Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Тағамдық аллергияның алдын алу



бет13/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
Оқу әдістемелік құралы

Тағамдық аллергияның алдын алу
ТА алдын алуын әйелдің жүкті кезінен бастап омыраумен емізген уақытта керек. Рационнан аллергиялық тағамдарды шектеу қажет. Аллергиялық тағамды бала тамағына кезеңді және аз мөлшерде, тіпті мүмкін болса араласқан күйде қосады. Кейбір антигенді субстанциялар ыстық кулинарлы өңдеу кезінде бұзылады. Сүтті қайнату кезінде бета – лактоглобулин бұзылады. Сүттің көбігін алып тастаған жөн, себебі ол жоғары антигендік құрамымен ерекшеленеді.
Балаларда ТА дамуына профилактикалық прививкаларда әсерін тигізеді. Қансыраулар және вакциналар ТА дамуына мүмкіндік туғызады. Грипп вирусын тауық эмбрионында өсіреді, сол себепті гриппке қарсы сарысу және вакцина жұмыртқаға және тауық етіне ТА дамуына мүмкіндік туғызады. Көптеген елдердің заңдарына сәйкес, тағам өнімдерінің этикеткасында сол өнімнің құрамына кіретін тіпті минимальді мөлшердегі барлық ингридиенттер көрсетілуі қажет. Бұл науқастарға ТА ауруының өршуінің алдын-алуына көп септігін тигізеді. Баланы ұзақ уақыт омырау сүтімен тамақтандыру қажет. ТА алдын алуындағы ең маңызды кезең – асқорту жүйесінің жұмысының қызметін қалыптастыру.
Барлық ТА ауыратын науқастарда үйде және балаларда мектепте ТА асқыну кезіндегі жедел жәрдем жинағы міндетті түрде болу қажет. Бұдан басқа, ТА емі және алдын алуы бойынша нұсқау болуы керек. Жинақта адреналин шприцпен бірге, оральді кортикостероид, Н-1 рецепторының антагонисті және ингаляциялық бета-агонистер (негізінен бронх демікпесі бар науқастарға) болуы қажет.
Тағамдық аллергияның диагностикасы
ТА диагностикасы: клиникалық-зертханалық зерттеу әдістері, терілік тесттер, провокациялық немесе элиминациялық сынама, иммунологиялық тесттер. ТА-да себепкер аллергенді анықтаудың маңызы зор, ол тез арада тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Басқа ауруларға қарағанда ТА диагностикасында жалған оң серпілістердің пайызы жоғары. Ең алдымен тағамдық жақпаушылықтың себебін анықтау қажет. Балаларда жиі психикалық себептер болады, тағамды түріне немесе дәмдік сапасына байланысты қабылдаудан бас тартады және құсады. Науқастар сапасыз тағамға немесе оның құрамындағы консерванттар мен химиялық қоспаларға сезімтал келеді. Шынайы ТА және тағамның жақпауы псевдоаллергияны салыстырмалы диагностикалауда тәжірибелік дәрігерге келесі симптомдар көмектеседі: ТА жиі балалық шақта басталады, ал тағамның жақпауы – 35 жастан кейін, тағамның жақпауына қосымша асқазан-ішек жолы аурулары тән. ТА кезінде қанда және нәжіс жалқағында жиі жоғары эозинофилия байқалады, ол тағамның жақпауына тән емес. Тағамның ағзаға жақпаушылығын емдеу әдістері ТА-дан ерекшеленеді.
Егер тағамның жақпауының клиникалық симптомдары: энзимопатиямен, психогенді факторлармен, алиментарлы аллергиямен, асқазан-ішек жолы ауруларымен болса, олар псевдоаллергияға жатады және эндокринолог, невролог, гастроэнтерологтарда тексеріліп, емдеулері керек. Аллергологиялық анамнез жинау кезінде науқас екі ай бойы тағамдық күнделік жүргізуі керек. Егер дәрігер қандайда бір тағамдық азық-түлікке күдіктенсе, оны жеті күнге қайта тағайындайды.
5-кестеде тағамдық күнделікті жүргізу мысалы келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет