Cабақтың тақырыбы: Галогендер. Хлор
Оқу мақсаты: 9.2.1.8-топта галогендер қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын болжау
9.2.1.9-хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау:
металдармен, сутекпен және галогенидтермен
әрекеттесуі
Бағалау критерийі: - топта галогендер қасиеттерінің өзгеру
заңдылықтарын болжайды
1774 жылы хлорды алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған. К.Шелле жұмыс барысында әр заттың дәмін татып көруге құмар болды. (ол кезде заттарды сипаттағанда міндетті түрде дәмінің қандай екенін көрсету керек болған) Оның бұл әдеті өмірмен қоштасуына әкеп соқты. 1786 жылы жұмыс орнында түрлі реактивтердің ортасында оның жансыз денесі табылды. Оның өліміне көгілдір HCN себеп болған деген деректер бар. Хлордың улы әсері Бірінші дүниежүзілік соғыста сыналды. 1975 жылы 22 сәуірде немістер газды шабуыл жасады: бір мезгілде сұйық хлор бар 5370 баллон ашылды. 5 мин. жерді сары жасыл түсті алып бұлт қаптады. Бұл апаттан 15 мың адам уланып, олардың 5 мыңы қайтыс болды.
1 – тапсырма. Қалып қойған сөздерді бос орынға жазыңыз. Галогендердің салыстырмалы электртерістіліктері топ бойынша төменнен жоғары қарай ____________ . Фтордан астатқа дейін галогендердің ____________қасиеттері артады. Галогендердің алғашқы екі мүшесінің агрегаттық күйі _________ күйінде кездеседі. Галогендердің молекулалары екіатомды, олар өзара _____________ байланыспен байланысады, _______________ тор түзеді. F2 , СІ2 , Br2 , I2 қатарындағы заттардың тығыздығы_________, түстері ________ түседі.
Дескриптор:
Топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды [2]
2 – тапсырма. Берілген химиялық реакцияларды аяқтап теңестіріңіз,реакция типін анықтаңыз.
a) ....... + CI2 = FeCI2 b) Sb + CI2 =
c) H2 + ....... = НСІ
d) CI2 + KCI =
Реакция типі:
А) _______________ В) _______________ С) _______________ D) _______________
Хлорды дала кемірушілерін жою үшін қолданылады. Осы мақсатта оны шланг арқылы інге жібереді. Хлордың қандай екі қасиеті оны осы бағытта қолдануға мүмкіндік береді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:
галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біледі [4]