Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» кмм кгу «Лисаковский музей истории и культуры Верхнего Притоболья»


Қ азіргі  жастар  арасында  дамыған



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата28.12.2016
өлшемі2,24 Mb.
#670
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қ
азіргі  жастар  арасында  дамыған 
ойын,  еңбек  құралдары:  ағаш,  тас,  сүйектер 
қ
ызмет 
еткен 
уақытында, 
Қ
азақстан 
аумағында кӛшпенділі тайпалар арасында кең 
тараған.  Бұл  үлкендердің  ең  басты  сауығы 
болды. Қазақстанның кӛптеген облыстарында 
ойын үйлену той дәстүріне кіретін. Егер күйеу 
жігіт  жағынан  ойнаушы  жеңіске  жететін 
болса,  онда  келің 
ү
шін 
қ
ылындықты 
бермейтін, ал егер келің жақтағы ӛкілі жеңіске 
жетсе, онда күйеу жігіт қалындық тӛлейді. 
Осы  ойынның  бірнеше  варианттары 
бар.  Қазіргі  уақытта  жастар  арасында  кең 
таралғаны тӛменде айтылады. 
Ойын  далада,  бӛлмеде,  спортзалында 
ӛ
ткізіледі.  Қатысушылар саны  5 адамға дейін 
жетеді.  Осы  үшін  5  домалақ  тас  (асықтар) 
керек. 
Ойын  жазылуы:  ойынға  қатысу  кезегі 
жеребімен  анықталады.  Барлығы  шеңбер 
бойынша  орналасады.  Ойынды  бірінші 
бастайды  және  ережені  бұзбағанша  дейін 
ойнай  береді.  Сосың  ойынға  екінші  кіріседі, 
кейін үшінші және т.б. Бір қолмен ойнайды. 
1  әрекет:  ойнаушы  едеңге  5  тасты 
лақтырады,  біреуі  тандап  оны  бір  қолмен 
жоғары  лақтырады  және  осы  лақтырған 
қ
олмен  едеңде  жатқан  бір  тасты  қолға  алып, 
алдын  ала  лақтырылған  тасты  лақтырған 
қ
олмен ұстап алады, яғни бір алақанда екі тас 
болады.  Едеңнен  алынған  тасты  жеке  қояды. 
Сосың қайтадан бір тас жоғары лақтырылады 
және  екінші,  екйін  үшінші  және  тӛртінші 
едеңде жатқан тастарды дәл солай бір қолмен 
жинап алады. 

ә
рекет: 
тастар 
жан-жаққа 
лақтырылады.  Бір  тас  жоғары  лақтырылады, 
едеңнен  лақтырылған  қолмен  енді  екі  тас 
кӛтеріледі  және  осы  лақтырған  қолмен 
лақтырылған  тасты  ұстайды.Сосың  келесі  екі 
тас осылай едеңнен кӛтеріледі. 

ә
рекет: 
тастар 
жан-жаққа 
лақтырылады.  Біреуі  жоғары  лақтырылады, 
енді  едеңнен  үш  тас  кӛтеріледі.  Екіншеде 
қ
алған бір тас кӛтеріледі. 
4  әрекет:  бүкіл  тастар  қолда.  Біреуі 
жоғары  лақтырылады,  қалғандары  едеңге 
қ
ойылады,  ал  лақтырылған  тас  қолға 
ұ
сталынады. 
Кейін 
біреуі 
жоғары 
лақтырылады,  едеңнен  тӛрт  тас  кӛтеріледі 
және лақтырылған тас ұсталынады. 
5 әрекет: бір тас жоғары лақтырылады, 
қ
алған  тӛрт  тас  қолда  болады.  Ойнаушы 
лақтырылған  тасты  ұстағанша,  кӛрсету 
саусағымен  3  рет  немесе  5  рет  (келісім 
бойынша) едеңге тигізеді. 
6 әрекет: тӛрт тас квадрат бұрыштары 
бойынша  (20х20  см  жақын)  орнатылады. 
Біреуін  жоғары  лақтырып  жіберіп,  ойнаушы 
бүкіл  жердегі  тастарды  жинап  алып, 
лақтырылған  тасты  лақтырған  қолмен  ұстап 
алу керек. 

ә
рекет: 
тастар 
жан-жаққа 
лақтырылады.  Біреуі  жоғары  лақтырылады, 
қ
алғандары 
бір-бірден, 
басқа 
қ
олдын 
алақанына  жиналады  және  лақтырылған  тас 
лақтырған қолмен ұсталынады. 

ә
рекет: 
тастар 
жан-жаққа 
лақтырылады.  Біреуі  жоғары  лақтырылады, 
бір тас едеңнен кӛтеріледі және лақтырылған 
тас  ұсталынады.  Ойнаушының  қолында  екі 
тас  болады.  Біреуін  ойнаушы  жоғары 
лақтырады,  ал  екіншісін  едеңде  жатқанымен 
ауыстырады  және  лақтырылған  тасты  ұстап 
алады.  Осылай  лақтырып,  ол  тастарды  бір 
жерге  жинайды.  Ақырғы  тасты  лақтырып 
ұ
стаумен тӛрт тасты қолға жинайды. 
9  әрекет:  1  әрекет  жасалынады,  бірақ 
лақтырылған тасты ұстаған кезде қалғандары 
бір-біріне соғылмау керек. 
10 әрекет: 1  әрекет жасалынады, бірақ 
лақтырылған тасты ұстаған кезде ол едеңнен 
тасқа соғылу керек. 
11  әрекет:  сол  жақ  қолмен  үлкен  және 
ортаңғы саусақтарға тіреліп ойнаушы арықты 
жасаған  сияқты.  Оң  жақ  қолмен  сол  жақ  қол 
арқылы тастарды лақтырады. Біреуін тандап, 
сол жақ қол арқылы жоғары лақтырады, сосың 
“арық”  арқылы  ӛткізеді.  Осы  әрекетте  ереже 
бар: ойнаушы лақтырылған тастан басқа тағы 
бір  “үлкен”  (“нәби”)  тасты  тандайды.  Бұл  ен 
алыс  немесе  ең  жақын тас болуы  мүмкін, бұл 
туралы  ойын  алдында  келіседі.  Ол  “арықтан” 
ең соңғы болып ӛткізіледі. 

121 
 
12  әрекет:  алдынғы  бүкіл  әрекеттерді 
бітіріп,  ойнаушы  ӛзіне  екі  әдіспен  ұпайлар 
қ
осады. 
Бірінші  әдіс:  бес  тасты  жоғары 
лақтырады,  сосың  оларды  алақан  сыртымен 
ұ
стайды,  тағы  да  бір  рет  лақтырады  және 
оларды  үстінен  ұстайды.  Әрбір  тас  10  ұпайға 
бағаланады.  Егер  ойнаушы  бүкіл  бес  тасты 
ұ
стаса, онда ол елу ұпай алады. 
Екінші  әдіс:  ойнаушы  қолын  сыртқа 
шығарып, бүкіл тастарды жоғары лақтырады, 
сосың  алақанын  ашып,  оларды  астынан 
ұ
стайды. Әрбір тас үшін 10 ұпай алады. 
Ережелер:  1)  ойнаушылар  тастарды 
едеңнен  алған  кезде,  басқа  тастарды  қолмен 
тигізбеу  керек.  Егер  ереже  бұзылса,  ойынды 
келесі ойнаушы жалғастырады
                    2)  әрқашан  ойнаушы  қай 
жерде  қателесті,  сол  жерден  ойынды 
жалғастырады. 
Бестас  (шекемтас)  —  кӛбiне  қыздар 
ойнайтын  ұлттық  ойын.  Ол  ушін  домалақ, 
ұ
стауга  ыңғайлы  бес  тас,  отырып  ойнауга 
ыңғайлы  тегіс  жер  керек.  Ойын  бірнеше 
сатыдан  тұрады.  1  —  «Бірлік».  Ойыншы  бес 
тасты  жерге  .шашады.  Таңдап  алынған  қақпа 
тасты  бip  қолымен  аспангалақтырады  да, 
жердегі  бipeyiн  кӛтеріп  қайта  тосып  алады. 
қ
алғандарын осылай бір-бірлеп кетереді. 2 — 
«Екілік».  Бұл  жолы  екі  тастан  кӛтереді.  3  — 
«Үштiк».  Үш  тасты  6ipre  6ip  рет,  жеке  тасты 
екінші  рет  жерден  кӛтереді.  4  —  «Тӛрттік». 
Тӛрт тасты бірге кӛтеру керек. 5 — «Алақан». 
Тӛрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды. 6 — 
«Тӛртбұрыш».  Тӛрт  тасты  тӛрт  жерге 
тӛртбұрыш  жасап  қойып,  оларды  тез  жинап 
алады. 7 — «Арттан тастау». Бірліктегідей 6ip 
тасты  жерден  кӛтеріп  алады.Қақпа  тасты 
лақтырып, 
екіншісіне 
кӛтергенше, 
алғашқысын 
қ
олдың 
артынан 
жерге 
тастайды.  Осылай  бәрін  тастан  болғаннан 
кейін  оларды  түгел  6ipгe  кӛтеру  керек. 
Ойынның  басқа  да  сатылары  бар.  Бестас, 
кӛбіне, 6ip қолмен ойналады. Тастарды түсіріп 
алған  немесе  шартты  орындай  алмаған 
ойыншы  келген  сатысында  тоқтайды  . 
Ойынды 
келесі 
кезектегі 
ойыншы 
жалғастырады.  Ойын  сатылары  әр  жерде  әр 
турлі  боауы  мүмкін.  Сатылар  санына  шек 
қ
ойылмайды. 
Қ
орытынды 
Қ
азақтың 
ұ
лттық 
ырықты 
ойындарының  барлық  байлығының  және 
оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, 
сонымен  қатар  ерекше  бағалы  ұлттық 
ырықты  ойындардың  қазіргі  замандағы  дене 
шынықтыру  –  спорттық  жұмысын  еңгізуінің 
ғ
ылыми жазылуы және мектептерде жоспарға 
енгізіп, терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар 
ә
р 
түрлі 
тарихи 
кезеңдерде 
халық 
тұрмысының  және  мәдениетінің  нақты  және 
объективті  кӛрінісі  болып  келеді.  Ұлттық 
ойындары  дене  тәрбиесінің  құралы  ретінде 
кең  қолданады.  Ырықты  ойынның  тарихи 
қ
алыптасқан  компоненттері  (мазмұны,  түрі 
және  әдістемелік  ерекшеліктері)  оны  дене 
тәрбиесінің  эффективті  құралдарының  бірі 
сапасында қолдануға рұқсат береді. 
Бұл  мұраны  дұрыс  қолдануы  мектеп 
қ
абырғасындағы  қазіргі  заманда  ӛміріндегі 
ӛ
сіп  келе  жатқан  ұрпақтардын  денелік  және 
рухани тәрбиесін қолдайды. 
 Ұлттық  ойынын    бабаларымыздан 
қ
алған  заманға  сай  икемдесе,  мектеп    сала-
сында табысқа жететін тетік болады деген ой-
дамын.  Қазақ  халқының  ұлттық  ойындардың 
алатын  орны  ерекше.    Бұл  спорт  ойынын 
жаңғырту  –  жастарды  мергендік  пен 
шапшаңдыққа 
баулып 
қ
ана 
қ
оймай, 
патриоттық  тәрбие,  этникалық  мәдениетке 
құ
рметпен қарауды үйретеді. Бізде енді қолға 
алғалы  отырған  ұлттық  спорт  түрлерінің  ше-
телдерде  ертеден  жүзеге  асқан,  нарыққа 
бейімделу тәжірибесін ӛзімізге икемдесек кӛп 
нәрсе  ұтар  едік.   Ұлттық  ойынын  жүзеге 
асыру үшін. Бұл үшін ұлттық ойынын мектеп 
ішінде 
ұ
лттық 
спорт 
түрі 
ретінде 
насихаттауға 
(Білім 
және 
ғ
ылым 
министрлігінен,  білім  департаменттерінен) 
рұқсат  етілуі  тиіс.  Тәрбие  сағаттарында 
ү
гіттеу  арқылы  таралыну  тиіс.  Қазақтын 
ұ
лттық бес тас ойыны барлық тұрғыдан алып 
қ
арағанда  жас    ӛспірімдерге  тиімді  ұлттық 
ойын түрі болып табылады. Ол ойналу шарты  
қ
арапайым  бірақ  мазмұны  мен  кӛрнектілігі 
ерекше 
нысан. 
Заман 
талабына 
сай 
мәнерленген  бұл  ойын  түрі,  қазақтын  жас 
ұ
рпағын  ӛз  салт-дәстүрлерін  жоғалтпауға, 
қ
азақтың 
ұ
лттық 
колоритін 
нығайтуға 
баулиды.  Рухани  және  денелік  тәрбиесі  зор 
бұл  ойын  түрі  қазіргі  замандағы    ескі  мен 
жаңаны  косатын  алтын  кӛпір  іспеттес.  Жас 
ӛ
спірімнің  ұлттық  нақыштағы  тәрбиесін 
нығайтып,  дамытуға  жетелейді.  Бес  тас 
ұ
лттық  ойыны  баланы  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелейді.  Бала  бәсекелестікке  үйренеді, 
бойында  кӛсбасшылық  қасиет  қалыптасады, 
сӛйтіп  ер  мінез  шыңдалады.  Қортындылай 
келсек  «Бес  тас»    ойыны  қазақ  балаларының 
заманауи ойыны деп аталуға толықтай  
құқ
ылы ұлттық ойын түрі. Тоқсан ауыз 
сӛздің  толықтай  түйіні  Бес  тас  ойыны  қазақ 
халқының ата - бабамыздан келе жатқан асыл 
мұрасы,  аманты.  Ал  аманатқа  қиянат  -  күнә 

122 
 
демек  ұлттық  ойнымызды  дәріптеп    зерттеп 
келер  ұрпаққа қалдыру тек бірнеше  қазақтың 
емес  қайта  бүкіл  қазақ  халқының  парызы 
болып  саналады.  Дәл  осы    сәттен  бастап  
жұрттың  жылтырна  кӛзімізді  жаутаңдата 
бермей    ӛзіміздің    қолдабар    алтынның  
қ
адірін  біліп,  қазірден  Бір  жағадан  бас  ,  бір 
жеңнен  қол  шығару  арқыл  қолға  алайық 
ағайын . 
Ұ
сыныс 
Алдағы  уақытта    қазақ    баларын  «Бес 
тас» ұлттық ойынына деген қызығушылығын 
оятып,  оны  келешекте  мектеп  аясында 
арнайы  үйірме  ашу  арқылы  дамытуды  қолға 
алуға.  Бұл  ойын  түрінің    адам  денсаулығына 
пайдасы  жайлы,  әр  бір  ойын  ӛзіндік  марма-
терапия  екенін  оқушыларға  түсіндіру.  «Бес 
тас» ұлттық ойынын тек қазақ мектептерінде 
емес,  сонымен  қатар  орыс  тілінде  білім 
беретін  мектептерде  қолданылса  деген 
ойдамын.  Осы  ұлттық  ойынды  жаңғырту 
арқылы, 
біз 
ӛ
зіміздің 
ұ
лттық 
құ
ндылықтарымызды  қайта  жаңғыртып  оны 
болашақ ұрпаққа мүлтіксіз жеткізер едік.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 
I. Кітапхана қорынан: 
1  Бородихин  В.А.  Биосоциальная  реабилитация 
учащихся  и  студентов  средствами  физического 
воспитания и спорта. – Павлодар, 2001. – 210 б. 
2  Горанько  М.  Организация  и  методика 
проведения  урока  по  физическому  воспитанию.  – 
Алматы, 1994. – 121 б. 
3  Тӛтенаев  А.Г.  Қазақтың  ұлттық  ырықты  және 
спорттық ойындары. – Алматы, 1995. – 83 б. 
4  Клещева  Ю.Н.    Игры  народов  СССР.  –  М.,  1989.  – 
75 б. 
5  Харабуги  Л.М.  Теория  и  методика  физического 
воспитания. – М., 1991. – 58 б. 
6 Салт–дәстүрлер мен әдет–ғұрып. – Алматы: РИК, 
1996. – 40 б. 
7 Клещев Ю.Н. Спортивные игры: учебное пособие 
для ВУЗов.  – М. : Высшая школа, 1980. – 142 б. 
8 Спорттық Қазақстан. – Алматы:  Қазақстан, 1969. 
– 260 б. 
9  Наурыз:  жаңарған  сал–дәстүрлер  мен  әдет–
ғұ
рыптар. –Алматы: РИК, 1996. – 40 б.  
 
Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда 
 
Авторы: Аружан Нұрмұратова 
7 сынып оқушысы 
Жетекшісі:Тышқанбаева Қ.Н. 
Рудный қалалық білім бӛлімінің 
«№15 орта мектебі» КММ 
Рудный қ. 
Кіріспе 
Бұл  жобада  қазақ  халқының  ӛмірінде 
маңызды 
рӛл 
атқаратын 
мал 
шаруашылығының, соның ішінде «Зеңгі баба» 
 деп  пір  тұтқан  сиыр   сүтінен  жасалатын  осы 
заманға  дейін  жеткен және кӛпшілікке  таныс 
негізгі түрлерінің бірі құрт туралы  айтқымыз 
келді. Құрт – қазақ халқының  сүттен жасалған 
ұ
лттық  тағам    ретінде  кеңінен  қолданатын 
ӛ
те кӛне  түрінің бірі. 
Құ
рт  ежелгі  замандарда  қалыптасып, 
дамып,  бүгінгі  күндерге  дейін  ӛз  қасиетін 
жоғалтпай,  жақсы  сақталған.  Бізді  қазақ 
құ
ртының  және  құрттың   жасалу  әдістері  мен 
кейбір 
тағамдарға 
қ
осымша  
қ
олданылатындығы   қызықтырды.  Тағамның  
ӛ
те  кӛне   әрі   пайдалы  түрі  –  сиыр  сүтінен 
жасалған  құрт   жайында  мәлімет  жинағым 
келді. 
Ӛ
з 
мақсатымызға 
жету 
ү
шін, 
алдымызға  мынадай  міндеттер  қойдық: 
-Сиыр  сүтінен  жасалған  құрт  жайында 
материалдар 
жинау; 
-Құрттың   еліміздің  әр  аймағындағы  жасалу 
технологиясын 
анықтау; 
-Құртты  кеңінен  пайдалану  әдісін  ұсыну; 
–  Құрттың  адам  денсаулығына  пайдасын 
кӛрсету; 
-Қазақтың  ұлттық  тағамы  құртпен 
танысу; 
Қ
оғамның 
қ
арыштап 
дамып, 
адамдардың  талғамының  ӛзгеруіне  сай 
халықтың ұлттық тағамдарға деген сұранысы 
да ӛзгерді. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, 
соның  ішінде,  басқа  елден  келген  астардың 
кӛбеюі.  Бірақ,  бұл  тағамдардың  пайдасынан 
зияны  басым  екенін  зерттеушілердің  ӛзі 
дәлелдеп  отыр.  Дастарханымыздың  сәні, 
денсаулығымыздың  кӛзі  болып  келген  құрт, 
ірімшік, жент, қаймақ, сүзбелердің орнын шет 
елдік  құнары  аз,  денсаулыққа  пайдасынан 
зияны басым қытырлақтар мен шытырлақтар 
жаулап алды. Қазіргі сауатты, жоғары білімді, 
оқыған – тоқығаны кӛп деп жүрген халқымыз 
дәрумендерге  бай  ұлттық  тағамдарымыздың 
құ
нын жоғалтып алғандай. 
Бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып 
бара  жатқаны  шындық.  Жобаның  негізгі 
мақсаты  осы  ұлттық  тағамдарымыздың 
ішіндегі кенеулісі  болып табылатын құрттың 
қ
асиетін  ӛзіне  қайтарып  беру.  Халықтың 
санасын  ӛткенге  қайта  оралту.  Құрттың 
қ
айтадан  кең  қолданысқа  түсуіне  ықпал  ету. 
Сол себепті біз құрт туралы деректер жинауға 
ұ
мтылдық.  Зерттеу  жұмысы  барысында  біз 
құ
рттың  қайнатылуына  қарай  үш  түрге,  қара 
құ
рт,  ақ  құрт  және  ежігей  деп  бӛлінетінін, 
жасалуы  мен  пайдалануына  қарай  одан  да 
бірнеше түрге бӛлінетінінің куәсі болдық. 
Құ
рт  ӛз  деңгейінде  қолданысқа  түскен 
жоқ.  Міне,  сол  себепті    құрттың   құрамына  

123 
 
және   оның  адам  организміне  тигізетін 
пайдасына  баса  назар  аудара  отырып, 
деректер  жинақтап,  зерттеу  жұмысын  одан 
ә
рі  жүргіздік.  Біз  зерттеу  барысында   үлкен 
апалардан   әр  аймақтарда  жасалатын  құрт 
түрі  мен  құрамы  туралы   деректер  жинадық. 
Нәтижесінде  құрттың  пайдасы  мен  жасау 
ә
дістерін 
анықтадық. 
Сонымен 
қ
атар 
сыныптағы 
оқушылар 
арасында  
да 
сауалнамалар  жүргіздік.  Сыныптастарыма 
«Құрт  туралы  не  білесің?»,  «Құртты  жеп 
кӛрдің  бе?»,  «Отбасыңда  құртты  пайдалана 
ма?»  деген  сауалдар  жүргіздік.  Кейбір 
сыныптастарымыз құрт туралы мүлде ештеңе 
білмейтін  болып  шықты.  «Отбасыңда  құртты 
жиі 
пайдалана 
ма 
дегенге» 
«Наурыз 
мерекесінде  пайдаланады»   немесе  «Наурыз 
кӛже істегенде қосады»  дегендер де болды. 
Жұмыстың   мақсатына  жету  үшін 
ү
лкен  кісілермен  сауалнамалар  жүргіздік, 
ғ
ылыми-зерттеу 
еңбектерден, 
ә
р 
түрлі 
басылымдардан,  ғаламтордан   материалдар 
жинадық, дәмі әр түрлі құрт жасау тәсілдерін  
анықтадық. 
Зерттеу 
жұмысымның 
барысында 
сиыр  сүтінен  жасалған  құрттың  әр  түрін 
ә
келіп 
сыныптастарыма 
ұ
сындым. 
Нәтижесінде  мен  сияқты  жасӛспірімдерге 
қ
ышқыл  құрттың  да,   тәттілеу  құрттың  да 
 ұнайтынын анықтадым. 
Негізгі бӛлім.  
Сүт. 
Сүт-  химиялық  құрамы  жағынан 
тамаша  тағам.  Оның  құрамында  адам 
ағзасының  қалыпты  жетілуі  үшін  барлық  зат 
бар.  Соған  орай  оған  физиологиялық 
құ
ндылығы  жағынан  бірде  бір  азық  тең  келе 
алмайды.  Сүт  басқа  ӛнімдердің  биологиялық 
құ
ндылығын  кӛтереді.  Ас  қорыту  бездерінің 
жұмыс  істеу  қабілетін  үнемі  жақсартып 
отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар 
дайындауға  болады.  Айран  ұйытып,  ірімшік, 
құ
рт  кептіруден  бастап,  ботқа  пісіруге  дейін 
осы  бір  керемет  ӛнім  пайдаланылады.  Ал  сүт 
қ
осып  дайындалған  тағам  ӛте  дәмді  болады. 
Оның  үстіне  сүт  ӛнімдерінің  дәрулік  қасиеті 
бар.  Олар  емдеу,  алдын  алу,  диеталық  тағам 
ретінде 
де 
қ
олданылып 
жүр.  
Құ
рттан  істелетін  немесе  кұрт  қосылатын 
тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет. 
Ж  а  с  қ  ұ  р  т.  Сүзбеде  тұрған  құртты  сары 
маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен 
бірге  дастарқанға  қояды.  Әсіресе  кепкен 
құ
ртқа, бауырсаққа тісі ӛтпейтін қарттар үшін 
ӛ
те  кенеулі  ас  саналады.  Ертеректе  жас 
құ
ртты  мипалауға,  құйрық-бауырға  қосқан. 
Құ
рттың  сарысуын  сүт  қосып  қайнатып, 
ірімшік  жасайды,  ауырған  малға  ішкізеді, 
ә
йелдер  бас  жуады,  сондай-ақ  одан  тері  илеу 
ү
шін 
малма 
жасайды. 
Қ
  ӛ  б  і  к  .  Қайнап  жатқан  кұрттың  қалқып 
алған  беті.  Майлы,  кенеулі  ас  ретінде  жас 
балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. 
Бұрын құрт қайнатқан үйден кӛбік жалаймыз 
деп, ауыл балалары келіп жиналатын  әдет те 
болған. 
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май 
қ
осып  сапырып  ішетін  кенеулі  ас.  Ӛкпе 
ауруына,  суық  тиіп  ауырған  сырқаттарға  ем 
саналған. 
Сықпа  құрт.  Мұның  кайнатқан  кұрттан 
айырмашылығы  сол  ашыған  айран  қапқа 
кұйып  сүзіледі  де  тұздалып,  әр  түрлі  үлгімен 
бӛлшектеліп  тақшаға  кептіріледі.  Сықпа  құрт 
та  бастырма  ретінде  пайдаланылған.  Мұндай 
кұрт  жайған  әйел  ауыл  балаларына  арнап 
дӛңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп 
қ
уанту салты болған. 
М а л т а . Езілген құрттың таусыншақ 
түйіршіктері,  ол  әрі  жұмсақ,  әрі  сүйкімді  ас 
саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын 
жұтқан  кезде  әрі  сусын,  әрі  қорек  болған. 
Езген  құрт.  Сорпаға,  тұздыққа,  кӛжеге  және 
басқа  тағамдарға  қосу  немесе  сұйық  күйінде 
ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, 
келіге  түйіледі  немесе  қол  тиірменге 
тартылады. 
Езген 
құ
рт 
— 
ұ
лттық 
тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі. 
А  қ  м  а  л  т  а  .  Езген  құрттың  ең  соңғы 
шайындысы. Ол ӛте жұғымды және тез сіңетін 
тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде 
ішеді. 
Ұ
нтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап 
түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен 
қ
аймағына 
былғап 
жейді. 
К  ұ  р  т  -  м  а  й  .  Сары  майға  батырып  табақ 
жасайтын  кепкен  сықпа  жалпақ  құрт.  Оны 
асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-
желпі  түстік  ретінде  дастарқанға  қояды. 
Кейде  құрт,  ірімшік,  май  тағамдарының 
қ
осындылары да кұрт-май деп аталады. 
Құ
рт – кальцийдің кӛзі. 
Құ
рт  –  кальцийдің  кӛзі.  Құрт  – 
кальцийдің кӛзі. Құрт – кальцийдің кӛзі. Құрт- 
сӛзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт 
деген мағынаны береді. Бұл тағамның ӛзіндік 
ерекшелігі  бар.  Ақуызға  ӛте  бай.  Соның 
арқасында  құнарлы,  тоқ  тағам  болып 
есептеледі. 
Құ
рт  –  пісіліп  майы  алынған  айранды 
қ
айнатып  арнайы  дорбада  сүзіп  алып тұздап, 
кептіріп  сақтайтын  тағам  түрі.  Жасалу 
тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, 
қ
ара  құрт,  майлы  құрт  деген  түрлері  бар. 

124 
 
Қ
азақ  ырымы  бойынша  кеппеген  құртты 
жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген 
құ
ртты алып жесе, жауын жауады деген ырым 
бар.  Сабада  жиналып  пісілген  іркітті  майы 
алынғаннан  кейін  түбіне  май  жаққан  үлкен 
қ
азанға құйып қайнатады. 
Құ
рт  қайнап  жатқан  кезде  оның  түбі 
күйіп 
кетпес 
ү
шін 
арнаулы 
құ
рт 
қ
айнатқышпен  әлсін-әлсін  қазанның  түбін, 
ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден 
қ
ойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге 
асып  қояды.  Сонда  оның  қалған  суы  тағы  да 
ағып, 
құ
рғайды. 
Бұдан 
кейін 
қ
олмен 
бӛлшектеп,  тақшаға,  шиге,  қолмен  сығып 
немесе  алақанда  айналдырып  ӛреге  жайып 
кептіреді. Кӛгермей, қызбай біртегіс кебу үшін 
ӛ
реде жатқан кезде оны бірнеше рет аударып 
отырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп 
алған  құрт  жыл  бойына,  кейде  2-3  жылға 
дейін сақтала береді. 
Құ
рт  –  табиғи  кальций.  Құрамында  А, 
В,  С  дәрумендері,  мыс,  мырыш,  күміс,  темір, 
кремний, 
магний, 
кальций, 
алюминий 
микроэлементтері жетерлік. 
Жалпы  құрттар  қатты  құрттар  және 
сұйық  құрттар  етіп  екіге  бӛлуге  болады. 
Қ
атты құрттар дүкенде сатылғанмен олардың 
сапасы ӛте тӛмен. Сыртқы әлпетінен кӛруге де 
болады ол да ӛте тӛмен.  
Дүкенде  сұйық  құртты  сатпайды,  ал 
сұйық  құрттың  адам  ағзасына  пайдасы, 
онымен  қатар  мұндай  тағам  басқа  елдермен 
салыстырғанда  еш  жерде  жоқ  деп  те  айтып 
кетуге болады. 
Жақсы кептірілген құрттар азбайды. 
Қ
азіргі заманауй балаларымыз «Чупа – 
чупс» 
сорып 
жегенше, 
неге 
ұ
лттық 
құ
ндылығым – құртымызды неге жемеске? 
Осы  еңбегіміздің   нәтижесі  ретінде  
болашақта  дүкен  сӛрелерінен  балаларға 
арналған  әртүрлі  тәттілер  мен  сағыздар 
сияқты  балалар  еркін  сатып  алатындай 
құ
рттың  әр  түрі  болса  деп  ойлаймыз.  Әрине 
ол үшін түрлі кәмпиттерді орағандай неге біз 
ӛ
з  құндылығым  құртты  да  кәмпиттің  ең 
қ
ымбат  түріндей  етіп  әсемдеп,  жарқыратып 
сатпасқа?.  Мысалға,  Рафаелло  деп  жарнама 
беріп  жатады,  ал  неге  біз  ӛз  ұлттық 
тағамымыз – ата – бабамыздан қалған ұлттық 
тағамымыз құртты жаңғыртпасқа?. Аймақтағы 
«ДЕП»,  «Новый  день»,  «Лидер»  т.б.  сүт 
ӛ
німдерін  шығаратын  жерлерге  ұсыныс 
тастасақ. Еш жерде біздің айтқанымзды жоққа 
шығармады.  Тек  ата  -  бабамыздан  қалған 
дәммен істеп шығарсақ нұр үстіне – нұр болар 
еді.  Әрине құрттың бірінші ішкі сапасы және 
сыртқы  әсемдік  қорабын  ойлап  тапсақ.  Олай 
болатын  болса  дүкендерде  «Рафаелло»  
кәмпиті тұрғанша, ӛз елімізідң ұлттық тағамы 
жарықырап тұрса. Тіпті дәріхана сӛрелеріне де 
гематоген,  аскорбинкалармен  қатар  құрттың 
ә
р түрін қоюға болады.  
Қ
азақстанның ҧлттық  
бренді – қҧрт. 
Ұ
лттық  брендті  құру  –  Қазақстанның 
ӛ
зекті 
мәселесі. 
Мәдениет, 
тарих 
қ
айраткерлері және бизнес-құрылым ӛкілдері 
де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар 
ӛ
те  кӛп.  Біреулер  ұлттық  бренд  домбыра, 
қ
обыз  сияқты  музыкалық  аспаптар  десе, 
екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп 
санайды,  ал  үшіншілері  киіз  үйді  жақтайды. 
Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не 
екені  белгісіз.  Таңдау  қиын,  ұлттың  сәні  – 
кешке киетін сәнді киім емес.  
Мен қазақтың байырғы тағамы құртты 
ә
лемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. 
Оның  мыңжылдық  тарихы  бар,  және  бүгін 
құ
рттың  дайындалу  рәсімі  ұмытылған  жоқ. 
Қ
азір  ұлттық  бренді  ойлап  табу  мәселесі 
туралы  айтсақ,  назарымызды  неге  құртқа 
аудармасқа?!  Бір  кездері  құр  кӛшпенділерді 
ұ
зақ  жорықтарда  және  соғыстарда  аштықтан 
құ
тқарған. Бұл азық ӛте ұзақ сақталады, ал ол 
кезде  тоңазытқыштар  болмаған.  Мен  ӛзім  де 
құ
ртты жеп ӛстім.  
Олай 
болатын 
болса 
заманауи 
балаларымызды 
құ
рқ 
–  Менің  алғашқы  білімім  –  мүсінші-суретші, 
сондықтан  бастапқыда,  суретші  ретінде,  мені 
құ
ртың  мүсіні  қызықтырды.  Және  мен  сыйға 
тартатын  құрт  құру  бойынша  жұмыс  істей 
бастадым,  -  деп  жалғастырды.  –  Ол  кезде 
тағамның  құрамы  мен  сапасы  туралы,  оның 
жасалу 
технологиясы 
туралы 
ойлаған 
жоқпын.  Менің  бірінші  ойлап  шығарған 
құ
ртым  үшбұрышты  боды,  және  әр  бұрышы 
ү
ш  жүзді  білдірген.  Осы  бұрыштарда 
қ
азақтардың  негізгі  игілігі  –  киіз  үй,  қойлар, 
жылқылар,  түйелер.  Сонымен  қатар,  сыйлық 
ою  түрінде  де  әзірленген.  Бұл  Қазақстанға 
келген  әр  шетел  азаматына  ӛте  жақсы 
сыйлық.  
Басқа  шетелде  демалыста  болып,  сол  елден 
естелік және жейтін сыйлық әкелу – бұрынғы 
туристік  дәстүр.  Түркиядан  біз  әлемге  әйгілі 
пахлавасын,  Үнді  елінен  шайларын  әкелеміз. 
Ә
р  елде  достарына  сый  ретінде  әкелуге 
болатын, 
ерекше 
тағамдары 
бар. 
Ал, 
Қ
азақстан  не  ұсына  алады?  Тек  базарда 
кемпірлермен  тауарсыз  түрінде  сатылатын 
құ
рттан 
басқа 
ештене 
жоқ.  
 

125 
 
Жылдар 
бойы 
құ
рт 
тақырыбын 
зерттеген 
Айдар 
Шалбарбаев 
тұзды 
домалақтардан  ерекше  тауар  шығаруын 
біледі.  
–  Егер  мен  бастапқыда  тек  мүсіні  туралы 
ойласам,  кейін  мені  құрттың  дайындалу 
технологиясы  қызықтырды,  –  дейді  Айдар 
Ақаралұлы. – Мен ұлттық ащы сүт ӛнімдерінің 
ӛ
ндірісін  зерделедім.  2004  жылы  осы 
зерттеуіме  патент  алдым.  Осы  патент  қазіргі 
заман 
технологияларын 
қ
олданып, 
шетелдерге  мақтанышпен  шығарылатын 
сапалы  құрт  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Мен 
біздің  құрт  голландықтардың  ірімшіктері, 
түркілердің  йогурті  сияқты  әлемдік  асханада 
ӛ
зіне  лайық орын  алуы  қажет  деп ойлаймын.  
Айдар  Шалбарбаев  құртты  ӛндірудің  үш 
бағытын  ойлап  шығарды.  Бірінші  «сыйға 
тартылатын  құрт».  Бұл  құрт  шоколодпен 
қ
апталған 
және 
жаңғақ 
қ
осылған. 
Екінші  бағыт  –  етті  құрт(жылқы,  қой,  сиыр 
еттері).  Бұл  құрт  байырғы  ата-бабаларының 
ә
дісі  бойынша  жасалады.  Үшіншісі  –  балық 
құ
рт.  Бұл  ӛнімді  сыра  ішетіндер  жақтайтды 
деп  ойлайды  зерттеуші.  Осы  құрт  балықтың 
ә
р түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.  
                                  Қорытынды 
Құ
рт  –  адам  денсаулығына  қажетті 
құ
ндылық  екеніне  кӛз  жеткіздім.  Бұл 
тағамның  емдік,  тұрмыстық  пайдасы  бар. 
Қ
азіргі заманда жастардың кӛбі осы тағамды, 
оның  денсаулыққа  пайдалы  екенін  білмейді. 
Ӛ
з  сыныптастарымнан  құрт  туралы  не 
білетіндерін  сұрастырғанда,  біреуі  де  білмей 
шықты. 
Қ
азақ 
тілі 
сабағында 
сыныптастарымды  жобаммен  таныстырдым. 
Оларға  құрттың  ӛте  маңызды  тағам  екенін 
түсіндіре  алдым  деп  ойлаймын.  Ӛз  отбасым 
да,  құрбыларым  да  осыған  кӛз  жеткізді.  
Айдар  Шалбарбаев  құрттың  ұлттық  бренд 
бола  алатыны  туралы  ойларын  айтты.  Мен 
осы зерттеушінің сӛздеріне қосыламын. Менің 
ойымша,  құрт  Отанымыздың  ұлттық  бренді 
мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына 
шығып  қана,  ӛз  еліміздің  балалары  осы 
тағамның 
пайдасын 
кӛре 
алады 
деп 
ойлаймын.  Себебі,  қазір  құртты  тек  қазақ 
халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд 
болса,  оны  тек  шетелдер  ғана  емес,  ӛз 
еліміздің  барлық  тұрғыны  дәмін  татып, 
бағалайды.  
Қ
орыта  айтқанда,  қазақтың  ұлттық 
тағамы  –  құрт  адам  денсаулығына  қажетті 
тағам.  Біз,  Қазақстанның  жастары  осы  құнды 
тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек. 
                                                                              
                     Ҧсыныс 
Аймақтағы  «ДЕП»,  «Новый  день», 
«Лидер»  т.б.  сүт  ӛнімдерін  шығаратын 
жерлерге  ұсыныс  тастай  отыра,  сыртқы 
қ
орапшаларының  суреттерін  салуға  құрттың 
қ
орабын  әсемдеуге  сайыс  жүргізіп,  әсем, 
жарқыраған  ,  ұлттық оюлармен  нақышталған 
суретті таңдаса.  
 Біз кеңес уақытында қазақтың құртын 
ғ
арышкерлерге 
бергенбіз. 
Олар 
қ
айта 
оралғаннан  кейін  «бұл  неткен  керемет  дәм» 
деген.  Сол  құртыңыз  да  ескерусіз  қалып 
барады.  Қазақ  тағамдарын  ұлттық  брендке 
айналдыру  үшін арнайы  қаулы  не мықты  заң 
керек. 
Сӛйтіп 
сақтамасақ, 
барымыздан 
айырылып  қалуымыз  мүмкін.  Тіпті  оны 
туристік  кластердің  бір  бағыты  ретінде 
дамытып,  кішігірім  цехтар  ашып,  шетелдік 
туристерге  ұсынсақ,  ұтарымыз  кӛп,  әрине. 
Ӛ
зге  ұлттардың  ӛреге  құрт  жайғанын 
кӛрмедік.  Халқымыз  әлде  бірдеңені  ойлап 
жүргенде  ұлттық  сусынымыз  «Қымызды» 
Қ
ырғыз  елі  патенттеп  алды,  осылай  жүріп 
құ
ртымыздан да айырылып қаламыз ба деген 
ойдамын.  Ата  –  бабамыздан  қалған  ұлт 
құ
ндылығын  аймақ  болып,  облыс  болып, 
жалпы  бір  ел  болып  шешпесек  ӛредегі 
құ
ртымызды  ӛзгелер  ұрлап  кетер….  Болашақ 
жастарымыз  біртіндеп  ұлт  құндылығын 
жоғалтып алмайық! Ағайын! 
             
Қ
олданылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан 
дастарқаны, Алматыкітап 2007. 
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, 
Просвещение 2002. 
3. Ермакова В.И. Аспазшылық, Просвещение 1993. 
4. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және 
физиология негіздері, Просвещение 1999. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет