Ораза зекет Садақа


нұсқайтын және ақ пен қараны айыратын Құран



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

нұсқайтын және ақ пен қараны айыратын Құран 
түсірілді...»
- дейді 
(Бақара сүресі, 185-аят)
. Сондықтан, 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен саңлақ сахабала-
ры және олардың ізбасарлары Рамазан айының 
күндіз-түнін Құран оқумен өткізіп, оның терең 
мағыналарына бойлай білген. 
Бұл тұрғыда Аллаһтың елшісі (с.а.у.): 
«Аллаһтың 
кітабының тым болмаса бір әрпін оқыған адамға бір 
сауап, ал осындай әрбір ізгі іске он есе артық сауап жа-
зылады. Мен «әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтып тұрған 
жоқпын, «әлиф» бір әріп, «ләм» бір әріп, «мим» бір әріп»

- деген. Бұхари мен Мүслимнің «Сахих» атты 
хадис кітаптарында ибн Әнәстан (р.а.) мынадай 
риуаят жеткізілген: «Пайғамбар өте жомарт адам 
еді. Ал, Жәбірейіл (аләйһис-сәлам) келіп Құран 
үйреткен Рамазан айында қолы тіптен ашылып 
кететін. Жәбірейіл оған Рамазан айының әрбір 
түнінде келіп тұрды». Осылайша біздің Пайғамбар 
Рамазанның әрбір түнінде Құранды оқып үйренді. 
Мәселен, имам Мәлик Рамазан басталысымен 


11
Ораза
өзінің барлық ғылыми жұмыстарын жиып тастап, 
Құран оқуға кірісетін. Имам Суфян әс-Саури де 
солай істеген. 
Исламның бірқатар ғұлама-ғалымдары ғибадат 
кезінде намазға тұрғанда кейбірі әрбір үш күнде, 
кейбірі әрбір жеті күнде, ал енді біреулері әрбір он 
күнде Құранды басынан соңына дейін толық оқып 
шыққан. 
Егер мұсылман күндіз ораза тұтып, түнгі 
уақыттарда Құран оқыса, қиямет күнінде оны 
қорғайтын және оған кешірім беруді өтінетін, тозақ 
отынан сақтайтын екі жақтаушысы болады. Олар 
– ұстаған оразасы мен оқыған Құраны. Хадисте 
былай риуаят етіледі: «Қиямет күнінде Аллаһтың 
құлына ораза мен Құран араша түседі. Ораза айта-
ды: «Тәңірім! Мен оны күндіз ішуден және жеуден 
тыйдым». Құран айтады: «Мен оны түнде ұйқыдан 
қалдырдым, сол үшін оған араша түсемін...». 
Олардың өтініштері қанағаттандырылады. 
Аса қымбатты мұсылман бауырлар! Рамазан 
айында Құран Кәрімге жүгінейік, оған барынша 
жақындайық, рақаттанып тыңдайық, мейірлене 
оқиық және ондағы үкімдер мен қағидаларды әрбір 
ісімізде басшылыққа алып отырайық. Сөйтіп, 
ақырет күнінде оның біздің әрбірімізге жақтаушы 
болуын және құдіретті Аллаһтың кеңшілігімен, 
күнәларымызды кешіруін, тозақ отынан алыстату-
ын үміт етіп сұрайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет