Жолдастық сəлеммен — Гозак».
— Түсінікті ме?— дейді Баймағамбет маған, мен Гозактың хатын оқып
боп қайтарып бергенде.
—« Түсінікті,— деймін мен.
— Орыс тілін шағындау білесің дегенім ғой,— дейді Баймағамбет
жымиып.
— Бұл хатты түсіну үшін, тілді көп білудің қажеті жоқ сияқты,— деймін
мен, мимен ғана емес, жүрекпен де ұғатын хат қой бұл.
Баймағамбет екеуміз, аз уақыт Аманкелді жайын əңгімелесіп кетеміз.
«Қазақтан сондай батыр шығыпты дейді... өзі барып тұрған кедейшіл
дейді... бай атаулыға қаны қас дейді... жүрегі тастан қайтпайтын берік
дейді... өзіне оқ өтпейді дейді, қылыш кеспейді дейді.... отқа салса
күймейді, суға салса батпайды дейді... жаудың мың қолына жалғыз шабады
дейді, кірген қолын шапқан шөптей отап шығады дейді...» деген сияқты
сөздер ел ішіне 1916 жылдың көтерілісі көзінде тарап кеткен.
Енді Баймағамбеттен естісем, Аманкелді Иманов, кедейден шыққан ер
жүрек жігіт екен, өзі мұсылманша жəне орысша хат біледі екен.
Аманкелді жасынан байларға қарсы боп өседі. Өшіккен байлар оны
ұстатпақ та, айдатпақ та болады. Патша өкіметі оны кеп жылдар бойына
қудалайды, бірақ көшпелі ауылдар оны жасырып, үкіметтің құрығын
мойынына іліктірмейді.
1916 жылы қазақ еңбекшілері екі жақты қанауға қарсы көтеріліс
жасағанда, бұрынғы Торғай облысында көтерілушілерге Аманкелді бастық
болады. Патша өкіметі көтерілісшілерді жоюға жазалау отрядын
шығарады. Күреске белін буған күресшілер отрядқа беріспей, кеп айлар
бойына соғысады. Осы қанды арпалыста, Аманкелді аса ақылды жəне
талантты əскер бастығы боп саналады... Кешікпей оның батыр аты бүкіл
қазақ даласына жайылып, барлық облыстан да көтеріліс жасаушылар
бұның отрядына көп қосыла бастайды. Сол жылдың күзіне қарай, оның
отрядындағы құрал көтерушілердің саны əлденеше мың болады. Аманкелді
басқарған қозғалыс, ұлт азаттығының қозғалысына айналады.
Осы бетінде Аманкелді большевиктермен байланысып, əуелі жергілікті
жерде февраль революциясын аяқтауда, одан кейін Октябрь революциясын
жасауда ерлік еңбектер атқарады. 1917 жылы қазақ даласында, советтік
қызыл туды бірінші рет Аманкелді көтеріп, Торғай қаласында Ревком
құрады, өзі Ревкомның соғыс комиссары болады.
Орал тауының шығыс жағы түгелімен революцияға қарсы — ақ
гвардияның қолына көшкен 1918—1919 жылдарда, Аманкелді құрған
Совдеп туын құлатпайды, жауға беріспейді...
Бостандық туын берік ұстаған Аманкелдіні күшпен құлата алмасына
көзі жеткен революцияға қарсы алашорда, оның отрядына шпиондар
жібереді де, солардың жəрдемімен, 1919 жылдың май айында, Аманкелді
қапыда
алашорданың
қолына
түседі.
Бұл
хабар
маңайдағы
большевиктердің құлағына шалынып, оларды құтқару жабдығына
кіріскенде жоғарыда Гозактың Баймағамбетке жазған хатында айтылғандай
қайғылы уақиға болады...
Мен бұл жайда өкінішті сөздер айтсам:
— Бұлай болмауы керек еді,— дейді Баймағамбет,— ал, болған соң
өкінгеннен түсер пайда жоқ. Тірі жүрген біздің міндетіміз: біріншіден,—
сондай ерлердің жаудан қанын қайтару болса, екіншіден,— олар арман
өткен істі жүзеге асыру...
— Сол істі жүзеге асырушы кім?— деп Баймағамбет маған сұрау береді
де, жауабын іле өзі айтып,— мына —- сен, мына — мен сияқты халық
арасынан шыққан адамдар!.. Əсіресе,— сен!.. Совет өкіметін, еңбекшілерді
құлдықтан құтқару десек, сол еңбекшінің бірі — сенсің!.. Ендеше, советтік
іске, ен, алдымен, сенін, белсене араласуын, керек.
— Ол үшін не істеу керек?
— Коммунист партиясына мүше боп кіру керек...
— Қазіргі шала сауатыммен бе?
— Сенің қашан білімді боп шығуыңа заман қарап тұра ма? Қызу күрес,
қызу істің заманы. «Көш жүре түзеледі» дегендей, білімді күреспен іс
үстінде аласың.
— Сенін, өзін, коммунистпісің,— деп сұраймын Баймағамбеттен.
— Емеспін,— дейді ол жымиып, тек, «тілектес» қанамын.
— О не деген сөз.
— Орысша «сочувствующий» деген сөз, яғни большевиктер партиясына
тілектестік. Тілектестіктің сыны алты ай екен. Сол уақытқа дейін өзіңнің
коммунист бола алатындығыңды ісіңмен көрсетсең, партияның, кандидаты
болады екенсің, тағы алты айдан кейін мүшелікке өтеді екенсің.
— Ойбо-о-ой,— деймін мен дауысымды созып.— Сыннан ұзақ уақыт
өткізеді екен ғой!..
— Енді қалай?— деді Баймағамбет,— партияға мүше болу деген,
еңбекші халыққа шын мағынасында саяси жетекші болу деген сөз. Ондай
міндетті көтеріп алып жүру оңай болып па?.. Ен, қиын міндет ол!..
Бұл міндетке байланысты, əдебиет мəселесін де кеңесіп аламыз. Бұл
кеңес Баймағамбеттің менен:
— Сен, осы елең шығаратын ен, ғой, баяғы менен айрылғаннан бері
қандай өлеңдер шығардың? — деп сұрауынан басталады.
Мен оған өлең жазған тетрадьтарымды көрсетем. Ол өлең атаулының
бəрін сабырмен, салмақпен оқып шығады да:
— Мұның бəрі өткен заманның зары ғана екен, мына — Совет заманы
туралы жазған ештеңең бар ма?— деп сұрайды.
— Əлі түсініп те жеткен жоқпын, несі туралы жазам оның?— деймін
мен.
— Түсінбейтін ештеңе жоқ. Ғасырлар бойы күштілерден зорлық-
зомбылық көріп келген халық бүгін бостандық алып, бақытты сапарына
беттесе, солардың бірі,— өзің болсаң, өлең жазуға осыдан артық
тақырыптың керегі не?
Баймағамбеттің сөзі көкейіме қона кеткен мен, «өзі осы тақырыпта
жазып жүрген болар» деген оймен, «егер жазса, жобасын көріп үлгі
алайын» деген оймен:
— Өзің не жаздың бұл тақырыпта?—деймін.
— Мен де көп жаза алған жоқпын,— дейді ол.
— Сонда да?..
— Мына біреулерді оқып көр!—деп, ол да маған қалық тетрадын
ұсынады.
Революция тақырыбына ол бірталай өлең жазып тастаған екен.
Солардың ішінен маған, төмендегі елеңі ерекше ұнайды:
Үш жылдай Россия жұмыскері,
Жау жүрек адал ниет қайраткері,
Астында қызыл тудың ұрандасып
Белсеніп түсті баймен күрескелі.
Күресіп бұл күнге шейін қажымастан,
Өткізіп қиыншылық күнді бастан.
Зорлықшыл қан сорғыштың көзін жойып,
Шын əділ социализм жолын ашқан.
Еркінше əр халыққа теңдік берді,
Заводты, фабрика, мүлкін, жерді.
Сансыз жыл еңбектеніп шаруа істеген —
Жалшы мен ие қылды жұмыскерді.
Сен де алдың бостандықты қазақ халқы,
Бауырлық, туысқанды, теңдік жалпы.
Баласы адамзаттың бірдей болып,
Қайтпастай өшірілді қорлық салты.
Зорлығы еске алсаң толып жатыр,
Ойнақтап үстімізді қылған тақыр.
Қан сорғыш қара жүрек залымдардың
Өмірінше қарашығы батты ақыр.
Қазағым, құлағын, сал, əбден ұғын!
Талай ер теңдік үшін болды шығын,
Талайға теңдік берген қызыл əскер
Батырды залымдардың қарашығын...
Ұнаған бұл өлеңді мен дауыстап қайта оқимын. Оған аздап
масаттанғандай:
— Қалай екен?-—дейді Баймағамбет жымиып.
— Жақсы екен!
— Қайдағы жақсы?'— дейді Баймағамбет,— көркемдігі жетпей жатыр
ғой мұның?
— Бұдан артық не көркемдік керек?— деймін мен,— əрі түсінікті, əрі
дұрыс!..
— Онымен ғана көркем болмайды,— дейді Баймағамбет,— жақын арада
Москвадан осында үгіт бригадасы келіп кетті. Арнаулы вагондері бар.
Ішінде артистер, жазушылар, əншілер, күлдіргілер... деген сияқты, неше
түрлі өнер иелері бар... Бəрі де орыс... Мен солармен таныстым да, орыс
ақындарының бірнеше өлеңін оқыдым. Əне, өлең деп соларды айт!..
Мазмұны да жақсы, түрі де көркем!.. Біздікі олай емес, мазмұны жақсы
болғанмен көркі жетпейді...
— Неліктен олай?
— Біздің біліміміз жетпейді. Орыс ақындары — мəдениетті. Көркем
өнер зор мəдениеттен шығады...
— Бізде жетпейтін нəрсе көп,— дейді Баймағамбет,— мысалы,—
революциялық əнмен айтатын өлеңдер. Бізде ен, алдымен революцияға
арналған əн жоқ. Ондай əнді туғызатын өлең жоқ...
— Орыста ше?
— Онда толып жатыр...
— Аздаған əншілігі бар Баймағамбет, маған орыстың сол кездегі кейбір
революциялық əндері мен өлеңдерін айтып береді. «Интернационалды» да
мен бірінші рет Баймағамбеттің аузынан естимін.
Ол айтқан елен, мен əндердің ішінен маған «Смело, то-варищи, в ногу»
ерекше ұнайды. Баймағамбетке мен оны қайталап айтқызам да, сөзін төз
қағып ала алмай, əніне ғана қосылып, бірер қайталағаннан кейін үйреніп
алам.
— Құлаққа өте қонымды əн екен,— деймін мен,— ауыл арасында айтып
жүруге. Əттен, осынын, сөзі қазақша болар ма еді?..
— Мен соны аударып көріп ем,— дейді Баймағамбет,— сен тыңдашы,
қалай естілер екен...
— Кəне, айтшы!..
— Жобасы ғана келмесе, дəл шығып жатқан жоқ...
— Сонда да?..
Баймағамбет аудармасын əнге қосып, ыңырсиды:
«Алшаң бас жолдастар аяқты,
Шынықтыр күресте жаныңды.
Асынып қару-жарақты
Жояйық жыртқыш залымды...»
Ол аудармасын аяғына дейін əндете айтып шығады.
— Орысшасымен салыстыруға күшім келмейді,— деймін мен,— ал,
қазақша маған өте түсінікті. Мынау өлеңді мен түгіл, сауатсыз қазақ та төз
ұғып алады...
— Онда жарар еді...
Мұғалімдердің маслихаты кешікпей басталды. Негізгі баяндаманы Гозак
жасап, оны ояздық партия комитетінің қасындағы «мұсылман секциясы»
аталатын бөлімнің меңгерушісі Шахизаман Зəбиров татаршалап шықты. Ол
татардың «мешер» (мичəр) аталатын тұқымынан екен, мешерлер «к,» мен
«ғ» əріптерінің орнына «к» мен «г» ні қолданып, «Қасым» деген сөзді —
«Қасым», «қағаз» деген сөзді —«қағаз», «қазақ» деген сөзді —«казак»,
«ғалым» деген сөзді — «ғалым» дейді екен; «с» орнына олар үнемі «ц» ны
қолданып, «үш» деген сөзді — «үш», «күш» деген сөзді — «күң», «үшінші»
деген сөзді — «үцынцы» дейді екен.
Шахизаманның өз басында екі өзгешелік бар, бірі — сөйлегенде, күліп
тұрған адам сияқты, екі ұртын кейін жиырып, үстіңгі ұзын, сирек тістерін
ақситып тұрады, екіншісі — сөзінің мəтелі,—«иптəшлəр, шушы күндə, шу-
шы сағаттан ғибрат, мин сізлəргə əйтіп, əйтиім». Осы мəтелін ол əлсін-
əлсін қайталап, тыңдаған адамды əрі күлдіреді, əрі жалықтырады.
Орыстың тілін де, мешердің тілін де шалағай білетін маған Гозак пен
Зəбировтың баяндамалары түсініксіздеу болар еді, егер мен, ол баяндаманы
күн бұрын оқып, толық түсініп алмасам.
Маслихат ашылардан бірер күн бұрын Баймағамбет менің пəтеріме келді
де, «Гозактың баяндамасы мынау» деп, қолыма машинкаға басылған
бірнеше тарақ қағаз ұстатты. Ол кезде жақсы қағаз да, жақсы машинка мен
машинистка да болмаған ғой деймін,—«ұйпаланған əлде не сары қағазға
басылған сөздердің əріптері қиқы-шойқы, жоғарылы төменділі, уақтылы -
ірілі, іркіс-тіркіс боп тұр. Бұлай басылған қағазды, орысша шала сауатты
мен түгіл, тəп-тəуір сауатты Баймағамбет те əрең оқиды екен. Оның
айтуынша, əріптердің шалағайлығымен қатар, кеп жерінде, грамматикалық
жағынан да қате басылған.
Баяндаманы Баймағамбет екеуміз қосылып оқыдық жəне бірнеше рет
оқыдық. Ен, соңында Баймағамбет маған, баяндамада не жазылғанын
түсінікті қазақ тілінде тағы да айтып берді.
Баяндамада Совет өкіметінің мəдениет мəселесінде, оның ішінде оқу
мəселесінде қолданатын саясаты біраз айтылғанмен, негізгі мəселесі —
коммуннистік партияның жалпы ұлт саясатын, оның ішінде оқу
мəселесіндегі саясатын сипаттауға құрылған екен.
Баяндамаға қарағанда, революциядан бұрын ұлттық мектебі бар орыс,
татар сияқты елдерде советтік мектепті құру, қазақ, қырғыз сияқты,
революциядан бұрын ұлттық мектебі жоқ елдерде құрудан əлдеқайда жеңіл.
«Мысалға орыс мектебін алсақ,— депті баяндамада — жеткілікті
болмағанмен, əзірге пайдалануға жарай тұратын үйлері бар, іріктеп ап
уақытша пайдалануға жарай туратын оқу кітаптары, оқу құралдары бар,
бастауыш, орта, жоғарғы мектептерге пайдалануға жарайтын мұғалімдері
бар...
Ал, қазақта, бұның көпшілігі жоқ: мектепке арналған үй, ілуде бір жерде
ғана болмаса, ауылдың басым көпшілігінде жоқ. Бірен-саран мектеп үйі бар
жердің өзінде де, ол мектептің маңында аз ғана үйі ауыл ғана бар, өзге
ауылдар бес үйлеп, он үйлеп, арасы жиырма, отыз шақырымнан, немесе
одан да алшақ жерлерде бытырап отыр... Ол бытыранды ауылдардан,
балалар қыс ішінде мектепке қалай барады? Пəтер жоқ, интернат жоқ...
Қазақ тілінде оқу кітабы да жоқ. Бастауыш мектепке арнап, соңғы бірер
жылда «Алашорда» басып шығарған азын-аулақ кітаптың əрі саны аз, əрі
идеялық мазмұны түгелімен теріс бағытта.
Қазақ мектептеріне баруға мүмкіншілігі бар мұғалімдердің көпшілігі
бұрын орыс жəне татар мектебінде оқыған қазақтар, олар, əрине, ұлт тілін
жақсы біледі. Жергілікті болмағанмен, олардың саны бірталай. Бірақ,
оқуды биыл бастап кету үшін, оларға ауылдан мектепке лайық үй тауып
беру керек қой, мектепке қажетті оқу кітаптарын беру керек қой.
Ауылдардың басым көпшілігінде ондай жағдай жоқ.
Осындай жағдайдың салдарынан, орыс, украин, татар, грузин сияқты
бұрын мектебі бар елдердің бəрінде де, Совет өкіметі орнай сала,
мектептер қызметіне кірісіп кетті. Ал, Қазақстанның барлық жерінде, 1919
жылдың күзіне қарай Совет өкіметі түгел орнағанмен, бірен-саран ауылда
ғана болмаса, ұлттық мектеп əлі ашылған жоқ... Ендеше, қазақ
ауылдарында ұлттық мектепті ашу үшін, биыл даярлық жұмысын жүргізу
керек: осы маслихатқа қатынасқан қазақ мұғалімдері ел - елге тарап,
халықты алдағы жазда мектеп үйін салу жұмысына үгіттеп даярлау керек.
Өкіметтен алдағы көктемнен бастап, ояз -оязда мұғалімдер даярлайтын
қысқа уақытты курстер ашуды, қазақ мектептеріне арнап оқу кітаптары мен
оқу құралдарын шығаруды өтіну керек...»
Баяндамада мектептерге, əсіресе, қазақ мекептеріне арнаулы бұдан басқа
да көп мəселелер айтылған...
Баймағамбетпен бірге отырып, осылайша, бақайшағына дейін шаққан
баяндаманы Гозактың жəне Зəбировтың аузынан айтылғанда, түсіну маған
аса қиын болған жоқ.
Көп мəселенің беті жарыс сөздерде ашылды. Ауыл - селодағы оқудың
тəжірибесі, қиыншылығы жəне міндеттері туралы ақыл-ой салатын көп
мəселелер айтылды. Советтік мектептерді, əсіресе ауылдық мектептерді
ашып, өркендету туралы, маслихат кең, көлемді қаулы алды.
Маслихатты бастан-аяқ табан аудармай тыңдағанда, менің басыма
келген ой,— көп жəне жақсы жұмыстар істелгелі тұр екен, бірақ, оның
көбі, əсіресе ауылда, өте зор қиыншылықпен іске асқалы тұр екен.
Маслихат көзінде орыс жəне қазақ тілінде, саяси темаға бірнеше
лекциялар оқылды. Ол лекциялардан, коммунист партиясының, Совет
өкіметінің шаруашылық мəселесінде, саясат мəселесінде, мəдениет
мəселесінде, жуық арада қолданатын шаралар айқын көрінді.
Маслихат «Интрнационалды» айтумен жабылды. Бұл əннің қазақша
тексті ол кезде жоқ. Орысша тексті ғана бар əнді Баймағамбет екеуміз
оңашада əлденеше рет қайталап, жаттап алғамыз, сондықтан жұмысын
театр үйінің кең, залында, лық толған адаммен аяқтаған маслихаттың залды
солқылдата
айтқан
зор,
күші
хорына
мен
де
қосылып,
«Интернационалдың» əнін де, орысша сөзін де бар даусыммен бөгетсіз
айтып тұрдым!..
Бізге «Интернационалды» Қызылжарда тағы бір рет айтуға тура келді.
Маслихат жабылған күннің ертеңіне, қағазды, орысша шала сауатты мен
түгіл, тəп-тəуір сауатты Баймағамбет те əрең оқиды екен. Оның айтуынша,
əріптердің шалағайлығымен қатар, кеп жерінде, грамматикалық жағынан да
қате басылған.
Баяндаманы Баймағамбет екеуміз қосылып оқыдық жəне бірнеше рет
оқыдық. Ен, соңында Баймағамбет маған, баяндамада не жазылғанын
түсінікті қазақ тілінде тағы да айтып берді.
Баяндамада Совет өкіметінің мəдениет мəселесінде, оның ішінде оқу
мəселесінде қолданатын саясаты біраз айтылғанмен, негізгі мəселесі —
коммунистік партияның жалпы ұлт саясатын, оның ішінде оқу
мəселесіндегі саясатын сипаттауға құрылған екен.
Баяндамаға қарағанда, революциядан бұрын ұлттық мектебі бар орыс,
татар сияқты елдерде советтік мектепті құру, қазақ, қырғыз сияқты,
революциядан бұрын ұлттық мектебі жоқ елдерде құрудан əлдеқайда жеңіл.
«Мысалға орыс мектебін алсақ,— депті баяндамада,— жеткілікті
болмағанмен, əзірге пайдалануға жарай тұратын үйлері бар, іріктеп ап
уақытша пайдалануға жарай туратын оқу кітаптары, оқу құралдары бар,
бастауыш, орта, жоғарғы мектептерге пайдалануға жарайтын мұғалімдері
бар...
Ал, қазақта, бұның көпшілігі жоқ: мектепке арналған үй, ілуде бір жерде
ғана болмаса, ауылдың басым көпшілігінде жоқ. Бірен-саран мектеп үйі бар
жердің өзінде де, ол мектептің маңында аз ғана үйі ауыл ғана бар, өзге
ауылдар бес үйлеп, он үйлеп, арасы жиырма, отыз шақырымнан, немесе
одан да алшақ, жерлерде бытырап отыр... Ол бытыраңқы ауылдардан,
балалар қыс ішінде мектепке қалай барады? Пəтер жоқ, интернат жоқ...
Қазақ тілінде оқу кітабы да жоқ. Бастауыш мектепке арнап, соңғы бірер
жылда «Алашорда» басып шығарған азын-аулақ кітаптың əрі саны аз, əрі
идеялық мазмұны түгелімен теріс бағытта.
Қазақ мектептеріне баруға мүмкіншілігі бар мұғалімдердің көпшілігі
бұрын орыс жəне татар мектебінде оқыған қазақтар, олар, əрине, ұлт тілін
жақсы біледі. Жергілікті болмағанмен, олардың саны бірталай. Бірақ,
оқуды биыл бастап кету үшін, оларға ауылдан мектепке лайық үй тауып
беру керек қой, мектепке қажетті оқу кітаптарын беру керек қой.
Ауылдардың басым көпшілігінде ондай жағдай жоқ.
Осындай жағдайдың салдарынан, орыс, украин, татар, грузин сияқты
бұрын мектебі бар елдердің бəрінде де, Совет өкіметі орнай сала,
мектептер қызметіне кірісіп кетті. Ал, Қазақстанның барлық жерінде, 1919
жылдың күзіне қарай Совет өкіметі түгел орнағанмен, бірен-саран ауылда
ғана болмаса, ұлттық мектеп əлі ашылған жоқ... Ендеше, қазақ
ауылдарында ұлттық мектепті ашу үшін, биыл даярлық жұмысын жүргізу
керек: осы маслихатқа қатынасқан қазақ мұғалімдері ел - елге тарап,
халықты алдағы жазда мектеп үйін салу жұмысына үгіттеп даярлау керек.
Өкіметтен алдағы көктемнен бастап, ояз -оязда мұғалімдер даярлайтын
қысқа уақытты курстер ашуды, қазақ мектептеріне арнап оқу кітаптары мен
оқу құралдарын шығаруды өтіну керек...»
Баяндамада мектептерге, əсіресе, қазақ мекептеріне арнаулы бұдан басқа
да көп мəселелер айтылған...
Баймағамбетпен бірге отырып, осылайша, бақайшағына дейін шаққан
баяндаманы Гозактың жəне Зəбировтың азынан айтылғанда, түсіну маған
аса қиын болған жоқ.
Көп мəселенің, беті жарыс сөздерде ашылды. Ауыл - селодағы оқудың
тəжірибесі, қиыншылығы жəне міндеттері туралы ақыл-ой салатын көп
мəселелер айтылды. Советтік мектептерді, əсіресе ауылдық мектептерді
ашып, өркендету туралы, маслихат кең, көлемді қаулы алды.
Маслихатты бастан-аяқ табан аудармай тыңдағанда, менің басыма
келген ой,— көп жəне жақсы жұмыстар істелгелі тұр екен, бірақ, оның
көбі, əсіресе ауылда, өте зор қиыншылықпен іске асқалы тұр екен.
Маслихат кезінде орыс жəне қазақ тілінде, саяси темаға бірнеше
лекциялар оқылды. Ол лекциялардан, коммунист партиясының, Совет
өкіметінің шаруашылық мəселесінде, саясат мəселесінде, мəдениет
мəселесінде, жуық арада қолданатын шаралар айқын көрінді.
Маслихат «Интрнационалды» айтумен жабылды. Бұл əннің қазақша
тексті ол кезде жоқ. Орысша тексті ғана бар əнді Баймағамбет екеуміз
оңашада əлденеше рет қайталап, жаттап алғамыз, сондықтан жұмысын
театр үйінін, кең, залында, лық толған адаммен аяқтаған маслихаттық
залды солқылдата айтқан зор, күші хорына мен де қосылып,
«Интернационалдың» əнін де, орысша сөзін де бар даусыммен бөгетсіз
айтып тұрдым!..
Бізге «Интернационалды» Қызылжарда тағы бір рет айтуға тура келді.
Маслихат жабылған күннің ертеңіне, орыс театр үйінде, қалалық
артистердің жəне өнерпаздардың үйірмелерінің күшімен концерт берілетін
болды.
Əн-күйге əуестігім бар маған, мұндай концертті көру үлкен қуаныш.
Бірақ, мен ол күні, одан өлшеусіз зор бір қуанышқа ие болдым.
Владимир Иосифович Гозакқа мен маслихаттан бір күн бұрын барып
жолыққан едім. Қасымда Баймағамбет бар. Мені тани кеткен ол, құшағын
жая қарсы алып, саяси жəне мəдениет мəселелері жайында ұзақ уақыт
сөйлесіп отырды да, менің биографиямды толық есітіп алғаннан кейін,
«партия қатарына неге өтпейсің?» деген сұрау қойды. Мен оған, коммунист
атын алып жүруге даярлығым жоқтығын айта бастап ем:
— Қате ұсыныс оның,— деді Гозак.— Партияға мүше болу үшін
профессорлық қажет емес, адал жүрек, шын ниет, белсенді іс қажет, өзге
олқылық іс үстінде толығады...
Бұл тақырыпта түсінігін ұзағырақ баяндаған Гозак, сөзіне арқау ретінде,
Лениннің Сухановке қайтарған жауабын айтты.
— Əрине,— деп бітірді Гозак сөзінің аяғын,— партияға адам біреудің
үгіттеуімен емес, өзінің сенімімен ғана кіруі керек. Коммунист аты бар
адамның міндеті,— еңбекші көпшілікке коммунист партиясының саясатын
түсіндіру, ал, коммунист болу-болмау ықтияры əркімнің өзінде.
— Жақсы. Ойланайын,— дедім мен.
Гозактан шыға ойланып көрсем, аз жасымда кешкең өмір жолым, мені
коммунистік партияның мəңгілік мызғымас, жеңімпаз туының саясына
əкеп тұр екен...
Баймағамбетке мен осы ойымды айтып ем:
— Міне, жігіт! — деп қуанып кетті.
Маған ендігі керегі — рекомендаторлар.
— Оған қиналма! — деді Баймағамбет,— бір рекомандацияны Гозак
жолдастың өзінен аламыз, біреуін тағы табамыз.
Сол күні Гозакқа барып шешімді сөзімді айтып ем, ол қуанышпен қарсы
алды да, бір рекомендацияны өзі беретін болды. Мен оған екінші
рекомендаторды қайдан табарымды айтып ем.
— Ол мына кісі болады! — деді Гозак қасында отырған, сөмпектеу ұзын
денелі, имек зор мұрынды, төменгі ерні салпылау, қоңырлау көзді, сақал-
мұртын қырған, сұрғылттау сары кескінді, шашын кейін қайырған, газет-
журналдарды қарап, Гозак пен менің кеңесіме қатынаспай отырған
мосқалдау жігітті күлімсіреген кескінмен нұсқап.
Жігіт көзін газеттен алып маған қарағанда:
— «Танысыңыздар,— деді Гозак екеумізге,— Сəбит Мұқанов,
Шахизаман Зəбиров.
Зəбиров екеуміз қолдасқаннан кейін, Гозак оған менің жайымды
қысқаша баяндады да, екінші боп рекомендация беруін өтінді.
— Жақсы,— деп Зəбиров сөзін к,ысқа қайырды да, Гозакпен қатар, өз
қолынан рекомендация жазды. Мен анкета толтырдым, арыз жаздым.
Қабылдау мəселесі, ояздық партия комитетінің президиумында қаралатын
болды.
Президиумда менің мəселем, мұғалімдердің маслихаты біткен күннің
ертеңінде күндіз қаралды. Кім екенімді Гозак түсіндіргеннен кейін, маған
жөнді сұраулар болған жоқ. Болған аз ғана сұрауларға, орыс тілін шалағай
білетін мен, терлеп-тепшіп əрең жауап беріп ем, сол мəжіліске қатынасқан,
өзім білетін алашордашылдың түсін бояп «коммунист» бола қалған біреуі,
«бұл білімімен қалай коммунист бола алады» деген күдік айтты. Оның
күдігін. Гозак пен Зəбиров қатты қайырып тастады.
Ол кездегі тəртіп солай ма, əлде, менің ертең ауылға қайтуым еске
алынды ма, ол арасы маған танық, менің қайран қалғаным: президиум
мүшелері менің партия қатарына тілектес боп өтуіме түгелімен қол
көтергеннен кейін, қызыл қатырма қағаздан тысты билет сол арада
толтырылды да, фотокарточкем жапсырылып, мөр басылып, қол қойылды.
Билетті маған Укомның секретары Соколов жолдас қолынан беріп:
— Құттықтаймын, жолдас Мұқанов,— деді қолымды қысып,— бұл
билетті таза сақтауыңа сенемін.
— Сендірем!—дедім, сезімім толқыған мен, дірілдеген дауыспен. Одан
артық сөз айтуға халім болған жоқ.
Қолыма берілген билеттің сыртына қарасам,— «Р. К. П. (б)» деген жазу
ғана бар екен. Оның «Россиялық Коммунист (большевик) партиясы» деген
сөз екенін білем жəне оның еңбекші халықты, бақыт жазы — коммунизмге
бастап апаратын партия екенін түсінем. Сол бастаушылардың қатарына
қосылуым маған зор қуаныш болуымен қатар, ішкі қалтама салған билет,
маған өзімнің жүрегім сияқтанып кетті. «Сені жүрегімдей сақтармын!» деп
іштей ант еттім мен.
Сол сөзімнің толқынымен пəтеріме қайтқан мен, жұртқа менің
шығармалар жинағымнан белгілі «Бостандық» деген өлеңімді жаздым.
Оның да қуанышы қойныма сыймай, жүгіре басып Баймағамбеттің
пəтеріне барсам, мені ол күтіп отыр екен. Менің партия қатарына етуіме ол
шектен шыға қуанды, өлеңіме де риза болды...
— Осыны, кешкі концертте оқисың,— деді ол.
— Сен ше?
— Мен де советтік тақырыпқа арналған өлеңдерімді оқимын.
Концерт салтанатты жағдайда, музыкамен ашылды. Бірінші бөлімінде,
орыс жəне татар тілінде революцияға, совет өкіметіне арналған өлеңдер
оқылды. Кейбірін авторлары оқыды, кейбірін — артистер... Қазақ тілінде,
жалғыз Баймағамбет қана өз өлеңдерін оқыды...
«Сен де оқисың» деген сөз құлағыма тигелі, алып ұшқан жүрегім
кеудеме сыймай қойған. Сахна сыртында кезегімді күтіп тұрғанда, безгек
болған адамдай, мен қалшылдап ұшып кете жаздағам...
Сондай халімді күлкі қылудан ба, əлде, жақсы оқыдым ба, мен бар
қуатымды бойыма зорлықпен əрең жинап, дірілдеңкіреген бар даусыммен
өлеңді оқып шыққанда, залда лық тола отырған қалың жұртың шапалақ
даусы ду ете түсті.
Сахнадан шығып кеткен маған, концертті басқарушы, «тағы да шық»
деп өтінді. Мен оған көнбеген соң, итермелеп шығармақ болды. Бірақ, мен
шықпадым, өйткені шығарлық халім да жоқ еді, неге екенін білмеймін,
жылап тұр ем!..
Концерттің музыкалық бөлімін залға барып тыңдадым. Басқарушы орыс
жігіті ойнақы, күлдіргі біреу екен. Сахнаға шығушыларды өте көңілді
басқарған ол, концерт жабылар алдында:
— Жолдастар!—деді зрительге,— бүгінгі жобалғы концертімізді екі
əнмен аяқтаймыз: бірі — «Интернационал», концерт сонымен бітеді: одан
кейін «Смело, товарищи, в ногу» бастаймыз да, театрдан кешеге соны
айтып шығамыз, көшелерді бойлай, сол əнді айтып тараймыз. Мақұл ма?
— Мақұл! —«деп ду етті зал.
«Интернационал» кешегіден де күшті орындалды... Одан кейін «Смело,
товарищиды» бастап, əскерше сапқа түзелген түрде театрдан шықтық...
Бұл — түн ортасы ауып, қала жатқан, шамдары сөнген көз, сондықтан,
төңірек жым-жырт. Айдың бұл жарық көзі, бірақ, со күні аспанды
қоршаған бұлттан себелеп қар жауып тұрғандықтан, даланың түсі —
көмескі бозамық...
Театрдан «Смело, товарищи...» қосыла шыққан халық, сол əнмен тымық
қаланы күңіренте, көше - көшені бойлап, топ-тобымен кетіп бара жатыр...
Баймағамбет екеуміз бір топта кетіп барамыз...
Əнге біз де қосыламыз, бірақ Баймағамбет орыс сөзімен, ал мен,— оның
аудармасымен: «Алшан, бас, жолдастар, аяқты!..».
|