Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады



бет3/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Кіріспе негізгі бөлім қорытынды

біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет.
екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.
үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.
төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез- құлқы, т.б). ескертіліп отырылсын.
бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) формалар ұйымдастырылғаны абзал [3, 76 б.].
Баланың психологиялық дамуына мадақтау, жазалауда ынталандырудың рөлі барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал, жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялау да қажет. Оқыту және тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір - бірімен өзгеріп отыру керек. Егер оқу - тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім, дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі мақұлдау. Егер шәкірттің іс - әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, «Бәрекелді», «Дұрыс», «Жақсы», «Тамаша», «Мынауыңнан нәтиже шығады», т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Бірақта өзін төмен бағалау, баланың өзіне-өзі сенімсіздігі кезінде мадақтауды ынталандыру жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.
Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
1) Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
2) Мақтау арқылы тәрбиелеушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
3) Мадақтаудың қылық- ісіне сай болуы.
4) Мадақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
5) Мадақтаудың шыңдыққа негізделуі.
Осылайша тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.
Баға- педагогикалық ынталандыру болып келеді. Мадақтау мен жазалау бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттер. Жақсы баға мадақтау болса, ал, төмен баға - жазалау болып келеді.
Бұрындары бестік бағалау жүйесі болса, қазіргі таңда он балдық шкала бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізілуде. Бағалаудың деңгейлері:
Жоғарғы деңгей «8», «9», «10»;
Орта деңгей: «5», «6», «7»;
Төменгі деңгей: «1», «2», «3» болып есептелінеді.
1-3 балл – «нашар»; 4-5 балл – «қанағаттанарлық»; 6-7 балл – «жақсы»; 8-10 балл – «үздік» баға деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет