«орталық ҚазақстандағЫ Әлеуметтік гуманитарлық дискурстың ДӘСТҮрлері мен келешегі»



бет85/153
Дата05.11.2022
өлшемі2,45 Mb.
#47777
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153
Байланысты:
thesis33895

Әмірова Б.Ә., Жуманбаева А.Н.


ДЕПРЕССИЯ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінгі күні сондай жер бетіндегі «заманауи сырқат түрі» саналатын дерттің бірі — адамдар бойында соңғы уақытта көп кездесетін депрессия синдромы. Статистикалық мәліметтер соңғы бес жыл көлемінде дүниежүзінде әрбір үшінші адамның түрлі факторларға байланысты күйгелектік танытып, өз эмоцияларына бақылау жасай алмайтын деңгейге жеткенін алға тартады.


Депрессия – қазақша айтқанда: жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы. Депрессия кезіндегі үрей билеу күйі суицидалды қауіпті айтарлықтай арттырады. Міне сондықтан, суицидалды және парасуицидалды жүріс-тұрыстың алдын алу, онымен күресу мәселелері маңызды болып табылады. Алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – бұл өзінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ерекше қауіп-қатер тобын құрайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау. Бала девиантты жүріс-тұрысқа баратын отбасындағы проблемалы жағдайларды анықтаудың да маңызы зор [1].
Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне сиатын күйзелістің ақыр соңында адамды өзін-өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі. Қым-қуыт тіршілікте жұмыр басты пенде белгілі бір кезеңде психологиялық күйзелісті бастан кешіретіні аян. «Дәл қазір күйзелісте жүрмін» деген сөзді он адамның тоғызы жиі айтатын болды. Бұрын-соңды мұндай сөзді құлағымыз шалмаушы еді.
Күйзеліс – адамның психологиялық ауытқуы. Көбіне көңіл-күйі болмаған немесе қандай да бір қайғылы оқиғаны, жағымсыз кезеңді бастан өткерген адам күйзеліске ұшырайды [1]. Психолог-мамандардың айтуынша, әсіресе, күз, көктем мезгілдерінде адамдар күйзелістік күйге тап болады. Бір қызығы, әлемде әрбір жиырмасыншы адам қандай да бір депрессиялық күйзелісті бастан кешіреді екен. Америкалық мамандар күйзелісті «психологиялық тұмау» деп айдар таққан. Яғни, бұл дерт бүгінде қарапайым тұмау сияқты қаптап кеткен дегенді білдіреді. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 15 миллион адам «психологиялық тұмауға» тап болады. Ал жаһан халқының 5 пайызы депрессиялық күйзелісте жүреді екен. «Күйзеліс - адамның өмір сүруге бейімділігін сипаттайтын жаһандық дерт» деген пікір бар. Ең қызығы жер-жаһанның миллиондаған адамы аталмыш дертпен бетпе-бет кездессе де, одан шығу жолын, пайда болу себептерін дөп басып ешкім айта алмайды.
Гиппократ күйзеліске ұқсас психологиялық күйреуге «адам миының қара сөлге толуы» деп анықтама берген.
Психологтар ХХ ғасырға тән дерт деп атаса да, күйзеліс ХХІ ғасырға адамзатпен бірге аяқ басты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымынша, алдағы он жылда күйзеліс адамды өлімге жетелейтін аурулардың қатарына жатқызылады-мыс. Тіпті жүрек-қан тамырларынан баса озып алдыңғы қатарға шығады. Шамасы, адамның психологиялық күйзелісі күн санап белең алып келетін сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Гарвард университетінің зерттеулері бойынша, әлемде 121 миллион адамның бойынан күйзеліс дерт табылған. Ең сорақысы, жыл сайын 850 мың адам күйзелістің салдарынан өзіне-өзі қол салады.
Мамандар күйзелісті үш түрге бөледі:
Біріншісі – адамның инфаркт, жүрек ауруларына жиі ұшырауы және түрлі жарақат сияқты дертке тап болуымен қалыптасатын депрессия.
Екіншісі – эндогендік депрессия. Яғни адамның ішкі жан дүниесінің тереңінен пайда болатын дерт. Эндогендік депрессия адамға кері әсер етеді. Дәл осы депрессиялық күйге түскен адам айналасындағы құбылыстарға баға бере алмай, белгілі бір сезімдерді бастан кешіре алмай дал болады.
Үшінші – түрі психогендік деп аталады. Адамның психикалық ауытқуы салдарынан пайда болатын депрессияның бұл түрі тіпті қайғылы жағдайға итермелеуі мүмкін. Тағы бір қызық пайым. Ер-азаматтарға қарағанда, нәзік жандылар күйзелістік күйге жиі тап болады. Зерттеулерге жүгінсек, әйелдер күйзеліске ерлерге қарағанда 2-3 есе көп екен. Бұл – әйел бойындағы гармондық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Мәселен, аяғы ауыр немесе босанған әйелдің психологиялық күйі жиі өзгереді. Тіпті дәл осы кезеңде нәзік жандылар мына әлемнен баз кешіп, бәрінен бас тартады. Бірақ мұндай күйзеліс ұзаққа созылмайды. Қарапайым халықтың тілімен айтқанда, мұндай депрессия «ұмытшақ ауру» сияқты. Бір мезетте пайда болып, бір мезетте жоғалады. Ал қара күштің иесі күйзеліске сирек тап бол­ғанымен, дертті оңай еңсере алмайды. Өйткені ер-азамат үшін психологиялық күйзеліске тап болу - намысын аяқасты етумен пара-пар [2].
Мамандардың айтуынша, ер-азаматтар дертін мойындаудың орнына маскүнемдікке салынады. Яғни, арақ ішіп өзара арпалысты тыйып, бірер уақытқа дерттен айықтырады деп алданады ер-азаматтар. Күйзеліске тап болған ер-азамат өмірмен қоштасуға да дайын тұрады. Әсіресе, жас жігіттер мен қарттардың арасында күзелісті еңсере алмай, өзіне-өзі қол салушылар басым.
Күйзелістен арылудың жолдарын екі бағытқа бөлуге болады: әлеуметтік - психологиялық және психотерапиялық.
Көңілді алдайтын, көңіліңізді аударар бір өте қызықты іспен шұғылданыңыз; Ғалымдар айтуы бойынша, күйзелістен арылудың бір жолы техникалық, және әдеби аудармалар жасау; Қатты сырласып жүрген дос не құрбыларыңыз болса үйге шақырыңыз не өзіңіз барыңыз; Мазаңызды алып жүрген бірқақпай адамдар болса бетін дөрекі қайтармай түсіндіруге тырысыңыз; Айғайлап, дөрекі сөйлеген жағдайда сары уайымға түсіп, күйзелістен шыға алмауыңыз мүмкін. Оған мән бермеуге тырысыңыз.
Хош иісті ванна қабылдаудың да сізге сергектік сыйлайды; Жеңіл, ырғақты әуен тыңдаудың да өзіндік тигізер септігі ба, әсіресе мидың тынығуы, тек бәрін ұмыттыруға келетін әуен классикалық әуендер.
Көкейіңізде түйіткілді болып тұрған мәселені ішіңізде сақтамаңыз. Барлық мазалап жүрген сан түрлі ойларды, сұрақтарды дос құрбыларыңызға айтыңыз. Немесе қағаз бетіне түсіріңіз.
Күйзеліс кезінде дене шынықтыруға бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлу керек. Тіпті болмаса, ән айтып, далада серуендеуге тырысқан жөн. Барлығынан безіп, жападан-жалғыз теледидардың алдында жатқан адамның күйзелістен құтылуы екіталай. Өзіңізге жақын адамдармен жиі араласыңыз, отбасындағы, туған туыстардың үйіндегі тойларға, қонақтықтарға жиі барыңыз. Сіздің қамқорлығыңызға, мейіріміңізге зәру ата-аналарыңыздың, үлкендердің, қарттардың, бауырларыңыздың хал-жағдайын сұрап, көмектесуге тырысыңыз. Біреуге жақсылық жасаған адамның көңіл күйі көтеріліп қалады. Ең бастысы, кез келген жағдайда сабырлы болуға тырысыңыз. Өмір болған соң, қиындық болмай тұрмайды, сондай жағдайларда ең бірінші сабырлылық керек. Қиындықтың барлығы да өтпелі, сондықтан өмірден түңіліп, ашуға берілуге, сөйтіп, өз денсаулығыңызды нашарлатып алуға жол бермеңіз.
Психотерапиялық жолмен емдеу көбіне нәтижелі болады. Алайда бұл жолмен емдеу айлап, не жылдап жүргізуді талап етеді. Кейде ешқандай нәтиже бермеуі де мүмкін.
Психотерапия арқылы реабилитация жасауда депрессиямен ауырған адамның Хайдеггер ойынша депрессия үш әрекеттен құралады:
а) редукция, бар нәрседен болмысқа қайта оралу;
б) конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру;
в) деструкция, немесе дәстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке сәйкестендіру.
Бұның барлығы психологтың шеберлігіне байланысты. Бірақ, ең бастысы – ол қол қусырып отырмау. Депрессия тымау сияқты физикалық көзге көрінетін ауру болмағанымен, оның ағзаға тигізетін зияны екі-үш есе артық болады. Оған немқұрайлы қарауға болмайды. Кеңес Одағы заманында елімізде психиатрия орындары жабық мекемелердің қатарына жататын. Әсіресе, үкіметке қарсы шыққандардың құтты мекеніне айналған бұл орындар көпшіліктің зәре-құтын қашырып, өзінен алыстатпаса жақындатқан емес. Арамызда «бас жарылса бөрік ішінде» деп жүре беретіндер көп. Өйткені олар «есепке тіркелуден» қорқады. Кез-келген жеңіл-желпі сырқатты онда тіркемейтінін, тіркесе де жазылған бойда алып тастайтынын жұрт ескермейді. Аты-жөндерінің құпия сақталатынынан да бейхабар. Жүйкесі шаршаған, өмір сүруге дәрменсіз һәм құлықсыз, келешегіне сенбейтін адамдар арнаулы емдеу орындарына бармай, бақсы-балгерлерді, емшілерді жағалайтынын көзіміз көріп жүр [3].
Психиатрия шеңберіндегі психотерапия - депрессияны емдеу жолында медикаментозды емдеумен бірге қолданылатын тәсіл болып есепетелінеді. Медикаментозды емдеуге қарағанда психотерапиялық емдеуде адам өзі белсеңді қатысып отырады. Нәтижесінде адам өзін-өзі реттеу дағдыларына үйренеді және болашақта депрессияға ұшырамайтындай кризистік жағдайлармен эффективті күресе алуға мүмкіндігі туады.
Психотерапия кезінде психолог маман адамның мәселесі төңірегінде әр-түрлі техникалар қолданады. Біліктілігі жоғары маманмен сөйлесе отырып, адам өзіне депрессияға ұшырау себептерін ашады және де келесі дағдыларға үйренеді:

  • Депрессияны туғыздыратын жүріс-тұрыстық, эмоционалды факторлар мен ойларды танып білу;

  • Өмірлік мәселелерді танып, олармен күресе алатын немесе оларды өзгерте алатын өзінің бойында мүмкіндіктерді танып білу;

  • Өміріне деген бақылау сезімін қайта қалыптастыру;

  • Өмірлік жағдайларға қуана білу;

  • Психотерапияның бірнеше түрін ажыратады:

  • Индивидуалды – психолог пен клиент қатысатын кездесу;

Топтық – психолог пен бірнеше клиент қатысатын кездесу. Клиенттер бір-бірімен өз мәселелерімен, уайымдарымен бөлісе отырып, осы мәселеге жалғыз ғана тап болмағанын түсінуге мүмкіндік болады.
Сонымен қатар, психотерапияның келесідей бағыттары бар: психодинамкалық, тұлғааралық және когнитивті-жүріс-тұрыстық терапия. Бірінші кездесуден кейін психолог маман қай бағытты қолдануды шешеді.
Психодинамикалық терапия бойынша депрессияға ұшыраған адамның мәселесі оның бейсанассында жатады. Осы терапия шеңберінде адамның бүкіл өмірі талдауға алынады да, оның мәселесі өмірінде қалайша көрініс табатынына көңіл аударылады. Көмек алып жүрген адам өз мәселесін, оның негізігде жатқан себептерді танып, психолог мамамен әңгімелесу арқылы оны шешу жолдарына үйренеді. Терапияның бұл түрі бірнеше кездесуден тұрады және ұзаққа созылуы мүмкін.
Тұлғааралық терапия адамның қоршаған ортасындағы адамдармен (отбасы, жолдастары, әріптестері және т.б.) болған шиеленіс жағдайларын шешуге тырысады. Осы терапияның мақсаты – адамға коммуникация дағдыларын көрсету, өзіндік бағалауын жоғарлату және адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйрету.
Когнитивті-жүріс-тұрыстық терапия бойынша депрессияға ұшыраудың себептері жансақнанымдар мен бағдарлардың дисфункциясы болып табылады. Сәкесінше осы бағыттың мақсаты – бұрында деструктивті құбылыстарға жеткізген жансақнанымдар мен бағдарларды өзгерту болып табылады. Техникаларына негативті ойларды жою, сананың жаңа шаблондарын құру мен депрессияға алып келетін мәселенің негізін танып білу тәсілдері жатады.
Психотерапияның тиімділігін арттыру үшін келесі әрекеттерді жасауға болады:

  • Стресс туғыздыратын мәселені табу, өмірде болып жатқан жағымды және жағымсыз жайттарды арнайы күнделікке тіркеу;

  • Приоритеттерді жүйлендіру, және оның ішінде жағымдыларға аса көңіл бөлу;

  • Демалуға және өзіне ұнайтын іс-әрекеттермен айналысуға уақыт бөлу;

  • Сенімді адамға іштегі сезімдерді, уйымдарды айтудан қорықпау;

  • Өмірде жағымды жағдайларға көңіл бөліп, стресспен күресу жолдарын білу.

Психотерапияның мақсаты – депрессияға әкелетін адамның жүріс-тұрысын және ойларын бағалау мен шиеленіс жағдайларын анықтау болып табылады. Терапия кезінде өз мәслесін шешуде белсеңді қатысатын адамдар саулығып кету мүмкіндігі жоғары болады. Психотерапияның басты мақсаты – депрессияның себептерін анықтау және оны адам санасына жеткізу. Психотерапияның нәтижесін көру ұзақ уақытты қажет етеді және антидепрессанттарға қарағанда оның эффективтілігі ұзақ болады. Сонымен қатар күйзеліспен күресе білу адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне тікелей байланысты. Әрине, қазіргі уақытта оған қарсы түрлі дәрілер бар. Алайда дәрілердің барлығы уақытша көмектесетінін ескеру қажет. Қорғанудың ең басты әдісі – барынша өз қалауыңыз бойынша өмір сүру. Жақсы демалып, спортпен айналысып, денсаулықты күту керек. Күнделікті ас ішіп, аяқ босатудан да басқа қызықты нәрселер бар екенін ескеріп, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысу, ақыл-ой көкжиегін кеңейту, көп іздену, біліміңізді кеңейту, күйгелек болмау, міне, қорғанудың жолдары және психологтың көмегін ескерген жөн.
Көңіл күйіңізді түсіретін ойларға берілмеуге, жақсы үміттерге сенуге тырысу қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет