«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет86/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Әдебиеттер:

  1. Авдеев Д.А. Депрессия - как страсть и как болезнь. М.: Мир, 2002. с. 195.

  2. Невярович В.К. Нервность: ее духовные причины и проявления. М.: Мир,1999. с. 252.

  3. Березин Ф.Б., Мирошников М.П., Соколова Е.Д. Методика многостороннего исследования личности. М.: MГУ, 1994. с. 312.



Байзакова А.М.


БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА БЕЙІМДЕЛУІНЕ ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Қазіргі таңдағы Қазақстандық балалардың көбісі көптеген жағымсыз факторлардың әсерінде болғандықтан, олар психологиялық қолдауды қажет етеді. Баланың балалық шағына жағымсыз әсер ететін маңызды факторлар мыналар: экономикалық, саяси, құндылықтардың тұрақсыздық факторы. Тұрақсыздықтың ортақ факторымен қатар, мүмкін болатын психологиялық соққылардың арасынан адам дамуындағы әлеуметтік жағдайларының жылдам өзгерістерін атап көрсетуге болады.


Келесі аса көңіл бөлетін жағдай, бұл қазіргі заман балаларының дамып жатқан қоғамындағы ақпарат ағымдарының күрделенуі болып табылады. Негізінде балалық шақтың ерекшеліктерін төмендететін көптеген әлеуметтік – мәдени механизмдер, рөлдік – сюжеттік ойындар, белсенділік формалары төмендеді (көп балалы отбасы, әртүрлі жастағы балалардың бірігуі). Қазіргі таңдағы отбасындағы байқалатын түрлі дағдарыстар да әсер етеді.
Бейімделу – (лат. Adaptare – қаз. бейімделу) – ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі.
Бейімделу - бұл организмді жаңа ортаға бейімдеу, яғни балалар үшін балабақшаға, сондай-ақ, таныс емес кеңістік, жаңа орта мен жаңа қарым-қатынастар сөзсіз жаңа болып табылады. Бейімделу баланың психофизиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты отбасылық күрделі қарым-қатынастан мектепке дейінгі мекемелер жағдайындағы кең индивидуалдық реакцияны біріктіреді. Алайда, заңдылықтардың маңыздылығын анықтау үшін баламен тиімді қарым-қатынас орнату және оның негативті стрестік жағдайлардың қатты әсер етуін қадағалау керек. Мектепке дейінгі мекемелердегі психолог-маманның маңызды жұмыстарының бірі – баланың мекемеге сәтті бейімделуі үшін жағымды ықпал көрсету. Мұндай жағдайларда баланың отбасында қарым-қатынас дағдыларын меңгеруі де көп әсерін тигізеді [1].
Мектепке дейінгілер - бұл 3 тен 7 жасқа дейінгі балалардан құралатын ерекше жастық топ. Мектепке дейінгі жаста, бала әлі толық қалыптаспаған болса да, бірақ әрі қарай дамуға кабілетті баланы алғаш рет тұлға деп атауға негіз беретін салыстырмалы тұрақты ішкі әлем калыптасады. Мектепке дейінгі баланың тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орынды оның өзін-өзі бағалауының және өзіндік санасының қалыптасуына бөлу қажет. Себебі өзін -өзі бағалау мен өзіндік сананы дамыту мектепке дейінгі шақтың негізгі құрылымдарының бірі.
Мектеп жасына дейінгі баланың адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі жаңа орны оған дербестік береді. Ересек адамнан бөліне отырып, бала өз -құрбыларымен белсенді өзара қарым-қатыныс жасауға кіріседі. Балалардың -өзара қарым-қатынысының негізінде өзгелермен бірге өз қылықтарын да бағалай алатын болады. Өзін-өзі бағалау қабілеті балаға айналасындағалармен қарым-қатынас жасауға бағдар береді. Сонымен бірге өзін-өзі бағалау баланың саналы әрекетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі.
Қазіргі уақытта отбасында бір немесе екі ата-ананың қарауымен тәрбиеленетін балалармен қатар, біздің қоғамда балаларды балалар үйіңде, арнайы мекемелерде, яғни отбасынан тыс тәрбиелеу орын алады. Балалар үйіндегі және "отбасындағы" психологиялық жағдайдың айырмашылықтарына байланысты, отбасында тәрбиеленетін балалардың және балалар үйінде тәрбиеленушілердің ақыл-ой және психикалық дамудағы бейімделуге байланысты қалыптасуындағы өзгешеліктер аңғарылады.
Бейімделу терминін 1865 жылы неміс физиологы Г. Ауберт тұңғыш рет өзінің ғылыми жұмысына қолданған. Онда сезім мүшелерінің (көру, есту) сыртқы тітіркендіргіштерге «икемделуі» деп атаған болатын [1].
Зерттеуші ғалымдар И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың еңбегінде бейімделу түсінігі, бұл биологиялық бейімделу анадан балаға туа берілетін қасиет деп анықтаған [2].
Бұл мәселені зерттеп, теориялық талдаудың нәтижесінде көптеген ғалымдар (Березин Ф.Б., Бернар К., Кэннон У., Андреева Д.А., Рубин Б.Г. және т.б.) бейімделу тұжырымдамасының нақты анықтамасы жоқ, бейімделу – бейімсіздену (дезадаптация) – бұл процесс, эмоционалдық күй, қасиеттер және құбылыстар және нәтижелер деген қорытынды айтады [3].
Мектепке дейінгі баланың эмоционалды қалпына сергектік, өмірге қуану, оптимизм тән болып келеді. Ал бастан кешуінің кең тарағаны қорқыныш,яғни нақты стимулдар мен ситуацияларға рекакция болады. Ол қорқыныштарға қараңғыдан қорқу жабайы жануарлардан,бұзықтардан, таныс емес адамдардан, анасынан бөлектенуден және жалғыздықтан. Қорқыныш негізінде мазасыздық пайда болады. Егер жалғыз бала яғни үйде аға-інілері бар балаға қарағанда жиі қорқады екен. Бірақ қорқыныш бірте-бірте тұрақталып фобиға айналады екен. Оны жою қажет болады. Өйткені фобия дұрыс дамып келе жатқан дамуды бұзады. Баланың жиі қорқу жағдайларына ересектердің мән беруі. Олар эмоционалды аумағының жойылуына әкеледі. Мазасыздану - бойынша,басында ситуативті сияқты байқалып, ал кейін жекелікке айналады. Жоғары мазасыздану өзіне-өзі баға беруін төмендетеді. Бұл туралы А.Л. Венгер баладағы негативтік эмоционалдық үш нұсқасын көрсетті [4]. Оның бірінші түрі агрессивтіліктің пайда болуы. Екінші түрі агрессивтілікті өте ерте шақта байқауға болады. Үшінші агрессивтіктің қалыптасуының психологиялық механизміне өтелмеген қажеттілікке бір жақты реакция болады. Балалардың агрессивтілік әрекеттерін болдырмаудың тиімді тәсілдері мыналар:

    • Бала энергиясын әлеуметтік бағытталған істерге аудару.

    • Агрессивтілігі үшін баланы ешқашан мақтамау.

    • Кей жағдайда баланы жеке алып,себебін түсіндіруді талап ету.

    • Егер бала өзінің інісіне т.б. қатысты агрессивтілік көрсетсе, оларға жазаны таңдау ұсынылады.

    • Егер бала ұруға дайын тұрса,оны тез тоқтату керек.

    • Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктерімен айналысқан қазақстандық ғалымдардың ішінен: Х.Т. Шерьязданованың мектебі және оның ізбасарлары У.И. Ауталипова, Г.М. Қасымова, М.Н. Махаманова, Б.П. Мырзатаевалардың және т.б. зерттеуші мамандарды атап өтуге болады [5].

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі бейімделу мәселесі, болашақта да өз маңызын жоғалтпайды деп сеніммен айтуға болады, себебі, бала өмірінің алғашқы жылдары физикалық және өнегелі өсуінің маңызды кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, оның қалай, қандай жағдайда өсіп-жетілгені баланың болашағында маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар жақындарының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне еліктейді, бала айналадағы адамдардың әсерін сол қалпында қабылдайды да, баланың психикалық дамуында паталогиялық өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Баланың қалыптасуында бірден-бір маңызды орын отбасы болып табылады, қоршаған ортасымен танысуы ата-аналары арқылы жүреді, сол себепті отбасының және отбасы мүшелерінің әсері маңызды және жауапты. Отбасының ахуалы баланың әлемді сезіне алуына және мінез сапаларына әсер етеді, олар қарым-қатынасын айналасын тануға бағыттайды, нәтижесінде тұлғалық дамуына, өмірлік ұстанымына жол ашылады. Отбасылық тәрбиенің проблемалары қазіргі уақытта біздің қоғам алдында өте маңызды және оның болашақтағы нәтижелілігі қаншалықты деңгейде екендігін анықтайды. Қазіргі уақытта әлеуметтік-психологиялық феномендер: қарым-қатынас, өзара әрекеттесу, мектепке дейінгі жастағы балалардың топтардағы тұлғааралық қарым-қатынасы және олардың әлеуметтенуі мен бейімделу процесі көкейкесті мәселе болып отыр. Мектепке дейінгі мекемеге жаңадан келген баланың отбасында қарым-қатынас дағдыларын меңгеріп, өзара байланыстарды біліп келуі психологқа баланың бейімделуінің сәтті өтуіне және олармен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Отбасы мәні баланың тәжірибе жинақтауға жасалатын жағдайлармен анықталады. Адам ерте балалық шағынан бастап ересектерден тек сөйлеу, жүру, заттарды дұрыс қолдану, ойнау, білім алу, еңбек етуге ғана емес, сезімдерге, ойлануға, күйзеліске, өзіне және өзге адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Жанұяда бала табиғи жағдайда өмірге бейімделе алады, себебі «күнделікті, таңертеңнен кешке дейін ата-аналары, аға-апайлары, апа-аталары баланың алдында мінез-құлық, жүріс – тұрыстың әр түрлі үлгілерін ұсынады: сөйлеу және ым-ишара мәнерлері, еңбекке баулу, адамдармен қарым-қатынас жасау, саясатқа деген көзқарасын қалыптастыру». Жанұяда бала тек қалай өмір сүру керек екенін ғана емес, нені білу керегі мен шын мәніндегі өмірді түсінуді естіп-біледі. Адамдардың өзара және өзге адамдармен қарым-қатынасы, олардың бағалаулары мен пікірлері, күйзелістері мен ой-толғаулары.
Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі туыстық сезімге негізделген ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігінен көрінетін эмоционалды мінез-құлық, жүріс-тұрыстан тұрады. Баланың туғаннан мектепке дейінгі кезеңінде туыстық эмоционалдық байланысқа сүйене отырып, бірінші кезекте ана мен бала байланысы қарастырылады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың қарым-қатынасқа түсетін адамдары ортасының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологтар мен педагогтардың пікірінше, сүйіспеншілікке, сезімге, өзара қызығушылықа негізделген ересектермен жақын қарым-қатынас отбасы тәрбиені сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Олай болса, жеке адам дамуының негізгі шарты – баланың адамдармен қарым-қатынасқа түсуі болып табылады. Осындай пікірдің аясында, бұрынғы кеңес Одағында алғашқы қарым-қатынас мектебі ашылды. Онда А.Г.Харчевтің тұжырымдамасы ұстанылды : “бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік, сәбилік кезенңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сезім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоцианалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған”[3].
Мектепке дейінгі жылдар бейімделу процесінде көптеген отбасылық факторлер әсер етеді, олар: ата-ана мінез-құлқының стилі, отбасындағы бала саны және олардың арасындағы жас ерекшеліктері, балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты және т.б. Бұдан басқа әлеуметтік оқыту процесінде мектепке дейінгілерге отбасындағы өмір жағайлары мен құрылымдары әсер етеді: толық отбасы немесе толық емес отбасы; отбасының барлық мүшелері жұмыс істей ме; отбасымен бірге атасы, әжесі немесе басқа да туыстары бірге тұра ма; қала сыртындағы жақсы жабдықталған үйде немесе халқы тым тығыз орналасқан қалалық пәтерде тұра ма және т.б. Егер отбасындағы өмір сүру жағдайы немесе оның құрылымы, әсіресе нашар жағына қарай қауіпті өзгерістерді бастан кешірсе, баланың әлеуметтік тәжірибесі тез өзгеріске түскендігі байқалады. Бейімделу кезінде балада бұрынғы қалыптасқан динамикалық стереотиптер пайда болады жане одан басқа иммундық және физикалық өзгерістер мен психологиялық кедергілерді жеңу болады. Балада стресс пайда болып, қорғану реакциясы ретінде тамақтан, ұйқыдан, қоршаған ортамен қарым-қатынастан бас тартуға, өзінен кетуге алып келуі мүмкін және т.б. Баланың отбасынан мектепке дейінгі мекемеге келіп, оған оңтайлы бейімделуі үшін мүмкіндігінше бір қалыпты жағдай жасауы қажет.
Бейімделу кезеңі 3 кезеңге бөлінеді, негізгі фаза, өз кезегінде жеңіл, орташа және ауыр бейімделуге бөлінеді; подострая фаза жане орнын толтыру фазасы. Бейімделудің соңғы кезеңінің көрсеткіштері терең ұйқы, жақсы тәбет, эмоциялық күйдің сергектігі, баланың белсенді мінез-құлқы болып саналады [4]. Баланың бейімделу деңгейін айқындауда келесі мәліметтерге есепке аламыз:

  • Органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты баланың мінез-құлқы;

  • жүйкелік-психикалық даму деңгейі;

  • баланың кейбір тұлғалық қасиеттері;

Зерттеудің нәтижесінде біз мынадай қорытындыға келіп тоқталамыз, мектепке дейінгілердің қарым-қатынас деңгейі бейімделу сипатына байланысты - қарым-қатынастың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, бала соғұрлым мектепке дейінгі мекемеге тез бейімделеді. Қарым-қатынастың дамуы ең алдымен отбасы құрамымен өзара байланысты - қаншалықты үлкен отбасы болса, соншалықты баланың қарым қатынасқа түсу деңгейі жоғары болады. Сол сияқты біз шағын отбасында өскен баланың бейімделуі қиындау әрі ұзақ уақыт жүретінін шығардық.
Сонымен, бірінші, қарым-қатынастың ситуативті-тұлғалық формасы бала өмірінің екінші айында пайда болады және 6-7 айға дейін жалғыз болып қалады. Баланың екінші жарты жылдық өмірінде үлкендермен ситуативті-іскерлік қарым-қатынасы қалыптасады, бұл кезде бала үшін ең маңыздысы - заттармен бірлескен ойыны. Бұл қарым-қатынас балада 4 жасқа дейін болады. 4-5 жаста бала ситуациядан тыс-танымдық қарым-қатынасқа түсе алады, себебі бұл жаста олар сөйлей алады, үлкендермен белгілі бір тақырыпта сөйлесе алады.
Баланың бейімделуі, сонымен қатар балабақшада тиімді жүргізілетін ойынға да байланысты. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады. Ойыншықтармен ең қарапайым қимылдарды орындау (ойыншық машинаға жіп тағып алып сүйрету, кішкентай шелекпен құм төгу), баланың құрдастарымен өзара іс-әрекеті қысқа мерзімде сипатта болады. Ойын мазмұны біржола араласып кетуге әлі негіз бола алмайды. Осы кезде балалар бір-бірімен ойыншықтарымен алмасып, біріне-бірі жәрдемдеседі; біреуі екіншісіне аударылып қалған ойыншық машинаны дұрыстап қоюға жәрдемдеседі, ал мұның шын ниетін түсінген екінші бала өзіне көмекті шын ықыласымен қабылдайды.
Ойын іскерлігінің дамуымен және ойынның түпкі мақсатының күрделенуімен балалар бір-бірімен ұзақ араласа бастайды. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз, іс-әрекетін басқалардың іс-әрекеттерімен үйлестіруді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді. Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен айналасуына байланысты. Бала өз психикасын түрлі жолдармен жарыққа шығарады. Ойын арқылы бала психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Ойынның әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп. Ойын кезінде балалардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады. Балалар ойынының түрі де, мазмұны да әр түрлі, олар ойынның барысында көрінеді. Ойынның сан алуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшандыққа баулытады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар. Мысалы, «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама, шаршарсың», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көріне береді. Психологиялық практикалық жұмыста баланың әр түрлі жастағы кезеңіндегі логикалық психикалық дамуы мен әлеуметтік педагогикалық ситуациялардағы ерекшеліктерін анықтау тиіс. Психолог жұмысының негізгі міндеті дамудың әсері нәтижесінде ауытқуларды алдын алу, прогресс немесе фиксация кезінде коррекция арқылы ерекшелік кезінде барлық мүмкіндіктерді дамытуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет