Эссе – оқушылардың сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойла-ры мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсі-лі. Әдетте
сабақта эссе 5 – 10 минуттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше бет-тен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал. Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұру керек. Эссе арқылы оқытушы оқушының ойлау дең-гейі мен сабақта қалай жұмыс жасалғандығын бағалайды. Эссе - ағымдағы бақылаудың тиімді тәсіл.
Эссені түрлендіруге де болады. Мәселен, сабақ аяғында оқушылар па- раққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Немесе эссе оқушының сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Эссенің сабақта қарастырған (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе ау- диториядағы басқа бір оқушыға да жазуға болады.
Бақылау сұрақтары:
Интерактивті әдіс дегеніміз не?
Интерактивті әдістердің маңызы неде?
Интерактивті әдістердің түрлері қандай?
Жұмыс жасаудың жалпы тәртібі. Биология сабағында интерактивті тәсілдерді қолдану. Сабақтың бастапқы кезеңінде (мақсатты айқындау) қолдануға болатын тәсілдер.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі немесе зерттеу және іздену кезеңіндегі әдістер.
Сабақтың соңғы кезеңі немесе үйренгенді айқындау кезеңіндегі әдістер.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда патриоттық тәрбие беру жүйесі.
Лекция 9. Биология сабақтарында оқушылардың темпераментін анықтау арқылы әдістерді қолдануда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жүзеге асыру
Темперамент туралы ұғым
Темперамент -20 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. әр адамның жан дүниесі өз алдында бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас-тартысты қарлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударлықтай ерекшілік, тепмпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрлымын түзеді.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын анықтайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетіне оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оны тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра тануымен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет- қылығын күн ілгері пайымдауға әбден болады.
И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процестерінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер
– қозу және тежелуге байланысты екеніндегі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін тепе-теңдігін және қозғалмалығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің теп-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы
туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке процесінің қозғалмылығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмылығы адам қылық- әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғары жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірілгінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке процестерінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:
Күшті, қозу мен тежелу теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;
Күшті, қозуы мен тежелуі теңдей,
Темпераменттің анықтамасы. Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін міне-құлықтың табиғи ерекшеліетеріін темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларға ғана емес, жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.
Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерілер адамдардың мінез-құлықтарының дар көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: қан, шырын, сары, және қара өт. Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі сұйықтың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен, холериктік темперамент – chole (өт), сангвиниктік темперамент – Sanguis (қан), флегматиктік темперамент -
phlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melonos chole (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл- қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темпераментте осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейінен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылады. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераментітң табиғатын дұрыс және толық түсіндірмеді.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие . Нақты жүйе типке сай темпераментті қасиеті дара психологиялық өзгешіліктердің мазмұнын құрайды.