Өмір мектебі. 1 кітап



Pdf көрінісі
бет79/107
Дата21.12.2023
өлшемі5,35 Mb.
#142380
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107
Байланысты:
mir-mektebi-sabit-mukanov 2

БӨЛТІРІКТЕР
Ауыр қайғыға кездескен Молдағазының денсаулығы мүлдем төмендеп
кетті. Мұндай халде оның жолға шығуына, өзгелер түгіл, ерте кетуді
тілеген мен де ақыл берген жоқпын.
Бірақ, бостандыққа талпынған оның көңілі, арманды сөздерін Совет
өкіметінің құлағына жеткізгенше тынар емес, сондықтан оны тастап
аттанар - аттанбасымды білмей сандалған маған:
— Аз күн шыда,— дейді Молдағазы,— мүмкін тəуірленермін. Егер,
сорыма қарай сырқатым меңдеп кетсе, он¬да, амал жоқ,— жүре берермін,.
Бұл сырқаттан аз ғана ілігіп, шанаға мініп жүруге жарадым бар ғой,— бұл
ауылда бір күн де тоқтамаймын...
Молдағазының тəуірленуін тосып жүрген осындай күндердің біреуінде,
«Тышқанбайдың Ахметітің үйіне, Мақыштың Есмағамбеті келіпті» деген
сөз естіле қалды.
— Қайдан келеді екен?
— Қызылжардан.
— Не жұмыспен?
— Советтің ауылнайлары мен болыстарын сайлайды дейді...
— Мынау бір жақсылық хабар ғой! — деп қуана елеңдей қалды Нұртаза.
— О неге жақсылық? — деп сұраушыларға:
— Бұл, қызылдар, байларды жек көреді дейтін еді ғой,— деп жауап берді
Нұртаза,— Есмағамбет бұл маңайдағы ең ірі байдың бірі—Мақыштық
баласы емес пе? Оны қызылдардың қызметке алуы жəне анау-мынау емес,
өзінін, ауылнайлары мен болыстарын сайлау сияқты ірі қызметке алуы,
байларға бұл — қызылдың да теріс қарамауы ғой... Ол бізге жақсылық емей
немене?
— Кім білсін,— деп күдіктенді біреулер,— Есмағамбет байлығының
үстіне өнерпаз жəне орысша оқыған дейтін еді, қызылдарға сол өнерімен
жағып жүрмесе...
Бұл хабарға мен де құлағымды түріп, əңгіменің анығын Есмағамбеттің
өзіне барып білгім келді.
Ахмет шаруасы шағындау, бірақ үй ішін, киім-кешегін таза ұстайтын,
ретті жерінде қонағасыға береген, біздің ауылдың пысықша, сөзуар, сортта


көбірек жүретін жігітінің бірі болатын. Əйелі Ақық та сымбатты, керікті,
таза, қырымпоз адамның бірі.
Ата жағынан Ахмет біздің Сыйбанға кірме, түбі — Қыпшақ ішінде —
Күрлеуіт, оның ішінде —Шырдай десетін. Естуімше, Есмағамбет те
Күрлеуіт руынан, Ахметтің үйіне ол бауыр көріп түсігі жүреді екен.
Есмағамбет туралы естігенім: əкесі Мақыш жасында кедейлеу боп,
бертінде байыған да, мал жағынан да, ақша жағынан да бір болыс
Күрлеуіттің алдына шыққан. Оның үш əйелінен тоғыз ұл туып, бəрі де
ержеткен, солардың бірі — Есмағамбет. Жасында орысша оқыған
Есмағамбет мейлінше өткір жəне пысық боп еседі. Сол кезде жиырма беске
жетпеген ол, үш əйел алады. Колчак тұсында ол Алашорданың ауылдағы
беделді адамының бірі боп, ауылдағы ауылдық жəне болыстық
сайлауларын өткізеді. Туған елінің маңына қызылдар жақындаған кезде, ол
саяси қылмысының ізін жасыру амалын қарастырады.
Ондай амалды табады. Қызылдар аулына жақындаған кезде алдынан
шығады да, Есіл өзеніне қарай ойыса қашып бара жатқан ақ армияның бір
бөлімшесі барын хабарлап, соны ұстап беруге əзірлігін білдіреді. Қызылдар
Есмағамбетті жол сілтеуге алады да, қашып бара жатқан ақтарды Есілге
қамап быт-шытын шығарады. Қызыл Армияның бұл бөлімшесіндегі
командир, Есмағамбеттің ауылына көршілес — Анновка селосынан
шыққан Дмитрий Ковалев деген кісі екен. Есмағамбеттің ісіне ол риза
болады да, жол көрсетуге Қызылжаға Дейін алып кетеді. Қызылжардан əрі
айрыларда, қолына «жақсы қызмет атқарды» деген справка береді. Осы
справканы пайдаланған Есмағамбет, Қызылжардың ояздық Ревкомына
барады да, инструкторлық қызметіне кіріп, ауылдық жəне болыстық
Ревкомдерді сайлаушы боп елге шығады. Оның инструктор болуында да
бірталай мəн барына кейін ораламыз...
Мен Есмағамбетті іздеп Ахметтің үйіне барған кезде жапалақтап қар
жауған боранды күн кешкіріп, дала бұлыңғырлана бастаған. Ахмет үйінің
алдындағы қоқтадан жасаған кеңірек шарбаққа кірсем, тымақты біреу
жалпақ ағаш күрекпен қар күреп жүр, оның қасында қалаша жақсы киінген,
басында қара сексеннен папахасы бар, оның маңдайына қиғаштай, айқара,
жалпақтығы үш елідей қызыл шүберек байлаған біреу тұр. Жақындап
келсем, тымақты — Ахмет, қасындағы қалаша киінген көркем кескінді,
сақал-мұрты жоқ жас жігітті ішімнен Есмағамбетке жорыдым. Оларға
қазақшалап сəлем бердім.
— О, Сəбит, аманбысың?—деді Ахмет маған қолын беріп.
— Есмағамбет Мақышов деген мырза осы,— деді ол маған, қасындағы
жігітті нұсқап.
— «Мырза» дейтін заман өткен,— деді Есмағамбет, сыпсыңдай шапшаң
сөйлеп,— ол байлар үстем боп тұрған көздің сөзі. Бұл заманның сөзі


—«жолдас».
— Манағы маған айтқан «Сəбит Мұқанов» деген жігіт осы ма? — деді
ол Ахметке.
— Осы бала,— деді Ахмет.
— Қайдағы бала?—деді Есмағамбет, маған жымия қарап,— қолақпандай
жігіт емес пе?
— Иə, саумысың, жолдас Мұқанов?—деп ол менің қолымды алды.
— Ал, енді, үйге кіріп сөйлесейік,— деді Ахмет, күрегін үйген қардың
үстіне шаншып, шай да даяр болған болар...
Шай үстінде кеңесіп көрсем, Есмағамбет жолшыбайғы елдердің бəрінде
Ревкомдарды ұйымдастырып та үлгерген екен, сонда, тағайындағандары
кім десем: Андағұл болысының Ревком председателі — Нұғман Қабылов,
Ырсай болысынын, председателі — Сүлеймен Сұрағанов, Еменалы
болысынын, председателі — Шаймолда Қаракетов, Смайыл болысынын,
председателі—Бек Жүкенов, Преснов болсының председателі — Сейтақ,
Көкенов, Таузар болысының председателі — Бірімжан Сəпин!..
Бұлардың мен біразын көргем, кермегендерін естігем,— бəрі де атақты
байлардың балалары жəне ата-бабаларынан бері болыс боп келе
жатқандар... Сондықтан, олардың Совет Ревкомына да председатель
болуына, мен іштей қарсы болам да Есмағамбетке əзірше сыр білдірмей,
күдікті ойымды анықтай түсуге бірнеше сұраулар берем:
— Тағы да неше болыстың Ревком председателін тағайындайсыз? —
деймін мен.
— Мен Петропавлдың ояздық Ревкомынан шығып отырмын ғой, —
дейді Есмағамбет, — бұл оязға қарайтын, алдымда тағы да төрт болыс бар:
Қанжығалы, Қаратал, Пресногорьков, Анастасьев.
— Онда кімдерді тағайындайсыз?
Менің бұл сұрауыма сақсына қалған кескінмен:
— Халық кімді ұнатса, соны тағайындаймын да,— дейді Есмағамбет.
— Сонда,—деймін мен, аздап кекетіңкіреген дауыспен,— сайлап
үлгерген Ревком председательдерін халық ұнатты ма?
Есмағамбет үлкендеу өткір қара көзін маған күлімсірете бір қарап қояды
да:
— Сен, жігіт, мені тексеруден саумысың? — дейді қалжыңдаған боп.


— Анығын білгім келгені де...
— «Ревком» деген сөзді түсінемісің өзің?— дейді Есмағамбет,
кескініндегі күлкіні жинаңқырап.
— «Революциялық Комитет» деген сөз ғой деймін...
— Рас. Оның мəніне түсінемісің?
— Революциялық істерді жүргізетін комитет болар деп ойлаймын.
— Революцияның өзі не?
— Патшаны, соны жақтайтындарды жəне байларды құлатып, кедейлер
мен жүмысшыларға бостандық берудің жолы ғой деймін...
Қонағын сыйлай ма, əлде оны, тілін қайыруға болмайтын бедел көре ме,
Ахмет манадан менің Есмағамбетке сұраулар бергенімді ұнатпай отырған
кескін көрсеткен, сол ойын ол енді ғана білдіріп:
— Сəбит, сөз емес сөздің керегі не?— Дейді кейіген дауыспен,— одан да
жай ойнап-күліп отырмаймысың домбыра тартып, өлең айтып? Таста, ол
сөзді! Нəзірдің домбырасын алдырайын, мына Есмағамбет мырзаға біраз
елең айтып қызмет қыл!..
— Бұл жігіт өлеңші ме?— дейді Есмағамбет.
— Ағып тұр,— дейді Ахмет,— бір түгіл екі түнге бой бермейді өлеңі.
Қиссаларыңды жатқа айтқанда, түп жоқ! Ақық,— дейді Ахмет əйеліне,—
əкелші, Нəзірдің домбырасын.
Есмағамбетпен кеңесе береміз. Шайын жинап домбыраға кеткен Ақыққа
еріп, қолына домбырасын ұстап Нəзір келеді. Тегі, ол Есмағамбетпен менен
бұрын көрісіп сəлемдескен болу керек, оған ештеңе деместен, маған
домбыраны ұсынады да:
— Дауысыңды сағынып қалдық, «Қамбар батыр» ма, «Алпамыс» па,
біреуін біраз ағыт! — дейді.
Домбыраны қолға алғанмен, тартпай, тек қолыма ғана ұстаймын да.
— Сонымен, қалай болады бұл?— деймін Есмағамбетке,— Совет
өкіметі байларға өш өкімет болуға тиісті, ал, сіз, оның ревком
председателіне елдің ылғи шонжар байларының баласын тағайындайсыз?
Дұрыс бола ма, осы?
Бұл сұрауға, Есмағамбеттің орнына Ахмет сасқалақтап:
— Қап, мына Сəбитті - ай! — дейді, ыза болған кескінмен, жан-жағына


жалтақтай қарап,— неменеге керек,— дедім ғой, мен саған, осы сөзің?»
— Бұл бір қызық сөз екен,— дейді Нəзір, көңіл аудара қап,— біз де
тыңдайық!..
— Бұл сөзді доғар, Сəбит! — дейді Ахмет, ауыл салтындағы ағаның ініге
өктем сөйлейтіндігін қолданып,— қонаққа дамыл бер. Отырсаң, ойын-
сауықпен ғана отыр, əйтпесе, жөніңді тап!
— Жоқ, өйдемеңіз, Ақа,— дейді Есмағамбет,— дұрыс сұрау, бұл
жігіттікі. Совет өкіметінің байларды жек көретіні рас. Бірақ,— дейді ол,
бетін маған бұрып,— революция бітті ғой енді, шырағым: февраль
революциясы боп патшаны тақтан құлатты да бітті. Одан кейін өкімет
басына байлардан Керенский мен Колчак келіп еді, Совет өкіметі Октябрь
революциясын жасап, оларды да құлатты. Қазір Россияның бар жерінде
Совет өкіметі орнады. Сонымен, Октябрь революциясы да бітті...
— Сонда, ендігі байларға қысым болмай ма?
— Е, бəсе! — дейді Нəзір менің сұрауыма сүйсінгендей.
— Болады, — дейді Есмағамбет,— бірақ революция бар да, қысым бар.
Революция — байлардың мал-мүлкін бақыртып отырып тартып ап, өзін
атып тастау деген сөз...
— Астапыралда,— дейді Ахмет жағасын ұстап...
— Ал, қысым,— дейді Есмағамбет,— байлардың мал - мүлкін еппен,
ақырындап, ұзақ уақытқа созып алу... Түсінікті ме?
— Бірақ, оларды, яғни, байларды, үкіметтің, басына қою емес қой бұл?
—деймін мен...
— Тіфу, мына Сəбитті - ай! — деп, ыза кернеген Ахмет жерге түкіріп
жібереді.
— Өй, көсе ит - ау,— дейді Нəзір Ахметке, құрдас боп қатты ойнайтын
дағдысымен,— сенін, қимаң неге қышыды байларға?.. Бес-алты жылқы
біткенге ме?.. Сен қай бір жетістікке жетіп ең патша мен байдың
заманында?.. Əкең Тышқанбай Есенейге өмір бойы атқосшы болып па?..
— Қойшы, Нəзір! — дейді Ахмет, өктемдеу сөйлейтін Нəзірге қатты
жауап айтуға бата алмағанда,— қояйық, Сəбит бұл кеңесті! — дейді Ахмет
маған қарап,— ал, желдірт, домбыраны біраз!.. Қосыла кет, сонан кейін!..
Одан арғы сөзге барғысы келмегендей, Есмағамбет те:
— Кейін тағы да сөйлесерміз, онда өлеңіңді айт! — дейді маған.


— Айтайын,— деймін мен, бірақ, кейінірек. Совет өкіметінің ауылға
шыққан өкілінен бірінші көріп отырғаным сізсіз, сондықтан ойға келген
сұрауды шешіп алғым келгеніне сөкпеңіз. Сонда, қалай болғаны бұл? Совет
өкіметінің қолдайтынын кедейлер, ал, Ревкомына сайланатындар —
байлар?..
— Рас-ау! — дейді Нəзір,— осыны мана менің де сұрағым кеп, сыйлы
қонақ болған соң мазаламайын деп ем, реті кеп қалған соң сұрайыншы,
қызылдың да болысы боп елді жеген обырлар сайлануы қалай?!..
— Қайда барсаңыз да алдыңыздан шығатын сұрау бұл! — деймін мен,
Есмағамбетке.
Не істерге білмеген Ахмет «қап!» деп санын соғады.
— Білем, алдымнан шығатынын,— дейді Есмағамбет,— бірақ, не істеу
керек, білгенмен қазір? Кедейден Ревком сайлайтын уақыт əлі жеткен жоқ.
— Неге?
— Сана-сезімі оянған жоқ əлі.
— Сіз де жоқты айтады екенсіз, мырза,— дейді Нəзір кейіп,— егер
мінгізсеңіз, қай кедей аттан құлап қалады деп отырсыз? Осы, мынау,
алдыңызда отырған Сəбит деген баланы мінгізіп көрші атқа тақымы қалай
жабысар екен, қалай шапқылар екен!..
— Негізгі мақсат осы, — дейді Есмағамбет,— бірақ оған əлі көп даярлық
керек. Ауылда кедейдің, өз белсенділерін жасап алғанша, бұрын ел
басқарып үйренген байлар үкімет басында отыра тұрса да ештеңе етпейді.
Қайда барады олар, ештеңе еткенде? Негізгі қазық берік, — ол — Совет
өкіметі. Байлардың басы сол қазыққа байланды. Өкімет оларды керегінше
пайдаланады да, керек емесінде, қисайта салады...
— Ол дұрыс қой,— деймін мен Есмағамбетке,— бірақ, баяғыда бір ақын
айтты деп есітіп ем:
— «Кей жігітті пысық деп болыс қойсан,, қашан түсіп болғанша жеп
бітеді»,— депті деп. Сол айтқандай, осы тағайындаған байларыңыз «қашан
түсіп болғанша жеп бітпесе?»
— Дəл қышыған жеріме тидің! — дейді Нəзір маған, күле сөйлеп.
Қонағын тағы да мазалай ма деп қорыққандай, Ахмет маған тік кеп:
— Өлең айтпасаң жөніңді тап,— дейді салқын қабақпен.
— Жақсы! — деп мен домбыраны іргеге сүйеймін де, орнымнан
көтеріле берем.


— Отыр, жолдас Мұқанов! — дейді Есмағамбет жылы ұшыраған боп.
— «Кет» дегенде ит те кетеді» демей ме,— деймін мен қалжыңды
кескінмен...
— Жоқты айтып!..— дейді, сөзге араласпай, ас-суын қамдап, ауыз
бөлмеге кіріп-шығып жүрген Ақық, күйеуіне адырая,— немене, асыңды
қызғанып отырмысың, қайнымды қуып?.. Отыра бер, шырағым,— дейді
Ақық, маған күлімсірей қарап, тағы бірнеше кісі келсе де жетеді ас!..
— Рахмет, жеңгей,— деймін мен, енді отырудың сəні жоқ деп ойлап,—
қалаға жүргелі жатырмын ғой мен, жұмыстарым бар еді.
— Бөгеме! — дейді Ахмет менен құтылғысы кеп.— Нəзір, сен отыр!
— Мен неге отырам?— дейді тік мінез Нəзір,— ас ішем деп пе? Өзің - ақ
іш, қызғанған асыңды!.. Ал, кеттік, Сəбит! —деп ол да көтеріле береді.
— Ертең тағы да жолығайық,— дейді Есмағамбет, маған,— кеңесетін
кеп сөздер бар.
— Оны көрерміз,— деп Есмағамбетке бас изеймін де шығып кетем.
Маған ере Нəзір де шығады.
— Басын естімей қалдым ғой сөздеріңнің,— дейді Нəзір маған, үйден
шыға, — не десіп отыр еңдер, өздерің?
Мен оған Есмағамбетпен арамызда болған кеңесті айтып берем.
— Қатырған екенсің! — дейді Нəзір риза боп,— маңдайға емес, көзге
соққасын, бəлемді!.. Атқан оғың өзіне тиген. Бұл да кедейді қан жылатқан
байдың баласы. Қара, иттің баласының, тонын теріс айналдырып киіп
қызыл бола қалуын!.. Барып тұрған ақтың өзі!.. Қызылжарға барсаң, айта
бар осыны!..
— Əрине, айтам.
— Ал, өзі бар ғой,—- дейді Нəзір, сөздерін шегелей айтып,— қорыққан
адамның бейнесін көрсетіп отыр. Бұрынғы заманы болды ғой, жаңағы
жерде ол сенің аузыңды қан жалатып, тұмсыққа қойып жібереді. Енді
момақансып, алдыңда байпаңдауын байқаймысың?
— Байқаймын,— дедім мен,— сол ненің, күші деп ойлайсың?
— Қызылдың! — деді Нəзір,—бұл қу жігіт. Байдың дəурені өткенін
түсініп, енді айламен күн көрмек. Қызылдар ол еркіңе қойса игі еді!..
— Менімше де солай,— дедім мен.


— Осыны айтасың ғой, Қызылжардағы қызылдың əкімдеріне?— деді
Нəзір.
— Əрине,— дедім мен.
— Сыпырт,— деді Нəзір, нық дауыспен,— қасқырдың бөлтірігінің
жамылған тонын!
Ертеңіне Қызылжардан Молдағазының атына мынандай хат та келіп
қалды:
«Ауыл мұғалімі жолдас Молдағазы Нұртазинға!
Петропавл оязында, патша үкіметінің қанішер генералының бірі —
адмирал Колчак басқарған ақтар өкіметі құлады, еңбекші халықтың қамын
ойлайтын Совет өкіметі құрылды. Біздің өкімет мұғалімдерді халықтың
досы санайды. Халқымыздың шаруашылығын жəне мəдениетін жоғары
сатыға көтеріп, еңбекші бұқараны қанаушы таптың құлдығынан құтқару
ісінде мұғалімдердің Совет өкіметіне жəрдемі көп. Бұл жəрдемге тарту
мақсатымен, біз ояздағы ауылдық мұғалімдердің маслихатын шақыруға
ұйғардық. Мəслихат 1919 жылдың 16 декабрінде болмақ. Соған сіздің де
қатынасуыңызды өтінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет