Петропавлдың ояздық ревкомының председательдік міндетін
атқарушы Гозак В. И».
Гозактың аты маған жылы ұшырай кетті. Молдағазыға мен оның қолы
қойылған пропусканы көрсеттім.
— Өте жақсы,— деді Молдағазы,— жүреміз енді.
— Сен сырқатсың ғой.
— Қарамаймын оған. Ауылда ауыр ойдың тұманына тұншығып жатып
жазылам ба мен, одан да бостандық туы тігілген Қызылжарға жетейін.
Көңілім де көтерілер онда, дəрігерлерге де көрініп емделермін де. Тəнім
сауықса оны көрермін, əйтпесе, ең болмағанда, жаным сауығып, дүниемен
армансыз қоштасармын.
Қар бұл кезде қалыңдап қалған. Естуімше, ауыл арасында жүргінші
əзірге аздықтан, соны қардан жол əлі түскен жоқ. Ондай жағдайда, екі жүз
елу шақырымдай Қызылжарға мен мініп келген жалғыз атпен жету қиын.
Осы жайды Нұртазаға айтуға батпай, шет жағалап оның үлкен баласы
Мырзағазыға айтып ем:
— Қайдам,— деді ол,— билік менде емес, шалда ғой. Молдағазы мен
екеуіңе ренжіп жүр ғой, сондықтан атты беру-бермеуіне көзім жетпейді,
дегенмен айтып көрейін.
Мырзағазы көңілсіз хабар айтты.
— Қисайған жағынан түзелмейтін қыңыр кісі емес пе?— деді ол кейіп.
— Өз дегені болмаса көнбейтін адам емес пе? Ат беру түгіл Молдағазының
өзін де жіберетін емес. «Егер тілімді алмай кетем десе, теріс батамнан
басқа түк те бермеймін» дейді, саған «үйіме бүлік сала бермей, баратын
жағына төз кетсін» дейді...
— Бұл жайды мен Молдағазыға айтып ем:
— Қарғаса қарғай берсін,— деді ол,— атын бермесе бер. месін, сенің
атыңмен амалдап жетерміз, ертең аттанайық.
Əкесінің қарғап-сілегеніне қарамай, ертеңіне Молдағазы менің шанама
мініп, Қызылжарға жүріп кетті. Жүзден аса жылқысы бола тұра, алыс
сапарға шыққан сырқат баласына көлік бермей, Нұртаза қасарған
қалпымен қалып қойды. Молдағазы мен Нұртазаның бұлайша қасарулары,
маған ескілік пен жаңалықтың келісімге келмейтін қасаруы сияқтанды.
Оппа қары тапталмаған, бірен-саран ғана шананың ізі түскен қысқы
ауыр жолмен жортып кетуге болмай, жалғыз атты біз, таяқ тастам жердегі
ауылдан ауылға қона, түстене, ақырындап жылжыдық та отырдық.
Осы бетімізде біз, оқушыларға жоғарғы бір тарауларда аты мəлім
Абылай хажының үйіне кеп қондық. Оның қыстауы сиректеу зəулім қара
ағаштың ығында екен. Өзге байлардай ол жалшы - жаугерлерімен
сапырылысып аралас отырмай, мал қораларының маңына бөлек қыстатады
екен. Үлкен екі ағаш үйлі, кең шарбақты Абылайдың өз мекенінің маңында
мінер аттарынан басқа мал тұрмайды екен.
Абылайдың Мұхамметжан дейтін інісі бар екен. Жасы со кезде елулерді
орталаған, биік бойлы, жуан денелі, селдір сақал-мұртты, етжеңді жалпақ
бетті Мұхамметжан, үнемі үй шаруасында отырған адам болғанмен,
Абылай алдыратын татар жəне түрік тіліндегі кітаптардың, журналдардың,
газеттердің, бəрін оқып отырады екен. Сондықтан, білетіндері кеп жəне
кеңесшіл... Бірақ кейде көбірек сөйлеп, аяғын мылжыңдыққа айналдырып
жібереді екен...
Ол былғарыдан тіккен үлкен кисетке толтыра салған махорканы алдына
қояды да, ширата шылымды үздіксіз бұрап, махорканың түтінін үздіксіз
сораптап бұрқыратады да отырады. Шылымның түтінін аузынан шайнай
шығарып отырып, кеңестен аузын жазбайды...
Ара-тұра Молдағазы мен менің білім мөлшерімді байқап алған ол, «мен
Ибнə-Fабриді де, Ибнə-Тəймияні де, Мұхаммедғабедүһуді де оқыдым» деп
əлдеқайдағы мұсылман ғалымдарын атап, алысқа созып кетеді...
Абылай інісіндей емес, жинақ. Ол ел-жұрттың «амандығы» сияқты
жалпылама сөздерден басқа, саяси мəселеге соқпайды. Біреулер біздің
көзімізше қызылдар жайын сұраса:
— Қайдан білейін мен,— деп жауап береді Абылай.— Істес болмаған
кісінің кім екенін қайдан білесің. Қазақта «құлақ естіген өтірік, көз көрген
рас» деген мақал бар. Сырттан біреуді біреу не демейді. Ел басқаратын
үкімет түгіл, жабайы адам,— бізді де біреулер «жақсы», біреулер «жаман»
демей
м.е?
Со
сияқты,
əр
өкіметті
де
жамандайтындар
мен
жақсылайтындар табыла береді. Совет өкіметін жақсылайтындар мен
жамандайтындар да аз емес. Өзіміз бұл өкіметтің не өкімет екенін əлі
көрген жоқпыз. Беталысын, ісін керейік, не десе содан кейін айтармыз.
Бұл жөнінде ол інісі Мұхамметжанды да сөйлеткісі келмейді, бірақ
мылжың Мұхамметжан ағасының басқа бөлмеге, не тысқа шығып кеткен
уақытын аңдып отырып, қызылдар туралы ойын айтып, жамандап қалады.
— Сəбит, сен не білдің?— деді Молдағазы маған Абылай үйінен аттанып
шыға бере.
— Нені сұрайсың?
— Абылай саяси мəселеден түк те айтпай, момақансыды да отырды ғой.
Сен сендің бе, сонысына?
— Е, сенбегенде ше?
— Сенің көзіңше қызылдар жөнінде ештеңе демеген Абылай, бүгін
таңертең мені оңаша шығарып ап, бірталай сөз айтты.
— Не сөз?
— Ол, саған сенбейтін сияқты.
— Неге?
— «Кең құрысса қалпына барады» дейді. Естіген - білгенін Совет
өкіметіне айтып қояды дейді.
— А, саған ше?
— Мені, тегі байлау адамның баласы деп, табы бірге деп сенеді ғой
деймін...
— Не дейді, сонда?
— Совет өкіметін жамандайды.
— Соған қарсы бол дей ме?
— «Болмау керек» дейді, «бұның қызметіне араласып, ішкі сырын білу
керек» дейді...
— Онымен не бітеді дейді?
— «Совет өкіметін қазір ешкім де құлата алмайды» дейді, «бұл ұзақ
күрестің жұмысы» дейді.
— Түбінде құлайды дей ме, сонда?
— Ондай үміті болмаса айтпайды да ғой. Бірақ, сол үміттің тетігі неде
екенін болжай алмайды. Бұл жөнде маған біраз тапсырмалар берді.
— Қандай?
— Қызылжарда өзі сенетін біраз адамдар советтің қызметіне кіре
бастаған көрінеді.
«Солармен сөйлесе кел, не істе дейтін ақылдарын ала кел» деп
тапсырды.
— Сен орындайсың ба, ол тапсырмаларын!
— Түкірдім, тапсырмаларына! — деді Молдағазы кейіп,— жүрсемші,
мен, Қызылжар мен ауылдың арасына контрреволюционерлердің сөздерін
тасып!..
— Сонда да, сүйенгені кімдер екенін білу теріс болмас еді оның.
— Оны бара көрерміз,— деді Молдағазы.
Қызылжарға Молдағазы аса жүдеп жетті. Ауылдағы оның жетелі
жолшыбай үдеп алды. Күндіз де жөтелден дамыл көрмейтін ол, түнде
булығып, кейбір кезде дем ала алмастықтай халге жетті. Ондай сағаттарда
«өліп кете ме» деген қауіп туды маған. Ақыры, Қызылжарға түнделетіп кеп
қонған күннің ертеңіне, оны мен ояздық оқу бөлімі арқылы қалалық
больницаға орналастырдым.
Оқу бөлімінін, бастығыңды мен алғаш көргенде - ақ тани кеттім.
Аласалау, талдырмаш бойлы, он, жақ иығын көтеріңкірей, сол жақ иығын
түсіріңкірей жүретін, жалпақтау, бүйрек бетті, тілі кекеш бұл жігіт өткен
қыс Омбыда бізге есептен сабақ берген, өзі Омбыдағы учительдік
семинарияның соңғы курсінде оқитын... Омбыдағы алашордашылардың
жиналыстарында тұтыға сөйлеп, болшевиктерді жамандағанын талай
естігем... Сондай адам, айналасы бірер ай өтпей, советтік оқу орнының
бастығы боп қалайша сайлана қалған?!.
Жұмысыма байланысты ояздық мекемелерді аралап көрсем, əлгі оқу
белімнің бастығы сияқты алашордашыл кейбір адам оларда да отыр.
Неге бұлай болу себебін маған Баймағамбет Зтулин түсіндірді.
Қызылжарда жолыққан оған, мен елде Есмағамбет Мақышовты, мұнда
тағы да бірнеше алашордашылдарды көргенімді айтып ем, күлімсірей
сөйлейтін ол, «қайтер дейсің» деген сияқты қалжыңмен, мені біраз ыза ғып
отырды да:
— Сен, Ғалауеттен Мəмековті білесің ғой? —деп сұрады түсін
байсалдандырып.
— Білем. Өгіз саудасын жасайтын еді ғой ол. Қызылдар жақындап
қалған кезде, жүзге жақын сауда өгізін айдап, ақтармен шығысқа қарай
кетті дейтін еді ғой.
— Қазір қайда екенін білемісің оның?
— тоқ...
— Қызылжарда! Өзіңнің туысын, Айтжанның үйінде жатыр!
— Қайдан келген ол?
— Ақтарға ерген ол, шығысқа қарай қаша берген. Шығыс жақта
«Шыңғыстау» деген жер бар ғой.— ақын Абайдың туған жері? Ғалауеттен
сол тұсқа жеткенде қызылдар алдын орап кетеді де, ілгері жүрсе қолға
түсіп қалу қаупі туады. Оның руы Уақ қой. Шыңғыстау бойында бірнеше
болыс Уақ бар екен дейді. «Қарға тамырлы қазақ» дегендей, сол Уақтың
ішінен Ғалауеттенге құдандалар, жекжаттар табылады. Ғалауеттен егіздерін
ақтарға сатады да, бір сандық ақшамен Шыңғыстаудағы жақындарының
біреуіне тығылып қалып қояды. Қасында өзіңе мəлім қу Досмағамбет пен
өз ағайыны — Шүйішпайдың Ибаты бар.
— Апыр-ай, ə! — дедім мен таңданған дауыспен.— Бірақ сонда,
ақтардың ақшасын неғылады ол? Өзі қашып баратқан өкіметтің ақшасы
бұған мүлік боп əжетіне жарай ма?
— Онысында мəн бар көрінеді,— деді Баймағамбет.— ақтардан ол
Колчактың да, Керенскийдің де ақшасын емес, Николайдың ақшасын
алыпты.
— Оны қайтеді?
— Николай түскенмен, патшашылдық қайтадан орнайды деп сенеді де,
əйтпесе неге алады дейсің.
— Онысы, жай сандалғандық қой, əйтпесе, алдақашан тұқымы құрыған
патшашылдық енді қайтып орнай ма?
— Əрине,— деді Баймағамбет,— менің айтайын дегенім ол емес, басқа:
Ғалауеттен со бетімен елге қайтып келе жатып, жолда Қарқаралыға соғады.
Қарқаралының алашордашыл жастары оның кім екенін білгеннен кейін,
қызық хабар айтады. Олардың айтуынша алашорда партиясының көсемі
Əлихан Бөкейханов Қызылжардан қашып келе жатқан бетінде Қарқаралыға
тоқтайды да, бір шеті Баян мен Кереку, мына шеті — Семей мен Аягөз, ана
шеті — Ақмола мен Көкшетау,— осы араның алашордашыл оқығандарын
жинап мəслихат жасайды. Маслихатқа жоғарғы Орал, Ақтөбе, Торғай,
Қостанай, Атбасар жақтан қашып келе жатқан алашорда адамдары да
қатынасады. Маслихатта Бөкейханов бір ғана мəселені айтады. «Ақтардың
осы қашқаны қашқан,— дейді ол,—осы жеңілгені жеңілген. Қызылдардың
осы жеңгені жеңген. Енді Россияның өз ішінде Совет өкіметін құлата
алатын күш жоқ. Бір үміт,— сырттан келетін интервенцияда. Бірақ, ол да
екіталай үміт, өйткені, Совет өкіметі жұмысшы, кедейге сүйенеді,
жұмысшы мен кедей мемлекеттің көпшілігі, көпшілік қуаттаған өкіметті
сырттан кеп құлату да оңай емес. Совет өкіметін құлату жолында жалғыз
ғана қолайлы əдіс,— осы өкіметтің өз жұмысына араласып, өз қызметін
атқарысу...» «Кім де кім Совет өкіметін құлатқысы келсе,— депті
Бөкейханов,— коммунист партиясына мүше боп кіру керек, жұмысына
белсене араласу керек, бірақ жұмысты қисық істеу арқылы ел ішінде совет
өкіметінің беделін түсіру керек, сөйтіп оны іштен шіріту керек. Бұл менің
ғана пікірім емес, советтік құрылысқа қарсы орыс интеллигенциясының да
пікірі. Олар өздерін «семеновеховцы» деп атайды, идеологтері профессор
Устрялов. Устряловшылдар іске кірісті. Біздің де іске кірісуміз керек. Кім
де кім алашорданы жақсы көрсе, «коммунист» болуға тырысу керек,
алашорда партиясының ұйымдастырушысы боп көзге түскен біз
сияқтыларды коммунист партиясы маңайына жолатпайды. Жолауға
мүмкіншілігі барлар,— көзге түспеген жастар. Ендеше, алашорданы
жоқтайтын жастардың бəрі коммунист партиясына төз кірулері керек...»
— Міне,— деді Баймағамбет, түйсінген түспен,'— Қарқаралыда
Баймағамбет жасаған маслихаттың мəн-жайы осы.
— Маслихатқа қатынасатындар не депті?—деп сұрадым мен.
— Не деуші еді,— деді Баймағамбет,— Бөкейхановтың бөлтіріктері емес
пе олар? Кəрі қасқырдың айтқан сөзін қабылдайды да, тапсырмасын
орындауға жер-жеріне тарайды.
— Осы мəселені Совет өкіметінің басқарушы адамдары біле ме? — деп
сұрадым мен Баймағамбеттен.
— Біледі, — деді ол,— мысалы елде жəне мұнда естіген, білген
əңгімелердің барлығын мен ояздық партия комитетінің секретары
Соколовпен, ояздық Ревкомның председателі Гозакқа айттым.
— Не деді олар?
— Біз білгенді олар да біледі екен. Олардың айтатыны: «қазір оларға
жаппай шабуыл жасаудың қажеті жоқ» дейді, бақылап отырамыз да, адал
қызмет атқарғанын сақтаймыз, арамын көзінде жоямыз» дейді...
— Оған дейін бөлен, алып кетпей ме?
— Қайда барады, бөлен, алғанда? Мəселе,— өкіметте. Өкімет біздікі.
Бізге жат адамды бақылап отыруға, түзелетінін тəртіпке шақырып,
түзелмейтінін жоюға біздің өкіметтің мүмкіншілігі толық жетеді...
— Сонда да, бұл қасқырлардан қорқам!—деймін мен.
— Қазір олар қасқыр емес,—дейді Баймағамбет, сөзінің аяғын тағы да
қалжыңға айналдырып,— тек, қасқырдың бөлтірігі ғана. Əкесі мен шешесі
жойылған бөлтіріктер қаруын қанша қиратар дейсің...
|