Тапсырма 3. Натрий сульфиді Na2S ерітіндісіне тұз қышқылын құйғанда неге шіріген жұмыртқаның иісі білінеді? Химиялық реакция теңдеуін жазып, ион алмасу теңдеуін құрыңыз. [4]
Сабақтың тақырыбы:Тұздар гидролизі
Оқу мақсаты: 9.3.4.4 -орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру
9.3.4.5 -орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
Бағалау критерийі:
Орта тұздардың гидролиз теңдеулерін молекулалық, иондық түрде жазып үйренеді;
Ойлау деңгейі: білу, түсіну, қолдану
Тұздар мен су арасында жүретін алмасу реакциялары тұздар гидролизі деп аталады. Суда еритін тұздар ғана гидролизге ұшырайды. Металдың немесе қышқыл қалдығының әр ионымен судың бір молекуласы ғана әрекеттеседі. Гидролиз нәтижесінде бастапқы заттарға қарағанда әлсіз электролит түзіледі.
Гидролиз – қайтымды реакция. Сулы ерітінділерді сипаттау үшін ортаның ерекше көрсеткіші – рН қолданылады.
Тапсырма 1. Құрамында 16,25г темір (ІІІ) хлориді бар ерітіндісіне натрий гидроксидінің 18 г ерітіндісін қосты. Түзілген тұнбаның түсі мен массасын анықтаңдар. [4]
Дескриптор:
Түзілген тұнбаның түсі мен массасын анықтайды;
Тапсырма 2. ZnCl2тұзының гидролиз теңдеуін жазыңыз.
Иондық _____________________________________________________
Молекулалық ________________________________________________
Реакция ортасы _______________________________________________
Осы ортадағы көк лакмустың түсі _______________________________ [4]
Дескриптор: