Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
12
Ораза
МейІрІМдІЛІк пеН қайЫрЫМдЫЛЫқ 
айЫ
Бұл айдың қадір-қасиетін сөзбен айтып жеткізу 
мүмін емес. Бізге жеткен хадистерде: 
«Аллаһтың 
елшісі (с.а.у.) шексіз бір қайырымды адам еді. Әсіресе, Ра-
мазан айында ол тіпті жомарт болып кететін-ді...»
, - 
делінеді. Мейірімділік пен қайырымдылық айында 
баршамыз осы қасиеттермен көрінейік. Өйткені 
шексіз ұлық, шексіз мейірімді, шексіз Рақымды 
Аллаһ Тағала, Өзінің мұсылман құлдарына әрқашан 
да бір-біріне мейірімді және қайырымды болуды 
үндейді. Рамазан айы – өзінің Аллаһ дарытқан 
қасиетіне сәйкес мұсылмандардың мейірімділік 
пен қайырымдылық танытуда өзара жарысатын 
және өздері де амалдарына қарай шексіз ұлық Жа-
ратушы Иенің мейір-шапағатына бөленетін айы. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларын ораза 
тұтушыларға қамқорлық танытуға шақырған. 
Бізге жеткен хадис бойынша ол былай деген: 
«Кімде-кім ауыз бекіткен адамға қамқорлық жасаса
сол адамның сауабына тең сауап алады және оның бір 
түйірі де кемітілмейді»
(Сүнән, әт-Тирмизи).
Сондықтан 
да барлық мұсылман елдерінде Рамазан айының 
басынан аяғына дейін мешіттерде, алаңдарда, 
асханаларда ауыз ашуға арналған дастарқандар 
жайылады. Барлығы бірдей ораза ұстағандарға 
қамқорлық танытуға, әркім сауап үшін ең болмаса 
бір түйір құрма, бір жұтым су немесе бір кесе сүт 
беріп қалуға ынтығады. 


13
Ораза
Рамазан айы аяқталуға жақындағанда Ис-
лам қайырымдылық қорлары, жағдайы көтеретін 
мұсылмандарға 
зекет 
беруге 
шақырады. 
Мұсылмандардың зекетті, пітір садақасын ке-
дейлер мен қаріп-қасірлерге айт намазына дейін 
беріп үлгергендері жөн, өйткені олар айт мейрамы 
күндерінде ешқандай мұқтаждық көрмеуге, ұлы 
мейрамда қуанышқа кенелуге тиіс. 
Аш құрсақ кедейлер мен ғаріптерді тойды-
рып, жетімдер мен қараусыз қалған жандардың 
көз жасын сүртіп, жұбандырсақ, қайғы-қасірет 
шеккендердің 
жанынан 
табылып, 
олардың 
жүздеріне күлкі ұялатсақ Аллаһ Тағаланың шексіз 
рақымына бөленеріміз сөзсіз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет