Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет81/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

«АЛШАҢ БАС, ЖОЛДАСТАР,
АЯҚТЫ»
Мұғалімдердің, маслихатында баяндамашы,— Укомның секретары
Соколов екен. Маслихат ашылардан екі-үш күн бұрын ол аса бір тығыз
жұмыспен Омбыға шақырылады да, қашан қайтары мəлімсіздеу
болғандықтан, оның орнына баяндаманы Гозак жасамақ болады.
Баймағамбет Гозакпен өте əкей-үкей екен. Мен Қызылжарға келгенге
дейін ол Гозактың кеңсесіне де, пəтеріне де барып, сөйлесіп жүріпті. Менің
Гозакты көргім, сөйлескім келді. Бірақ, бұл кезде ол баяндамаға отырып
қалғандықтан, сəтін тауып жолыққан Баймағамбетке, «маслихат күндер!,
немесе, содан кейін» депті.
Төз жолығуға реті келе қоймаған Гозакты Баймағамбет маған сырттай
ауызша таныстырады.
— Ол,— дейді Баймағамбет,— 1894 жылы Украинадаңы ЛУЦК
қаласында, темір жол жұмысшысының семьясында туады. Тұрмысының
нашарлығынан ол теміржолшылардың техникалық бастауыш мектебін ғана
бітіріп, бірнеше жыл телеграф қызметкері боп істейді. 1914 жылы
басталатын 
соғыста 
ол 
армияға 
алынады 
да, 
сол 
қызметінде
большевиктермен байланысып, партия қатарына кіреді, содан кейін
солдаттар арасында революциялық үгіт таратады. Соғыс біте, ол туған
жеріне қайтады да, жергілікті Совдепті ұйымдастыруға араласады. Со кезде
революцияға қарсы петлюровшілдер оны абақтыға жабады. Абақтыдан
қашып шыққан Гозак Ровно қаласына барып, азамат соғысына қатынасады,
Совет өкіметін құрысады. Одан кейін партия оны Деникиннің ақ
армиясымен күрес ісін ұйымдастыруға жұмсайды. Сол қызметте жүріп
сүзекпен ауырады да, Москва больницасына кеп түседі. Одан жазылғаннан
кейін, Колчактың тылында революциялық жұмыс істеуге жіберіледі...
— Мен онымен осы істе жүрген шағында таныстым,— дейді
Баймағамбет.
— Қалайша?
Баймағамбет бұл əңгімені айта бастаса, өткен жазда, Балтабай аулында
жолыққан Қамза Жұнысовтың кеңесі боп шығады. Троицкий қаласынын,
қасында, Үй өзенінің жағасында, Алтын төбенің етегінде Қамза мен
Баймағамбет суға түсіп жүрген кезде көретін «Антонов» осы Гозак екен.
Қамза айтқандай, Баймағамбет оған əлденеше рет жолығып, қалада
жасырын қызмет атқаратын большевиктермен байланыстырып тұрыпты.


— Бірақ,— дейді Баймағамбет,— бұл байланыс ұзаққа созылған жоқ.
Əлдене бір предатель қаладағы большевиктердің сырын Колчак өкіметіне
жеткізіп тұрып, олар қапыда ұсталды.
— Сен де ұсталдың ба? — деймін мен үрейленіп.
— Жоқ,— дейді Баймағамбет күліп.
— Қалай?
— Мен жалғыз ғана большевикпен байланысты болдым, одан
басқаларын мен білген жоқпын, басқалары мені білген жоқ. Мен Гозакпен
сол большевикті ғана байланыстырдым...
— Ол большевик ұсталды ма?
— Иə! — дейді Баймағамбет күрсініп ап,— татар жігіті еді. «Уазифада»
бізбен бірге оқыған еді. Сол қаладағы жұмысшының баласы болатын.
Мектепті бітіретін еді. Кейін естуімше, өзге большевиктермен бірге, Колчак
оны да атып тастаған.
— Сен жайында ештеңе демеген - ау, тегі, саған Колчактың тимегені? —
деймін мен.
— Өзім де солай ойлаймын. Əйтпесе, мені де ұстап алар еді ғой.
— Əрине...
— Ал, Гозакты ше?
— Бір жаққа кеткенін немесе ұсталғанын білмей қалдық,— Гозак сол
кезде жоғалды. Содан кейін хабар-ошар болмаған одан, биыл октябрь
айынын, аяқ көзінде хат алдым. Ол хат мынау, деп Баймағамбет ішкі
қалтасынан конвертімен алып берген, уқаланыңқыраған хатты оқып
көрсем, сөздері төмендегідей екен:
«Құрметті Ізтөлин жолдас. Бұл хатты саған жазып отырған, өзіңнің
Троицкий тоғайында кездесіп жүрген танысың — Антонов. Шын аты-
жөнімді енді хабарлайын, мен— Владимир Иосифович Гозакпын. Одан
арғысын хаттан көр!..
Сенін, қайда екеніңді əлдеқалай біреуден естідім. Өткен жазда сен мені
жоғалттың. Мүмкін, Колчактың қолына түсіп, атылып та қалды деп
ойлауың. Ұсталған да, атылған да жоқпын мен. Колчак Троицкийдің
большевиктерін тұтқынға ала бастаған кезде, біз—бірнеше большевик
жасырынғамыз. Сол кезде, қазақтан шыққан қызыл партизандардың көсемі
жəне командирі Аманкелді Имановты, Торғай қаласында алашордашылар
қапысын тауып тұтқынға алыпты деп естідік. Біз — большевиктер
Имановты жаудың қолынан құтқарудың шарасын қарастырдық. Сол кезде,


Троицкий мен Торғайдың аралығындағы крестьян селоларынан Таран
дейтін қызыл партизан шығып, кедей жəне батрак крестьяндардан қызыл
отряд құрғанын естігеміз. Аманкелдіні жау қолынан бір құтқарса сол
құтқарады деген үмітпен арнаулы кісі жібердік. Таран біздің, хатымызды
алады да, қалың отрядпен Торғайға аттанады.
Аманкелдіні жəне жергілікті советтің бар адамын абақтыға жауып,
үкіметті қолына алған алашорда, Таранның келе жатқанын естиді де
сасады. Оны да алдап ұстаудың шарасын қарастырады. Бұл жұмысқа
алашорда Аманкелдінің «орынбасарын» жұмсамақ болады. Ол —
Аманкелдіні алашордаға ұстап берген сол шпион екен. Таран оны біледі
екен, өйткені, ол бұрын Аманкелдіден Таранға бірер рет хат апарып беріп,
Тараннан Аманкелдіге хат əкеліп, араларын жалғастырып жүрген екен.
«Таран сенсе осыған ғана сенеді» деп жориды алашордашылар. Сонымен,
орынбасар Торғайға жақындаған Таранның алдынан шығады да, «сіздің
келе жатқаныңызды естіп, батыр қарсы алуға жіберді, кішкене қалада орын
аз болғандықтан, бүгінше бастықтары ғана келсін де, отряды жақын
жердегі ауылға қона тұрсын деді» дейді.
Бұл сөзге сенген Таран, отрядын жақын ауылдарда қалдырады да, кейбір
басты командирлері мен өзі Торғайға келеді. Алашордашылдар оларды
ұстап алады да, сол түні Аманкелдіні де, жолдастарымен Таранды да
атады!.. Сондай, қапыда жасалған бір трагедия болды, Ізтөлин жолдас!..
Егер Таран алданбаса, алашорда адамдары сол түні Аманкелдіні де
өлтірмейді екен, өздері де қашады екен...
Сөйтіп, орыстың жəне қазақтың арасынан шыққан екі қызыл батыр,
қапыда қаза тапты!..
Сол хабарды естігеннен кейін, мен Орал тауының қалың ішіне кірген
Қызыл Армия жаңда еттім де, комиссарлық қызметке орналастым.
Колчактың тылынан мен жинап апарған материалдардың біздің армияның
операциялық ісіне көп жəрдемі болды.
Петропавлға біздің бөлім октябрьдің он үші күні келіп кірді.
Командование мені мұндағы ояздық Ревкомның қызметіне қалдырды.
Ревком іске кірісе бастады. Жұмыс, əрине, көп. Сол жұмысты атқарысатын
ұлттық кадр жоқ. Қызметке тартқан кейбір қазақ интеллигенциясының,
тексере келгенде түбі шикі боп шығып жатыр. Олардың кейбіреулері табы
жат — байдың балалары, кейбіреулері — алашордашылдар.
Сондай жағдайларын біле тұра, біз оларды сақтап отырмыз. Мүмкін
кейбірі іс үстінде түзеліп кетер, түзелмегендерінен біріндей құтылармыз.
Казіргі мəселе бұнда емес, қазақ еңбекшілерінің ішінен шыққан,
социализм құру ісіне белсене қатынасатын адамдар тауып, соларды
тəрбиелеу, өсіру. Осы істе, сенен жəрдем күтеміз. Қалаға төз келуің, керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет