Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

9
Ораза
Осы бұйрық, ауыз ашар мен ауыз бекітетін 
уақыттарға мұқият болуды баяндайды. Яғни, 
сәресіні кешіктіріп таңсәрі ағара бастағанда ішіп-
жеуді тоқтату және ауыз ашар уақыты кіргенде де 
дереу ауыз ашу иләһи бұйрыққа құрмет көрсетіп 
берілудің дәлелі. Бұған қайшы тұру сүннетке 
немқұрайдылық туғызады.
Ауыз ашарда қарын аш болғандықтан, көбінесе 
уақытында орындалып жатады, ал сәресіде тәтті 
ұйқыны қию қиын болғандықтан немқұрайдылық 
көрсетілуі мүмкін. Сондықтан бір кесе сумен бол-
са да сәресіге тұрудың маңыздылығын білдірген. 
Аллаһ Расулі (с.а.у.) былай деген: 
«Сәресіге 
тұрыңдар, өйткені сәресіде берекет бар»
(Бұхари, Саум 
20).
Ораза, 
адамзат 
баласын 
сабырлылық, 
байсалдылық және парасаттылық сияқты құнды-
лықтармен рухани кәмілдікке жеткізеді. Міне, 
сондықтан бұл ғибадат нәпсінің тоймайтын шексіз 
армандарына қарсы тұратын адамның абыройын 
асқақтатып, қасиетін қалыптастыратын қалқан.
Амалдардың құндылығын Аллаһ Тағала ғана 
бағалайды. Сондықтан Аллаһ Тағаланы әрдайым 
дәріптеп, өмірімізді Оның жолына арнауымыз 
қажет. Сонда ғана амалдардың ең биік дәрежесіне 
қол жеткізген боламыз. Адам баласы жерленгенде 
пәни өмірдің естеліктерімен ғана көміледі. Қабірде 
салих амалдардан басқасы пайда бермейді.


10
Ораза
Хадисте: 
«Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа 
оң жағында, ал ораза сол жағында болады»
- деп баян-
далуы осыны айғақтайды.
раМазаН – қҰраН айЫ
Қасиетті Құран Кәрім түсе бастаған бұл 
айды, Құран оқумен шұғылданып, Құран айына 
айналдырған жөн. Аллаһ Тағала: 
«Рамазан айы 
сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет