Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

«...тек оразадан басқа. 
Өйткені ол (ораза) тек Мен үшін ғана. Сондықтан 
оның сауабын тек Мен ғана беремін. Себебі, (пен-
дем) ораза кезінде тамақ ішіп-жеуден, нәпсі 
қалауларынан тек Мен үшін ғана тыйылды»
- дейді 
деген сүйінішті хабар жеткізген 
(Сахих Мүслим)
.
Осылайша аса құдіретті Аллаһ оразаның сауа-
бын Өзінің есебіне жатқызады және ол үшін Өзінің 
құлын Өзіне ғана мәлім, басқа ешкім білмейтін 
ерекше сыйлықпен разы қылады. 
Сонымен қатар, Қиямет күнінде ораза тұт-
қандарды жұмаққа тек солардың өздеріне ғана 
арналған арнаулы қақпа арқылы кіргізеді. Бұл 


17
Ораза
туралы хадисте: 
«Жұмаққа кіретін бір қақпа бар
оны «әр-Райян» деп атайды, ол қақпа арқылы Қиямет 
күнінде жұмаққа ораза тұтқандар ғана кіреді. Олардың 
ең соңғысы кірген кезде қақпа жабылады да басқа ешбір 
адам кіре алмайды»
, - делінген 
(Сахих әл-Бұхари, Саум 4)
.
Аса қымбатты мұсылман бауырлар! Аға-іні, 
әпке-қарындастар! Рамазан айында берілетін 
қос қуанышты уысымыздан шығарып алмайық
нәпсі-құлқынға тыйым салып, отыз күн ораза 
тұтайық, Аллаһ разылығы үшін аштық пен шөлге, 
тіршіліктің басқа да баянсыз қызықтарына 
шыдамдылық танытайық. Аса рақымды Аллаһ 
бізге осы дүниедегі және о дүниедегі екі қуанышты 
да нәсіп етсін, әрі «әр-Райян» қақпасы арқылы 
жұмаққа кіруді баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
раМазаН 
айЫНЫҢ 
БаСтаЛатЫН 
УақЫтЫН аНЫқтаУ
Рамазан айының басталуы екі түрлі тәсілмен 
анықталады. Біріншісі – алдындағы Шағбан 
айының аяқталуымен сәйкес келуі (егер Шағбан 
айының отыз күні өтсе, онда отыз бірінші күн 
міндетті түрде Рамазан айының бірінші күні болып 
табылады). Сол түні аспанда жаңа туған Рама-
зан айы көрінеді. Егер жаңа туған ай Шағбанның 
30-шы түнінде көрінсе, онда ол Рамазан айының 
басталғанын білдіреді, демек содан бастап ауыз 
бекітілуі тиіс. Аса рақымды Аллаһ Тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет