Он үшінші тақырып



бет20/21
Дата04.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#71537
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл күнде әлем руханияттың әлсізденуінің, адамгершілік пен парасаттылықтың төмендеуінің куәсі болып отыр. Парасаттылықты сақтау қазір бір елдің емес, бүкіл әлемдік проблемаға айналды. Табиғаттың қоршаған ортаның ластануы адам баласының келешегіне қандай қауіп төндіріп, бүкіл әлемді қалай алаңдатып отырғаны белгілі. Біздіңше, адамның қадір-қасиетінің басты өлшемін-қайнар көзін оның өз бойынан іздеу керек. Еңбегінің-мейлі ой еңбегінің, мейлі дене еңбегінің-құнымен адамның қоғамдағы алатын орны белгіленуі тиіс. Еңбектің сыбағалы салмағы оның иесінің қадір-қасиетінің өлшемі болуы қажет. Шынын айту керек, бұл күнде адам қадірі бұл өлшеммен есептелмей жүр. Соның салдарынан еңбектің-ой немесе дене еңбегінің бәрібір құны түсіп, инфляцияға ұшырап отыр.


Жеке адамның қоғамдағы орны оның байлығының мөлшерімен өлшенетін болды. Сондықтан да ақыл-ой арзандап, парасаттылық көненің көзіне айналып, архивтің сөресіне қарай бағыт алып барады.
Адам құны, оның сый-құрметі жеке басының әрекетімен, елге, әлеуметке жасаған қызметімен, өз қабілетін қаншалықты көпшілік игілігіне жұмсағанымен анықталуы қажет. Әркім өз орнында еңбегіне сай лайықты бағасын алуы керек. Оның абыройын, намысын аяққа басуға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл өркениетті елдердің бәрінің Негізгі Заңдарында атап жазылған.
Сонымен, біз қазақтың әдеп мәдениетінің реттеу тетіктері мен тарихи қалыптасуын қарастырып өттік және төмендегідей тұжырымдарға келдік.
1. Жұмыста қатал даланы игеруде шеберлік танытқан еуразиялық көшпелілердің адами нормалары тәңіршілдік сенімге негізделген қозғалыс пен белсенділік, төзімділік пен ашықтық, қанағатшылдық, кісілік пен елдік, т.б. ұғымдардан шығатының атап өтілді. Бұл құндылықтар хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар толғауында айрықша көрініс табады.
2. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің кеңістігінде адам тұлғасыздандырылған бос әлемнен гөрі, адамдандырылған Жарық Дүниеде, рухани қарым-қатынаспен қамтылған әлеуметтік кеңістікте өмір сүреді. Тікелей ауыз екі байланыс мәдени ақпараттың басты түріне айналады.
3. Тұлғалық және әлеуметтік қатынастарды реттеуде әдеп пен құқық шешуші роль атқарады. Өйткені өздерінің әмбебапты нормалары арқылы әдеп адам құқықтарының бастауын құрайды және еркін таңдауға мүмкіндік береді. Әдептік-құқықтық мәдениет адамдық ынтымақтастықтың түбегейлі негіздерінің қалыптасуына ықпал жасайды.
4. Номадалық мәдениетте қалыптасқан қазақтың дәстүрлі әдеп құндылықтарына қауымшылдық пен жеке адам еркіндігінің үйлесімділігі әдептің синкреттік мәдени әмбебаптылығы, кісілік қасиеттер мен адамның көңіл күйіне ерекше назар аудару, сөзге тоқтау, сұхбатшылдық пен ашықтық жатады.
5. Қазақтың дәстүрлі әдетінің әлеуметтік-мәдени және діни-рәміздік негіздеріне табиғатпен етене қатынастарды жүзеге асыруға бағытталған тәңіршілдік пен бақсылық, көшпелілік өмір салтына үйле-сімді қабылданған сопылық, трайбалистік ұстанымдарды шектеуге бағыт-талған ұлтжандылық пен елділік, әруақтарға табыну және осыдан қалып-тасатын постфигуративтік мәдениет, ырымшылдық және т.б. жатады.
6. Ұлттық құндылықтар тұрғысынан «Қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заман» ұзаққа созылмады, XVIII ғасырдан басталған қазақ қоғамының күйзелісі этномәдени тұтастықтың өзіне қауып төндірді. Осы тығырық уақытында Шоқан, Ыбырай мен Абай, олардың ізбасарлары, кейбір зерттеушілер жазғандай, этникалық санадан ауытқып маргиналдық ұстанымға ауысқан емес. Олар жаңа жағдайдағы қазақ әдебінің бүтіні мен кемістігін түгендегісі келді. Ескі дәстүр мен шайқалған құндылықтардың, рәміздердің, мұраттардың орнына қазақ зиялылары заман талаптарына сай жаңа бағдарлама ұсынғысы келді, архаикалық және бодандық діл мен санадан арылуға шақырды. Қазақ әдебі үшін негізгі бағдар мәдени қысым жағдайында ұлттық болмыс пен кісілік құндылықтарды сақтап қалу болды
7. Қазақтың әдеп мәдениетін төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
а) еуразиялық ілкі түркілік көшпенділердің әдеп мәдениеті;
ә) алғашқы түркілік мемлекеттердегі әдеп (оның Қарахандар еліндегі үлгілері исламдық өркениеттіліктен және дала демократиясынан нәр алып, қарапайым әдет құқығынан табиғи құқық деңгейіне дейін көтерілген);
б) хандық дәуірі кезіндегі әдеп;
в) отарлық мәдениеттегі әдеп (оның дәстүршілдік және маргиналдық бағыттарын атап өтуге болады);
г) тоталитарлық әдеп мәдениеті;
д) Қазақстан Республикасының әдеп мәдениеті.
8. Социалистік мәдениеттің рәміздік тұлғасы «шолақ белсендіге» маргиналдық, мәңгүрттік және партикулярлық белгілер тән. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында қайта жаңғырған қазақ әдебі өркениеттілік үлгілерін еркін таңдап, «жаңа мифтер мен елестерге» бой бермей, өзінің ұлттық идеясын құрып, шынайы құндылықтарын жетілдіре алады.
9. Вестернизация процесі батыстық емес елдерде негізінен интеллектуалды-технологиялық және бұқаралық мәдениет салаларында көбірек байқалып тұр. Батыс елдері Шығыстан рухани мәдениеттің кейбір формаларын қабылдап жатыр (рухани-мистикалық, эзотериялық ілімдер, дзэн-буддизм, суфизм, йога жүйесі, кришнаизм, шығыс жекпе-жек тартыстары т.т.). Сонымен бірге өздерінің теориялық және дүниетанымдық ұстанымдарын едәуір деңгейде байыта түсіп, ішкі ойлау дәрежелерін кеңейтуге мол мүмкіндіктер табуда.
10. Қазіргі Қазақстан үшін қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған мәдени құндылықтары (еркіндік, төзімділік, ашықтық, сұхбатшылдық, табиғатқа жақындық, балажандылық т.т.) жаңа жағдайларда діл, дін, тіл бірлігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұның өзі батыстандыру процесінің сыңаржақтылығын айқындап қана қоймай, салыстыру арқылы толыққанды жаңа қорытындылар негізінде философиялық жаңа қырларын ашуға және оларды дәйекті түрде негіздеуге кең жол ашады.
11. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық мәдениет үшін батыстандыру үрдістері амбивалентті болып келеді: нарық, демократия, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, тұлға еркіндігі сияқты Батыстың жағымды құндылықтары – бір жағынан және квази мәдениет, қарсы мәдениет, девианттық қылық, еліктеушілік, дәстүрдің құнсыздануы тәрізді теріс батыстық әсерлер – екінші жағынан. Ең дұрыс пайымдау бағыты ретінде екі жақтың да оң нәтижелерін біріктіріп, ортақ ғылыми қорытындыларын әлеуметтік-мәдени зерттеудің нысанына айналдыруды алу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет