Сабақтың тақырыбы:Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
Оқу мақсаты: 8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
Бағалау критерийі : • Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттейді
Ойлау деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары
Металдар мен бейметалдар күрделі заттардың (оксид, қышқыл, негіз және тұздар) екі түрлі генетикалық қатарының негізін қалайды. Әрбір қатар аясында тура не жанама жолмен бір заттан басқа затты алуға болады.сондықтан да металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарындағы жай және күрделі заттар өзара әрекеттесіп, тұз түзеді.