Тағамдық аллергияклиникасы Тағамдық аллергия кезінде патологияның жиілігі мен орналасуы науқастың жасына, аурудың этиологиясына, науқастың клиникалық және зертханалық тексерілу мүмкіндіктеріне байланысты. Сирек қолданылатын азық-түліктер жиі патологиялық процесті шақырады, жиі қолданылатын азық-түліктер созылмалы қабынулар түрінде көрінеді, ауыр түрде жүретін тағамдық аллергия: анафилаксиялық шок, көмейдің ангионевротикалық ісінуі, астманың ауыр ұстамалары. Әдетте аурудың симптомдары тағамды қабылдағаннан кейін қысқа уақытта басталады 5 минуттан 3 сағатқа дейін, аллергиялық серпілістің басқа түрлерінде 1-5 күннен кейін, кейде 10 күннен кейін пайда болады. ТА жеке ауру түрінде немесе кез-келген соматикалық патологиямен бірге болуы мүмкін.
Жедел аллергиялық реакция кезінде ол 2 сағаттан 7 күнге дейін созылады. Бұл ішекте аллергеннің жылдам сінірілуімен және пайда болған аллергендердің мөлшеріне байланысты. Жиі бірнеше мүшелердің жүйелік серпілістері байқалады.
ТА кезінде АІЖ жиі шокты мүше болады. Бұнда жиі кездесетін симптомдар: қатты және созылмалы құсу шырышпен бірге, іште ұстама тәрізді ауырсынулар. Диарея байқалады, нәжіс сары немесе жасыл түсті, асқазаннан жасырын қан кетулер болады. Іш қатумен болатын энтероколит. ТА-да майлар, белоктар, көмірсулар және витаминдер сіңірілуі бұзылады. Қандайда бір азық-түлікті көтере алмаушылықта кекіру, жүрек айну және құсу жиі кездеседі.
ТА кезінде терінің зақымдалуы балалардың жартысында кездеседі, ол ересек жаста сирек кездеседі. Нейродермит – экзема – атопиялық дерматитте бөртпе бетте, жамбаста, аяқ-қолдардың бүккіш беткейлерінде, тізе асты шұңқырларында пайда болады. Аурудың жедел фазасына экскориациясы бар эритема, теріде түйіндер мен көпіршіктердің болуы тән. Созылмалы фазада терінің құрғауы, лихеинезациясы және қалыңдауы байқалады. Гипер немесе гипопигментация кейде ұзақ уақыт сақталады. Атопиялық дерматит кіші жастағы балаларда жиі кездеседі.
Тағамды қабылдағаннан кейін қышитын күлдіреуік пайда болады және бірнеше сағ бірнеше күнге дейін сақталады және тез жоғалып кетеді, есекжем жасөспірімдерге және үлкен адамдарға тән. Кінәлі тағам өнімін тоқтатқаннан кейін ауру 2-24 сағат ішінде ізсіз жоғалады. ТА кезінде кішкентай балаларда: іш өту, іштің ауруы, құсу, қанды энтероколит байқалады. ТА кезінде кішкентай балалардағы симптомдар: атопиялық дерматит, есекжем, анафилаксиялық шок, ысқырықты тыныс белгілерімен сипатталады.
Жиірек ТА клиникалық көрінісі тыныс алу органдары жағынан көрінеді, олар тұншығу немесе аллергиялық ринит симптомдарымен байқалады. ТА бронх демікпесі сияқты көріністермен байқалады. Тыныс жолдарын зақымдау симптомдары жеңіл түрден өкпенің ауыр ауруларына дейін түрленеді. Түшкіру ұстамасымен, сулы бөлініспен және мұрын бітуімен өтеді. Ұйқы кезінде мұрын шырыштың кеңірдекке түсуі жөтелді шақырады. Бронхит кезінде жөтел, тұншығу, тыныстың тарылуы, температураның жоғарлауы байқалады. Бронх демікпесі бронхоспазм, шырыштың гиперсекрециясы, ысқырықты сырылдармен, тыныс тарылуы және ентігумен өтеді. Жиі қайталанатын пневмония кездеседі. ТА кезінде ауыз қуысы жағынан келесі клиникалық көріністер болуы мүмкін: гингивит, голоссит, стоматит. Қан жүйесі ТА келесі симптомдармен әсер етеді: лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилия және лимфоцитоз.