Cабақтың тақырыбы: 3 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және
оның қосылыстары.
Оқу мақсаты: 9.2.1.5-атом құрылысы негізінде
алюминийдің қасиеттерін түсіндіру,
оның маңызды қосылыстары мен
құймаларынның қолдану аймағын атау
Бағалау критерийі:
Алюминийдің қасиеттерін түсіндіреді
Алюминийдің маңызды қосылыстары мен құймаларының қолдану аясын біледі
Ойлау деңгейі: түсіну, талдау
Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданылады. Алюминийдің қолданылатын маңызды саласы – оның негізіндегі жеңіл құймалар өндірісі. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, химиялық аппаратураларда дайындауда, ғимараттарды салуда, жиhаздарды, ыдыстарды және т.б жасауда маңызы өте зор. Елімізде Павлодар қаласында Торғай кен орнындағы бокситтен электролиздік әдіс арқылы алюминийді алу үшін глинозем өндіретін алиминий зауыты жұмыс істейді. Металл күйіндегі алюминий алынатын электролиз цехтары салынып, 2007 жылдан бастап өнім бере бастады. Алиминий мен темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қорғайды. Алюминий тозаңын «күміс сияқты» түс беру үшін бояу ретінде қолданылады.Алюминий табиғатынан екідайлы элемент.
1 – тапсырма. Төмендегі реакция теңдеулерінің ішіндегі көп нүктенің орнына қажетті затты қойып, реакция теңдеулерін аяқтап, теңістіріңіз
1. АI + ……… = AICI3 + H2
2. AI + NaOH + H2O = NaAIO2 +
3. AI + ZnCI2 = ……. + Zn
4. AI + Fe2O3 = AI2O3 + …….
Дескриптор: [5]
2 – тапсырма. Сәйкестендіру тест. Алюминийдің маңызды қосылыстары мен атауларын сәйкестендіріңіз
1) АI2O3*2SiO2 * 2H2O
|
а) корунд
|
2) АI2O3
|
ә) дала шпаты
|
3) АI2O3* nH2O
|
б) каолинит
|
4) K2O * АI2O3*6SiO2
|
г) нефелин
|
5) Na2 O* АI2O3*2SiO2
|
с)боксит
|
Дескриптор:
Алюминийдің маңызды қосылыстарын ажыра алады [2]
3 – тапсырма. Жалған немесе шындық
Силумин құймасы автомобиль, үшу аппараттарын жасауда, күрделі пішінді тетіктер дайындауда қолданылады
|
Дюралюмин құймасы
|
магналий құймасы электрмен пісіруге ыңғайлы, коррозияға төзімсіз
|
|
Дюралюмин құймасы лента, құбыр, шыбық, профиль , авиация және көліктік машина жасау өндірісінде қолданылады
|
|
Бұл құймалардың барлығы пластмасса заттарын алу үшін қолданылады
|
|
Дескриптор:
Алюминийдің құймаларының қолданыс аясын біледі [3]
Достарыңызбен бөлісу: |