Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері



бет3/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жүсіп Баласағұнның "Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып" дегені, есі кіріп тілі шыққанан кейін баланы тым шолжаңдатбай, адамгершілігі мол, әдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсаринның шығармаларында көтерілген өзекті мәселе – жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру. Оның еңбектерінің бірінші беттерінен-ақ балаларды адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әділдікке, тапқырлыққа, мейірімділікке, оқуға шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. 
Адамгершілікті қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы тәрбие ісінің функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады.
Тәрбиені орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие "күрес" емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ мандай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т.б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б. Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады. 
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі, өзін қошаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Психологтар мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырсаздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бастауыш кластағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиелетендігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Ұрпағымыз адамгершілік тәрбиеге зәру адам.
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдылығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инбатттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған.
«Қыз қылығымен сүйкімді»,
«Қыз өссе - елдің көркі», «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Қыз балалар үшін.
Әдетте, қазіргі кезде қыз балаға қойылар сын көп «Қызға қырық үйден тыю» дегендей қыз баланың тәрбиесіне ата-бабамыз көп мән берген. «Қыз өссе елдің көркі» деп тегін айтпаған. Ал қыздар мұндайда сәл ғана басын изейді. Жастар өздерінен үлкен адамдармен амандасқан кезде олардан гөрі төменірек иілгені жөн. Көпшілік орындарында сәлемдесу кезінде даурығу, орынсыз дауыс көтеру, өзімсініп сөйлеу жұрт үшін кері әсер ететінін ұмытпау керек. Сәлемдескен кездерде орынан тұрып, ізет білдіру - сыпайлықтың белгісі. Жас жігіттер жандарынан өтіп бара жатқан әйелмен не өздерінен үлкен кісімен амандасқанда, орнынан тұрып ізет білдіреді. Ал жас қыздар қастарынан адам амандасып өткен кезде ғана орынан сәл түрегеліп, әдеп танытады. Қыздар мен келіншектер де бөлмеге өздерінен үлкен әйел кіргенде орындарынан тұрады. Ал ер адам бөлмеге кірген кезде, егер ол кісі болмаса, қыздардың орынан тұруы қажет емес.
Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет