Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер туындады


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет7/16
Дата29.07.2022
өлшемі264,5 Kb.
#37976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Кіріспе негізгі бөлім қорытынды

1.4.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оныңформасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.


Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды.
Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады.
Мұғалімнің шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық, нақты болуы қажет. Дескрипторлар білім алушыларда тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындықтартуындағанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға керібайланыс беруге мүмкіндік туғызады [18, 78 б.].
Қалыптастырушы бағалау теориясына сәйкес (Уильям, 2007) үдеріске қатысушыларды есепке ала отырып, үш позицияны ұйымдастыру қарастырылады: мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Мұғалімнің бағалауы
Аталған нұсқаулықта берілгендердің көбісі мұғалімнің бағалау үдерісінің сипатын көрсетеді. Сондықтан берілген ұсыныстарды мұғалімнің қаншалықты түсінетіні, бейімдеуі, қолдануы, жетілдіруі олардың қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесінде тиімді қолдана алуына байланысты.
Өзін-өзі бағалау
Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірибесі жинақталуы қажет. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезінде негізгі назарды өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді. Білім алушыларды не білетініне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісі келетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатын жағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді.
Мұндай білім алушыларға мұғалім барынша объективті түрде көмек бергені дұрыс. Мысалы, мұғалім жетекші сұрақтарды қолдануына болады.
Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға дәлелдер келтіру, өзін-өзі бағалау нәтижелерін талқылау, дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. арқылы да көмек беруіне болады.
Өзара бағалау
Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.
Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы»жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады.
Сондықтан ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға көбірек назар аударады [19, 96 б.].
Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация, дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады.
Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненті екенін көрсетеді.
Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек.
Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды.
Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма және т.б. сұрақтар қойылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет