Отамалы (әңгіме)


бүркей  берді. Міне, Жетіқарақшы да жұтылды



бет11/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
бүркей  берді. Міне, Жетіқарақшы да жұтылды.

Отамалы жүгіргіштеп қайырып жүр. Аяғының астындағы қыстан шыққан көкпек сытырлап сынады, жусан езіледі. Жел соғып берді. Қойлар ұйлығып қалды. Түнге тағы бір түн қосылғандай, түнеріп кетті.

Маңайдағы бозғын төбелер де көрінбей барады. Ит анда-санда шәуілдеп үріп, кейде арс ете қалып, қойларға бағыт бергіштеуде. Желдің күшті ызылы қойлардың пысқырығы мен маңырауын әрең естіртеді. Отамалы ауылға қарай айдап келеді. Қатты жүрістен жүрегі жиі-жиі соғып, дүрс-дүрс етеді. Қарманып жүріп беліндегі шақпақ тасы мен пышағына қол жүгіртіп еді, олар орнында тұр екен. Әлден-ақ аяғының ұшы мұздап, тізесі қата бастады. Бірақ мұндай суықтың талайын көргендіктен, оны елең еткен жоқ, ойына қорқыныш та алған жоқ, тек есіл-дерті қойларды қайырып, аман жеткізу,

Қойлар алғашқыда жақсы жүрді. Бәрі де жұлуды қойып, ентелеп алға ұмтыла берді. Ит ық жақта. Қойлардың еріксіз ыққа ысырылатынын ит те, Отамалы да жақсы біледі. Жел күшейген үстіне күшейе түсті. Далада қалған бойшаң итсигектер мен бұталардың зарлағанын Отамалының тәжірибелі құлағы түн дыбысынан ажыратып келеді. Бағдар беретін жұлдыз жоқ болғанымен, Отамалы жер танығыш еді, қойлардың сәл бұрыла бастағанын жазбай білетін. Ол қойларды қақпайлап, жүгіре басып қайыра берді. Ешкілердің бәрі ентелеп алға шығып кеткен болуы керек, Отамалыдан екі-үш адым жерде қойлардың құйрықтары ғана қомақталады, сирақтардың бір-біріне тиген сартылы, топтың дүрілі желге қосылып, Отамалының алды қалың шуға толып келеді. Ит анда-санда қыңсылап қояды. Шамасы, ол да мұндай аласапыран жүрісті көптен көрмеген болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет