болғанда
амал қанша!.. Қазақтың қай қызы күйеуге өзі сүйіп барып жатыр!.. Бұ да
соның бірі!.. Сондықтан, бұл жөнінде сөйлессем, мөлдіреген ж а сын көзіне
іркіп aп, оның айтары: «Тағдырдың жазғаны осы да!.. Оған амал нешік!..»
Мұңдасқан екеуміз Жұнысты еске алдық. Ол өткен көктемде туберкулез
ауруынан өлген екен...
— Мен оны ұнатқан да едім,— дейді ой-санасы бұл кезде ержетіп,
болашағын болжайтын халге келген М...— алғаш іркілген мені, артынан
тартындырған сырқаттығы і ана еді. Онымен бірге өлсем, арманым да
болмас еді. Міне, енді өмір бойы арманмен, жылаумен өтетін болдым!..
М...ның бұл қайғысына ортақтасып жазған мына бір өлеңім, бозбала
арасына тарап кетті:
Болғанмен ұл да адам, қыз да адам,
Қай қазақ деп санайды қызды балам.
Ұл туса ат ұстар деп, қыз — «қырық жеті»
Əкесі қуанды деп «мал алам».
Біреу кеп құда түсіп бесігінде
Жеткізбей бойын еркін өсіруге. —
«Қырық үйден қызға тыю» деп шешесі
Жат үйдің аттатпайды есігін де.
Он үште десіп қызды «отауға не»
Ұзатса, сиыр менен. сауып бие.
Күндіз, түн отпен кіріп, күлмен шығып,
Кетпейді қол мен беттен қара күйе.
Көңілден қайғы бұлтын айықтырмай,
Жасырып жұрттан бетін айыптыдай,
Егер де қылдан тайса қайын енесі
Сабайды басқа, көзге байып қылмай.
Санамен сарғаяды ауыр ойдан,
Сыбаға тию түгіл ойын, тойдан,
Қол сұқпай өз үйінің ыдысына,
Жалайды аяқ-табақ сарқыт қойған.
Үстіне таза кисе — «сəндендің» деп,
Дем алса «бой күйез боп пəлдендің» деп,
Жасынан «салды балақ, салақ қатын»,
Атанып күнелтеді «əлдекім» боп.
Бір сəрі сояда күйеу болса теңі,
Не кəрі, не өмірдің ол бір кемі.
Бой шықса, мойынына масыл дағы,
Сорының болғаны да табан елі.
Мінезі күйеуінің болса шадыр,
Күні-түні тепкілесе бермей дамыл.
Өмірден ол сияқты сорлы əйелге,
Өзі тар, өзі суық артық қабыр.
Сорлыға төз келмесе бір күн ажал,
Қорлықпен өмір сүріп қайтса ажар,
Атанып кəрілікте «мыстан кемпір»,
Жұрт одан жеркенеді көріп тажал.
Тұрады өмір деуге мұның несі,
Көрерің қай ауылға барсаң осы.
Осылай күн кешеді сорлы қыздың
Дəл жүзден санап тұрсаң тоқсан бесі.
Ендеше сұлумын деп мақтанба, қыз!
Сыланып тоты құстай бапталма, қыз!
Жүрегің кімді сүйсе соныменен
Ойнап-күл, сырды түгел ақтар да, қыз!
Секілді пішкен алма ажарлы, қыз!
Басыңа келген жастық, базарды, қыз!
Армансыз серуенді де, қайғыменен
Күтіп ал, одан əрі ажалды қыз!
Жастықта жанар гүлдей бола бер, қыз!
Жемісін жас өмірдің ора бер, қыз!
Қыз шақта қызғалдақтай қызықтырып,
Жазы өтсе, өмірінің сола бер, қыз!
Омбыға оқуға аттанғаннан кейін, мен туған ауылымнан хат алып көрген
жоқпын да, сондықтан, М...ның да не халде екенін білмейтінмін. Енді, 1919
жылдың күзінде Жаманшұбарға келіп білсем, Молдағазымен арасында
роман басталған екен, уəделері,— күзге қарай ұрланып Қызылжар кетпек
екен, бірақ ол ойларына жете алмапты. Баласының бұл қылығы құлағына
шалынған Нұртаза, онымен араздасып, «бұныңнан тиыл, əйтпесе енді
қайтып қарада бойыңды көрсетпе» деген кесімді сөзін айтыпты, əкесін
тыңдамауға Молдағазының батылы жетпепті. Сонымен, «жабулы қазан
жабуымен» тұнып тұр екен, қыз да, жігіт те уайымда. Молдағазының батыл
іске бара алмауына бір себеп,— денсаулығының əлсіздігі екен. Жөтелу
жəне жүдеу түріне қарағанда ол меңдеп алған екпе туберкулезі...
Жасыған Молдағазыны, мен қайрап өткірледім.
— Патшаның немесе Колчактың уақыты болса бір сəрі,— дедім мен,—
енді Совет өкіметі келіп, əйелге шын мағынасындағы бостандық берілгелі
жатқанда, өзің мұғалім бола тұра, сүйген қызыңды біреуге беріп жіберу, не
деген масқара!..
— Не істейміз сонда? — деді Молдағазы,— ауылда əлі Совет ұйымдары
құрылған жоқ. Ауылнай мен болыс —
Колчак тұсында сайланған байлар.
Олар біздің сөзімізді емес, əкемнің сөзін сөйлейді...
— Қасымыздағы Анновкада Ревком құрылды деп естідім,— дедім мен...
— Мен де естідім...
— Ендеше, əкеңе күш келмей жатса, сол Ревкомға барамыз да жəрдем
сұраймыз.
Молдағазы екеуміз осыған келістік те, Қызылжарға жүруге даярлана
бастадық, ойымыз — М...ды ала кету...
Кепті көрген Нұртаза, бізден қуырақ боп шықты. Біздің ау - жайымызды
байқаған ол, қыздың əкесіне сөйлеседі де, əуелі:
— Егер қызыңа ие бола алмай, менің балам алып кетті бар ғой, дау-
шарын өзің көтересің, мен саған болыспаймын. Құдаң дүмді жер. Ол
іргеңді түріп қойып шауып алады,— деп қорқытады.
Қыздың, зəресі кеткен момын əкесі:
— Не істе дейсің, сонда? — десе:
— Күйеуіңе хабар айт, жігіт жинап келсін де, жесірін алып кетсін,—
дейді.
— Сонда сен балаңа не бола аламысың? — десе:
— Сен қызыңа не болсаң, мен балама не болам,— дейді Нұртаза,—
қызды сен тырп еткізбесең, ұлымды мен тырп еткізбеймін. Ал, екеуі бірігіп
алса, оған Сəбит қосылса, күш бермей кетуі мүмкін. Бұлардың жұбын
қоспай, əрқайсысын жекелеп соғайық...
Осыған олар келіседі де, күйеуге астыртын түрде шапқын жібереді. Сол
хабармен, біз ертең жүреміз деп жатқанда, пар-пар ат жеккен, кейі салт
мінген күйеу мен қосшылары сау ете түсті...
Тыныс тарылып қалды. Анновкадағы Ревкомға баруға ешкімнің ат
беретін түрі жоқ, Нұртазадан қорқады. Түнде жасырынып кетуге, қызды
күйеу төз əкеткелі жатыр.
Не істеу керек?
«Суға кеткен тал қармайды» дегендей, басқа амал табылмаған соң, мен
Нұртазаның өзіне жалынуға ойладым.
Сөзімді «Кішкене ағалап» майда бастап келе жатыр ем, төркініне төз
түсіне қалған ол, «тоқтат!..» деп ақырып қалды да:
— Нені айтып келесің, өзің, басымды қатырып?..— деді тікіленіп,— сен
кісі боп атқа қонғанда, мен үшін қонайын деп пе ең?.. Жесір дауы дегенді
оңай көріп отырмысың, өзің?.. Құда да рулы ел. Ертең жесірінен
айырылып, барымтаға аттанатын болса, салмақ маған түседі, менің
жылқымды алады. Айдаладағы біреу үшін барымтаға ұшырайтын мені не
құдай алыпты?.. Басымды қатырма!.. Естіртпе сөзіңді!..
Жөн сөзге көнбейтінін көрген соң, мен қорқытам ба деген оймен:
— Кішкене аға, бұрынғы заман болса бір сəрі. Қазір Совет өкіметі орнап
жатыр. Оның қолға жедел алатын мəселесінің біреуі əйел теңдігі. Осы
қылықтарыңыз Совет өкіметінің құлағына шалынса абыройсыз қаласыз.
Өкімет бұл қызға теңдік əпермей қоймайды, — деп ем, Нұртаза
жұмсарудың орнына қатайып кетті.
— Ой - мəй, ал, қырғыза ғой мені, барып!..»—деп əуелі даусын кекете
шығарып, жымиып өтірік күліп алды да, онсыз да қатты даусын көтере
сөйлеп, үдеп кетті.— Қашан мені қызылдарға апарып қамап тастағанша,
осы отырған жеріңде көзіңді желкеңнен шығарайын ба, бəлем?..
Тапырайған кішкене мұрныңды жапырып жоқ қып жіберейін бе?.. Жоғал
көзімнен, жаның барда!..
Нұртаза мені ұрмақ боп ұмтылғанда арамызға арашашы боп əлдекімдер
түсе кетті.
— Шырағым, енді кет, бұл арадан! — деді арашашының біреуі. Жетпіске
келген көксау ағаңды сен түзетейін деп пе ең? Бір бет алған жағынан
қыңырайып қайтпайтынын білмейтін бе ең?
Ыза мен кек іште дауылдай борағанмен, қазір қолдан келер қайрат жоқ.
Ғасырлар бойы ауылды тұншықтыра басқан зорлық-зомбылық, өлмеуге
жанталасқан жыртқыш аңдай, Молдағазы екеумізді қапсыра, қатты тістеді.
Бұның соңғы тістеу екенін Молдағазы да, мен де жақсы түсінем, бірақ бұл
соңғы жара болғанмен, ауыр жара. Молдағазының жандай ғашығы, менің
жандай досым, жыртқыш аңдардың талап жеуіне түскелі тұр, оны қазір
құтқарар амал жоқ.
Біздің ауыр қайғымызды еліктегендей, кешеден бері аспанға түсін суыта
жиналған қара сүр іс,алың бұлт, мезгіл түске тармаса, дауылдатқан
екпінмен көшті де, қары мен жаңбыры аралас нөсерді төге жөнелді...
Нұртаза дегеніне жетті. Ашуымен атына мықтап мінген ол, нөсерлі
дауылдай бұрқанып «кəне, қарсы тұрып көріңдер, менің ісіме,
əуселелеріңді көріп алайын!» деді де, төпеп тұрған қарлы жаңбырдың
ішінде қызды со күні жөнелттіріп жіберді. Амалы құрыған Молдағазы
екеуміз, еріксіз қызды күйеу қосшылар шырылдатып арбаларына зорлап
мінгізіп жатқанда, көп адамның қолымызды ұстаған қоршаудан көзіміз
жаутаңдап қарадық та тұрдық.
— Бұл қылығыңыздың сазайын тартасыз, кішкене аға,— дедім мен
Нұртазаға, М...ды зорлап əкетушілер алыстап бара жатқанда,— баяғыдан
бері қыздың бақытын байлауда ұстағаныңызбен, енді ұстай алмайсыз!..
— Оны көзінде көрермін! — деп Нұртаза жүріп кетті...
Соңғы рет байлауда кеткен бақытсыз М...ға, сол күні Молдағазының
атынан шығарылған өлең мынау еді.
Жарқыраған аспанды
Қоршады қара - сұр бұлт,
Баяндап сұмдық дастанды
Қасқырдай желі тұр ұлып.
Күнде батты сол кезде,
Сəуле емес, шашып қан.
Көріне кірді ілезде
Өлімге қандай асыққан.
Зілдей ауыр салмақпен,
Аспанды алды түн қоршап.
Ұйықтамақ еді алып дем,
Қалжыраған жер шаршап.
Шүмектен құйған судай боп,
Төгіп кетті нөсер де,
Ашыды ми удай боп
Кездесіп сондай кеселге
Бұл не деген ауыр түн,
Тұншықтырар, апыр-ай!
Ойнайды бейне болып жын,
Сұрқияның батылы - ай...
Молдағазы екеуміз, М...ды бұл бұғаудан азат етуді алдымызға серт қып
қойдық. Бірақ, ол сертімізге жете алған жоқпыз. Біз Қызылжарға бара
үкімет
орнына
берген
арыз,
ревком
кешігіп
құрылған
ауылда
тексерілгенше, санадан сарғайған М... кешікпей қара жердің, мейрімсіз
құшағынан мəңгілік жай тауыпты.
|