Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

15
Ораза
сұрайық, бір өзі мың айдан артық, яғни бір 
адамның ғұмыры іспетті сексен үш жылға тати-
тын, тағдырымыз айқындалатын Қадір түнінде баға 
жетпейтін сыйлыққа ие болуға ұмтылайық! 
Айша анамыз (р.а.), Пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) Қадір түнінде Аллаһ Тағалаға қалай 
жалынып-жалбарынуды үйретуін сұрайды. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) мынаны айт деп үйретті: 
«Уа, Жаратқан Ием, Сен – кешірімдісің, кешіргенді жақсы 
көресің, мені жарылқай гөр!»

Құдіретті Аллаһ сол күнге жеткізсе, Қадір 
түнінде таң рауандап атқанға дейін құлшылық 
етейік. Сол бір орасан қасиетке ие Қадір түнінде 
көктен Жәбірейіл (а.с.) бастаған періште жер беті-
не түседі, олар әрбір тұрған, отырған, құлшылық 
жасап жатқан мұсылманның дұға, тілектерінің 
қабыл боларына кепілдік етеді. 
раМазаН СЫйЛайтЫН қОС қУаНЫШ
Аллаһ елшісі (с.а.у.): 
«Ораза тұтушының екі 
қуанышы бар. Бірі – аузын ашқанда, екіншісі – Аллаһтың 
құзырына барғанда»

(Риядус-Салихин, Сахих Мүслим)

деген. Бірінші қуаныш ақшам намазын хабарлап, 
азан шақырғанда болады. Ораза тұтушы күні бойы 
өзіне тыйым салынған нәрселердің барлығына 
рұқсат есігінің ашылғанын түйсінеді. Адам өзінің 
табиғатында ішіп-жеуге, сынақ үшін берілген түрлі 
қызықтарға құмартуға бейім келеді. Сол себепті, 
ораза ұстаушының қуанышында шек болмайды. 


16
Ораза
Өйткені, біріншіден, ол таңнан күн батқанға дейін 
шөлге, аштыққа шыдап, басқа да қызықтардан 
өзін тыйып ұстап, Аллаһ Тағаланың ризалығына 
бөленді. Шексіз ұлық Аллаһ оған күндіз күш берді, 
қуат берді. Ақшам намазына азан айтылуымен, 
басқа ешкім емес, тек Аллаһ қана оның мойнынан 
тыйым салған нәрселерін алып тастады. Ораза 
тұтушы тек бір Аллаһтың әмірімен ғана ауыз 
бекітеді және Оның әмірімен ғана аузын ашады. 
Екінші қуаныш, сөзбен айтып жеткізе ал-
майтын, ақылмен ұғынып болмайтын орасан зор 
қуаныш! Ораза тұтушының ол қуанышы Қиямет 
күнінде Аллаһ Тағаланың құзырына барғанда бо-
лады, ол өзін күткен ғажап сыйлыққа тап болады. 
Аллаһтың елшісі: 
«Адам баласының жасаған барлық 
амалдарының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін ар-
тып отырады
. Аллаһ Тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет