Отамалы (әңгіме)


Кенет оттың ар жағынан біреудің екі көзі жалт ете қалды. Отамалы түршігіп кетті. Қасқыр екен деп ұшып түрегелді. Бірақ иті екен. Ол да отқа тығылыпты, қайтсін, бишара!



бет22/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
OTAMALY

Кенет оттың ар жағынан біреудің екі көзі жалт ете қалды. Отамалы түршігіп кетті. Қасқыр екен деп ұшып түрегелді. Бірақ иті екен. Ол да отқа тығылыпты, қайтсін, бишара!

От ұзақ жанбады. Отамалыны шырмаған ойлар да отпен бірге сөнді. Долы жел ұшқындарды ық жаққа құшақ-құшақ ұшырып, әрірек апарып тұншықтырып жатыр. Ақырғы қалған ұшқындар мен күлді де аямады. Кейбір ұшқындар боранға көпке дейін әл бермей, жарқырап барады да, ақырында, кеудесіндегі жылуын жоғалтып, көзден ғайып болады.

Отамалы шекпенін киіп, қамыстың ішіне қайта кірді. Жайлылау бір орын тапты да, арқасын қалың қарға беріп, тыным алды.

Қамыстар дүрілдеп тұр. Отамалы өмірі мұндай дыбысты естімеген еді. Бір жағынан жұмбақ, бір жағынан аянышты. Айдалада адам баспаған жерде жылдар бойы осылай сарнап тұру қамыстарға да оңай деймісің!

Біраздан кейін ол көзінің жұмылып бара жатқанын сезді. Желдің бірқалыпты уілі, қамыстың ызылы, түн түнегі, шаршағандық — бәрі де оны әлдилеп, ұйқы құшағына еріксіз жетелеп барады. Көзіне астында от жанып жатқан ескі ошақ қайта бір елестеді де, ұйықтап кетті.

Отамалы содан қанша уақыт өткенін де білмейді, шамасы, таң алды болу керек, қойлардың әлемет дүрілінен оянды. Бірақ бірден есін жия алмады. Бір жағынан тәтті ұйқыны қия алмай, бір жағынан өзінің қайда жатқанын да сезбей, біраз отырды. Әуелі мына құлақтағы гүрілді көктемдегі өзеннің тасыған шуылы ма деп қалды. Көзіне өзендегі шоршып ойнаған балықтар елестеп, бірауық солардың қызығына батты. Бірақ дыбыс өзен сарылына ұқсамай, өзгере берді. Сосын қамыстың шуылын анық естіді, көзіне ошақ қайта елестеді. Ақырында барып боранды, кешегі күнді, қамыстардың пытырлап жануын, ұйқысын есіне алып, орнынан ұшып тұрды. Маңайдағы желдің де, қамыстың да ызылынан бөтен бір ұлы дүбір алып барады екен. Сол дүбірдің ішінен жап-жақын жерден иттің бірде шәуілдеп үріп, бірде арсылдағаны естіледі.

«Қасқырлар!»

Отамалы ыққа қарай жүгірді. Дүбірге қарағанда, қойлар да солай ысырылған. Тобырдың арты қамыстан жаңа шығып жатқан болу керек, сынған қамыстардың сартылы құлақ тұндырады. Маңай қой маңырауына толып кеткен. Бейне жаздыкүнгі ауыл қасында қозылармен жамыраса көрісіп жатқандары сияқты.

Кенет қойдың бір тобы Отамалының үстінен лап беріп өтті де, оны көміп жіберді. Отамалы құлап түсті. Ол жүндер мен тұяқтардың, қойлардың денелерінің астында тұра алмай қалды. Енді босанып орнынан тұра бергенде, төбетінің тап қасынан арс ете қалғанын естіді.

Отамалы енді ғана байқады, алдында бес қадамдай жерде боранмен аралас екі отты көз жақындап келеді екен. Отамалы қайта бұға қалды да, таяғын оңтайлай берді. Отты көздер боранды жарып, жанынан зулап өте берген мезгілде ол сал-мақты таяқты бір-ақ сілтеді. Дала шырағы төңкеріліп түсті. Отамалы жалма-жан беліндегі пышағын суырып алып, кеуде тұсынан бір бойлатып жіберді де, оның көзіне қарап еді, оты сөніп үлгірген екен.

Ол қойлардың артынан жүгірді. Екінші қасқырды төбет жайратыпты. Бір мезгілде ол қасқырдың ішек-қарнын аузына тістеп, Отамалыға жетіп келді. Отамалы төбетіне риза, көрдім дегендей бас изеп, қуана ниет білдірді. Төбет қайта зымырады.

Қойлар шығына қашқан. Отамалы екі өкпесін қолына алып жүгіріп келеді. Түнгі ұйқы біраз тыңайтып тастағаны білініп-ақ тұр. Сонда да қой тобырына әрең ілеседі. Сол жақ қанат әлі әбігерде. Бұл шу ұзаққа созылды. Отамалы қанша жүгіргенмен, оған жете алатын емес. Тек бар сенгені — төбет. Маңыраған қой, жынданған жел, төбеттің арсылы Отамалының денесін түршіктіріп барады. Қырып кетпесе неғылсын!

Бие сауымдай уақыт өткен соң, ала төбет арсалаңдап Отамалыға жетіп келді. Денесінің кейбір жерлерін жалаған болады, келе Отамалының бауырына асылды. Отамалының іші жылып кетті. Төбет жеңіп келгенде осылай ететін әдеті еді. Отамалының көзінен жас ыршып кетті. Денесінің әр жерін ұстап көріп еді, айтулы жарақат жоқ сияқты, бірақ жүрегі қатты соғып тұр екен. Ол қой соңынан қайта жүгірді. Бұл кезде сол қанаттағы әбігер басылып қалып еді. Шамасы, енді қасқыр жоқ сияқты. Өздері үш-төрт қасқыр болса, артқы бір-екеуін төбет жайратқан я қуып салған ғой. Бірақ мына сүргінді тоқтату қиын. Үріккен малдың көпке дейін бой бермейтінін кім-кім де біледі. Егер арттан соққан жел болмағанда, Отамалы қалып қоятын да шамаға жетіп еді. Тағы да демігіп, өкпесін қолына алып келеді. Манадан аязды да байқамапты, енді ол да өзінің тіршілігін білдіріп, сона тұмсығын дыз еткізіп бетке тығып алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет