Сабақтың тақырыбы: Азот. Аммиак
Оқу мақсаты:
9.2.1.15-азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
9.2.1.16-аммиакты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру
Бағалау критерийі:
азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсінеді
аммиакты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсінеді
Ойлау деңгейі: талдау, қолдану
Атмосферадағы азот (75,5%) электр құбылыстары мен фотохимиялық процестердің әсерінен әртүрлі азот қышқылының тұздарын түзеді де, жаңбыр суында еріп, топыраққа сіңеді, сөйтіп мұхит суына араласады.
Түйнек бактериялары ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарға айналдырады.
Белокты денелерде 17%-ке дейін азот болады. Денитрификаттану процесі (топырақ және су бактериялары арқылы азот қышқылы тұздарының бос азотқа дейін ыдырауы) жүріп, әуелі азот қышқылына, одан кейін бос азотқаа Өсімідіктер азотты тікелей ауадан сіңіруге қабілетті емес. Оның құрамында азот бар қосылыстарды - топырақтан нитраттарды сіңіре алады. Сондықтан азот айналымының маңызды міндеті - оның атмосферадан газтәрізді күйден N2 өсімдіктерге сіңімді топырақ қосылыстарының құрамына айналуы болып табылады. Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады. Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек (торф), таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде, атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта өздігінен тіршілік ететін бактериялар бар. Олар атмосфералық азотты сіңіреді. Ондай бакретияларды жасанды жолмен өсіріп, олардан тиісті тыңайтқыштар алынады. Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады . Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.
1 – тапсырма. «Шын», «Жалған»
Тұжырымдама
|
Ш \ Ж
|
Өсімідіктер азотты тікелей ауадан сіңіруге қабілетті
|
|
Ауаның құрамы 21 % азот газынан тұрады
|
|
Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады
|
|
Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері кемиді
|
|
Белокты денелерде 17%-ке дейін азот болады
|
|
Найзағай ойнағанда ауадағы азот пен оттек газы әрекеттесіп азот монооксиді түзіледі
|
|
Топырақта өздігінен тіршілік ететін бактериялар бар
|
|
Аммиактың сулы ерітінділері медицинада және күнделікті тұрмыста қоланылады
|
|
Аммиак пластмасса өнеркәсібінде қолданылады
|
|
Аммиактан минералды тыңайтқыштар, дәрі – дәрмектер, қопарылғыш заттар алуда қолданылады
|
|
Дескриптор:
азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын біледі
аммиактың қоланылуын біледі [4]
2 . Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыздар және теңестіріңіздер.
ә ) N2 NH3 NO NO2
a ) NH4CI NH3 NH4OH
N2
Дескриптор:
аммиакты алуды, химиялық қасиеттерін біледі [4]
Достарыңызбен бөлісу: |