күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырады
Ойлау деңгейі: талдау, жинақтау
«Қышқыл жаңбыр» терминін алғаш рет ағылшын зерттеушісі Роберт Ангус Смит 1850 жылы, өнеркәсіптік революцияның ортасында ұсынды. Атмосферада түзілетін ең көп қышқылдар азотты және күкіртті табиғи немесе жасанды ластаушы заттардың тотығуымен жүреді.Күкірттің қос тотығы мен азот тотығының жуылуы күкірт қышқылы мен азот қышқылының түзілуіне және қышқыл жауынның түсуіне әкеледі. Бұл үлкен территорияда табиғи ортаның жалпы қышқылдануына және елеулі экологиялық өзгеріске әкеледі, Түзілген қышқылдар мен оның өзгеріс өнімдері жауын-шашынның, жерүсті суларында, топырақ құрамында болады және экожүйеге кері әсер береді. Бұдан басқа қышқылдардың бүлінушілік әсеріне әр түрлі конструкциялар, ғимараттар, өте сирек кездесетін ескерткіштер үшырайды. Ең бастысы, бұл заттар адам денсаулығына да әсер етеді.
1– тапсырма. «Шын», «Жалған»
Тұжырымдама
Ш / Ж
Темірдің қос тотығы мен сынаптың тотығының жуылуы күкірт қышқылы мен азот қышқылының түзілуіне және қышқыл жауынның түсуіне әкеледі
Атмосферада түзілетін ең көп қышқылдар азотты және күкіртті табиғи немесе жасанды ластаушы заттардың тотығуымен жүреді
Қышқылды жаңбырдың рН- 5,6-дан төмен болады
Қышқыл жаңбырдың әсеріне әр түрлі конструкциялар, ғимараттар, өте сирек кездесетін ескерткіштер бүлінуге үшырайды.
«Қышқыл жаңбыр» терминін алғаш рет ағылшын зерттеушісі Роберт Ангус Смит 1855 жылы ұсынды
Топырақтың қышқылдығы өсімдіктер үшін қоректік заттардың болуын азайтады
Дескриптор:
қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін кері әсерін түсінеді [4]