БҰЛ СОВЕТТІК КУРС
Біз Қызылжарға келсек, курсқа қатынасатын адамдар жиналып жатыр
екен. Оған, сол кезде «Ақмола» аталатын губернияның төрт оязы:
Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Атбасардан үш жүзден астам курсант
жиналыпты.
Олардың бірталайымен мен өткен қыста болған маслихатта танысқам: ту
- ту Қызылжар мен Қостанай оязының арасындағы Қараоба болысынан,
өзіммен 1918 жылы Омбыда бірге оқыған татар Неғметолла Нұрғалиев те
келді... Обаған бойындағы «Қаршығалы Сыйбаны» аталатын елден, кейінгі
кезде прокурорлық қызметін атқарып кеткен, ол кезде ауыл мұғалімі
Қожахмет Бейсембин де келді... Аққу сақ болысынан Уақ руынан Зейнолла
Шүйішпаев та келді... Нұралы руынан, жасы қазір жетпістерден асып,
пенсияда отырған қарт, мұғалім Баймұрат Жақыпов та келді... Қантай
руынан, қазір «Баян» колхозындағы он жылдық мектептің мұғалімі боп
қызмет атқаратын, кеп жылдық мұғалімдік еңбегі үшін Ленин орденін
алған Хакім Иманов та келді... біздің «Ойдағы Сибаннан» маған бірінші рет
қазақша сауат танытқан, қазір «Жаңа жол» аталатын он жылдық мектептің
мұғалімі, кеп жылдық атқарған мұғалімдік еңбегі үшін Ленин орденін
алған Хамит Махмудов те келді.... Кебеше руынан, кейін Ұлы Отан
соғысынын, Ері атанған Баян Рамазанов та келді... Шағалақ руынан, қазіргі
Алматының жоғарғы мектептерінде философия ғылымынан советтік
мектепте отыз бір жыл қызмет атқарып, өткен 1950 жылы қайтыс болған
Ғали Мусин да келді... Андағұлдан өзімізге мəлім Қамза Жұнысов та
келді... Мұғалімдердің көпшілігімен сонда таныстық.
Біздің курс «Дом Романовых» аталатын үйде ашылатын болды. Оның
қасында бұрынғы реальное училищенің үйінде орыс мұғалімдеріне
арналған курс ашылды. Ол да екі айлық, оның оқушыларының тең -
жарасы əйел, ал, біздің курста бір де əйел жоқ!..
Екі курстың бір айырмашылығы осы болса, екінші айырмашылығы,—
орысша курске сабақ беретін адамдар көп, қазақша курсқа қазақ тілінде
сабақ беретін мұғалімдер жөнді жоқ. Соның салдарынан болу керек, біздің
курсқа педагогика мен қазақ тілі сабағын өзімізге мəлім байшыл - ұлтшыл
ақын Мағжан Жұмабаев беретін болды... Қызылжарға жақын жердегі
аулында
советтік
органдардан
жасырынып
жүрген
оны,
ояздық
мекемелерге орналасқан алашордашыл достары шақыртып апты. Бізге
сабақ беретін мұғалімдердің ішінде тағы сондай бірнеше байшыл -
ұлтшылдар бар...
— Бұ қалай? — дестік, біраз жігіт өзара күңкілдесіп,— алашордашыл
ұлтшылдардан, əсіресе, Мағжан сияқты, күні кеше Совет өкіметіне қарсы
өлеңдер жазып, Колчак өкіметі мен алашорданы мақтап жүрген адамнан
қалай оқимыз?!..
Ақылдаса кеп, бұл сұраудың жауабын Гозак пен Соколовтан алмақ
болдық та, пікірлес бірнеше жігіттің атынан, Баймағамбет, Қамза, мен —
үшеуміз Укомға бардық. Ол екеуі бірігіп отырып біздің сөзімізді түгел
тыңдап шықты да, жауапты Соколов берді.
— Басқаша мүмкіндік болмай отыр,— деді ол,— жоғарғы білімі бар,
совет тілегіндегі қазақ азаматын табу, əзірге оңай боп жатқан жоқ. Курстың
көпшілік сабағы қазақ тілінде жүруге тиісті, сондықтан ол сабақтарға қазақ
тілін білетін ғана мұғалімдер керек. Осы жағдайды ескере келіп, сіздер
атаған адамдарды пайдалануға тура кеп отыр. Кейбіреулер бұрын ұлтшыл
болғанмен, қазір коммунист екенін білесіздер. Өтірік коммунист па, шын
коммунист па, оны алдағы күннің сыны көрсетуге тиісті. Əзірге біздің
оларға сенбеуге хақымыз жоқ. Алдын ала біз Жұмабаевтың кім екендігі
туралы да тиісті ұйымдардан біраз мəліметтер алдық. Рас, ол бізге қолайлы
кісі емес, бірақ бұл оязда қазақ тілінен мұғалімдерге сабақ 'беруге
жарайтын бұндай жоғарғы білімі бар кісі жоқ екен. Осы жағдайды еске
алдық та, өзімен алдын ала сөйлесіп қабылдадық. Өзгелерімен де солай
сөйлестік. Егер, сіздер оған риза болмаса қыздар, орнына ұсынатын адамды
атаңыздар.
Біз ешкімді атай алмадық.
— Ендеше, — деді жолдас Соколов,— Жұмабаевты да, басқаларын да
пайдалану керек. Өздеріңіз, əсіресе коммунистер оны бақылап, Советке
қарсы пікіріне жол бермеулеріңіз керек. Ұлтшылдыққа ұйымдасып қарсы
тұру үшін жəне бұл жөнде мұғалімдердің арасында үгіт-насихат жұмысын
жүргізу үшін, курстың қасында партия ячейкасын құру қажет.
Ячейканың секретарьлығына тағайындалатын адамның партияға мүше
болу қажет екендігін мен сонда ғана естідім. Баймағамбеттің айтуынша
ондай мүше курсанттардың арасында жоқ екен. Бары: тілектестерден он
шақты адам, кандидаттан екеу, оның біреуі Баймағамбет. Осы жағдайды
естігеннен кейін, Соколов Баймағамбетке партияға мүшелікке өтуді, содан
кейін ячейкаға секретарь болуды ұсынды.
— О, қалай жолдас Соколов?—деді Баймағамбет,— устав бойынша
тілектестік сыннан алты ай өту керек те, одан кейін алты ай ,кандидаттық
сыннан өтіп, мүшелікке содан кейін алыну керек. Мен тілектестік
мерзімнің өзін де толық өтемей, төрт жарым айда кандидаттыққа ауыстым.
Оған ай жарымдай ғана уақыт болды, ендеше мүшелікке қалай өтем?
— Тілектестік те, кандидаттық та партиясын, сынынан ету үшін, яғни
осы адамның коммунистік бола алатындығына партияның көзі жету үшін
қажет,.— деді Соколов,— сізді тілектестік сыннан алты айды толтырмай
еткізген себебіміз, коммунистігіңізге көзіміз жеткендіктен жолдас Ізтөлин.
Қазіргі жағдай сіздің кандидаттық стажды толық өтеуіңізді көтермейін деп
отыр. Біздің мақсат — курске жиналған мұғалімдердің ішінен еңбекші
көпшіліктің арасынан шыққандарын жəне Советтік құрылысқа шын
тілектестерін партия қатарына тарту. Осы жұмысты ұйымдастыруға қазақ
коммунистерінен қолайлы кісі Укомның қарамағында жоғын өзіңіз керіп
отырсыз. Егер, сіздің кандидаттық стажыңыздың толуын күтсек,
мұғалімдер оған дейін тарап кетеді. Мүмкіндігі болғанша бізге олардың
біразын ауылдарына коммунист қып қайтару қажет. Ауылдарда партия
ячейкаларын құруға, бізге жəрдемшілер солар болады. Сондықтан, сіздің
мүшелікке ету шартыңыз толмағанмен, бұл мəселені Ояздық партия
комитетінің президиумы мəжілісінде арнаулы мəселе ғып қараймыз да,
сізді мүшелікке еткіземіз.
Баймағамбеттің қуланар алдында көзі күлімдей қалатын. Сондай
кескінге түсе қалған ол, Соколов пен Гозакқа кезек - кезек аз қарап отырды
да:
— Онда менің бір ұсынысым бар,— деді.
— Айтыңыз,.— деді Гозак пен Соколов қосынан.
— Тілектестік немесе кандидаттық стажы толмаған адамды мүшелікке
еткізу мүмкін болса, менің айтайын дегенім мынау еді: қазақта «жалғыз
қаздың үні шықпайды», деген мақал бар. Партияға бір мен ғана мүше боп
өткенмен, ячейканың ісі өркендемейді. Ячейканың секретары мен болайын,
басқа болсын, кім де болса оған жəрдемшілер, яғни бірнеше партия
мүшелері керек...
— Сонда сіздің ұсынысыңыз? — деді Соколов, Баймағамбеттің сөзін
бөліп.
— Менің ұсынысым,— деді Баймағамбет,— менімен қатар отырған
мына Қамза Жұнысов пен Сəбит Мұқанов жолдастарды да тілектестіктен,
кандидаттық стажсыз - ақ, партияға мүшелікке өтсе екен!
Соколов пен Гозак бір-біріне қарасып, аз үнсіз отырғаннан кейін:
— Жақсы, жолдас Ізтөлин,— деді Соколов,— бұл мəселені президиум
мүшелерімен ақылдасып көрейік, бізбен ертең хабарласарсыз.
Баймағамбет Қамза мен маған ертеңіне қуаныш хабар айтты.
— Тілектерің болды! — деді ол,— мүшелікке ететін болдыңдар. Қазір
Укомға барамыз, анкета толтырамыз. Рекомендацияларды Укомның өз
қызметкерлерінен
алатын
болдық.
Мəселеміз
Укомның
ертеңгі
президиумында қаралады.
Президиум мəжілісінен мен қуанып та, қорланып та шықтым.
Қуанышым — кандидаттық стажсыз, тілектестіктен тура партияға
мүшелікке өттім!... Қорлануым — президиум мəжілісіне Баймағамбет пен
Қамза сұрауларға да орысша іркілмей жауап берді, сұраулардан кейін,
партияға неге мүше болатындықтарын орыс тілінде түсіндіріп айтып
берді... Мен оның біреуін де істей алған жоқпын. Ол кезде мен, орысша
айтылған сөздердің жалпы бағытын аңғарғаныммен, егжей-тегжейін
білмеймін, өз пікірімді орыс тілінде қисындырып айтып бере алмаймын.
Сондықтан,
президиум
мəжілісінде
маған
қойылған
сұраулардың
көпшілігіне түсіне отыра, мен солардың біреуіне де қанағаттанарлық жауап
бере алмадым, кейбір жауабымда айтар сөздерімді біле тұра сасқалақтап
айта алмадым, соның салдарынан, өзге жұрт құп - құрғақ отырғанда, мен
моншадағы кісідей ағыл - тегіл терлеп, еріп кеттім. Менің осы жағдайымды
көргендіктен ғой деймін Қамза мен Баймағамбет сөйлеген қорытынды
сөздерді, Соколов маған айтқызған жоқ.
Омбыда оқыған қыста, əлдекімнің тетрадынан мен Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өлеңдерімен танысқан едім. Оның бір өлеңі:
Уаллаһи ант етемін алла атымен,
Орыс тілін үйренем һəм хатымен,—
деген сөзбен басталатын еді. Жатқа білетін бұл өлеңнің жаңағы екі
жолының мағынасына мен Укомнан шыққаннан кейін ғана түсіндім. «Алла
атымен» ант етпегенмен, Укомнан былай шыға:
— Бəке! — дедім мен Баймағамбетке,— баяғыдан бері оқыдым деп
жүргенімнің бəрі бос сөз екен. Не оқу ол, өз пікіріңді дұрыстап айта
алмаған?!..
— Е, сен қазақ тілінде қандай пікірін, болса да айта аласың ғой, оның
несіне өкінесің? — деді Баймағамбет.
— Ана бір жылғы хатыңда өзің айтқан едің ғой, Бəке, «дүние
ғылымының бар тетігі орыс мəдениетінде» деп: «Біздің ен, үлкен
мектебіміз — орыс мəдениеті» деген жоқ па ең, сол хатыңда? Сол зор
мектептің мына Қамза екеуін, ішінде екендіктеріңді, менің сыртында
екендігімді əлгі президиум мəжілісінде ғана айқын ұқтым. Көрерсің, Бəке,
менің, бұдан былайғы шұқшиятыным орыс тілі мен орыс оқуы болады...
— Өте жақсы,— деді Баймағамбет,— ол сенін, ғана емес. менің де, мына
Қамзаның да, біз сияқты бар адамның, да тілегі. Біз сенін, көзіңде ғана
білімді көрініп тұрмыз, əйтпесе, «орыс мəдениеті» аталатын үлкен
дарияның Қамза екеуміз де шеткі шалшығында ғана жүрміз. Сен сияқты,
біздің де оған тереңдегіміз келеді. Солай ма, Қамза?
— Əрине солай,— деді Қамза.
Ертеңіне осы пікірімді Гозакқа да айтып ем:
— Өте жақсы ой, ете жақсы мақсат,— деді ол,— бұл мақсатқа жетуіңе
мен сенемін, оған жағдай толық, ол жағдай — советтік құрылыс,
большевиктер партиясының басшылығы. Бірақ «оқу» аталатын кең
дарияны адам бір күнде немесе аз уақытта кеше алмайды. Ол дарияны
кешу үшін көп күндер керек, көп сарылып оқу керек. Мына өзің түскелі
отырған мұғалімдер курсы, сол алдағы ұзақ оқудың басы ғана. Əуелі осы
курсты ет. Содан кейін ауылда бірер жыл мұғалім боп қызмет атқар,
ауылдағы партия, совет жəне шаруашылық орындарының ісі күшеюге
жəрдемдес. Содан кейін орта мектепке барарсың, одан əрі жоғарғы
мектепке кетерсің...
— Ұзақ уақыт қой ол? — дедім мен.— Одан да осы бастан оқуға
жіберсеңдер қайтеді?
— Əрине, жіберуге болады — деді Владимир Иосифович,— бірақ, менің
саған айтар достық ақылым: əзірге мына курсты бітір де, бірер жыл қызмет
істе. Сабақ деген мектепте ғана емес, өмірде да бар. Ен, үлкен сабақ — өмір
сабағы. Əсіресе, қазіргі уақыттағы өмір сабағы. Ойлашы өзің: қазақ
ауылдарында Совет өкіметі жаңа ғана құрылып жатыр, партия ұйымдары
ауылдарда жоқ. Қазақ еңбекшілері Совет өкіметі дегеннің, коммунист
партиясы дегеннің не екенін əлі жақсы білмейді. Олардың осы мəселеде
көзін ашып, өз өкіметін, өз партиясын таныту мəселесі қандай тамаша!..
Сен ауылға мұғалім боп қана бармай, жаңағы айтылған мəселелерде
партияның үгітшісі, насихатшысы боп барасың. Бұл аса ардақты іс. Осы
іске бірер жыл араласып, өмір мектебінен де сабақ ап, одан арғы оқуың
сіңімді болады. Менімше, осы дұрыс.
— Мақұл,— дедім мен.
Курстың сабағы басталды. Қазақ тілінде оқылатын сабақтардың маған
оншалық қиындығы бола қойған жоқ, өйткені, мұнда ететін: есеп,
геометрия, география, жаратылыс сияқты сабақтардың бəрі де мен Омбыда
өткен сабақтардың мөлшерінде ғана. Маған ерекше көрінген екі-ақ сабақ
болды. Біреуі — «саяси сабақ», екіншісі — «қазақ тілі».
Орысша «Полит грамота», қазақша «Саяси сабақ» аталатын предметті
Шахизаман Зəбиров оқытады, өзі курстағы партия ячейканың мүшесі.
Оның
биографиясымен
таныссам,
Саратов
маңындағы
жұмыскер
семьясында туады, бала күнінде слесарьлық жұмысын атқарады, он сегіз
жасында солдатқа алынады да, бірінші империалистік соғысқа қатынасады,
майданда революциялық жұмысқа тартылады, 1917 жылдан қызыл
гвардеецтер қатарына кіріп, Қызылжарға тұрақтағанға дейін азамат
соғысында болады. 1918 жылдан партия мүшесі. (1919 жылдың күзінен
бастап Қазақстанда əр түрлі советтік жəне партиялық жауапты қызметтерде
жүрген жолдас Зəбиров, 1935 жылы өкпе туберкулезінен қайтыс болды).
Зəбировтің мешер екені жəне қалай сөйлейтіні бізге мəлім, сондықтан,
саяси сабақты бар ықласымен - ақ оқитын Зəбировтің сөзін түсіну маған да,
мен сияқтыларға да оңай болған жоқ. Дегенмен, ара-тұра бір сөзін ұқсақ та,
мен өзім тап тартысының біраз теориялық егжей-тегжейін, бірінші рет
содан естідім. Сондықтан, мен оны өле-өлгенше жақсы көріп, дос боп
кеттім.
«Қазақ тілі» аталатын сабақ екі жүйеге бөлінді: біреуі грамматикасы мен
синтаксисі, екіншісі — «Əдебиет таныту». Бұл екі сабақты да оқытатын —
Мағжан Жұмабаев.
Жұмабаевтың сабағын тыңдаушылар екіге жарылды: бір жүйесі —
қарсы, бұлар —көпшілік, енді бір жүйесі — жақтайды, бұлар — азшылық.
Екі жүйелі курсанттардың арасында кешікпей таластар басталды. Талас
көбінесе жатақ үйде болады. Күндіз оқумен шұғылданған курсанттар,
кешкі астан кейін клубқа арналған кең, бөлмеге жиналады да,
Жұмабаевтың сабағы туралы ғана емес, өзі туралы да пікір алысады.
Көпшіліктің айтуынша, ол революцияға қарсылық құралын тастамаған,
шамасы келсе, ұлтшыл -байшылдық ойын іске асырғысы келетін адам.
Азшылық бұған қарсы болғанмен, көпшіліктің дəлелі басым бола береді.
Біраз күннен кейін курсанттардың арасынан əдебиет жəне музыка
үйірмелерін құрушылар да шыға бастады. Менің ол үйірмелерге
қатынасуға сабақтан қолым тиген жоқ. Сонда, көбінесе айналдыратыным
—саяси сабақ. Бұл темада қазақ тілінде жазылған кітап ол кезде жоқ.
Оқитындарым орыс тіліндегі кітаптар. Оларды оқығанмен, шала түсінем,
қайталап оқимын жəне бір емес, əлденеше рет...
Курстың қасында құрылған партия ячейкасының бір мəжілісінде клубта
өтіп жататын сауық кештерінің жайы сөз болды. Бұл жөнде мəлімдеме
берушінің айтуына қарағанда, курсанттардың ішіндегі ұлтшылдар сауық
кештерін өз мақсаттарына пайдаланып, Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев
сияқты революцияға қарсы байшыл - ұлтшылдардың өлеңдерін декламация
ғып та оқиды, əндетіп те айтады. Тексере келгенде бұл сөздер рас боп
шықты. Бұндай сауық кешін жасаушылар, əрбір кештің программасын
Жұмабаевпен ақылдасып құрады екен, Жұмабаевтың өзі де сауық
кештерінде Советке қарсы өлеңдерін оқиды екен.
Сондай
кештердің
біреуіне
ячейканың
тапсыруымен
курстағы
коммунист атаулының бəрі де қатынасты. Бұл кезде олардың саны
жиырмадан астам боп қалған. Сауық кеші концерт сияқты боп өтті. Оған
келгендердің көбі қаладағы татар жəне қазақ байларының салтанатты
киінген қыз-келіншектері мен жігіттері... Араларында бірен-сарандап қара
сақал, бурыл сақалдар да жүр...
«Дом Романовыхтың» екі-үш жүз кісілік орны бар залына адам сыймай
кетті. Ұлтшылдық кертартпалық мазмұндағы дағдылы біраз декламациялар
мен əндер айтылғаннан кейін, Жұмабаев өзінің жаңада ғана бітірген
«ертегі» атты поэмасын оқыды. Поэманың мазмұны: қазір халық жауы мен
оның баласы Сыздықты дəріптеуге арналыпты.
Осы кештің ертеңіне, курстың қасындағы партия ячейкасы Жұмабаевты
бұдан əрі оқытушылық қызметте қалдыруға мүмкін еместігін дəлелдеп
қаулы алды да, бұл қаулыға Ояздық Партия Комитеті ризашылығын
білдіргеннен кейін, Жұмабаев оқытушылықтан босанды...
Курстың қасында қабырға газеті шығатын. Оның редакциялық
коллегиясында мен де мүше болатынмын. Укомның жоғарыда аталған
қаулысынан кейін шыққан номерінде, менің «Түсімде» дейтін фельетоным
басылды. Одан жыл жарым кейін— 1922 жылы 22 февраль күні «Еңбекші
қазақ» газетінің он бірінші санында басылған бұл фельетонный, мазмұны
Жұмабаевтың байшылдық сырын символикалық түрде əшкерелеуге
арналды. Бұл менің баспасөзде жарияланған бірінші еңбегім еді.
Енді өзімді өзім шамаласам, байқаймын,— саяси сауатым əлі де шала
болғанмен, бетім түзелген сияқты, тура курс алған сияқтымын, бұл —
большевиктер партиясының курсы, советтік курс!..
|