Ораза зекет Садақа


қҰЛШЫЛЫқ пеН ЖаЛБарЫНУ айЫ



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

қҰЛШЫЛЫқ пеН ЖаЛБарЫНУ айЫ
Пайғамбарымыздың (с.а.у.): 
«Кімде-кім Ра-
мазан айында құлшылықта сергек, соған сай сенімі 
мен үміті берік болса, бұрынғы күнәларының бәрі де 
кешіріледі»

(Риядус-Салихин, әл-Бұхари)
- деген хадисін 
негізге ала отырып осы Рамазан айының түндерін 
сергектікпен, тек бір Аллаһ Тағалаға ғана бас иіп, 
тағат-ғибадатпен (Намаз және Құран оқумен) 
өткізейік. Бұл айдың әрбір түнін қадірлей білейік, 
босқа өткізіп алмайық, әсіресе Қадір түнінің, яғни 
тағдырымыздың айқындалатын түнінің қасиетінен 
құр қалмайық. 
Рамазан айының түндері жылдың барлық 
түндерінен артық, ал Қадір түні – аса қадірлі ерек-


14
Ораза
ше бір түн. Аллаһ Тағала бұл түнді басқалардан 
айрықша етіп, бұл түні Құран Кәрімді түсіріп, ора-
сан зор қасиет дарытты, бұл түнді мың айдан артық 
қылып, ерекше маңызға ие етті. Бұл туралы Аллаһ 
Тағала: 
«Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік. 
(Мұхаммед), Қадір түнінің не екенін білесің бе? 
Қадір түні мың айдан қайырлы. Періштелер және 
Жәбірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бой-
ынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, 
таң атқанға дейін жалғасады»
, - деген 
(Қадір сүресі, 
1-5 аяттар)

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) саха-
баларына Қадір түнін құлшылықпен, Аллаһты 
мадақтаумен, Оған жалынып-жалбарынумен, 
күнәларына кешірім сұраумен, Құран оқумен 
өткізуге шақырып, тағдыр айқындалатын түнді 
ғибадатпен өткізсе, Аллаһтың пендесінің бұрынғы 
барлық күнәларын кешіретінін атап айтты: 
«Кім 
Қадір түнін нық сеніммен, соңының қайырлы болаты-
нына үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі 
кешіріледі»

Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің 
бірінде. Ол туралы хадисте былай делінген: 
«Ол – 
Рамазан айының соңғы он түнінде: 21-і не 23-інде, 25-і 
не 27-сінде, 29-ы немесе Рамазанның соңғы түнінде»
(Сахих әл-Бұхари).
Олай болса осы түндерді ерек-
ше ыждаһатпен өткізуге дайындалайық, барын-
ша сергектік танытып, аса мәртебелі Аллаһты 
мадақтайық, 
жалынып-жалбарынып 
кешірім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет