Тапсырма 3. Натрий сульфиді Na2S ерітіндісі ортасының реакциясын болжаңыз. Тұз гидролизінің теңдеуін құрыңыз.
Дескриптор: - Тұз гидролизінің теңдеуін жазады
[2]
Сабақтың тақырыбы:Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар.
Оқу мақсаты: 9.4.1.8 - Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау
9.4.1.10 -хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
Бағалау критерийі:
Кейбір катиондарды анықтау үшін сілтілермен жүргізілетін реакцияларды біледі;
Кейбір металдардың катиондарын анықтау үшін жалынның түсінің өзгеруін қолдануды үйренеді;
Ойлау деңгейі: түсіну, қолдану
Аналитикалық химия – заттар мен олардың қоспаларының сандық және сапалық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Сапалық талдау катиондар мен аниондардың сапалық реакциялары деп бөлінеді.
Метал катиондарына сапалық реакциялар оларды сапалық талдау жолымен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай реакциялар нәтижесінде жалын түсінің өзгеруі, тұнба түзілуі және түс өзгерісі болуы мүмкін.Катиондар мен аниондардың сапалық реакциялары қосылыстың сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.